
- •Емтихан сұрақтарына жауаптар:
- •1.Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі, субъектісі
- •Ресурстар
- •7 Сұрақ Сұраныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі, әсер ететін факторлары
- •8 Сұрақ:Ұсыныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі,әсер ететін факторлары.
- •9Сұрақ.Нарықтық тепе-теңдік,артықшылық және тапшылық.
- •10Сұрақ.Тұтынушының ұтымы және өндірушінің ұтымы.
- •11 Сұрақ Икемділік және сұраныстың баға бойынша икемділігі
- •12 Сұрақ Икемділік және сұраныстың табыс бойынша икемділігі.
- •19. Гиффен парадоксы және Гиффен тауарлары
- •20.Тұтынушылық сұраныстың ерекшеліктері . Веблен әсері
- •21.Энгель заңдары және Энгель қисықтары
- •22.Өндіріс, өндірістік функция және технология. Изокванталар
- •23.Қысқа мерзімдегі өндіріс және кемімелі қайтарымдылық заңы
- •24. Ұзақ мерзімдегі өндіріс және масштаб тиімділігі
- •25) Өңдірушінің тепе- теңдігі және фирманың даму траекториясы
- •30) Пайда және оның түрлері
- •34. Жетілген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшіліктері
- •35.Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру екі тұрғыдан қарастырылады:
34. Жетілген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшіліктері
Жетілген бәсекенің артықшылықтары:
Өнім өндіру технологиялық жағынан аса тиімді түрде жүзеге асырылады;
Ресурстар тиімді бөлінеді;
Кәсіпорындар тұрақты әрі шығынсыз жағдайда жұмыс істейді;
Жетілген бәсекенің кемшіліктері:
Нарықтың бұл типіне капиталдың үлкен бөлігіне ие бола алмайтын шағын кәсіпорындарға тән болғандықтан, олар өнімділігі жоғары техника мен технологияны өндірісте қолдана алмайды;
ҒТР – ң дамуына үлес қоса алмайды. Себебі, ұзақ мерзімде ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу көп қаржыны талап етеді.
Қоғамдық игіліктерді өндіре алмайды;
35.Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру екі тұрғыдан қарастырылады:
Жетілген бәсеке жағдайында фирма шекті түсімі (MR) шекті шығынға (MC) тең болғанда өз пайдасын мейлінше арттырады (максималдайды) немесе шығындарын барынша азайтады (минималдайды), бірақ бұл кезде баға (P) орташа өзгермелі шығындардың (AVSmin) минималды деңгейінен жоғары болуы керек (сурет бар).
Е нүктесі – оңтайлы өнім шығару нүктесі.
Егер Q>Q* болса, онда MC>MR және өнім шығаруды көбейту ұтымсыз болады.
Егер Q<Q* болса, онда MC>MR - бұл өндірісті көбейтуге ынталандырушы болады.
Е нүктесінде MC=MR=P немесе MC=P болғанда пайда максималды деңгейге жетеді.
Екінші әдістеме бойынша фирма әр түрлі шамадан өнім көлемін шығарудан түсетін жалпы түсім (TR) жалпы шығындармен (TC) салыстырады. Фирма TR мен TC – тің айырмасы ең көп болатын, яғни пайданың ең жоғарғы деңгейіне жеткендегі нұсқаны таңдап алады (сурет).
F1 – ге дейін және F2 – ден кейін TC > TR – өндіріс зиянды және мақсатсыз болады.
F1 - F2 – пайда алынатын аудан. Нарықта қандай бағаның бекітілгеніне қарамастан, бәсекелес фирма MC=P болғандағы өнім көлемін шығаруға ынталанады. Қысқа мерзімдегі бәсекелес фирманың ұсыныс қисығын төмендегі суретте сипаттауға болады (сурет бар).
А нүктесінде фирма өнім өндірмейді, себебі P₁ < AVC, сондықтан ұсыныс 0-ге тең болады.
В нүктесінде фирма өз мүмкіндігінің шегінде жұмыс істейді, себебі баға (P₂) AVC – ті әрең өтейді.
С нүктесінде фирма шығындарын (зияндарын) минималдайды, себебі AVC < P₃ < ATC. Шығын көлемін: π=(TR/Q – TC/Q)*Q=(P-ATC)*Q
Д нүктесінде фирма өзін өзі өтеу жағдайында жұмыс істейді: P=ATC.
Eнүктесінде фирма өз пайдасын мейлінше арттырады: P₅ > ATC
36.Монополия (гр. monоs – жалғыз және poleo – сатамын) — 1.бір тұлғаның немесе тұлғалар тобының, мемлекеттің белгілі бір затқа (мысалы, жерге), белгілі бір затты өндіруге немесе сатып алуға, белгілі бір тауарлармен сауда жасауға айрықша құқығы; 2.салалық, ұлттық немесе әлемдік рынокта басым, үстем жағдайға ие кәсіпорын немесе кәсіпорындар тобы. Монополия әдетте жеке меншіктегі, өзіндік, топтық немесе акционер меншіктегі және өнім өндіру мен өткізуді бақылайтын ірі шаруашылық бірлестіктер (картельдер, синдикаттар, концерндер, консорциумдар, т.б.) болып табылады. Өндіріс пен капиталды жоғары деңгейде шоғырландыру негізінде Монополия көп пайда табу мақсатымен бағаны белгілеп, бақылап отырады. Өндірісті Монополияландыру нарықтық экономиканың бәсекелестік әлеуетін тұншықтырады, бағаны өсіріп, өндіріс көлемін төмендетеді, Монополияға қыруар пайда түсіреді. Тәжірибеде шығарылатын өнімнің 80%-ына монопол. бақылау жасау қалған өндірушілерге бағаны өктемдікпен таңу үшін жеткілікті. Дамыған елдердің бәрінде, оның ішінде Қазақстанда да монопол. өктемдікке қарсы Монополияға қарсы заңдар қабылданған; 3) бір немесе бірнеше кәсіпорын бақылау жасайтын нарық түрі; монопсония не олигополия түрінде де көрініс табуы мүмкін. Жасырын Монополия, яғни заңды тұрғыда салынған тыйымдар мен шектеулердің көмегімен бәсекеден қорғалған (көбінесе мемлекеттік Монополия), табиғи Монополия, яғни мұндай монополиясыз ресурстарды тиімді пайдалануға қол жеткізуге болмайтын қажеттіліктен туған ашық Монополия, яғни бір фирма жағдайлардың тоқайласуы себепті тауарды бірден-бір өндірушіге айналатын Монополия түрлеріне бөлінеді. Жетілген бәсекеге қарама-қарсы таза монополия («грек сөзінен аударғанда «моно» - жалғыз, «полио» - сатамын) – жакын алмастырушы жоқ тауар өндіретін немесе сататын жалғыз фирма жұмыс істейтін жағдай. Таза монополияға тән сипатты белгілер немесе оның шарттары:
«Фирма» және «сала» түсініктері бір мағына береді;
Сатып алушыларда таңдау мүмкінігі болмайды;
Таза монополист өнім шығарудың барлық көлемін бақылай отырып бағаны кез-келген бағытта өзгертеді және оны басқара алады.
Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан, оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың да сұраныс қисығы болады және ұсынылған тауардың бағасын анықтайды;
Салаға кіруге қойылатын тосқауылдар - бұл салаға кіргісі келетін жаңа фирмалардың кіру жолдарына қойылатын кедергілер. Барлық кедергілер екі түрге бөлінеді: Табиғи - бұлар экономикалық себептерден туындайды (өндіріс масштабының тиімділігі, басты ресурстарды бақылау); Жасанды - институционалдық жолмен құрылатын, мысалы, үкімет іс-әрекеттерінің салдарынан (патенттер, лицензиялар немесе монополисттің әділсіз іс-әрекеттері ). Егер фирманың монополиялық билігі заң жүзінде қорғалған болса, оны жабық монополия дейді. Патенттер мен авторлық құқықты немесе жана технологияны қолдана отырып, нарықта билік орнатқан фирмаларды ашық монополистер дейді. Олардың нарықтағы билігі уақытша болады. Кейбір өнімдер мен қызметтерді (халықты ыстық сумен, жылумен, газбен қамтасыз ету қызметтері) көлемі үлкен жалғыз фирмаларда өндірген арзанға түседі. Ол өндіріс көлемінің үнемділігінен туындайды. Сондықтан жеке фирмалар мемлекеттің бақылауымен сондай өнімдер мен қызметтерді өндіруге ие болады. Оларды табиғи монополистер дейді. Фирманың нарықта монополиялық билік орнатуы, оның сататын тауар көлемін өзгерте отырып, бағаға әсер ету мүмкіншілігіне байланысты. Нарықта монополиялық билік орнатудың негізгі алғышарты – фирманың өніміне сұраныс қисығының теріс көлбеу орналасуы.
37 сұрақ
Таза монополия – бұл жетілген бәсекеге қарама-қарсы болып табылатын нарықтық құрылымның ең шеткі түрі.
Тағы бір айта кететін жайт, монополист-фирмалар өз өнімінің бағасына бақылау жүргізе алғандықтан, оларды «баға іздеушілер» немесе «жетілмеген бәсекелес фирма» деп те атайды. Яғни, монополист жетілген бәсекелес фирмаға («баға қабылдаушыларға») қарағанда өз пайдасын максималды дәрежеге жеткізе алатын тиімді баға деңгейін іздейді және соны саналы түрде тағайындайды.
Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның мынадай түрлері болады:
Жабық (жасанды) монополия – бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған монополияның бір түрі.
Табиғи (мемлекеттік) монополия – белгілі бір өнімнің көлемін бір фирманың өндіруі және оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргенне гөрі арзанға түсетін өндіріс саласы.
Ашық (кездейсоқ) монополия – берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы (заңдық шектеулер көмегімен) қорғанышы жоқ болатын жағдай.
Таза монополияның тауарына деген сұраныс қисығы теріс көлбеулі болады, сондықтан фирма өнім шығару көлемін бақылай отырып, бағаға ықпалын тигізе алады. Егер сатушы өз тауарының өндіріс көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.
Жәй монополия жағдайында тауардың қосымша 1 бірлігінен түсетін түсім (MR) оның бағасынан төмен (бірінші бірлігінен басқасы) болады: MR < P. MR қисығы графикте сұраныс қисығынан төмен орналасады (Сурет 7.1).
P
MR E > 1
E = 1
E < 1
MR D
Q
TR
MR > 0 MR < 0
max
Q
Сурет 7.1 Монополия кезіндегі жалпы түсім, шекті түсім
және сұраныстың бағалық икемділігі
Жоғарыдағы суреттен көріп отырғанымыздай, сұраныстың бағалық икемділігі, жалпы түсімі (TR) және шекті түсімі (MR) көрсеткіштерінің арасында тікелей байланыс болады.
Сұраныс икемді болғанда MR-дің шамасы оң сан болады да, жалпы түсім өседі. Сұраныс икемсіз болса, онда MR < 0 және TR азаяды. Ал сұраныс икемділігі 1-ге тең болса, онда MR = 0, ал TR – ең жоғары мәніне жетеді. Монополист өнімді сұраныстың икемді болатын бөлігінде ғана шығарады.
Енді, таза монополисттің қысқа мерзімдегі өз пайдасын ең жоғарғы деңгейге қалай жеткізетінін қарастырсақ. Монополист тауар бірлігінің бәріне бірдей баға белгілейтін болғандықтан тауардың бағасы монополисттің орташа түсімін (AR) көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың тауарына деген сұраныс қисығы оның орташа түсімінің де қисығы болып табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын сипаттайды:
P = P (Q).
Монополист-өндірушінің пайдасы төмендегідей формуламен анықталады:
π = TR – TC = P (Q) . Q – TC (Q).
Ал пайданы барынша көбейту (максималдау) шарты мына формуламен анықталады:
dπ / dQ = dTR / dQ – dTC / dQ = MR – MC = 0
немесе
MR = MC.
Бұдан өндірістің шекті шығындары (МС) шекті түсімге (MR) тең болғанда ғана монополисттің пайдасы ең көп мөлшерде болатынын көреміз.
Төмендегі суреттен көріп отырғанымыз: белгіленетін баға (Pm) оңтайлы өнім көлеміне сәйкес келеді және ол әрқашанда шекті шығыннан (МС) жоғары болады (Сурет 7.2). Бұдан: MC = MR < P – таза монополистің қысқа мерзімдегі (SR) тепе-теңдігінің шарты.
