Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
микро ответы скачайте.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.21 Mб
Скачать

7 Сұрақ Сұраныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі, әсер ететін факторлары

Жауабы: Сұраныс дегеніміз тұтынушылардың белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен тауарлар мен қызметтердің белгілі бір көлемін сатып алуға деген дайындығын сипаттайтын төлем қабілеттілігі бар қажеттіліктері мен талаптары. Сұраныс көлемі, яғни тауарларды сатып алу көлемі – бұл тұтынушылардың ағымдағы бағамен берілген уақыт бірлігінде сатып алғысы келетін сол игіліктердің максималды саны. Ал, сұраныс бағасы – бұл тұтынушылардың белгілі бір игіліктің санын сатып алу үшін төлеуге дайын және төлей алатын максималды бағасы. Сұраныс заңы дегеніміз – тауардың бағасы мен сатып алу көлемі арасындағы кері тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстаным: тауардың бағасы неғұрлым жоғарылаған сайын, тауарға сұраныс соғұрлым төмендей береді, ал тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын, тауарға сұраныс соғұрлым жоғарылай береді. Бұл кері тәуелділікті сұраныс қисығы арқылы сипаттауға болады.

Сұранысқа бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді. Бағалық фактор сұраныс көлемін өзгертеді де, нәтижесінде сұраныс қисығының (D) бойында өзгеріс орын алады (сурет 2.2 a). Ал бағалық емес факторлар сұраныстың өзін өзгертеді де, нәтижесінде сұраныс қисығын (D) толығымен оңға (өскенде) (D2) және солға (төмендегенде) (D1) жылжытады (сурет 2.2 ә).

Сурет 2.2 а Сұраныс қисығы Сурет 2.2 ә Сұраныс функциясы

8 Сұрақ:Ұсыныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі,әсер ететін факторлары.

Ұсыныс дегеніміз – бұл сатушылардың нарықта белгілі бір тауар көлемін немесе қызмет түрін берілген уақыт мезетінде белгілі бір бағамен сатуға деген даярлығы немесе сата алу қабілеті. Ұсыныс көлемі – бұл нарықтағы барлық сатушылардың берілген уақыт мезетінде сатқысы келетін немесе сатуға дайын игіліктерінің жалпы саны. Ал ұсыныс бағасы – бұл сатушының нарық жағдайында берілген игіліктің көлемін сатуға дайын минималды бағасы. Тауардың бағасы мен тауарды сату көлемі арасындағы тура тәуелділікті сипаттайтын нарықтық ұстанымды ұсыныс заңы деп атаймыз: баға жоғары болғанда (басқа факторлар тұрақты болғанда) сатушылар өз тауарын көбірек көлемде сатқысы немесе ұсынғысы келеді. Мысалы, 20 теңге бағамен сатушылар Х тауарының 2 бірлігін сатады, 30 теңге бағамен – 4 бірлікті, ал 50 теңге бағамен Х тауарының 6 бірлігін сата алады. Бұл тура байланыс мына формуламен беріледі:

Qs = f(P),

мұндағы, Qs — ұсыныс көлемі (supply); Р — баға (price).

Өндірілген өнім санының бағаға тура байланыстылығын график түрінде ұсыныс қисығы арқылы көрсетуге болады. Ұсыныс қисығы дегеніміз – бұл ұсыныс заңын сипаттайтын графикалық көрініс, сатушылардың берілген уақыт мезетінде әртүрлі бағамен тауардың қандай көлемін сатқысы келетінін көрсететін қисық сызық. Әдетте, біз тік оське тәуелсіз айнымалыны (бағаны), ал көлденең оське тәуелді айнымалыны (ұсыныс көлемін) қоямыз (сурет 2.4). Көрсетілген қисық оң көлбеулі және өспелі болып келеді.

0 2 4 6 Q

Сурет 2.4. Ұсыныс қисығы (ұсыныс көлемінің бағаға тәуелділігі)

Ұсыныс детерминанттары деп нарық жағдайында ұсынысқа немесе сатушылардың сату қабілетіне әсер ететін бағалық және бағалық емес факторларды айтамыз. Ол факторлар мыналар: а) сол тауардың берілген уақыт мезетіндегі бағасы; ә) өндіріс факторларының (ресурстардың) бағалары; б) өндірісте қолданылатын технологияның сипаты; в) болашақ бағаны және тапшылықты күту; г) салықтар мен субсидиялардың көлемі; д) сатушылардың саны; т.б. Ұсыныс көлемі барлық осы факторлардың функциясы болып табылады.