
- •Емтихан сұрақтарына жауаптар:
- •1.Микроэкономиканың зерттеу пәні, объектісі, субъектісі
- •Ресурстар
- •7 Сұрақ Сұраныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі, әсер ететін факторлары
- •8 Сұрақ:Ұсыныс,мәні,заңы,бағасы,көлемі,әсер ететін факторлары.
- •9Сұрақ.Нарықтық тепе-теңдік,артықшылық және тапшылық.
- •10Сұрақ.Тұтынушының ұтымы және өндірушінің ұтымы.
- •11 Сұрақ Икемділік және сұраныстың баға бойынша икемділігі
- •12 Сұрақ Икемділік және сұраныстың табыс бойынша икемділігі.
- •19. Гиффен парадоксы және Гиффен тауарлары
- •20.Тұтынушылық сұраныстың ерекшеліктері . Веблен әсері
- •21.Энгель заңдары және Энгель қисықтары
- •22.Өндіріс, өндірістік функция және технология. Изокванталар
- •23.Қысқа мерзімдегі өндіріс және кемімелі қайтарымдылық заңы
- •24. Ұзақ мерзімдегі өндіріс және масштаб тиімділігі
- •25) Өңдірушінің тепе- теңдігі және фирманың даму траекториясы
- •30) Пайда және оның түрлері
- •34. Жетілген бәсеке нарығының артықшылығы мен кемшіліктері
- •35.Жетілген бәсеке жағдайында пайданы мейлінше арттыру екі тұрғыдан қарастырылады:
25) Өңдірушінің тепе- теңдігі және фирманың даму траекториясы
Жеке тепе-теңдік – бұл жеке алынған нарықтың тепе-теңдігі, ол осы нарыққа қатысушы субъектілердің өзара әрекеттерінің нәтижесі болып табылады, және бұл жерде сол субъектілердің қалыптасқан жағдайды өзгертуге деген ынталары болмайды.
Жеке нарықтық тепе-теңдік нарықтық экономиканың әрекет ету сипаты туралы шектеулі ғана түсінік береді, яғни өзінің табиғаты бойынша толық емес болып табылады. Біріншіден, ол нарықтардың арасындағы өзара байланыстарды және олардан туындайтын салдарларды сипаттамайды. Екіншіден, бұл жерде кез-келген нарыққа тән кері байланыс есепке алынбайды. Үшіншіден, жеке тепе-теңдік нарық субъектілерінің бір уақытта қабылдайтын шешімдерінің көптүрлілігін есепке алмайды.
Бірақ, микроэкономикада жалпы тепе-теңдік деген ұғым бар, яғни барлық нарықтық жүйенің тепе-теңдік жағдайы, бұл барлық нарықтарда (игіліктер нарығы мен ресурстар нарығында) тепе-теңдіктің бір уақытта орындалуы деп түсіндіріледі.
Өндіріс факторларының тиімді қолданылу шарттарын қарастыру үшін тағы да «Эджуорт қорабын» пайдалануға болады (сурет 12.4).
Шоколад өндірісіне қажет еңбек
Нан өндірісіне D Шоколад
қажет өндірісіне
капитал қажет
С
капитал
В А
Нан өндірісіне қажет еңбек
Сурет 12.4 «Эджуорт қорабы»: өндіріс тиімділігі
Координаттардың бір-біріне қараған осьтерінде нан мен шоколадты өндірудің факторлары орналасқан. Диаграмманың әрбір нүктесі осы екі тауарды өндіруге қажетті еңбек пен капитал шығындарын көрсетеді.
Изокванталар жиынтығы еңбек пен капитал шығындарының әртүрлі комбинациялары кезіндегі нан мен шоколадты өндірудің көлемдерін көрсетеді. Бір тауардың шығарылуын екінші бір тауарды өндіруді қысқартусыз көбейтуге болмаған жағдайда ғана өндіріс факторлары тиімді бөлінеді. Мысалы, А нүктесінде өнім өндіру тиімсіз, өйткені, боялған аудандағы өнім өндіру нұсқалары ең жақсы нәтижелерді береді. В, С және D нүктелері – шығындарды, яғни өндірісті тиімді бөлудің жолдары. Бұл нүктелерде нан мен шоколад өндірудің изокванталарының көлбеулері бірдей, және, сәйкесінше, еңбекті капиталмен технологиялық алмастырудың шекті нормалары бірдей болып табылады (4 – ші тақырыпты қараңыз). Тепе-тең нүктелерде өндірушілер өз шығындарын минималды деңгейге жеткізеді, еңбек пен капиталдың шекті өнімділіктерінің қатынастарымен олардың бағаларының қатынастары теңеседі:
MPl / MPk = Pl / Pk
Яғни, өндіріс факторлары мына теңдік жағдайында тиімді қолданылады:
MRTSkl = Pl / Pk
Өндіріс факторларын тиімді бөлудің және қолданудың барлық нүктелерінен өтетін қисықты (сурет 12.4) өндірістік келісімдер қисығы деп атайды. Ол қолдағы еңбек пен капиталдың мөлшері кезіндегі нан мен шоколад өндірудің максималды (тиімді) көлемінің барлық комбинацияларын көрсетеді.
Бірақ тиімді өндіру үшін тауарлар тұтынушылар төлей алатындай мөлшерде өндірілуі қажет. Сондықтан да, тиімді өнім өндірудің қажетті шарты орындалу үшін алмастырудың шекті нормасы мен өндіріс факторларын технологиялық алмастырудың шекті нормалары теңестірілу қажет:
MRS = MRST
Бұл экономикадағы оптималдылық жағдайды көрсетеді. Барлық тұтынушылар мен өндірушілер үшін бұл теңдіктің орындалуын қамтамасыз ету, яғни бұл барлық қоғамның әл-ауқаттылығын нақты оптималды деңгейге жеткізетін «бірінші ең жақсы бөлу» деп аталады:
ΣMRS = ΣMRTS
Бірақ бұл теңдікке жету қиын: қазіргі заманғы нарық жетілмеген бәсеке жағдайында жұмыс істейді және көптеген қиындықтарға тап болады.