P MC
Pm
D
A
Qm MR
Q
Сурет 7.2 Монополистің оңтайлы өнім көлемі мен бағаны белгілеуі
Монополиялық пайданы анықтау үшін баға (Pm) мен орташа шығындардың (ATC) ара қатынастарын білу қажет:
егер Pm > ATC болса, онда монополист пайдаға ие болады: π = (P – ATC) . Q және оны мейлінше арттырады;
егер AVC < P < ATC болса, онда монополист шығынға ұшырайды, бірақ оны мейлінше азайта отырып өндірісті жалғастырады;
егер P = ATC болса, онда монополист экономикалық шығындарын түгелімен өтейді, бірақ экономикалық пайдасы 0-ге тең болады.
Ал енді, біз таза монополистің ұзақ мерзімдегі тепе-теңдігін қарастырамыз. Монополияланған нарық кезінде фирманың өзі саланы құрайды және оған басқа фирмалардың кіруіне жол жоқ, себебі олар кедергілер көмегімен қорғалады. Бұл, әрине монополия жаңа зауыттар енгізе алмайды деген мағына емес. Салынатын зауыттар монополист-фирманың бір бөлігі (бөлімшесі) болады, сондықтан олар да осы фирманың пайдасын арттырады.
Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің ұтымды көлемін
LRMC = MR болғанда анықтайды. Мұндағы LRMC – монополистің ұзақ мерзімдегі шекті шығындары; MR – монополистің шекті түсім.
Ұзақ мерзімде монополист-фирма өзі бақылап отырған өндіріс саласына басқа фирмалардың кіруіне мүмкіндік бермеген жағдайда ғана тепе-теңдікті ұстап тұра алады. Салаға кіруге тосқауыл қою арқылы таза монополия ұзақ уақыт мерзімінде де экономикалық пайда алуға қабілетті болады. Таза монополияның ұсыныс қисығы болмайды, себебі ол Qm өнім көлеміне сәйкес бағаны өзі тағайындайды. Монополистің өнім көлемі (Qm) туралы шешімін сұраныс қисығынан бөліп қарастыруға болмайды.
38 сұрақ
Монополиялық билік – бұл фирманың нарықта сатылатын тауарының санын өзгерту арқылы өзінің тауарының бағасына ықпал ету қабілеті.
Таза монополия шын (толық) монополиялық билікке ие бола алады.
Егер нарықта ұқсас тауарларды өндіретін бір емес бірнеше өндірушілер болса, онда монополиялық биліктің деңгейі өте салыстырмалы болады.
Монополиялық биліктің қажетті алғышарты – фирма тауарының сұраныс қисығы төмен қарай көлбеулі болуы керек.
Монополиялық биліктің сандық түрдегі сипаттамасын анықтау үшін төмендегі көрсеткіштер қолданылады:
1. Лернер индексі (IL) – монополиялық биліктің сандық мәнін анықтайтын негізгі көрсеткіш. Кезінде 1934 жылы ағылшын экономисі Абба Лернер алғаш рет монополиялық билікті анықтаудың осындай әдісін ұсынғандықтан, аталған көрсеткіш сол экономистің атымен аталады. Ол мына формуламен анықталады:
IL = (Pm – MC) / Pm = 1 / EdP.
мұндағы, Pm – монополиялық баға, МС – шекті шығын, EdP – сұраныстың бағалық икемділігі.
Жетілген бәсеке жағдайында баға шекті шығындар шамасына тең және осы жағдайда Лернер индексі 0-ге тең болады. Баға көлемі шекті шығындардан асып кеткен жағдайда индекс нөл мен бірдің аралығында (0 < L < 1) орналасқан оң мәнге ие болады. Индекс 1-ге жақындаған сайын фирма монополиялық биліктің үлкен көлеміне жақындайды. Лернер индексінің осы келтірілген формуламен есептеу шекті шығындарды есептеу қиындығына байланысты оңай емес. Сондықтан да, шекті шығындардың орнына орташа шығындар көрсеткіші пайдаланылады:
IL = (Pm – AC) / Pm; IL = (Pm – AC) . Q / (Pm . Q) = π / TR.
Егер алымы мен бөлімін көбейтсек, онда алымында пайда, бөлімінде жалпы түсім көрінеді. Осылайша, Лернерге сәйкес үлкен көлемдегі пайда – фирманың монополиялық билігінің белгісі. Индекс фирманың монополиялық нақты жағдайын сипаттайды.
2. Монополиялық биліктің индексі (М) – бағаның ұзақ мерзімдегі орташа шығындардан асып түсу деңгейін көрсетеді:
(LRAC): M = (P – LRAC) / P.
3. Херфиндаль-Хиршман индексі (IHH) – нарықтағы фирмалардың шоғырлану (концентрация) деңгейін анықтайтын және нарықтың барлық қатысушылары арасында нарықтық билікті бөлуді сипаттайтын көрсеткіш. Индексті есептеу үшін әрбір фирманың нарықтағы жеке үлестері бөлшек ретінде шаршының алынуы керек және мына формауламен анықталып, осы шаршылардың қосындысы арқылы алынады:
IHH = S2 1 + S2 2 + . . . + S2 n,
мұндағы, IHH – шоғырлану (концентрация) көрсеткіші, S2 1 – ең ірі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 2 – көлемі бойынша келесі фирманың нарықтағы пайыздық үлес салмағы, S2 n – ең кіші фирманың үлес салмағы. IHH -дің ең жоғарғы шамасы – 10000, яғни оның мәні салада тек бір фирма болғанда 10000-ға тең болады, өйткені S2 1 – 100%. Егер салада 100 бірдей фирма болса, онда S2 1 = 1%-ке, ал IHH 100-ге тең болады.
Монополиялық биліктің негізгі факторлары:
Фирманың нарықтық ұсыныстағы үлесі.
Монополиялық билігі бар фирманың шығаратын тауарларының жақсы алмастырушыларының (субститутарының) болмауы.
Нарықтық сұраныстың икемділігі. Фирма тауарларының сұраныс икемділігі неғұрлым төмен болған сайын, осы фирманың нарықтағы монополиялық билігі соғұрлым күшті болады.
39 сұрақ
Монополиялық биліктің әлеуметтік бағасы – бұл монополиялық биліктің салдарынан қоғамның шегетін зияндары немесе шығындары. Кезінде американдық экономист А. Харбергер 1954 жылы алғаш рет монополияның қоғамға тигізетін зиянын (монополиялық биліктің әсерінен қоғамның зардап шегетінін) анықтап, оның сандық мәнін бағалап көрсеткен болатын. Харбергердің ұсынған теориясын басқаша, «қоғамның өлі шығындары» («мертвый груз») деп атайды.
Енді таза монополия мен жетілген бәсеке нарықтарынағы тауарды ұсыну көлемі мен оның бағасын график түрінде салыстырып көрейік. Ал басқа шарттардың бәрін тұрақты деп санайық.
Жетілген бәсеке нарығында P = MC (сурет 7.4 а). Штрихталған үшбұрыш А – тұтынушының ұтымы. В үшбұрышы – сатушы ұтымы.
Таза монополия нарығында P > MC (сурет 7.4 ә), тұтынушы ұтымының бөлігі азаяды, ал сатушының ұтымы көбейеді. «D» мен «МС» графиктерінің арасындағы штрихталған үшбұрыш қайтарылмайтын қоғамдық зиянды көрсетеді.
Р МС
а
)
A Е
Рk
B
D=AR
Qk
Q
ә) MC
Pm
A E
B D=AR
Qm
MR Q
Сурет 7.4 Монополиялық биліктің салдары
Осы айтылғанның өзі монополиялық нарықтың тиімсіздігін көрсетеді.
Таза монополияның жағымсыз салдарлары:
Qm < Qk – өнім көлемін азырақ өндіреді.
Pm > Pk – бағаны жоғары белгілейді.
Тұтынушыларға монополистермен қарым-қатынасқа түсу экономикалық тұрғыдан пайдасыз. «Х – тиімсіздік» мәселесі орын алады.
Монополиялық билік ҒТП-ті тежеу мен өндірісті бюрократизациялаудың тенденциясын қалыптастырады.
Монополияның іс-әрекеті табысқа дифференциация жасауды күшейтеді, ал бұдан әлеуметтік шиеленістер туындауы мүмкін.
Монополия салаға кіруге тосқауылды сақтап тұру үшін көп шығындар жұмсайды.
40 сұрақ
Қазіргі уақытта таза монополия нарығын мемлекет тарапынан реттеудің әлемдік тәжірибе тұрғысынан қалыптасқан бірнеше тәсілдері бар, яғни монополиялық билікті қысқартудың негізгі тәсілдері мыналар болып табылады:
1. Монополияға қарсы заңдар – фирмалардың қоғамға зардап шектіретін монополиялық билікті көбейтуіне қарсы бағытталған шаралар. Мұндай заңдылықтардың негізгі мақсаты – ірі фирмалардың бірігуіне, бәсекелетікті әлсіретуге, монополияны орнатуға, яғни олардың бірігуіне рұқсат бермеу арқылы құрылымдық салаларды реттеу.
2. Табиғи монополияларды мемлекет тарапынан реттеу (тікелей және жанама).
Табиғи монополияларды реттеудің моделін график арқылы сипаттауға болады (сурет 7.5).
P
C MC
E
Pm
F
P1
R AC
P2
MR D
Qm
Q1 Q2
Q
Сурет 7.5 Монополияны реттеу
Тұрақты шығындардың көп болуына байланысты D қисығы орташа шығындар қисығын осы шығындардың төмендеуі кезіндегі нүктеде қиып өтеді. Қызметі мемлекет тарапынан реттелмейтін монополист Qm өнімінің көлемін таңдап, Pm бағасын белгілер еді. Бұл жағдайда ол штрихталған тіктөртбұрышқа тең болатын экономикалық пайда алар еді.
Жетілген бәсеке жағдайында P = МС шарты орындалатыны белгілі; мұндай баға (P2) қоғам тұрғысынан оңтайлы, себебі ресурстарды тиімді бөлуді көбірек қамтамасыз етеді. Егер мемлекет осы бағаны монополистің тауарына белгілесе, фирма шығынға ұшырайды. Реттеуші агенттіктер фирмаға шын мәніндегі пайдасын алатындай орташа шығындар деңгейіндегі Р1 бағаны белгілейді. Мұндай баға оңтайлы жағдаймен (Q1 < Q2) салыстырғанда өнім көлемінің Q1 қысқаруына алып келсе де, тұтынушылар тауарларды реттелмейтін табиғи монополия (Q1 > Qm) жағдайымен салыстырғанда көбірек алады.
3. Мемлекеттік меншікті қалыптастыру, яғни жеке иеліктегі табиғи монополияны реттеудің орнына, мемлекет өзі монополияны иемденуші бола бастайды. Дегенмен, тәжірибе көрсеткендей, пайдаға ұмтылу – фирманы кәсіби басқарудағы тіректі кепіл болып табылады.
41 сұрақ
бағалық дискриминация дегеніміз – монополист-фирманың сапалары бірдей болып табылатын берілген тауар немесе қызмет бірлігінің көлемін берілген шығындар деңгейінде әртүрлі бағалар бойынша әртүрлі тұтынушыларға сатуын немесе сата алуын сипаттайтын монополиялық тәжірибе.
Бағалық дискриминацияны іске асырудың шарттары:
Тұтынушының монополиядан сатып алған тауарын қайтадан сатып жіберуге мүмкіндігінің болмауы.
Қарастырып отырған тауарды тұтынатын сатып алушыларды сатып алу қабілетіне қарай түрлі топтарға бөлу мүмкіндігінің болуы.
Егер фирма әрбір сатып алушының тауар үшін қандай деңгейдегі жоғары баға төлеуге дайын екенін білсе, онда бірінші дәрежелі (жетілген) бағалық дискриминация орын алады.
Бағалық дискриминацияның салдары:
1) өнім көбірек өндіріледі;
2) тұтынушының ұтымы есебінен сатушының пайдасы жоғарылайды;
3) қоғамның әл-ауқаты жоғарылайды, себебі тауарға тұтынушылардың көпшілігінің қолы жететін болады.
Бағалық дискриминацияға графиктік тұрғыдан талдау жүргізуге болады (МС – const деп есептейік).
