Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ТУЖ_2011_емт_сурак -.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
103.92 Кб
Скачать

Динамикалық модел

Бұл модел жүйенің өзін-өзі ұстау тәртібі(поведение системы) – оның түрлі компоненттерінің арасындағы өзара әрекет етуін, жүйенің қоршаған ортамен өзара әрекет етуін және сол компоненттердің өзін-өзі ұстау тәртібін сипаттайды. Объектілер моделінің негізгі міндеті –берілген функцияны жүзеге асыру кезінде қолданылатын объектілердің типтік конфигурациясын, сонымен қатар олардың арасындағы байланыстарды сипаттау.

Өзін-өзі ұстау моделі жүйені құрайтын класстардың өзін-өзі ұстау моделін кеңейтілген шектік автомат көмегімен сипаттайды және Real методологиясында екі нотациямен көрсетіледі: STD және STL стилінде.

Статикалық модел:Жүйенің негізгі сценарийлері жасалып болған соң, олардың қатысушылары – объектілердің спецификацияларын анықтауға, яғни кластар моделін құруға көшуге болады.Real методологиясындағы класстар моделінде мынадай негіздер болуы мүмкін:

Класс – біртекті объектілер тобының сипаттамасы

Шаблон – параметр мәндерін қою арқылы кәдімгі классты алуға болатын параметрленген класс.

Интерфейс – класстардың өзара әрекет ету ережелерінің сипаттамасы.

Бейнелеу – SQL тілінің VIEW конструкциясының аналогы.

Real-Time corba қызметі, негізгі мүмкіндіктері және қолданылу салалары

Real-Time CORBA - тура уақыттың программалық жүйелеріне арналған CORBA. Мұндай жүйелер үшін өнімділіктің маңызы өте жоғары болады.Мұндай жүйелерге мысалға химиялық, мұнай-химиялық өнеркәсіп облыстарының технологиялық процесстерін басқару жүйелері жатады.RT CORBA ресурстарды басқару келесілерді қамтиды:

-CORBA шақыртуларымен бірге өңделетін приоритеттерді анықтау мүмкіндігі. Осы мақсатпен CORBA операцияларды шақырту кезінде платформаға тәуелсіз приоритеттерді басқару механизмдері анықталған.

-Ағындар жиынтығын және приоритеттер ағындарын ретін өзгертпей келісілген түрде анықтау. RT CORBA бұл мәселе ағын жиынтықтарының стандартты моделі көмегімен шешіледі. Ағындарды ұйымдастырудың екі түрі анықталған: сгментациялы және сегментациясыз. Сегментациясыз ағындар приоритеттердің динамикалық түрде өзгеруіне мүмкіндік беретін статикалық түрде белгіленген резервтелген ағындар. Сегментациялы ағындар приоритеттері алдын ала көрсетілген ағындар сегментінен тұрады, және де ағындар санв өзгеріп отыруы мүмкін.

Ағындарды posix стандарттары бойынша синхронизациялау құралдары

POSIX – бұл дамып келе жатқан стандарттар жиынтығы, оның әрбірі опрециялық жүйенің әртүрлі аспектісін қамтиды. Олардың кейбірі мақұлданған болса, басқалары әліде өндірілу кезеңінде. Оларды үш топқа бөлуге болады:

1.Базалық Стандарттар. Бұнда операциялық жүйелердің әр түрлі жақтарымен байланысты жүйелік интерфейсі анықталады.

2.Тілдік интерфейс. Бұл стандарттар басқа программалау тілдерінің ағымдағы интерфейсін қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде бұған СИ, АДА, ФОРТРАН 77 және ФОРТРАН 90 енеді.

3.Ашық жүйелердің операциялық ортасы. Бұл стандарттарға POSIX операциялық ортасының басқармасымен қолданбалы профилдар енеді. Қолданбалы профиль–бұл нақты қолданбалы ортаға қажетті POSIX стандарттары және олардың опциялары мен параметрлері. Келесі кестеде осы группаның қазіргі уақытта қолданылып жүрген стандарттары:

POSIX Pthreads –POSIX стандарттары бойынша спецификацияланған және POSIX-қосымшаларында қолданылатын ағындар. Синхронизация потоков. Ағындар да процесстер сияқты ортақ ресурстарды қолдана алатындықтан және ортақ жағдайларға жауап бере алатындықтан оларды синхрондау құралдары қажет.Стандарт POSIX стандарты ағындар үшін деректердің екі негізгі типін анықтайды: pthread_t – ағын дескрипторы; pthread_attr_t – ағын атрибуттарының жиынтығы.

Дайындығы жоғары ТУЖ-лерге қойылатын талаптар

Жоғарғы қол жетімділік (ағ. high availability ) –бұл ағымдағы қандай да бір уақыт аралығында жүйені қол жетімділігінің жоғарғы деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін жүйенiң жобалауының әдiсi. High Availability PI System High Availability (HA)– ағылшын тілінен аударғанда «жоғарғы қол жетімділік» - жүйенiң пайдалануы мерзiм бойы қорғаныштық және мәлiметтердiң қол жетімділігінің түбегейлi үлкеюiн қамтамасыз ететiн PI Systemнiң программалық технологиясы болып табылады.

