Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
дипломка новый.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
93.45 Кб
Скачать

КІРІСПЕ

Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Еліміздің алдында ауқымды жаңғырту міндеттері тұр. Күшті де гүлденген Қазақстан – Елбасының жобасы және Президенттің ой-жоспарларын іске асыруда ең алдымен жас қазақстандықтарға шешуші рөл жүктеледі. Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа идеяларды ұсынуға және Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға тиіс. Сондықтан біздің Президент – Н.Назарбаев жастарды дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. Елбасымыз өткен жылғы халыққа Жолдауында бұқаралық спротты дамыту мәселесін көтергені белгілі. Мемлекеттің басты қазынасы – адам, ендеше адамдардың денсаулығы қашанда бірінші орында тұруға тиіс мәселе. Ал, денсаулықтың кепілі спорт екендігі даусыз. Яғни, бұқаралық спортты дамыту – адам денсаулығының кепілі болмақ. Ел Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында туризм саласын дамытуға айрықша көңіл бөліп келеді. Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша туризмге мемлекеттік мемлкеттік басым бағыт берілген. Жалпы туризмді дамыту жөнінде біздің облысымызда да ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Мамандар спорттық туризмнің негізгі қызметі табиғи кедергілерден өтуді спорттық жағынан жетілдіру, арқылы адамның жер бедері күрделі өтуге қиын жерлерегі кедергілерден қауіпсіз өтудің іскерлік дағдыларын қалыптастыру болып саналады. Саяхаттың белсенді түрлерін туризм индустриясында пайдаланудың ғаламдық және өңірлік маңызы бар. Өйткені белсенді туристік жорықтарда әлемдік әлеуметтік құбылыс ретіндегі туризмнің танымдық, әлеуметтік-коммуникативтік, спорттық, эмоциялық-психологиялық, эстетикалық, сауықтыру, шығармашылық, жекелеген жағдайда зияраттық қызметтерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Туризмнің белсенді түрлерімен айналысу барысында үш мәселеге баса назар аудару қажет. Біріншіден, туризмнің белсенді түрлерімен айналысу туристердің физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Екіншіден, туристік техникадан өтетін жарыстарға қажетті арнайы шеберліктері мен іскерлік-дағдыларын қалыптастырады. Үшіншіден, туристік жорық жетекшілері мен қатысушылардың спорттық біліктіліктері мен жаяу туризммен айналысу барысында ағзаға түсірілетін ең жоғарғы салмақты реттеуге мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қостанай облысындағы спорттық-туристік көпшілік іс-шаралардың алатын орнын анықтау.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда студент жастар арасында спорттық-туристік көпшілік іс-шаралардың аз ұйымдастырлуы.

Алға қойған мақсатқа жету үшін бірнеше міндеттер қойылды:

  • көпшілік спорттық туризмнің рөлі мен маңызын анықтау;

  • студент жастарды тәрбиелеудегі көпшілік спорттық туристік іс-шаралардың алатын орнын қарастыру;

  • Қостанай аймағының Жоғарғы оқу орындарында ұйымдастырылған спорттық туристік көпшілік іс-шараларға салыстырмалы талдау жасау.

  • студент жастарға спорттық туристік көпшілік іс-шаралар ұйымдастыру.

Зерттеу объектісі: Қостанай аймағының ЖОО-ның студенттерді арасында сауалнама жүргізу арқылы тақырыпты зерттеп талдау жасау.

Зерттеу пәні: Студенттерге спорттық туристік көпшілік іс-шаралардың аз ұйымдастырылуы.

Зерттеу әдісі: сауалнама жүргізу.

1. Көпшілік спорттық туризмнің алатын орны мен маңызы.

1.1 Спорттық – туристік іс-шаралардың мәні

Туризм – бұл қоғамның белгілі бір санатының өмір салты, тұлғаның рухани және физикалық дамуының тиімді құралы, отанға деген сүйіспеншілікті және табиғатқа деген нәзік қарым-қатынас тәрбиесі, халықтар мен ұлттар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік болып табылады.

Бүгінгі таңда туризмнің келесі біліктілік түрлері мен формалары қалыптасқан:

  1. Қызмет мақсаты бойынша: маршрутты, танымдылық, спорттық, денсаулық түзетуші, онық ішінде белсенді қозғалыс түрімен, іскер және конгресс туризм, курортты, емдеу, тау шаңғылы, фестиввальді, аң аулау, экологиялық, шоп туризм, діни, жаттығу және т.б.

  2. Жылдамдығы бойынша: қозғалысты, стационарлы, аралас.