P P
Pm
I II I МС
D, MR
MR
Qm´ Q Qm´´ Q
Сурет 7.3 a Монобағалық саясат Сурет 7.3 ә Бағалық дискриминация саясаты
7.3 a – суретінен көріп отырғанымыз: монополистің пайдасы І тіктөртбұрыштың ауданына тең; штрихталған үшбұрыш – бұл тұтынушының ұтымы; ІІ үшбұрышының ауданы – бұл монополия бағасының салдарынан болатын қоғамның қайтарылмайтын шығындары (залалдары).
Бағалық дискриминация саясатына көшу MR = P екенін білдіреді, ал MR графигі сұраныс графигімен дәлме-дәл келеді. Тұтынушы ұтымы түгелімен сатушыға түсіп, оның пайдасын жоғарылатады (7.3 ә – суретіндегі І үшбұрышының ауданы). Сату нарықтарының кеңеюіне (Qm´´ > Qm´) байланысты қоғамның қайтарылмайтын шығындары да жойылады.
Бағалық дискриминация әрдайым немесе уақытша болуы мүмкін. Алайда, кез келген жағдайда да монополист өзінің тауарына деген сұраныс икемділігін ескеріп отырады. Бағалық дискриминация көбінесе сұранысы икемсіз тауарларға қолданылады.
42 сұрақ
Монополистік бәсеке – бұл салада өзіндік ерекшеліктері бар тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирмалар болатын, сонымен қатар, олардың ешқайсысының нарықтық бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның бір түрі. Монополиялық бәсеке «таза монополия» жағдайына, сонымен қатар «жетілген бәсекеге» де ұқсайды.
Басқаша сөзбен айтқанда, монополистік бәсеке – тәжірибе жүзінде аса жиі кездесетін, «ұқсас еместілердің бірлігі» деген атқа ие нарықтық құрылымның жетілмеген түрі.
Монополиялық бәсеке нарығының моделін алғаш рет ХХ ғасырдың 30-шы жылдары ағылшын экономисі Эдвард Чемберлин (1899-1967) мен американдық экономист Джоан Робинсон (1903-1983) жасап, микроэкономика ғылымына енгізген болатын.
Монополиялық бәсеке жағдайында фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған, кемімелі, икемді болады. Сұраныс икемділігінің факторлары – бәсекелестер саны, өнімнің ерекшелену (дифференциациялану) деңгейі.
Тауарды ерекшелендіру (дифференциациялау) дегеніміз – фирманың нарықтағы өз билігін күшейту мақсатында тұтынушының көз алдында тауарын өзіне ұқсас тауарлардан қандай да бір белгімен айрықша көрсету әдістерін сипаттайтын нарықтағы мінез-құлықтық элементі, яғни ондай айрықша белгілерге: сапа, жарнама, сауда белгісі, сату шарттары, буып-түю және т.б жатады.
Монополиялық бәсеке нарығы моделінің ерекшеліктерін екі негізгі сипаты бойынша қарастыруға болады:
1. Монополиялық сипаттары бойынша:
- кемімелі сұраныс қисығы;
- бағаға әсер ете алу мүмкіндігі.
2. Бәсекелестік сипаттары бойынша:
- нарықты басқа ұсақ фирмалардың көпшілігімен бөлісу;
- іс-әрекеттері басқа фирмалаға тәуелді емес;
- өнім көлемін шектеу мақсатында келісімге келу мүмкіндігі жоқ.
Тауарды өзгешелендірумен байланысты шығарылатын қосымша шығындар осы салаға жаңа фирмалардың кіруіне кедергі болуы мүмкін.
Қысқа мерзімде монополиялық бәсеке нарығындағы әрбір фирма таза монополияға ұқсас болады. Алдымен, ол MR = MC жағдайына сәйкес өнім көлемін анықтайды, ал одан кейін осы өнім көлеміне сәйкес келетін бағаны (Р) белгілеу үшін сұраныс қисығын пайдаланады.
P
МС
пайда
P*
А АТС
D
Q* MR Q
Сурет 8.1 Монополиялық бәсекенің
қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі
Бұл уақытта фирманың пайда алуы немесе зиян шегуі баға (Р) мен орташа жалпы шығындардың (АТС) арақатынасына байланысты болады. Дегенмен, монополиялық бәсеке жағдайында экономикалық пайда пен зиян көп тұрақтамайды.
Ұзақ уақыт мерзімінде пайда бәсекелестерді салаға кіруге ынталандырады, ал зияндар – шығып кетуге себеп болады. Фирмалардың көшу процестері экономикалық пайда 0-ге тең болғанға дейін жалғаса береді. Бұл жағдай жетілген бәсекеге ұқсас: пайда да, зиян да жоқ.
P
MC
SRAC
A LRAC
P*
D
Q* MR Q
Сурет 8.2 Ұзақ мерзімдегі тепе-теңдік
А нүктесі – ұзақ мезімдегі тепе-теңдік нүктесі, мұнда пайда 0-ге тең болады. D қисығы ұзақ мерзімдегі орташа шығындар (LRAC) қисығына жанама болып келеді. Фирмалар бұл жағдайда тек қалыпты (нөлдік) ғана пайда алады.
Монополиялық бәсеке жағдайындағы фирма өндірістің тиімді ауқымымынан төмен деңгейдегі өнім өндіреді. Өндірістің тиімді ауқымы – орташа жалпы шығындардың ең төменгі деңгейіне (LRACmin) сәйкес келетін өнім шығару көлемі болады.
Фирма өнім көлемін (Q) жоғарылатып, ал орташа жалпы шығындарды (АТС) төмендете алатын мүмкіндігі болғандықтан, оның өндірістік қуатының артықшылығы (∆Q) болатынын көреміз.
∆Q = өндірістің тиімді ауқымы – нақты өнім шығару көлемі.
Қуат артықшылығының болуы: тұтынушылар үшін тауарлар ең жоғары деңгейде шығарылмайтынын және баға да ең төменгі деңгейде болмайтынын көрсетеді. Бұл монополиялық бәсекенің жетілген бәсекеге қарағанда тиімділігі төмен нарық құрылымы екенін көрсетеді. P* > MC болғандықтан кейбір тұтынушылар тауарларды алудан тартынады, осылайша монополиялық баға қалыптастырудың салдарынан қайтарылмайтын қоғамдық шығындар туындайды.
P
LRMC
Pm
LRAC
min
LRAC
D
MR
Qm Q1 Q
Сурет 8.3 Өндірістік қуат артықшылығы
Монополиялық бәсеке кезіндегі экономикалық тиімсіздік саладағы артық өндірістік қуаттардың болуымен байланысты сипатталады.
43. Монополистік бәсеке нарығының экономикалық салдарлары және жарнама
Монополистік бәсеке – бұл салада өзіндік ерекшеліктері бар тауарларды өндіретін және өзара бәсекеге түсетін көптеген фирмалар болатын, сонымен қатар, олардың ешқайсысының нарықтық бағаны бақылауға толық билігі болмайтын нарықтық құрылымның бір түрі. Монополиялық бәсеке «таза монополия» жағдайына, сонымен қатар «жетілген бәсекеге» де ұқсайды.
Монополия бәсекелес тепе-теңдіктің салдарын монополия бәсекелестіктің шығындары деп атайды. Оларға келесілер жатады:
Ресурстардың толық пайдаланбауы, оны мына жайт көрсетеді: ұзақ мерзімді тепе-теңдік ең аз орташа ұзақ мерзімді шығындарда белгіленбейді. Чемберленнің пікірінше, осының салдарынан монополия бәсекелестік жағдайларда, нағыз бәсекелестік жағдайлармен салыстырғанда, фирманың нәтижелілігі аздау болады. Өндірістік қуаттардың жартылай жұмысының салдарынан қоғамдық әл-ауқат төмендейді.
Ұзақ мерзімді кезеңде баға шекті шығындардан асады, яғни монополия бәсекелестік жағдайларда шығарылған өнімнің қосымша бірліктері сол ресурстардың баламалы пайдалану нұсқасында шығаруға болатын өнімнен жоғары бағаланады. Бұл тұтынушы артығы қысқарады деген сөз.
Монополия бәсекелестік жағдайлардағы өндіріс көлемі нәтижеліден аз, ал баға нағыз бәсекелес нарықтағыдан жоғарылау.
Монополия бәсекелестігін нағыз бәсекелестікпен салыстыра келе, мынаны айтуға болады: монополия бәсекелестік жағдайында нарықта қажетті санынан көптеу фирмалар қатысады. Егер олардың саны нәтижелі болса, өнімнің көлемі төмендеу бағамен сатылушы еді. Бірақ, олай болу мүмкін емес, себебі нарықтағы фирмалар саны қысқарып, ол қалған фирмалардың нарық билігін күшейтуші еді. Сонымен, монополия бәсекелестікке тән монополия элементі тұйық шеңберді құрады. Жоғары баға өнімнің көп түрлеріне (кең ассортиментіне) тұтынушының төлемі ретінде қаралады.
Жарнама, реклама (франц. рецламе, лат. рецламо — жар саламын) — тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т.б.) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. Жарнаманың түрлері көп: сату орнындағы Жарнама, институционалдық (жақсы пікір қалыптастыру мақсатындағы) Жарнама, хабарламалық Жарнама, сауда және көлік жүйесіндегі Жарнама, көше Жарнамасы (плакат, афиша), ауызша Жарнама, баспалық Жарнама т.б. Жарнаманың қарапайым түрлері б.з.б. пайда болды. Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римде Жарнама хабарландыруларын ағаш тақтайларға жазып, халық көп жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға басылған Жарнамалар Англия мен Францияда 17 ғ-да пайда болды. Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша үлгілері фольклорлық әдебиетте “жарлық шашу”, “жар салу” ұғымдарымен берілген. Жарнама үлгілері “Қобыланды батыр”, “Мұңлық-Зарлық” және “Оғызнама” жырларында бар. 19 ғ-дың аяғында “Түркістан уалаяты”, “Дала уалаяты” газеттерінде саяси-экон. мәселелерге байланысты, оқу-ағарту, әдебиет және өнер-білім бойынша Жарнамалар берілген. 20 ғ-да Жарнаманың мақсаты мен мазмұны кеңейіп, икемділігі артты, Жарнама тілінің ішкі құрылымы сараланды. Нарықтық экономиканың қанат жаюына орай Қазақстанда жарнамалық қызмет түрлері сан алуан болып дамуда. Жарнама стратегиясымен айналысатын Жарнама компаниялары пайда болды. Жарнаманың бір түрі — афиша (аффіцһер — хабарландыру, іліп қою). Театр афишалары — спектакльдер және басқа да көңіл көтеретін шаралар туралы хабарландырулар. Афишалар театрдың алдына, көшелерге, алаңдарға және басқа да көпшілік жүретін орындарға ілінеді. [1]
Жарнама - тауарларға сұранымды қалыптастырып, ұлғайту мақсатында олардың қасиеттері мен көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты тиімді бағытта тарату.
44. Олигополия нарығы және оның алғы шарттары
Олигополиялық нарық – оның сипаттамалары: нарықтағы фирмалардың шектеулі саны (әсер, ықпал аяларын бөліп алған), өндіріс шоғырлануының жоғары деңгейі, кіру кедергілердің бары, бір түсті (таза олигополия) немесе бөлінетін олигополия, фирмалардың стратегиялық бағыттылығы. Бірнеше ірі бәсекелес-өндіруші қызмет жасайтын нарық олигополия деп аталады. Көптеген өнеркәсіп өнімдерінің өндірісі таза олигополияның мысалдары болып келеді (болат, мыс, алюминий және т.б.); – автомобиль жасау, тұрмыстық техника өндірісі және т.б. Ауқым әсерімен себептелген олигополия сипаттары: шоғырланудың жоғары дәрежесі, өндірушілердің айтарлықтай нарық билігі. Олигополиялардың (монополиялардың да) пайда болуының негізгі себебі ретінде ауқым әсері болып табылады. Мысалы, АҚШ автомобиль өнеркәсібі қалыптасуының алғашқы сатысында 80 астам фирмалар қызмет жасады.