HA-ның негiзгi артықшылықтары

PI-нiң серверлерiнiң қайталауы HA PI Systemнiң архитектурасымен сәйкес PI-нiң бiр алғашқы серверi және жеке физикалық серверлерге орнатылатын PI-нiң бiр немесе бiрнеше екiншi серверлерi болады. Бұл серверлердiң жиыны ұжымға бiрiгедi.

Жан – жақты зерттелетін ақаулардың түрлері:

-Дискілік жинақтауыштардың ақаулары. Дискілік жинақтауыштардың технологиясы неғұрлым жетілдірілді, бірақ олар бұрыңғыдай механикалық құрылғы болып қалды сондықтан олар тозуға ұшырайды.

-Құралдардың ақаулары. Құралдардың ақаулары тозудан және оның компоненттерінің бұзылуынан болуы мүмкін, көбінесе ысып кетуінен болады. Уақыт өте келе ең жоғарғы сападағы компьютерлердің де аппаратуралары ақауға ұшырауы мүмкін.

-Программалық қамсыздандыру компонентінің ақауы. Құралдардың программалық қамсыздандыруының қателері кей жағдайларда ғана көрінеді. Кейбір шарттардың бұзылуы проблемалардың пайда болуына әкеп соқпайынша, сіздің жүйеңіз көптеген айлар немесе жылдар бойы жұмыс істейді. Сонымен қатар, жұмыс істеп тұрған ортаға қосымшаларды қосқан жағдайда файлдар немесе библиотекалар өзгеріске ұшырауы мүмкін.

MSCS кластеріне PI серверді орнату жоғары дайындықты қамтамасыз етеді және келесі функцияларды атқарады:

-Жоғары дайындық.Діскілік жинақтауыштар және IP-адрестер сияқты жүйелік ресурстар автоматты түрде қабылдамаған серверден іс жүзіндегіге жіберіледі.Бұл құбылыс қабылдамаудан өту деп аталады.

-Қалпына келуден кейінгі кластердің бастапқы түйініне қайта оралу. Қабылдамаған сервер жөнделіп өайтадан жұмысқа кіріскеннен кейін MSCS автоматты түрде кластердегі жүкті қайта жібереді. Бұл құбылыс кластердің бастапқы түйiнiне қайта оралу деп аталады.

Қазіргі заманғы қолданылып жүрген тура уақыт жүйелері: Linux Works, Inc. фирмасының LynxOS 4.x ТУЖ

Коммерциялық тура уақыт жүйелерінің ішінде Ресей және ТМД елдерінде сатылу көлеміне байланысты жетекші жүйелердің тобын бөліп қарауға болады. Олар VxWorks, OS9, LynxOS, QNX, pSOS, VRTX.Linux Works фирмасының Linux OS®4.x тура уақыт жүйесі (ТУЖ-сі) кешенді құрал жабдықтар мен телекомуникациялық жабдықтарды жасаушылардың қатаң тура уақыт режимінде жұмыс істейтін кірістірілген жүйелердің программалық қамсыздандыруын жасау үшін арналған.

Lynx OS®4.x тура уақыт жүйесінің негізгі қасиеттері :

-Көптапсырмалық және көпағындық қосымшаларды қолдайды.

-Linux операциялық жүйесімен ABI (Application Binary Interface) деңгейінде, обьектілік файлдар форматтары, API сұраныстары , DLL динамикалық қосылатын кітапханалар, орындалу кезеңіндегі жинақтау және жүктеу деңгейлеріндегі үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Lynx OS жүйесінің бұл қасиеті тура уақыт жүйелері үшін ерекше және қолданушылар үшін өте пайдалы болып табылады. Жүйе сонымен қатар, Unix және Java жүйелерімен жұмыс істейді.

-Көпплатформалылық. Түрлі өндіруші фирмалардың жабдықтары үшін арналған аппараттық архитектуралардың жиынтығымен жұмыс істейді.

-Жүйені жасау жұмысын жасау үшін арналған мақсатты жүйенің өзінде де, қолдануға арналған инструменталдық компьютерде де орындауға болады.

-Жауапкершілікті талап ететін қосымшалар үшін арналған ОЖ болып табылады. «Жылдам алмастыру»/ «Жоғары қолжетімділік» (Hot Swap/ High Availability) қасиеттерімен ерекшеленетін қазіргі заманғы жүйелерді және резервтеудің коэфиценті жоғары болатын құралдарды жасау үшін қажетті барлық мүмкіндіктермен жабдықталған.

-LynxOS-178 бұл - LynxOS жүйесінің DO-178 стандартына сәйкес сертификатталған версиясы. Ол әскери және аэрокосмостық бағытта қолданылатын мобильді жүйелердің сенімділігіне қойылатын жоғары талаптарына толық сәйкестікті білідіреді. Сонымен қатар LynxOS-178 жүйесінің медицина, атомдық кәсіпорын және байланыс салаларындағы жауапкершілікті талап ететін қосымшалар үшін арналған TCP/IP сертификатталған стегі бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]