
«Қазақстан әлемдік кеңістікте»
Қазақстанда елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен «Қазақстан 2030» Даму стратегиясы айтқындалды. Онда мынадай басымдықтар жүзеге асады: ұлттық қауіпсіздік, саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы, экономикалық өрлеу, Қазақстан азаматтарының деңсаулығы, білімі мен әл-ауқаты, энергетика ресурстары, инфрақұрылым, көлік және байланыс, кәсіби мемлекет. Осы басымдықтарды іске асыруда біздің еліміз алыс-жақын және көрші мемлекеттермен ынтымақтастық орнатады. Басқа елдер Азия Жолбарыстары болса, Қазақстан Орталық Азия Барысы саналады.
Азия Барысының өз ерекшеліктері бар. Оның қасиеттері: тектілік , алғырлық, батылдық, айлалық және тәкаппарлық. Барыс ешкімге тиіспейді, шабуыл жасамайды. Алайда ұрпағына, ініне қауіп төнгенде, басын қатерге тігіп, бар күшімен қорғануға шығады. Азия Барысы семіздік пен жалқаулықты жақсы көрмейді. Ол еңбекқорлығымен ұрпағына және қонағына тапқан дәмін тосады. Осылайша, жарқын болашақ пен жақсы өмірді қалытастырады. Қазақ елі де осы жолды таңдап, келешекке нық басады.
«Тәуелсіз Қазақстан» Жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасының дамуы, барлық атрибуттары – ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік басқару және мемлекеттің қалыптасуы Назарбаев есімімен тығыз байланысты. Назарбаев басшылығымен конституциялық құрылыс процесі жүзеге асты, ол 1995 жылдың тамызында еліміздің Негізгі Заңын қабылдаған. Қазақстанда демократиялық институттарды құру Назарбаевтың аса зор еңбегі болып табылады
1992 жылдың басында Назарбаев «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен даму стратегиясын» әзірлеп, елдің ішкі және сыртқы саясатының бағыт – бағдарын айқындады. Соның нәтижесінде 1997 жылдың басына қарай елде микроэкономикалық тұрақтылық орын алды, инфляция тоқтатылды. Өнеркәсіп жанданып, қаржы – бюджет, салық жүйесі құрылды. Сонымен қатар жекешелендіру жүргізілді, зейнетақы жинақтау жүйесі дүниеге келді, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығын реформалау жүзеге асты. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» стратегиясы мемлекет дамуының басым бағыттарын айқындады. Назарбаевтың экономист және саясаткер ретіндегі жеке беделі елде қолайлы инвестициялық ахуалдың қалыптасуына, көптеген мемлекеттермен және халықаралық қаржы институттарымен қарқынды экономикалық ынтымақтасуға игі ықпал етті.
«Қазақстандағы білім беру жүйесі» Жалпы білімнің жүйесі қоғам дамуымен бірге дамып, әрдайым үнемі өзгеріп отырады. Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік – экономикалық дамуында жетекші рөл атқарады. Қазақстан Республикасының білім беру саласы да - өз жастығына қарамастан, тереңге тартылған тамыры бар жүйе. Оқыту, тәрбиелеу және білім беру жүйесін ежелгі энциклопедист – философтар негізін салып, ұзақ уақыт бойы ұлы ойшылдар оны өз еңбектерінде дамытқан. Сол арқылы қазіргі кездегі Қазақстанның білім саласы құралып, ары қарай даму үстінде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» -деп көрсеткен. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп атап көрсеткен. Сондықтан Қазақстан бүгін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне ену табалдырығында.. Еліміздің Болон процесіне қосылуы отандық білімнің жаңа талаптары мен республиканың саяси – экономикалық таңдауына толық жауап береді. Бұл - білім сапасы мен бәсекелестік мүмкіндігін көтеру мақсатында жасалып жатқан қадам.