Олигополия – нарықтық құрылымның бір түрі. Мұнда сату көлемінің қомақты бөлігін бірнеше ірі фирмалар жасайды және олардың әрқайсысы нарықтық бағаға әсер ете алады. Өндірістің күрделі салаларының бәріне жақыны: металлургия, химия өнеркәсібі, автомобиль өнеркәсібі, электроника, кеме және ұшақ жасау өнеркәсібі және т.б. нарық құрылымының осы түріне жатады.
Басқаша айтқанда, олигополия – бұл «өзара әрекет етуші сатушылар» нарығын сипаттайтын жетілмеген бәсеке нарығының бір түрі. Олигополиялық нарықтардағы фирмалардың іс-әрекеті соғыстағы әскердің тәртібіне ұқсайды. Фирмалар – қарсыластар, олжасы пайда болып табылады. Ал олардың қаруы ретінде бағаға бақылау жасау, жарнама және шығарылым көлемін қарастыруға болады.
«Олигополия» деген терминді алғаш рет ағылшын гуманисті және мемлекет қайраткері Томас Мор өзінің «Утопия» атты еңбегінде 1516 жылы қолданды.
Олигополия нарығы моделінің түрлері:
1. Табиғи олигополия – ұзақ мерзімдік ең төменгі орташа шығындармен барлық нарыққа өнімнің белгілі бір түрін бірнеше фирмалардың сатуымен ерекшеленетін олигополияның бір түрі.
2. Таза (стандартталған) олигополия – біртекті (стандартты) өнімді (мысалы, металл, шикі мұнай, т.б.) өндіруді жоспарлаған бірнеше ірі фирмалардың нарықта әрекет етуін сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
3. Ерекшеленген (дифференциацияланған) олигополия – нарыққа әртүрлі (ерекшеленген) өнімдерді (мысалы, автомобиль, тұрмыстық техника, т.б.) бірнеше ірі фирмалардың шығарып сатуын сипаттайтын олигополия нарығының бір түрі.
Олигополия нарығының негізгі ерекшеліктері:
Нарықта басым фирмалар болады, олардың саны көп емес.
Олигополиялық фирмалардың нарықтық үлестері көп болады, сондықтан бағаға монополиялық билік жүргізе алады.
Осындай әрбір фирманың сұраныс қисығы төмен қарай бағытталған болады.
Олигополиялық нарықтың басты сипаты – фирмалар бір бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте болады. Баға мен өнім көлемін анықтағанда әрбір фирма өзінің бәсекелестерінің ықтимал реакциясын ескеруге мәжбүр болады.
Салаға жаңа фирмалардың кіруіне айтарлықтай кедергілер қойылады.
Жалпы өзара байланыстың салдары:
1) сұранысты бағалау қиындығы;
2) шекті түсімді анықтауға болмайды;
3) тепе-теңдік баға (P*) мен тепе-теңдік сату көлемін (Q*) анықтау мүмкіндігі жоқ.
Нарық іс-әрекетінің осындай белгісіздігінен олигополия үлгісінің көптігі туындайды, олар кооперативтік және кооперативтік емес іс-әрекет модельдеріне бөлінеді.
Кооперативтік емес іс-әрекет кезінде әрбір сатушы баға мен өнім шығару көлемін анықтау мәселесін өз бетінше шешеді. Кооперативтік іс-әрекет – фирмалардың осы сұрақтарды бірігіп шешуін білдіреді.
Ауқым әсерімен себептелген көптеген банкроттық пен қосылулар (бірігулер) нәтижесінде бүгін бұл сала – олигополияның классикалық мысалы, мұнда тек қана 3 ірі компания қызмет жасайды). Басқа нарық үлгілерден айыратын олигополияның ең басты ерекшелігі – фирманың стратегиялық мінез-құлқы (іс-әрекеті). Олигополист-фирмалар бір-бірінен өзара тәуелді, өз бәсекелес басымдықтарын жоғалтпау үшін бір-бірімен санасуға тиісті. Олигополистер әрқашан «бәсекелестеріне қарап» өмір сүреді. Ол таңдаған өндірістің көлемі мен бағасы бәсекелестер өндірісінің көлемі мен бағаларынан жоғары дәрежедегі тәуелділікте, себебі олигополия нарығы аз ғана бәсекелес арасында бөлініп, әр қайсысының іс-әрекеті (мінез-құлқы) басқалардың жүріс-тұрысынан тәуелді. Сондықтан, пайданы көбейтуге ұмтылған олигополист шекті шығындар мен шекті түсімді теңдеудің классикалық әдісімен пайдалана алалмайды (яғни шекті түсім сұраныс функциясынан тәуелді). Осыған орай олигополия жағдайларында барлық фирмалар ұмтылатын тепе-теңдіктің бірыңғай нүктесі жоқ. Стратегиялық мінез-құлық (жүріс-тұрыс, іс-әрекет) сипатына байланысты олигополияның бірнеше үлгісі бар. Егер олигополист – фирмалар кооперативтік стратегияы пайдаланса, өндіріс көлемі мен бағалар монополиялық түріне жақындайды (бұндай стратегияның шекті түрі – картельді құру). Бұл жағдайда кооперативтелген олигополия туралы айтады. Егер олигополист – фирмалар бір-бірінен тәуелсіз қызмет жасаса, бағалар мен ұсыныстар бәсекелеске жақындайды (осындай іс-әрекеттің шекті түрі «бағалар соғысы»), ал нарық кооперативтелмеген олигополия деп аталады. Кооперативтелмеген олигополия жағдайларында бәсекелестердің (қарсыластардың) іс-қимылдарына қатысты болжамдарындағы айырмашылықтар басты рөл атқарады. Олигополистердің іс-қимылдары (әрекеттері) неменеге, неге мақсатталғанына байланысты – бағаны немесе өндіріс көлемін белгілеуге ме, сандық олигополия (фирма өндіріс көлемін белгілейді) мен бағалық олигополияны (фирмалар бағаларды белгілейді) айырады. Олигополияның бірінші үлгісін 1838 жылы француз математигі әрі экономисті А. Курно ұсынып, оны Курно дуополиясы деп атайды. Сол уақыттан бастап, қазіргі күндерге дейін олигополияның көптеген теориялары пайда болды. Негізгілерін қарайық:
Олигополияның кооперативтелмеген үлгілері – Курноның сандық дуополиясының үлгісі, Бертранның бағалық дуополиясының үлгісі, сандық олигополия үлгісі, сұраныстың сынық қисық сызығы;
Кооперативтелген олигополия үлгілері – картель мен баға белгілеуге және ықтималдық теория негізінде ойындар теориясына кедергі болатын бағалық көшбасшылық (жетекшілік).
45. Олигополия жағдайындағы кооперативтік іс-әрекет кезінде әрбір сатушы баға мен өнім шығару көлемін анықтау мәселесін өз бетінше шешеді.
Егер олар келісіп жасаса, (кооперативтік ойын жағдайында сияқты), шешімнің ең тәуір нұсқасын алушы еді. Осылай бұл ойын микродеңгейдегі оңтайлы шешімдер микродеңгейде оңтайлы емес нәтижеге әкелетіндігін көруге мүмкіндік береді. Бұл ойын экономика мәселелерінен алыстау болса да, негізінде олигополистердің мінез-құлқын көрсететін жақсы мысал болып табылады. Олардың алдында әрқашан стратегиялық бағыт (мінез-құлық) таңдау дилеммасы тұрады: агрессивтік бәсекелестікке, баға соғысына дейін барып, нәтижесінде жеңу немесе жеңілу: келісу (райласу), екеуіне де оңтайлы, ұтымды болатын нәтижеге жету. Олигополистердің оңтайлы (тепе-теңдік) стратегиясын таңдау мақсатын қоятын ойындардың мүмкін нұсқалары: бағаны түсіру немесе сол күйінде (деңгейде) қалдыру. «Тұтқын дилеммасы» сияқты, бірақ мүмкін нәтиже ретінде таңдалған бағыттың арқасында фирманың алынған/жоғалтқан пайдасы.
46. Олигополия жағдайындағы кооперативтік емес іс-әрекет фирмалардың осы сұрақтарды бірігіп шешуін білдіреді.
Ойындар теориясы көптеген ойындарды ұсынады –қатысушылар (ойыншылар) әр түрлі ахуалдарда оңтайлы шешімдерді қабылдауға тиісті. Мысалы, баға белгілеу, шығару көлемін, жарнамаға шығындарды анықтау немесе нарықта тауарларды жылжыту мақсаттарды қоятын ойындар. Ойыншылардың мінез-құлқының түріне байланысты ойындар кооперативтік және кооперативтік еместерге жіктеледі. Нәтижесіне байланысты нөлдік сомасы бар және нөлдік емес сомасы бар ойындарға бөлінеді. Ойындар теория методологиясының қағидасын белгілі «Тұтқын дилеммасы» мысалында түсіндіруге болады, – бұл қарапайым кооперативтік емес ойын (нөлдік сомамен). Жеке камерада (бөлмеде) отырып, бір-бірімен байланыса алмайтын 2 тұтқындардың шешім қабылдау процесін (үдерісін) қарастырады. Әр қайсысының алдында дилемма тұр: барлық шындықты айту немесе үндемеу. 3 мүмкін нұсқаның әр қайсысында қандай оқиға болатындығы оларға мәлім.
Егер біреуі де шындығын айтпаса, олардың күнәсі дәлелденбейді, әр қайсысы ең аз жаза – 1 жыл тұтқынға алынады.
Егер екеуінің біреуі шындығын айтса, екіншісі – үндемесе, шындығын айтқан босатылады, ал екіншісі – 15 жылға бас бостандығынан айырылады.
Егер екеуі де шындығын айтса, 3 жылға бас бостандығынан айырылады.
Шешімдердің балама нұсқаларын есептеу матрица (қалып) түрінде көрсетіп аламыз:
|
Шындықты айту |
Үндемеу |
Шындықты айту |
3,3 |
0,15 |
Үндемеу |
15,0 |
1,1 |
Егер тұтқындар дұрыс шешімге келіп, екеуі де шынын айтса, ең жоғары жазаны алу мүмкіндігі әрқайсысы үшін азаяды. Нәтижесінде екеуі де түрмеге 3 жылға отырады.
47. Ойындар теориясы және олигополиялық теңдіктер
Мүдделері бір-біріне қарсы олигополиялық фирманы бет алыстарын, қабылдайтын шешімдерін талдаудың әдісі. Оның көмегімен әрбір ойынға қатысушының стратегияның нәтижесі бағаланады. Ол үшін ұтыс матрицасы құрастырылады. Ұтыс матрицасы бәсекелестерінің қабылдайтын шешіміне байланысты. Әрбір стратегиядан алатын ұтыс пен зиянды көрсетеді.
Олигополист – фирмалардың алдыңда тепе-тең (оңтайлы) мінез-құлық (іс-әрекет) бағыты, стратегиясын әзірлеу мәселесі тұрады. Мұнда 4 мүмкін нәтиженің біреуі іске асырылады:
Басым болып тұрған стратегияның (бағыттың) тепе-теңдігі (оптимум) – бір ойыншының іс-әрекеті басқасының іс-әрекетінен тәуелсіз ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді («Тұтқын дилеммасы» ойында нәтиженің бұндай нұсқасы мүмкін емес).
Нэштің пікірі бойынша тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншының стратегиясы екінші ойыншы тарапынан белгіленген іс-қимылдардың (әрекеттердің) барында ғана ең жоғары нәтижені қамтамасыз етеді, себебі екеуінің біреуі де жалғыз ең жоғары нәтижеге жетпейді (Нэш бойынша, тепе-теңдік тұтқындардың екеуі де бір жылдан бас еркінен айырылған ахуалда жетеді).
Парето бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – бір ойыншы жағдайының жақсаруы екінші ойыншы жағдайының нашарлауынсыз болмайды (тұтқындар 1 жыл немесе 3 жыл бас бостандығынан айырылған ахуал).
Штакельберг бойынша, тепе-теңдік (оптимум) – ойыншы нәтижесінің жақсаруы екінші ойыншының белгілі шешімін қабылдау нәтижесінде болады (әр ойыншы үшін ол мына ахуалда болады: біреуі босатылып, екіншісі 15 жыл бас бостандығынан айырылғанда). «Тұтқын дилеммасы» ойыны бір кезеңдік ойын, онда ойыншылар өзара әрекеттесте 1 рет. Көп кезеңдік (динамикалық немесе қайталанатын) ойындар да болады. Бұндай ойындарда ұзақ мерзімді бағытты таңдаудың маңызы зор.