  3. Қатысу түріне қарай: жеке, топтық, отбасылық.

  4. Жас мөлшеріне байланысты: үлкен, жас, балалар, аралас.

  5. Мезгілі бойынша: бір күндік, көп күндік, транзитті.

  6. Көлік құралын пайдалану бойынша: автомобильді, темір жолды, авиациялық, су, велосипедті, салт және аралас.

  7. Маусымы бойынша: белсенді турист маусымы, маусым арасы (жартылай маусымды) және маусымдық емес.

  8. Географиясы бойынша: құрлық аралық, халықаралық (өңіраралық), өңірлік, жергілікті және шекара маңы.

  9. Қозғалу тәсілі бойынша: жаяу, дәстүрлі көлктерді қолдана отырып, экзотикалық көлік түрлерін қолданып (қанат жолы, фуникулер, дирижабль, әуә шары, дельтаплан).

Спорттық туризмнің негізгі түрлері деп келесі дәстүрлі түрлерін атаймыз: жаяу, таулы, шаңғы, су, велосипед, авто-мототуризм.

Спорт түрі ретінде ол қоғамдық ұйымдарды спорт туризмін жеке клубтарға, секцияларға, федерацияларға және одақтарға біріктіріп, сондай-ақ мемлекеттің қолдауымен туристік білікті маршруттарды ойластыруға бағытталған. Оның құрылымында негізгі басқару органы болып Қазақстанның Туристік Одағы аясындағы Қазақстан Республикасының спорттық туризм және туристік көпсайыс федерациясы табылады, бұл одақ мемлекеттік спорттық құрылымдар директиваларын басшылыққа алады және Туризм және спорт министрлігімен бірлесіп жұмыс жасайды.

Спорттық көпшілік туризмі шаралар түрі бойынша: саяхат, спорттық серуендер, жарыстар, слеттер, экспедициялар, экстремалды спорт турлары, спорттық туризм гидтері мен нұсқаушыларын дайындайтын спорттық туристік мектептерді ұйымдастыру және жүргізу кезінде өзінің мақсаттарын жүзеге асырады.

Спорттық көпшілік туризмінің материалдық техникалық қорын құру дегеніміз туристік жабдықтар, техникалық басқа қозғалыс құралдары, туристік полигондар, туристік базалар, жас туристер станциясы және туристік клубтар болып табылады.

Спорттық-бұқаралық туризмінің немесе белсенді туризмнің түрлері келесідей:

  • жаяу (жазық жермен саяхаттау, көбінесе жаяулатып);

  • шаңғы (қыс мезгілінде шаңғымен саяхаттау);

  • тау ( арнайы техникалық құралдарды өолдану арқылы таулы жерлерде саяхат жасау);

  • су (қайық құралдарының көмегімен су бетінде саяхаттау);

  • велосипед ( велосипедті пайдалану арқылы саяхаттай);

  • авто-мото ( моторлы қозғалыс құралдарын пайдалану);

  • спелео (жердің табиғи қуыс, үңгірлеріне саяхаттау);

  • комбинирленген (қозғалыстың әр түрлі тәсілдері пайдаланылғанда және маршрут әр түрлі туризм түрлеріне құралғанда);

Бүгінде балалар мен жастар туризмі кенже қалған. Мемлекеттік келешегі – жастардың пайдалы іспен шұғылдануына мемлекет тарапынан қандай шаралар қарастырылуда?

- Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту елімізде ішкі туризмді дамыту қызметін белсенді етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ өсіп келе жатқан ұрпақтың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, темекі тарту, алкогольді, есірткіні пайдалану секілді зиянды дағдыларды жоюға үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту Қазақстан Республикасы туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламада көрсетілген, онда «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициясының (туристік жорығының) аудандық және облыстық кезеңдерін өткізу көзделеді, аталып отырған іс-шараның мақсаты жалпы білім беретін мектептердің, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқушыларын туризммен айналысудың ұйымдық нысанына тарту болып табылады. 2012 жылы барлық облыстарда туристік клубтардың, жалпы білім беретін мектептер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқушыларының қатысуымен

