- •Емтихан сұрақтарына жауаптар:
- •1.Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі, субъектісі
- •Ресурстар
- •7 Сұрақ Сұраныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі, әсер ететін факторлары
- •8 Сұрақ:Ұсыныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі,әсер ететін факторлары.
- •9Сұрақ.Нарықтық тепе-теңдік,артықшылық және тапшылық.
- •10Сұрақ.Тұтынушының ұтымы және өндірушінің ұтымы.
- •11 Сұрақ Икемділік және сұраныстың баға бойынша икемділігі
- •12 Сұрақ Икемділік және сұраныстың табыс бойынша икемділігі.
- •19. Гиффен парадоксы және Гиффен тауарлары
- •20.Тұтынушылық сұраныстың ерекшеліктері . Веблен әсері
- •21.Энгель заңдары және Энгель қисықтары
- •22.Өндіріс, өндірістік функция және технология. Изокванталар
- •23.Қысқа мерзімдегі өндіріс және кемімелі қайтарымдылық заңы
- •24. Ұзақ мерзімдегі өндіріс және масштаб тиімділігі
- •25) Өңдірушінің тепе- теңдігі және фирманың даму траекториясы
- •30) Пайда және оның түрлері
- •34. Жетілген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшіліктері
- •35.Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру екі тұрғыдан қарастырылады:
Ресурстар
Экономикалық мүмкіндіктер қисығы және оның экономикалық мәні
Баламалы шығындардың график түріндегі көрінісі өндірістік мүмкіндіктер қисығында көрініс табады. Бұл қисық – екі секторлы экономикалық модель. Берілген өндірістік ресурстар қорын және белгілі деңгейдегі технологияны пайдаланып, осы ресурстан дайын өндіргенде бір ғана баламалы игіліктің өндірісін кеңейтуге болады, бірақ осы уақытта басқа игіліктің өндірісі азаяды. Және де бұл кезде ресурстардың өндірістік құрылымдарының баламалы мүмкіндіктері өте көп болады.
Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса ттолық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері. Мысалы, қоғамда тек екі игілік: станок пен май өндіріледі. Төмендегі суретке сәйкес А нүктесінде – ресурстардың барлығы станок өндіруге жұмсалады, Е нүктесінде – ресурстардың барлығы май өндіруге жұмсалады. Д нүктесі – тиімсіз өндірісті білдіреді, Н нүктесі – мүмкін емес өндірісті сипаттайды. А,В,С,Е нүктелерінен өтетін қисықты біз өндірістік мүмкіндіктер қисығы - ресустарды толық пайдалану кезіндегі альтернативтік нұсқаларды сипаттайтын қисық деп атаймыз.
С
В
(
С
.Д
Е
(Май, мың.т,)
Өндірістік мүмкіндіктер қисығы
Микроэкономиканың базалық түсініктері
Экономикалық базалық түсініктер: Қажеттілік, Игіліктер, Ресурстар, Экономикалық таңдау, Альтернативті шығындар, Өндірістік мүмкіндіктер.
Қажеттіліктер – микроэкономиканың субъектілеріне белгілі бір экономикалық қызметті атқаруға итермелейтін ішкі ниеттер мен ынта-жігерлер, немесе, адамның өмір сүруін қамтамасыз етуге және де жеке бір индивидтің, фирманың және тұтастай қоғамның дамуына қажетті заттар мен нәрселерге деген жетіспеушіліктен туындайтын мұқтаждықтар.
Игіліктер – қажеттіліктерді қанағаттандыратын құралдар; өндірушілер мен тұтынушылардың экономикалық қызметінің объектісі. Олар шексіз (ауа,күн,жел,т.б.) және шектеулі (экономикалық) көлемде болып келеді. Экономикалық игіліктер – экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыра алу қасиетіне ие материалдық және материалдық емес заттар мен қызметтер.
Ресурстар – қандай жа бір экономикалық қажеттілікті қанағаттандыруы тиіс экономикалық игіліктерді (тауарлар мен қызметтерді) өндіруде қолданылатын ресурстардың барлық түрлері немесе басқа игіліктерді өндіруде қолданылатын игіліктер. Сондықтан оларды өндіріс факторлары (еңбек,капитал,жер,кәсіпкерлік қызмет) деп атайды.
Экономикалық таңдау дегеніміз – берілген шығындар деңгейінде қоғамның қажеттіліктерін максималды түрде қанағаттандыру мақсатының орындалуы кезінде бірдей альтернативті нұсқалардың ішінен ең дұрыс және жақсысын таңдап алу.
Баламалы (альтернативті) шығындар дегеніміз – жіберіп алған немесе қолданыла алмаған мүмкіндіктер шығындары, бір өнімді өндіру барысында құрбан болған және таңдауға ие болмаған балама нұсқалардың сол өнімді өндірудің құнымен өлшенген шығындары.
Өндірістік мүмкіндіктер дегеніміз – технологиялық дамудың белгілі бір деңгейінде қолдағы бар ресурстардың барлығын аса ттолық және тиімді пайдалана отырып экономикалық игіліктерді өндірудегі қоғамның мүмкіндіктері.