48. Дуополия және оның үлгілері
Олигополияның ең қарапайым үлгісі нарықта тек қана 2 бәсекелес – фирманың болуын ұйғарады. Бұл жағдай дуополия деп аталады. Курно үлгісінің алғышарты: олигополист – фирмалар өнім шығару көлемі бойынша (өнім біртүсті) бірдей шешім қабылдай отыра, бәсекелестің өндіріс көлемін тұрақты шама ретінде қарайды. Олигополия нарығында А және В фирмалары бар дейік (76-а сурет). Нарықтық сұраныс = D, ал шекті шығындар тұрақты. А фирмасы өндіріс көлемі жөнінде шешімдерді қабылдайды. Егер ол В фирмасы ештеңе де өндірмейді деп болжау жасаса, оның ұсынысы Q құрайды. Егер ол В фирмасының өндіріс көлемі Q тең деп болжаса, өзінің өніміне деген сұранысының төмен және солға, D1 деңгейіне дейін ауысуы деп түсінеді де, өнімнің Q бірлігін өндіреді. В фирма ұсынысы көбеюін ары қарай болжай отыра, А фирмасы өнім шығарымын сәйкес санға азайтып, нәтижесінде өндіріс көлемін ынталандыратын жаңа нүктелерді табады. Бәсекелестің іс-қимылдарын дұрыс бағалай отыра, әр фирма өз үшін осы жағдайда пайданы жоғарылатуға мүмкіндік беретін оңтайлы стратегияны таңдайды. 76-б суретте фирмалар шекті шығындар деңгейінде өндірсе, (нағыз бәсекелестік жағдайларда сияқты) осы нарықта болуы мүмкін бәсекелестік тепе-теңдік көрсетілген. Бұл жағдайда олардың пайдасы кәдімгі (нольдік) болушы еді.
Курноның олигополиялық моделі фирмалар үшін ұтымды, себебі ол экономикалық пайда алуға мүмкіндік береді.
P
A
QA
В фирманың әсер тигізу қисық сызықтары
QA1 бәсекелес тепе-теңдік
QA2 Шарттардың
D қисық сызық-
MC QA3 тары
А фирманың
әсер тигізу қисық сызығы
D
D2
MR2 MR1
Q2 Q1 Q QA QB1 QB2 QB* QB3 QB
76 сурет. Әсер тигізу қисық сызықтары (а) және тепе-теңдік()
Бертран дуополиясы. Бертран дуополиясы Курно дуополиясына өте ұқсас, бұл үлгідегі олигополистер бәсекелестерінің өндіріс көлеміне емес, бағалардың өзгеруіне ғана назар аударады. Бәсекелес өнімге бағаны түсіреді деп болжай отыра, А фирмасы, пайдасын жоғалтқысы келмей, бағасын түсіреді. Курно үлгісінде өткізгендей сәйкес операциялардан кейін біз А фирманың В фирмасы баға өзгеруіне тигізген әсерінің қисық сызығын табамыз. Сондай әдіс арқылы В фирманың А фирмасы баға өзгеруіне тигізген әсерінің қисық сызығын табамыз. Сол әдіспен Бертран тепе-теңдігі – бағалар кеңістігінде әсер тигізу қисық сызықтарының қиылысу нүктесінде табылады (77 сурет).
PA
В фирманың
әсер тигізу қисық
сызықтары
А фирманың әсер тигізу қисық
сызықтары
45°
PB
77 сурет. Бертран тепе-теңдігі
Бертран үлгісінің Курно үлгісінен айырмашылығы: 2 әсер тигізу қисық сызықтары ұлғаймалы. Ол Бертран дуополистерінің бағалары Курно дуополистердің шығаруларына кері, жақындасу үрдісін көрсетеді. Осыған орай, Бертран үлгісінде тепе-теңдік жағдайдағы баға әр фирманың шекті шығындарына тең болады, әйтпесе нарықта тұтастай иеленуге ұмтылып, фирмалар бағаларын төмендете береді, бәрі де және шекті шығындар да бірдейленгенше. Бұл жағдайда да алынатын пайда нөлдік болып шығады. Курно мен Бертран үлгілерінің маңызды айырмашылығы келесіде: Курно үлгісінде нағыз бәсекелестік нәтижеге жету тек олигополистер санын көбейткен жағдайда ғана мүмкін. Бертран үлгісінде нағыз бәсекелестік нәтиже монополиядан дуополияға ауысқанда келеді. Бұл айырмашылықтың себебі: Курнода сұраныс қисық сызығы төмен түседі, ал Бертранда сұраныс икемді, сондықтан бағаның түсуі әрқашан пайдалы, егер ол МС жоғары тұрса. Екі үлгінің де шала жақтары бар:
олар тұрақтылықты ұйғарады: Курнода – өндіріс көлемінің, Бертранда – бәсекелестер бағасының, өмірде бұған жету қиын.
фирмалардың өндірістік қуаттары «өлшемсіз», яғни керек кезінде олар кеңееді не азаяды. Шекті және орташа шығындар өзгеріссіз қалып, ауқым әсері мүлде жоқ, осының негізінде келесі түйін туады: Курно бойынша және Бертран бойынша дуополия үлгілері олигополия жағдайларындағы стратегиялық мінез-құлық, іс-қимылдар туралы түсінік берсе де, олигополия барлық теорияларының ішіндегі ең қарапайым болып табылады.
48. Картель, оның құрылу шарттары және түрлері
Картель[1] (французша cartel, итальянша cartelо – құжат) – бір тұрпатты өнім өндіруші кәсіпкерлер тобының өнім өндіру, өткізу рыноктарын монополиялау, бәсекені шектеу, шикізат көздерін, рыноктарды бөлісу, бағаға бақылау орнату мақсатымен келісуі негізінде құрылатын ерікті қауымдастығы (бірлестігі). Картель құру туралы келісім шартпен рәсімделеді және ол құпия құрылады. Келісімге қатысушылар өндірістік және коммерциялық дербестікті, сондай-ақ, заңи тұлға мәртебесін сақтайды‚ олардың іс-қимылдар еркіндігі тек келісім ауқымымен ғана шектеледі. Жекеше, мемлекеттік, ұлттық және шетелдік, сондай-ақ, аралас кәсіпорындар мен фирмаларды да біріктіруі мүмкін. Кейде “Картель ” термині өнім шығаруды қысқарту‚ өзара бәсекені реттеу жолымен қатысушының әрқайсысы үшін жоғары пайда алу‚ тұтынушы үшін жоғары баға белгілеу кепілдігімен компаниялар арасында жасасылған заңсыз келісімді айқындау үшін қолданылады. Бұл орайда Картель нарықтық тетіктердің жұмыс істеуін қиындататындықтан оған монополияға қарсы заңнаманың күші қолданылады. Кейбір елдерде Картельге заңмен тыйым салынған, екінші бір елдерде міндетті тіркеуден өткізіледі. Кей жағдайларда мемлекет Картельді өнеркәсіп саясатының құралы ретінде жария пайдаланады (мысалы, Жапонияда). Бірқатар дамыған елдердің үкіметтері халықаралық Картельдің қызметіне шек қоймай, қайта оны көтермелейді.
Картель түрлері:
Ішкі картель ұлттық нарық пен олардың бөліктерінде құрылады.
Экспорттық картель экспортерөұлттық фирмалар құрады. Дегенмен, бұған шетелдік фирмалар филиалдары да кіруі мүмкін.
Импорттық картель мұны құрушылар шетелдік тауарлардың ірі импортерлері болып табылады.
Халықаралық картель экспорттық импорттық немесе екі операциямен де айналысатын бірнеше мемлекеттердің фирмалары құрады. Олар жаһандық және аймақтық нарықтық нарықты бақылайды.
50. Монопсония және екі жақты монополия
Еңбек нарығы жетілген және жетілмеген нарық жағдайында жұмыс істейді. Еңбек нарығының жетілген бәсекелі үлгісіне сай стандартты еңбектің қызметін сататын және сатып алатын тұлғалардың саны өте көп болады және олардың әрқайсысының нарықтағы үлесі өте аз және жалақыға әсер ете алмайды.
Еңбек нарығының жетілмеген бәсекелі үлгісі 3 бөлінеді: монопсония, монополия және екі жақты монополия
Е.н. монопсония – (ағылшынша monopsony – азық-түлікті жеке-дара сатып алу) бір ғана сатып алушы. Жұмыс күшін нарықта жалғыз ғана фирманың сатып алу жағдайы. Монопсонист фирма жалақыға өзі бақылау жасайтындықтан, оны төмен етіп белгілейді. Бірақ жалақы деңгейі сол фирманың шығарған өнімінің орташа шығындарымен байланысты. Жұмыс күшін де аз жалдайды.
Е.н. екіжақты монополия – жұмыс күшін жалғыз ғана сатып алушы монопсонист фирмаға жұмыс күшін жалғыз ғана ұсынушы кәсіподақ монополистің қарсы тұра алу жағдайы. Мұндай жағдай сирек кездеседі (футболист). Себебі екеуінің мүдделері бір-біріне қарама-қарсы келгендіктен, бір-бірімен келісімге келу қиын. Бірақ, оның қиындығына қарамастан, екеуі ортақ бір шешімге келеді. Яғни, кімнің монополиялық билігі күшті сол ұтады.
51. Өндіріс факторларының нарықтары және факторлық табыстар. Туынды сұраныс.
Өндіріс факторларының нарықтары – сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеттесуі нәтижесінде еңбек, капитал және жер сияқты ресурстарға жалақы, пайыз және рента түріндегі бағалардың қалыптасуы орын алатын нарықтар.
Өндіріс факторларына дегене сұраныс тауарлар сұранысынан туындайды, себебі бір игілікке сұраныс жоғарыласа, онда оның өндірісінде қолданылатын факторларға да сұраныс жоғарылайды. Өндіріс факторларының бағасы мен оларға сұраныс осы факторлардың нарығы мен тауарлар нарығының құрылымына байланысты болады. Яғни, өндіріс факторларына сұраныс олардың көмегімен өндірілген соңғы өнімге деген сұраныспен анықталады, сондықтан ресурстарға деген сұранысты туынды сұраныс деп атайды. Егер тұтынушы нарықтағы тауарға сұраныс білдірмесе, онда сол тауарды өндіруге қажетті өндіріс факторларына да сұраныс болмайды. Кез келген ресурсқа туынды сұраныстың тұрақты болуы, алдымен, ресурстың өнімділігіне, содан кейін, ресурстың көмегімен өндірілген тауардың нарықтық бағасына байланысты болады.
55.Белгілі бір уақыттан кейін төленетін 1 теңгенің бүгінгі құны ағымдағы келтірілген дисконтталған құн (Present Discount Value – PDV) деп аталады және ол төмендегі формуламен анықталады:
PDV = 1/ (1+i)n
Бұл формуладан ағымдағы дисконтталған құн пайыздық мөлшерлемеге тәуелді екенін көреміз. Пайыздық мөлшерлеме жоғарылаған сайын, ағымдағы дисконтталған құн төмендейді.
Инвестициялар туралы шешім қабылдағанда таза дисконтталған құн көрсеткіші анықталады (Net Present Value – NDV):
56. Жер – аса маңызды экономикалық ресурс және оның басты ерекшеліктері: шектеулігі,абсолютті икемсіздігі, қозғалмайтындығы және шаруашылықтық іс-әрекеттің кез-келген түрінде қолданыла беретіндігі.
57. Жер рентасы — жерден түсетін тұрақты табыс. Оның дифференциалдық және абсолюттік(монополиялық және экологиялық)түрлері бар.Дифференциалды рента- жердің құнарлығы және орналасу орындарына бай-ты алынады. Алғашқысы дифференциалдық І және дифференциалдық ІІ рента деп ажыратылады. Дифференциалдық І рентаның пайда болуының басты себебі — жеке жер телімдерінің құнарлылығы мен сол жердің рынокқа қатысты орналасу ерекшеліктері. Дифференциалдық ІІ рента жерге жұмсалған қосымша қаржыға тура байланысты.Абсолютті рента- жерге деген жеке меншікке бай-ты.