«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедицияның аудандық және облыстық кезеңдері өткізілді. Сонымен қатар, спорттық туризм жөніндегі іс-шаралар бұқаралық-спорттық, сауықтыру іс-шаралары мен республикалық және халықаралық негізгі жарыстардың күнтізбелік жоспарына енгізілген, бұл жоспарға сәйкес жыл сайын Қазақстан Республикасында туримзнің алуан түрлері бойынша жарыстар өткізіліп отырады. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңыздылығын Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан -2030» бағдарламасында Қазақстан егеменді еліміздің болашағы жастар олардың денсаулығы мықты болып, шынгығып өскендері жөн деп айтқан болатын. Осыған орай қазіргі таңда Астана қаласындағы мектептер 2008 жылдан бастап денсаулық сақтау технологиясы бойынша жұмыс атқаруда. Әр мектепте жыл сайын «Алтын күз», «Бәйшешек» мектептік слеті өткізілуде. Туризмнің белсенді түрлерінің ғылыми-әдістемелік негіздеріне басқарылатын педагогикалық үрдіс ретінде туристік топтар мен секцияларда ғылыми негізделген сабақтар мен жаттығулар жүргізу жатады.

Туризмде іс-әрекет сипаты мен бағытына қарай мынадай түрлерін серуендеулер, экскурсиялар, жорықтар, экспедициялар деп бөліп қарастырады. Серуендеулер мен экскурсиялар туризмнің элементарлы түрлері болып табылады. Олар жеке де өткізілуі және туристік жорықтың құрамдас бөлігі де болуы мүмкін.

Серуендеулер – бұл сауықтыру, ағзаны шынықтыру мақсатында болатын көпшілік халықтың қолы жетерлік, қарапайым қысқа мерзімді туризмнің формасы (жаяу, шаңғымен, велосипедпен, қайықпен қозғалу).

Экскурсиялар - бұл қандай да бір объектіні көруге ұжымының ғылыми немесе оқу мақсатында, жалпы мәдени даму үшін баруы.

Жорықтар – бұл қозғалыстың белсенді түрлерін қолдану арқылы болатын физикалық жетілдіру, өлкені тану, қоғамдық пайдалы іс-әрекет мақсатында ұйымдасқан топтық қозғалыс.

Тәжірибе жүзінде туристік жорықтардың көп түрлері қалыптасқан. Физикалық тәрбие жағынан олардың негізділері дайындық, туристік және үгіттеу-жаппай жорықтары болып саналады.

Дайындық жорықтары алда тұрған туристік жорықтарда негізінен жорық қозғалыстары мен біртіндеп ағзаны үлкен және ұзақ қозғалыс күшіне үйретуге қызмет етеді. Дайындық жорықтарына серуендеулер мен экскурсиялар элементтерін енгізу пайдалы. Дайындық жорықтарынының негізгі мазмұны туристік экипировкадан, жорықтық өмір тәртібінен игеру; қозғалыс тәсілдерін жетілдіру; аялдама орындарын таңдау мен дайындауға, түнеу жабдықтарына, от жағуға байланысты арнайы іс-әрекеттерге үйрену, күрделі және ұзақ уақытты жорықтарға қатысу үшін қажетті мысалы, ұстамдылық, күштілік, жылдамдылық т.б. қасиеттерге тәрбиелеу болып табылады.

Туристік жорықтар туризмнің ең типті түрі болып табылады. Олар айтарлықтай ұзақтылығымен ( бірнеше күннен бір-екі айға дейін), бағыттарының әртүрлілігімен және қозғалыс тәсілдерімен ерекшеленеді. Оларды денешынықтыру және спорт комитеттерінде немесе арнайы туристік мекемелерде тіркеу қажет, ал күрделі жорықтардың өткізілуіне арнайы рұқсат болуы керек. Бұл жорықтарды жетекші-нұсқаушы, топтың құрамындағы ең білікті әрі тәжірибелі турист басқарады.

Туристік жорықтарды мақсаттық белгісі бойынша төмендегідей етіп бөлуге болады:

  • сауықтыру;

  • спорттық;

  • оқу-жаттығу;

  • ғылыми-танымдық;

  • қызық оқиғалы (экзотикалық)

Спорттық жорықтар спорт саласына жатқызылады: олар үшін маршруттардың белгілі бір күрделілігі, жолдың ұзақтылығы, бөгет-кедергілердің күрделілігі, қонысталмаған жерлерде болудың жағдайлары, әртүрлі қиындықтағы сынақ жорықтарының саны бекітіледі. Спорттық жорықтар дәл физикалық тәрбие мақсатында ең мамандандырылған түрі болып табылады.

Үгіттеу-бұқаралық жорықтары қандай да бір ірі қоғамдық-саяси немесе спорттық оқиғалар құрметіне өткізіледі, халықты туризмге тарту және туристік жұмыстар тәжірибесімен малмасу мақсатында жүргізіледі.