
- •Емтихан сұрақтарына жауаптар:
- •1.Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі, субъектісі
- •Ресурстар
- •7 Сұрақ Сұраныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі, әсер ететін факторлары
- •8 Сұрақ:Ұсыныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі,әсер ететін факторлары.
- •9Сұрақ.Нарықтық тепе-теңдік,артықшылық және тапшылық.
- •10Сұрақ.Тұтынушының ұтымы және өндірушінің ұтымы.
- •11 Сұрақ Икемділік және сұраныстың баға бойынша икемділігі
- •12 Сұрақ Икемділік және сұраныстың табыс бойынша икемділігі.
- •19. Гиффен парадоксы және Гиффен тауарлары
- •20.Тұтынушылық сұраныстың ерекшеліктері . Веблен әсері
- •21.Энгель заңдары және Энгель қисықтары
- •22.Өндіріс, өндірістік функция және технология. Изокванталар
- •23.Қысқа мерзімдегі өндіріс және кемімелі қайтарымдылық заңы
- •24. Ұзақ мерзімдегі өндіріс және масштаб тиімділігі
- •25) Өңдірушінің тепе- теңдігі және фирманың даму траекториясы
- •30) Пайда және оның түрлері
- •34. Жетілген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшіліктері
- •35.Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру екі тұрғыдан қарастырылады:
11 Сұрақ Икемділік және сұраныстың баға бойынша икемділігі
Икемділік дегеніміз – бір айнымалы өлшемнің өзгеруіне байланысты екінші бір айнымалы өлшемнің өзгеріске ұшырау реакциясының дәрежесі. Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті қолданылады. Ал, икемділік коэффициенті дегеніміз - бір айнымалының 1 пайызға өзгеруі нәтижесінде екінші бір айнымалының соған байланысты қанша пайызға өзгеретінін көрсететін сандық көрсеткіш. Икемділіктің мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады. Икемділік сұранысқа да, ұсынысқа да әсер етеді. Ең алдымен, икемділіктің сұранысқа қалай әсер ететіндігін қарастыру қажет. Осы жерде сұраныс икемділігінің үш түрі болады:
1. Cұраныстың баға бойынша икемділігі – бұл тауар бағасының бір пайызға өзгергендегі сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеру реакциясының сезімталдылығын сипаттайтын көрсеткіштік коэффициент. Тәжірибелік мәні жағынан, икемділіктің абсолюттік шамалары емес салыстырмалы шамалары ғана маңызды болып табылады. Бұл айтпаса да түсінікті. Мысалы, біз «сникерстің» бағасы 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруін байқамау мүмкін емес, өйткені ол тауар үшін бағаның осылай өсуі өте маңызды болып табылады, сондықтан ол сұраныс көлемін айтарлықтай өзгертеді. Ал «Вольво» автокөлігіне баға 10 теңгеге өсті десек, онда оның өзгеруі тұтынушының сұраныс көлеміне мүлдем әсер етпейді. Сондықтанда, бағаның және сұраныс көлемінің өзгеруі салыстырмалы шамада мынадай формуламен беріледі:
EDP = Q% / Р%,
мұндағы, EDP – сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін коэффициент; Q% - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; Р% - бағаның салыстырмалы өзгеруі. Сұраныстың баға бойынша икемділігіне байланысты бес түрі бар: 1) Икемді сұраныс – бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден жоғары болады, ЕPD>1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда тез өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 2) Икемсіз сұраныс - бағаның өзгеруіне қарағанда сұраныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ден төмен болады, ЕPD<1 (бұл сұраныс көлемінің бағаға қарағанда баяу өсетіндігін немесе кемитіндігін білдіреді). 3) Бірлік икемді сұраныс – бағаның және сұраныс көлемінің бір пропорцияда өзгеруін көрсететін жағдай, бұл жерде икемділіктің мәні 1-ге тең болады, ЕPD =1 (бұл бағаның қанша пайызға өзгерсе, сұраныс көлемінің де сонша пайызға өзгеретіндігін білдіреді). 4) Абсолютті (өте) икемді сұраныс – бағаның өте аз өзгеруіне немесе мүлдем өзгермеуіне орай сұраныс көлемінің шексіз өзгеруін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні шексіздікке ұмтылады, EPD = .
5) Абсолютті (өте) икемсіз сұраныс – бағаның өзгеруі сұраныс көлемін мүлдем өзгерпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгертетінін көрсететін жағдай, мұнда икемділіктің мәні нөлге тең болады, EPD = 0. Өте икемді және өте икемсіз сұраныстың түрлерін икемділіктің ең шеткі немесе сирек кездесетін жағдайлары деп атайды. Сұраныстың баға бойынша икемділігінің осы 5 түрін төмендегі графиктер арқылы сипаттауға болады (сурет 2.15 а, ә, б, в, г).
Р Р Р
P1
P1
Р
1
P
2 D
P2
P2
D D
Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q Q1 Q2 Q
а) икемді сұраныс ә) икемсіз сұраныс б) бірлік икемді сұраныс
Р
P D
D P2
Р1
P1
Q Q
в) өте икемді сұраныс г) өте икемсіз сұраныс
Сурет 2.15 Сұраныстың баға бойынша икемділігінің түрлері