Жердің бағасы- болашақтағы жер рентасының дисконтталған құны болып табылады.Жер учаскесінің қызметінен түсетін рента жоғары болған сайын жердің бағасы да жоғары болады:
PN = сумма RJ (1+i)j мұндағы
PN- жердің бағасы;
RJ- j жылдағы жердің берілген учаскесінен күтілетін және түсетін жылдық жер рентасы;
i-несиелік пайыздың ағымдағы нарықтық мөлшерлемесі.
58.Жалпы тепе-теңдік -барлық нарықтық жүйенің тепе-теңдік жағдайы, бұл барлық нарықтарда тепе- теңдіктің бір уақытта орындалуы.
Кері байланыс әсері – жеке бір нарықтағы жеке тепе-теңдік шарттардың өзгеруі басқа бір нарықтағы бұзуы, ал ол нарық өз кезегінде жаңа тепе – теңдікке ұмтыла отырып бірінші нарықтық тепе-теңдік жағдайының нәтижесіне әсер етеді.
59.Парето тиімді бөлу – нарықтың бір субъектісі өз жағдайын екінші бір субъектінің жағдайын төмендетпей жақсарта алмағанда ресурстар мүмкіндігінше тиімді бөлінеді.
60.
61.Әділеттіліктің эгалитарлық сипаттамасы (эгалитаризм) қоғамның барлық мүшелеріне игіліктердің бірдей теңестіріліп бөлуініне негізделеді,бұл жағдайда әрбір азаматқа игіліктер теңбе-тең бөлінеді.
Утилитарлық сипаттамасы (утилитаризм) қоғамның әл-ауқаттылығына тән байланыстарды көрсете отырып, қоғамның барлық мүшелерінің жиынтық әл-ауқаттылығын арттыруды қамтамасыз ететін кез-келген бөлуді әділетті деп санайды.
Нарықтың сипаттамасы әділеттілікті нарық орнатады және кез-келген тепе-теңдік бөлу әділетті болып табылады.
62. Ақпараттың асимметриялығы дегеніміз нарықтың жекелеген қатысушыларының маңызды ақпараттарға ие болу жағдайы, ал басқа субъектілердің мұндай маңызды ақпараттарға ие болмауы, яғни ақпараттардың субъектілер арасында тең бөлінбеуі немесе дұрыс қамтылмау жағдайы. Белгісіздік құбылысы- болашақтағы ықтимал оқиғалардың болуы жөніндегі ақпараттардың жетіспеушілігінен туындайды.
Неоклассиктердің айтуынша, асимметриялық ақпарат – нарықтың фиаскосын (дәрменсіздігін) тудыратын себептердің бірі. Асимметриялық ақпараттың нәтижесінде интерналийлер туындайды, яғни келісім жасаушы тұлғалардың келісім жасау барысында пайда болатын, алдын-ала келісілмеген және алатын шығындары немесе табыстары. Интерналийлердің көптеген мысалдары: тұтынушы тауар сатып алады, бірақ ол тауар сапасыз болып шығады; келісімге келуші тұлғаның біреуі келісім- шартты бұзғанда.
63. Тәуекел (Риск; фр. risque қауіп) — жүзеге асырмақ іс-шаралардьщ сәтсіз болып шығуының ықтимал қаупі, осындай қауіпке байланысты іс-шаралардың ездері. «Әйтеуір бір сәті болар» дегенге негізделген көзжұмбай тәуекел және әбден ойластырылган, сәтті болады деген сенімге негізделген нартәуекел ден сараланады. «Тәуекел» термині ойындар теориясы мен шешімдер белгілеу теориясында қолданылады. Асимметриялық ақпараттың жағымсыз салдарының бірі болып теріс селекция табылады. Теріс селекция құбылысымен асимметриялық ақпараттың келесі бір жағымсыз салдары тығыз байланысты- Моральдық тәуекелдің пайда болуы. Өз денсаулығына ұқыпты қараудан гөрі дәрігерге көп жүгіне бастайды. Өз көліктерін ұрлаудан сақтандырушы тұлғалар көліктерінің есіктерін бекітпейді, сигнализация жүйесін қоймайды. Сақтандыру компаниялары адамдардың осындай қылықтарын болжай алмайды және олар моральдық тәуекелмен байланысты қосымша шығындарға тап болады.
65.66 Сыртқы әсерлердің экономикалық мәні, себептері және түрлері
Нарық механизмдері дербес қабылдаңған шешімдерін бір-бірімен келістере отырып шектелген экономикалық ресурстарды тиімді қолдануға жағдай жасайды Соған қарамастан нарық механизмдерінің көмегімен шеше алмайтын проблемалар да кездеседі Кейбір тауарлар мен қызметтер ұтымды мөлшерден артық өндірілсе, кейбіреулері кем өндіріледі Оны нарықтың кемшілігі деп те атайды Көп жағдайларда тауарлар мен қызметтерді өндіру немесе тұтыну барысында пайда болатын шығындар мен пайдалылықтар нарықтағы бағада есептелінбей қалады. Нарықтағы бағада есептелінбеген шығындар мен пайдалықтарды сыртқы әсерлер (externalities) дейді. Сыртқы әсерлер жағымсыз (теріс) және жағымды (оң) әсерлер болып екіге бөлінеді. Жағымсыз сыртқы әсерлер (negative externalities) - бұл өнімнің бағасында есептелінбеген өндірісте қолданылған ресурстардың құны. Жағымсыз сыртқы әсердің зардабын өндірілген өнімге ешқандай қатысы жоқ адамдар шегеді. Жағымсыз сыртқы әсердің мысалы ретінде қоршаған ортаны ластауды келтіруге болады. Мысалы, кәсіпорын өндіріс қалдықтарын көлге тастайды Көлді қолданудың альтернативті құны өндірілген өнімнің шекті шығынының құрамында есептелінбейді. Яғни көлді қолданудың шекті шығыны өнімнің бағасынан тыс қалады. Көлге өндіріс қалдықтарын тастаудан балық аулап күн көретін, көл жағасында демалып суға шомылатын адамдар зардап шегеді. Сондай-ақ қалада жүретін машиналар қала ішінде немесе оның манында орналасқан кәсіпорындар ауаны ластайды одан қала түрғындары әр түрлі зардаптар шегеді Енді жетілген бәсекелі нарықтағы жағымсыз және жағымды сыртқы әсерлердің салдарын зерттейміз. Өнімді өндіруге және тұтынуға байланысты барлық шығындарды (өндірушінің, тұтынушының және үшінші адамдардың әлеуметтік (қоғамдық) шығындары (ТSC) . дейміз. Ол жалпы жеке шығын (ТРС) мен жиынтық сыртқы шығынның (ТЕС) қосындысы ТSC= ТРС + ТЕС. Қоршаған ортаны ластайтын өнім көлемі өскен сайын жиынтық сыртқы шығын (ТЕС) шекті сыртқы шығынның (МЕС) мөлшеріне өседі Шекті сыртқы шығын МЕС (marginal external cost) - бұл өнімнің әрбір қосымша бірлігін өндіруге кеткен шығын. Демек өнім көлемі өскен сайны қоршаған ортаның ластануы да өседі. Әрбір қосымша өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынын (МЕС) өндіруші емес өндіруге және тұтынұға қатысы жоқ ұшінші адам көтереді Шекті сыртқы шығынның мөлшерін аңықтау үшін жиынтық сыртқы шығынның өзгерісін өнім көлемінің өзгерісіне бөлеміз. МЕС= ∆ТЕС/ ∆Q Шекті сыртқы шығын мөлшері өссе шекті әлеуметтік шығын да МSС (marginalsocialcost)өседі МSС= ∆ТSC/ ∆Q. Өндірушінің шекті жеке шығыны: МРС= ∆ТРC / ∆О Яғни, шекті әлеуметтік шығын өндірушінің шекті жеке шығыны мен шекті сыртқы шығынының қосындысы:МSС=МРC + МЕС109-суреттегі графиктен жағымсыз сыртқы әсердің салдарын көруге болады Өнімге сұраныс тұтынушыларға әкелетіншекті қоғамдық пайдалылықты (МSВ) көрсетеді Өнім ұсынысының қисығы жеке өндірушінің шекті шығынын (МРC) көрсетеді. Жағымсыз сыртқы әсер болған жағдайда тиімділікке қол жеткізудің алғышарты:МРC + МЕС= МSC =МSВ
Жетілген бәсекелі нарықта жағымсыз сыртқы әсердің болуы шекті жеке шығынның құрамында шекті сыртқы шығынды есептемеуге әкеледі. Осы себептен өнім көлемі тиімі мөлшерден көп өндіріледі және оның бағасы төменболады. Жағымсыз сыртқы әсердің болуы шектелген экономикалық ресурстардың тиімсіз қолданылатынын көрсетеді. Игіліктердің бағасында есептелінбейтін пайдалылықты жағымды сыртқы әсер (positive externalities) дейді. Игіліктерді өндіруге немесе тұтынуға қатысы жоқ үшінші адам ешқандай шығын шығармай пайдалылық (полезность) алады. Жағымды сыртқы әсер туғазатын өнімнің ұсынысы шекті қоғамдық шығын (MSC) мен шекті жеке пайдалылықпен анықталады (MPB). Шекті жеке пайдалылық (MPB) шекті қоғамдық пайдалылықтан (MSB) аз. Шекті сыртқы пайдалылық (үшінші адамдардың тегін алатын пайдалылығы) нарықтағы бағада есептелінбейді.Сондықтан нарықта ұсынылатын өнім көлемі тиімді өнім көлемінен төмен: Q1 < Q2. Демек, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнім қоғамдағы шектелген ресурстадың тиімсіз қолдануына әкеледі. Тиімді өнім көлемінде қоғамдық пайдалылық шекті қоғамдық шығынға тең
MSB=MPB+MEB=MSC. Сонымен, жағымды сыртқы әсер туғызатын өнімдер мен қызметтер тиімді көлемнен аз өндіріледі және бағалары қымбат болады.
Сыртқы әсерлерді реттеу әдістері.
Жағымды (оң) және жағымсыз (теріс) әсерлерді реттеу қоршаған ортаны қорғау және қоғамдық игіліктерді тұтыну деңгейін көтеру мәселелерін шешуге көмектеседі Жеке шығындар мен қоғамдық шығындардың, жеке пайдалылық пен қоғамдық пайдалылықтардың бір-бірімен сәйкес келмеуі экономикалық ресурстарды тиімсіз қолдануға әкеледі. Бұл мәселені шешу үшін шекті қоғамдық шығындар шекті қоғамдық пайдалылыққа тең болуы керек: MSC = MSB
мұндағы MSC = MРС + МЕС ал MSВ= МРB + МEB болғандықтан
MРС+ МЕС= МРB + МEB.
Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеу әр түрлі әкімшіл бұйрықтар мен заңдардың көмегімен жүзеге асады. Олардың ішінде табиғатты қорғау, таза ау, таза су туралы және де басқа заңдар қабылдаңады және олардың міндетті түрде орындалуына бақылау қойылады. Сыртқы әсерлерді интернализациялау - шекті және шығындар мен пайдалылықтарды түзету арқылы сыртқы әсерлерді ішкі әсерлерге айналдыру.
67. Түзетуші салық (corrective tax) – тауар немесе қызметтер өндірісіне салынатын салық. Ол шекті жеке шығындарды шекті қоғамдық шығындар деңгейіне дейін көтереді. Түзетуші субсидиялар (corrective subsidi) – жағымды сыртқы әсерлер беретін тауарлар өндірушілерге төленетін төлем. Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар әрбір өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынының мөлшерінде мемлекетке салық төлейді: Т=МЕС, мұндағы Т- салық мөлшері. Салықтың арқасында шекті жеке шығын шекті қоғамдық шығынмен теңеседі: МРС+Т=MSC. Ол жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнім көлемінің тиімді деңгейге дейін қысқаруына әкеледі. Жағымды сыртқы әсерлер туғызатын өнімдер тиімді деңгейден аз мөлшерде өндірілетін болғандықтан, мемлекет әрбір өндірілген өнімнің әкелетін шекті сыртқы пайдалылығына тең реттеу субсидиясын береді: G=MEB мұндағы G- мемелекеттің реттеу субсидиясы.Сонымен, қазіргі кезеңде сыртқы әсерлерді, оның ішінде экологиялық проблемаларды реттеудің әр түрлі әдістері қолданылады. Олардың көмегімен жергілікті немесе аймақтық деңгейде пайда болатын жағымсыз әсерлері тиімді реттеуге болады. Ал әлемдік сипат алып отырған экологиялық проблемаларды шешу үшін жаңа дүниежүзілік реттеу әдістері қажет.
