
- •Емтихан сұрақтарына жауаптар:
- •1.Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі, субъектісі
- •Ресурстар
- •7 Сұрақ Сұраныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі, әсер ететін факторлары
- •8 Сұрақ:Ұсыныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі,әсер ететін факторлары.
- •9Сұрақ.Нарықтық тепе-теңдік,артықшылық және тапшылық.
- •10Сұрақ.Тұтынушының ұтымы және өндірушінің ұтымы.
- •11 Сұрақ Икемділік және сұраныстың баға бойынша икемділігі
- •12 Сұрақ Икемділік және сұраныстың табыс бойынша икемділігі.
- •19. Гиффен парадоксы және Гиффен тауарлары
- •20.Тұтынушылық сұраныстың ерекшеліктері . Веблен әсері
- •21.Энгель заңдары және Энгель қисықтары
- •22.Өндіріс, өндірістік функция және технология. Изокванталар
- •23.Қысқа мерзімдегі өндіріс және кемімелі қайтарымдылық заңы
- •24. Ұзақ мерзімдегі өндіріс және масштаб тиімділігі
- •25) Өңдірушінің тепе- теңдігі және фирманың даму траекториясы
- •30) Пайда және оның түрлері
- •34. Жетілген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшіліктері
- •35.Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру екі тұрғыдан қарастырылады:
9Сұрақ.Нарықтық тепе-теңдік,артықшылық және тапшылық.
Нарықтық тепе – теңдік дегеніміз бұл берілген баға бойынша игіліктерге деген сұраныс көлемі оның сол игіліктің ұсыныс көлеміне тең болған кезіндегі орын алатын нарықтың қалыптасқан жағдайы. Әрине, бұл жерде, нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шартының басты параметрлері болып, біріншіден, жоғарыда аталып өткендей, тепе – теңдік баға және тепе – теңдік көлем табылады.
Вальрас бойынша тепе – теңдік – ол нарықтық тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі теңдігінің (QD = QS) орындалуы арқылы туындайтынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың сандық сипаттамалары қойылады.
Маршалл бойынша тепе – теңдік – ол нарықтың тепе-теңдіктің қалыптасу шарты сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасының теңдігі (РD = РS) тарапынан орындалатынын сипаттайтын неоклассикалық тұжырым және ол тепе-теңдіктің анықтаушы рөліне сұраныс пен ұсыныстың бағалық сипаттамалары қойылады.
Мысалы, төмендегі график арқылы артықшылық және тапшылық деген ұғымдарды түсіндіруге болады (сурет 2.9). Егер нарықтағы қалыптасқан баға тепе-теңдік бағадан жоғары болса, онда жоғары P1 баға кезінде тауардың артықшылығы орын алады, ол АВ кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P1 > PE және QS > QD болған кезде ұсыныс сұраныстан артық болады. Сатушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл артықшылық бағаны төмендетуге мүмкіндік жасайды. Ал егер керісінше, нарықтағы қалыптасқан баға тепе-теңдік бағадан төмен болса, онда төменгі P2 баға кезінде тауардың тапшылығы орын алады, ол CF кесіндісінің аралығына тең. Яғни, P2 > PE және QD > QS болған кезде сұраныс ұсыныстан артық болады. Енді сатып алушылардың бәсекеге түсуі нәтижесінде бұл тапшылық бағаны жоғарылатуға мүмкіндік жасайды. Тек соңында Е нүктесінде ғана сатушылар мен сатып алушылардың бәсекелік күштері теңесіп тұрақты тепе-теңдік баға орнайды. Ол тепе-теңдік баға сұраныс пен ұсынысты анықтайтын факторлардың біреуі өзгергенде дейін қысқа мерзімді кезеңде сақталып тұрады.
Р D S
артықшылық
P1 A
B
PE Е
P2
C F
0 тапшылық
QE Q
Сурет 2.9 Нарықтық тепе – теңдік және одан ауытқу (артықшылық пен тапшылық)
10Сұрақ.Тұтынушының ұтымы және өндірушінің ұтымы.
1) Тұтынушының ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үрдісінде тұтынушының игілікті сатып алуға төлеген нақты тепе-теңдік бағасы мен оның сол игілікті сатып алуға дайын максималды сұраныс бағасы арасындағы айырмашылықтан алатын қосымша пайдалылығы. Төмендегі графикте тұтынушының ұтымын PmaxEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Өз кезегінде, бұл тепе-теңдік бағаның (PE) тұтынушының төлей алатын максималды бағасынан (Pmax) төмен екендігін көрсетіп тұр.
2) Өндірушінің ұтымы (артықшылығы) – бұл нарықтық айырбас үдісінде өндірушінің игілікті сатуға дайын минималды ұсыныс бағасы мен сол игілікті нақты сатудың тепе-теңдік бағасы арасындағы айырмашылықтан көретін қосымша пайдасы. Графикте, өндірушінің ұтымын PminEPE ауданы арқылы сипаттауға болады (сурет 2.8). Сәйкесінше, 0PEEQE ауданы өндірушінің жалпы түсімін көрсетсе, ал 0PminEQE тіктөртбұрыштық ауданы өндірушінің жалпы шығындарын көрсетеді. Яғни, жалпы түсімдер мен жалпы шығындар арасындағы айырманы өндірушінің ұтымы деп те сипаттауға болады.
Р
Рmax Тұтынушының
ұтымы
S
PE Е Өндіріс
шығындары
Pmin
D
0 QE Q
Өндірушінің ұтымы
Сурет 2.8 Тұтынушы мен өндірушінің ұтымы және өндіріс шығындары