68. Коуз теоремасы
Сыртқы әсерлерді реттеудің көптеген жолдары бар. Коуз теоремасы бойынша, сыртқы әсерлер экономикалық ресурстарға меншік құқығының нақты аңықталмағандығынан туындайды. Коуздың ойынша, егер мемлекет әркімнің ресурстарға меншік құқығын нақты анықтаса, әрбір меншік иесі мемлекет анықтаған ережені ерікті тұрде орындаса және меншік кұқығы еркін сатылатын болса, өзара келісу арқылы және нарықтық механизмдердің көмегімен жағымсыз сыртқы әсерлерді ішкі әсерлерге айналдыруға болады.Бірақ сыртқы әсерлердің проблемаларын шешу барысында әр түрлі қиындықтыр кездеседі. Көптеген ресурстарға меншік құқығын анықтау өте көп шығынды талап етеді немесе немесе оны анықтау мүлдем мүмкін емес. Мысалы, ауаға немесе өзендегі суға меншік иесін анықтау және оның құқығын сату өте қиын болады. Коуз теоремасын қолдану үшін меншік иелерінің өзара келісуге шығатын шығындары келісімнен алатын пайдадан аз болуы керек. Сыртқы әсерлердің салдарын келісімге келе отырып шешу үшін оған қатысатын экономикалық субъектілердің немесе адамдардың саны көп болмауы қажет. Сыртқы әсерлер туғызатын нақты себептерді ден анықтау қиын болады. Сонымен қатар сыртқы шекті шығындар мен шекті сыртқы пайдалылықтардың деңгейі туралы ақпарат та толық болмауы да мүмкін.Демек, нарық механизмдерінің көмегімен өзара келісімге келе отырып, сыртқы әсерлерді, оның ішінде экологиялық проблемаларды толығымен шешу мүмкін емес. Сондықтан сыртқы әсерлерді реттеуге мемлекеттің қызметіне көп көңіл бөлінеді.
69. Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеудің әдістері.
Сыртқы әсерлерді мемлекеттік реттеу әр түрлі әкімшіл бұйрықтар мен заңдардың көмегімен жүзеге асады. Олардың ішінде табиғатты қорғау, таза ау, таза су туралы және де басқа заңдар қабылдаңады және олардың міндетті түрде орындалуына бақылау қойылады. Сыртқы әсерлерді интернализациялау - шекті және шығындар мен пайдалылықтарды түзету арқылы сыртқы әсерлерді ішкі әсерлерге айналдыру. Түзетуші салық (corrective tax) – тауар немесе қызметтер өндірісіне салынатын салық. Ол шекті жеке шығындарды шекті қоғамдық шығындар деңгейіне дейін көтереді. Түзетуші субсидиялар (corrective subsidi) – жағымды сыртқы әсерлер беретін тауарлар өндірушілерге төленетін төлем. Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындар әрбір өндірілген өнімнің шекті сыртқы шығынының мөлшерінде мемлекетке салық төлейді: Т=МЕС, мұндағы Т- салық мөлшері. Салықтың арқасында шекті жеке шығын шекті қоғамдық шығынмен теңеседі: МРС+Т=MSC. Ол жағымсыз сыртқы әсер туғызатын өнім көлемінің тиімді деңгейге дейін қысқаруына әкеледі. Жағымды сыртқы әсерлер туғызатын өнімдер тиімді деңгейден аз мөлшерде өндірілетін болғандықтан, мемлекет әрбір өндірілген өнімнің әкелетін шекті сыртқы пайдалылығына тең реттеу субсидиясын береді: G=MEB мұндағы G- мемелекеттің реттеу субсидиясы. Сонымен, қазіргі кезеңде сыртқы әсерлерді, оның ішінде экологиялық проблемаларды реттеудің әр түрлі әдістері қолданылады. Олардың көмегімен жергілікті немесе аймақтық деңгейде пайда болатын жағымсыз әсерлері тиімді реттеуге болады. Ал әлемдік сипат алып отырған экологиялық проблемаларды шешу үшін жаңа дүниежүзілік реттеу әдістері қажет.
70. Қоғамдық игіліктердің ерекшеліктері және олардың түрлері
Тұтынылатын тауарлар мен қызметтерді екі топқа бөлуге болады: жеке игіліктер және қоғамдық игіліктер. Таза жеке игіліктер - әрқайсысы жеке-жеке бағаланылатын және сатылатын экономикалық игіліктер. Олар тек қана сатып алған адамдарға пайда әкеледі. Таза жеке экономикалық игіліктерді өндіру мен тұтыну үшінші адамдарға сыртқы жағымсыз немесе жағымды әсерлер туғызбайды. Мысалы, дүкеннен нан сатып алынса, одан тек қана сатып алған адам пайда алады. Таза жеке игіліктерді өндіру және тұтыну нарық экономикасы принциптеріне сәйкес жүзеге асады. Таза қоғамдық игіліктер - барлық адамдар бірге тұтынатын экономикалық игіліктер. Олады бағалау мүмкін болғанымен, жеке адамдарға сату мүмкін емес. Себебі таза қоғамдық игіліктерді бір жеке адам сатып алса, одан басқа адамдар да пайда алады. Мысалы, егер көп қабатты үйде тұратын бір адам сол үйдің кіре берісіне өзі үшін шам ілсе, одан сол дәсізде тұратын адамдар және оларға кешкісін келетін қонақтар тегін пайдалылық алады. Демек, таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну жағымды сыртқы әсер туғызады. Таза қоғамдық игіліктерге ұлттық қорғаныс, қоғамдық тәртіп қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау және тағы басқа да барлық адамдараға ортақ игіліктер жатады. Таза қоғамдық игіліктердің мынадай ерекшеліктерін атауға болады:
тұтынудан ешкімді ажырату мүмкіншілігінің болмауы. яғни таза қоғамдық игіліктерді тұтынғаны үшін ақы төлегісі келмеген адамдарды тұтынушылардың қатарынан шығарып жіберу мүмкін емес. Таза қоғамдық игіліктерді жеке-жеке бағалап сату мүмкін болмағандықтан, оларды тегін тұтынатын адамдарды анықтау және тұтынудан ажырату өте қымбатқа түседі;
бәсекенің болмауы. Таза қоғамдық игіліктер барлық тұтынушыларға ортақ болады. Оларды тұтынудың деңгейі тұтынушылардың санына байланысты болмайды. Қосымша тұтынушылардың пайда болуы, бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейлерін төмендетпейді. Қосымша тұтынушының тұтыну қажетін игіліктің шекті шығыны нольге тең. Таза жеке игіліктерге қарағанда таза қоғамдық игіліктерді тұтыну адамдардың арасында бәсекелестік туғызбайды;
таза қоғамдық игіліктерді өндіру және тұтыну жағымды сыртқы әсерлер туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктерді бір адам үшін өндірсе, басқа адамдар да пайда алады. Сондықтан таза қоғамдық игіліктердің ұсынысы тиімді деңгейден төмен болады.
Көптеген игіліктер барлық халыққа ортақ болғанымен, оларды таза қоғамдық игіліктерге жатқызуға болмайды. Мысалы, үкіметтен халық зейнетақы алады, жұмыссыздар жәрдемақы алады, балалар мектепке тегін барады, қаланың көшесіндегі жолдармен барлық халық жүреді. Соған қарамастан, оларды көп жағдайға жеке бағалай отырып, тұтынушылардан ақы алуға болады. Кейбір жағдайларда тұтынушылар санының өсуі олардың арасында бәсеке де туғызады. Мысалы, жолда жүретін көліктердің саны өскен сайын жол қатынасы қиындайды, жолдарды кеңейту мәселесі пайда болады, көптеген балалар ақылы мектептерге барады, жол салығы, көлік салығы арқылы үшінші адамдардың тегін пайдалылық алуына кедергі қоюға болады. Осындай игіліктерді үкімет ұсынатын игіліктер деп атайды. Үкімет ұсынатын игіліктер бір нақты тұтыну деңгейіне дейін тұтынушыны таңдамайды. Бірақ, жаңа тұтынушылардың саны көбейген сайын бұрынғы тұтынушылардың тұтыну деңгейлері төмендей бастайды. Осындай игіліктерді шектен тыс қоғамдық игіліктер дейді. Кейбір игіліктерді тұтынудан ешкімді ажырата алмағанмен, қосымша тұтынушыларды анықтау және оларды ақы төлеуге мәжбүр ету немесе тұтыну мүмкіншілігінен ажырату қиын болмайды. Осындай игіліктерді жеке фирмалар да өндіріп, нарықта сата алады. Демек, үкімет ұсынатын игіліктерді аралық игіліктер деп атауға болады. Оларға таза қоғамдық игіліктер мен таза жеке игіліктердің ерекшеліктері ортақ болады.
71. «Билетсіздер (қояндар)» проблемасы
Таза қоғамдық игіліктерді өндіру мен тұтыну жағымды сыртқы әсерлер туғызады. Егер таза қоғамдық игіліктерді бір мезгілде барлық адамдар толығымен тұтынатын болса, оны тұтынғанына ақы төлемеген адамдарды ажырату мүмкін емес. Ақы төлемеген адамдары анықтау өте қиын болғандыктан, көптеген адамдар таза қоғамдық игіліктерді тегін тұтынуға ынталы болады. Мұндай құбылыс микроэкономикада «қояндар» немесе «билетсіздер» проблемасы (Free rider problem) деп аталады. Олар таза қоғамдық игіліктерді тұтынудан алған жеке шекті пайдалылықтары туралы нақты ақпарат бермейді. Осындай адамдардың саны көбейген сайын таза қоғамдық игіліктерді өндіру тиімді деңгейден төмендей бастайды. Сондықтан тегін тұтынуға ынталы адамдарды ескере отырып, таза қоғамдық игіліктерді экономикалық ұтымды мөлшерде өндіру мәселесі туындайды. Тұтынушылардың бәрі таза қоғамдық игіліктерді бірдей тұтына отырып, тепе-теңдік жағдайда болады. Тепе-теңдік жағдайда екінші тұтынушының жағдайын нашарлатпай, бірінші тұтынушының (оның төлейтін ақысын немесе қоғамдық игіліктің көлемін өзгерту арқылы) жағдайын жақсарту мүмкін болмайды. Бұл Парето тиімділігіне сәйкес келеді.
72. Саяси рента, лоббизм және логроллинг
Жол белгілерін салу мысалын тікелей демократияның тәжірибесіне жатқызуға болады. Ал уәкілетті демократия жағдайында ресми тұлға арқылы өздерінің экономикалық мүдделерін жақсы ұйымдастырылған қысым көрсету топтарының, немесе лоббилердің жүзеге асыруына жақсы мүмкіндіктері бар. Бұлар фермерлер ұйымы, күшті салалық кәсіподақтар, әскери-өнеркәсіптік кешендер және т.б. болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лоббизм құбылысы туындайды – белгілі бір топтардың белгілі бір мүдделері бойынша үкіметке қысым жасау әрекеттері. Қоғамдық таңдау теориясында уәкілетті демократия жағдайында шешім қабылдау үрдісі нарықтық келісімнің немесе сауда – саттықтың бір түрі ретінде қарастырылады: «Сіз маған сайлауда дауыс жинайсыз – мен сіздің мүдделеріңізді қанағаттандыратын нақты үкіметтік бағдарламаларды орындауға уәде беремін». Лоббистер ерекше нәрсе, саяси рентаны іздеу дегенмен айналысады. Саяси рента – бұл саяси институттар арқылы экономикалық рента алудың жолы. Жанағы айтылған мүдделерді орындау туралы заң шығарушылар үкіметтік шешімдер қабылдағанда ғана сол қысым көрсету топтары саяси рентаға ие болады.
Уәкілетті демократия жағдайында «логроллинг» деген ұғым кең тараған. Логроллинг – бұл дауыс берумен саудаласу, яғни бір индивид (топ, партия) өз мүддесіне байланысты белгілі бір мәселе бойынша басқа бір индивидті (басқа топты, партияны) қолдаймын деп уәде беруі.
Қоғамдық таңдау теориясында саяси шешімдер қабылдау үрдісін түсіндіру үшін микроэкономикалық талдау кеңінен қолданылады. Бұл бағыттық қазіргі американдық өкілі Э. Даунс өзінің «Экономическая теория демократии» деген еңбегінде ұтымды сайлаушының тәртібін зерттейді және мынадай формуланы ұсынады:
Е=(Ut+1A) – E(Ut+1B)
мұндағы, t+1 - өткен және қазіргі сайлаудың арасындағы уақыт мерзімі;
А – билік басындағы партия;
В – оппозиция;
U - t+1 уақыт мерзіміндегі үкімет қызметінің беретін пайдалылығы;
Е – күтілетін пайдалылық.
Бұл жағдайда, егер нәтижесінде оң сан шықса, онда сайлаушы А партиясына дауыс береді, егер теріс сан шықса, онда оппозицияға дауыс береді, ал егер нөл саны шықса, онда дауыс беруден қалыс қалады, бірақ, рационалды субъект t уақыт мерзімі өткен әлі билік басындағы үкіметтің қызметін мынадай формула бойынша бағалайды: Utі / Utа
Мұндағы, Utі - өткен t уақыт аралығында алынуға тиіс мүмкін максималды пайдалылық, идеалды пайдалылық (і - ideal);
Utа - өткен t уақыт аралығында алынған нақты пайдалылық (а - асtual).
Жақсы рейтингісі болған кезде сайлаушы бәрібір билік басындағы партияға дауыс береді, ал жаман рейтингісі бар билік басындағы партияға қарсы дауыс береді.
73. Қоғамдық таңдай теориясы және саяси шешімдер қабылдау әдістері
Қоғамдық таңдау теориясында негізгі бағыттың бірі ретінде экономикалық талдаудың әдістерін қолдану арқылы саяси таңдаулардың модельдерін қарастыру болып табылады.
Саяси сайлаулардың, яғни таңдаулардың әртүрлі модельдері бар: екіпартиялы, көппартиялы, демократиялық, тоталитарлық және т.б. Бұл жерде біз Кондорсе парадоксы мен Эрроудың мүмкін еместік теоремасын қарастырамыз, бұлар өз авторларының аттарымен, яғни 18-ші ғасырдың француз философы, қоғам қайраткері және экономисі Жан Антуан Кондорсенің және қазіргі американдық экономист Кеннет Эрроудың атымен аталады. Біз енді қоғамның қалауларын және дауыс беру процедураларын талдауды анықтауға тырысамыз.
Кондорсе парадоксының басты мәселесі келесідей жағдайда қарастырылады: егер қоғамда кез-келген альтернативтік бағдарламаларды қабылдау бойынша бірауыздылық немесе бірдауыстылық болмаса, онда қоғамның таңдауын қалай анықтауға болады? Сайлаудағы көпшіліктің принципі бойынша ма? Бұл принцип орындалуы мүмкін, бірақ біз бір ғана бағдарлама ұсынылады деп қарастырамыз. Ал егер бірнеше бағдарламалардың ішінен таңдау керек болса ше? Мысалы: А) инфляциямен күресу; Б) қылмыспен күресу; В) жұмыссыздықпен күрес, және бұл жерде дауыс беретін барлығы 3 топ қана бар деп ұйғарамыз. Олар өз таңдауларын (А, Б, В) өз беттерінше бірінші, екінші немесе үшінші орын беру арқылы бағалайды. Бұл жағдайдағы шешім қабылдау үрдісін қарастыру үшін дауыс берушілердің қалауларын кесте түрінде көрсетейік:
Сайлаушылардың топтары |
Үш альтернативаның дәрежелері |
||
1 2 3 |
А |
Б |
В |
1 3 2 |
2 1 3 |
3 2 1 |
Сонымен, сайлау процесі басталады.
Алдымен, сайлаушыларға А және Б бағдарламаларының арасында таңдау жүргізіледі. Бірінші топ А бағдарламасын таңдайды (бұл топ А бағдарламасын бірінші орынға, Б бағдарламасын екінші орынға қояды), Екінші топ Б бағдарламасын таңдайды (бұл топ А бағдарламасын үшінші орынға, Б бағдарламасын бірінші орынға қояды), үшінші топ та А бағдарламасын таңдайды (бұл топтың қалауында А бағдарламасы еікнші орын алады, ал Б бағдарламасы болса үшінші орынға ие).
Содан кейін Б және В бағдарламаларының арасында таңдау жүргізіледі. Б бағдарламасы таңдалады, өйткені бірінші және екінші топтар осыны қалайды.
Соңынан, А және В бағдарламаларының арасында таңдау жүргізілгенде, В бағдарламасы таңдалады, өйткені үшінші және екінші топтар В – ға дауыс береді.
Егер транзитивтілік принципі сақталса, онда Б бағдарламасынан гөрі А бағдарламасын, В бағдарламасынан гөрі Б бағдарламасын қалай отырып, қоғам В бағдарламасынан гөрі А бағдарламасын таңдауы тиіс еді. Бірақ, жоғарыда көрсетілгендей, қоғам В бағдарламасын таңдай отырып қарсы таңдау жасайды.
Бұл кесте қарапайым көпшілікпен дауыс берудің сәйкессіздігін, яғни тиянақсыздығын көрсететін Кондорсе парадоксын сипаттайды. Басқаша, Кондорсе парадоксын дауыс беру парадоксы деп те атайды. Сәйкесінше, көпшілікпен дауыс беру мәселесі бұл процедураның демократиялылығына қарамастан, әрқашанда дұрыс және әділ таңдауға апара бермейді.
74. Эрроудың мүмкін емес теориясы
1952 жылы К. Эрроу «Общественный выбор и индивидуальные ценности» деген еңбегінде өзінің танымал мүмкін еместік теормасын жасады: егер мүмкін альтернативтік таңдаулардың саны екіден асса, онда дұрыс қоғамдық таңдау болмайды.
Мүмкін еместік теоремасы басқаша былай сипатталады: қоғам бір-біріне қарсы келмейтін келісілген шешімдерді қабылдаудың жолын таба алмайды, егер бұл шешімдерді бір ғана тұлға қарастырмаса, онда бұл теорема осылай тұжырымдалады.
Бірақ, дұрыс таңдау, яғни дұрыс қоғамдық таңдау дегеніміз не?
Ол үшін Эрроу ұсынған мына бес аксиоманы (шартты) сақтау қажет:
Қоғамдық таңдау дауыс берушілердің қалауларының кез-келген комбинациясы үшін жүзеге асырылу керек (универсалды қолданушылық, немесе қоғамдық ұтымдылық аксиомасы).
Транзитивтілік шарты, немесе аксиомасы. Егер қоғам Б баламасынан гөрі А баламасын, және С баламасынан гөрі Б баламасын қаласа, онда қоғам А және С баламасы арасындағы таңдау кезінде С баламасын қалауы керек.
Сыртқы альтернативтермен байланыссыз болу шарты (яғни, егер индивидтер А және Б баламаларының арасында таңдау жүргізсе, онда бұл олардың С баламасы бойынша пікірлеріне байланысты емес).
Азаматтардың суверенитеттілік шарты, яғни әр азаматтың билігі өз қолында болу керек, бұл қоғам азаматтардың таңдауынсыз Б баламасынан гөрі А баламасын қалай алмайды дегенді білдіреді, әсіресе, бірдауыстылық таңдау болса. Бұл шартты басқаша Парето принципі деп те атайды.
Диктаторлық емес таңдаулардың шарты (ешқандай индивид өз қалаулары бойынша қоғамды көндіре алмайды деген сөз).
К. Эрроудың мүмкін еместік теоремасын өздігінше екіпартиялы режимнің пайдасын шешеді деп айтуға болады, яғни дауыс берудің ешқандай демократиялық жүйесі (1 – 5 аксиомалар) кем дегенде екі партия болмайынша мүмкін болмайды.
Белгілі бір дәрежеде логроллинг дауыс берудің парадоксын болдырмауға көмектеседі. Кондорсе парадоксын сипаттайтын біздің мысалымызда, егер үш топтың екеуі екі бағдарламаны таңдау туралы және оларды қанағаттандыратын бағдарламалар қабылдансын деген үмітпен өз қалаулары туралы өзара келіссе, онда олар соңғы шешімге келуі мүмкін.
75. Мемлекеттің фиаскосы жіне оның түрлері
Мемлекеттің фиаскосы. Қоғамдық таңдау теориясын жақтаушылар экономикалық себептерге байланысты халықтың жекелеген топтары арасында саяси теңсіздіктердің бар екендігі туралы, яғни мемлекет фиаскосы туралы қорытындыға келеді. Мемлекеттік реттеудің сәтсіздіктерінің аса маңызды себептерін талдайтын болсақ, ең алдымен, шекті шығындар мен шекті табыстардың арасындағы пропорциялардың бұзылуы туралы айтқан жөн, яғни бұл бұзылыс қоғамдық көзқарас тұрғысынан тиімсіз экономикалық шешім қабылдауға немесе мемлекеттің сәтсіздігіне алып келуі мүмкін.
Ақпарат алудағы теңсіздік те сол жағымсыз құбылысқа апарып соқтырады. Табысы жоғары адамдарды, жақсы ұйымдастырылған лоббисттік топтарды жақсы ақпараттандырылған тұлғаларға жатқызуға болады. Сәйкесінше, олар саяси рентаны таба отырып өз пайдаларын максималдайды. Ақпарат алудағы теңсіздік уәкілетті демократия жүйесіндегі феноменмен де байланысты және ол рационалды хабарсыздық немесе мағлұматсыздық (рациональное неведение) деген атқа ие болды. Бұл термин индивидтердің сайлауларға және дауыс берулерге қатысудан шет қалу дегенді білдіреді, бұл алшақтау олардың табыстарының сайлауға қатысумен байланысты шығындарынан төмен болғанда орын алады. Айталық, үкіметтің шешімін бағалау қажет, ол шешімді өмірге келтіруден тұтас қоғам пайда көреді, бұл жерде тұрғындардың жекелеген топтары бұл шешімнен ұтылулары мүмкін (мысалы, белгілі бір салаға субсидия беруді жою). Бірақ бұл шарадан әрбір жеке сайлаушы аз пайда көреді (жалпы пайда барлық тұрғындардың арасында бөлінеді). Мұндай жағдайларда дауыс берушілер немқұрайдылық танытады, мұны, көпшілікке - рационалды ескермеушілік деп атайды, бірақ өзара бірікпеген адамдар үшін осы жоба туралы жиналудың және ақпараттарды бағалаудың, титімдей пайда үшін лоббисттік топтар құрудың мәнісі жоқ. Ал субсидияны жоюдан зардап шегетін басқа топтар керісінше, бірігіп, қысым көрсету топтарын (аграрлық лобби, қорғаныстық лобби, т.б.) құра бастайды.
Мемлекет фиаскосының тағы бір себебі – мемлекеттік шенеуніктердің (мемлекеттік бюрократияның) әділетсіздіктері, олар өз мүддесін жақтай отырып, келесі сайлауларда неғұрлым көп жинауға тырысады және олар осы мақсаттары
экономикалық тиімділікке сәйкес келмейтін шешімдер қабылдайды. Бұдан басқа, саяси қызметкерлер барлық адамдар сияқты өзінің жеке мүдделерін ойлайды, және осы мүдделері белгілі бір уақытта мемлекеттік лауазым сезімінен де асып түсуі мүмкін.
Кез-келген шешімдер арасындағы уақыттың сәйкессіздігін де мемлекеттің сәтсіздігіне апаратын жол деп айтуға болады. Мысалы, сайлау алдында саясаткер әлеуметтік шығындарды көбейтуге, салықтарды төмендетуге және басқа да қоғамның мүддесіне сай шараларды орындауға уәдесін береді де, дауыс берушілердің арқасында қолдау табады да сайлаудан кейін жанағы айтқан уәделері кейінге қалдырылып жатады немесе халықтың әл-ауқатын төмендетуге әкелетін мүлдем қарама-қарсы шешімдер қабылдауы мүмкін. Сонымен, уақыттың сәйкессіздігі деп біз үкіметтік көзқарас тұрғысынан бүгінгі тиімді шаралар болашақта тиімсіз болып қалуы мүмкін деп түсінеміз, әсіресе экономикалық агенттер өз мақсаттарына жеткеннен кейін айтылған сайлауалды уәделерінің ізі суығаннан кейін бұл шаралар тиімсіз болып қала береді.