Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
экзамен топики.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
34.8 Кб
Скачать
  1. «Қазақстанның көрікті жерлері»

Қазақстанда ғажап әдемі жерлер көп. Қазақстанның солтүстігінде Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан, нағыз оазис Көкшетау бар. Географиялық тұрғыдан бұл бұрыш Көкшетау қыраты деп аталады, ал жергілікті жол көрсетушілер оны «Қазақстандық Швейцария» деп атайды. Таулар, қылқан жапырақты ормандар мен көлдер жер бедерінің қайталанбас сұлулығын тудырып қана қоймай ерекше емдік климат береді. Павлодар облысы елдің ең бір керемет бұрыштарының бірі орналасқан Баянауыл Ұлттық Табиғи паркімен әйгілі. Осы Ұлттық Паркте өсімдіктердің төрт түрі өседі: ормандар, орманды алқап, дала және шабынды. Қостанай облысында Наурызым қорығы орналасқан. Қорығының эмблемасы - сыңсыма аққу. Қорықтың ең сымбатты аңдары, Наурызым тоғайының әшекейі - құралайлар. Оңтүстік Қазақстанда Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи, Таразда Айша Бибі, Қарахан кесенелер бар. Оңтүстік өңір - «Байқоңыр» ғарыш орталығының отаны. Шығыс Қазақстанның ең бір ғажайып орын - Марқакөл Ұлттық Қорығы. Осында жатқан Алакөл - Қазақстанның ең әдемі көлдерінің бірі. Батыс Қазақстанның Үстірт қорының түрлі жануарларымен бірге бірегей жер бедері, бірегей табиғат ескерткіштері мен тарихи және мәдени ескерткіштерінің көптігі, Каспий жағалауының әсем орындары әлеуетті турист үшін үлкен қызығушылық тудырады. Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этника, экология, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген.

  1. «Менің мамандығым»

  1. «Кемел көшбасшы»

Барлық халықтың тағдырына және болашағына сол елдің басшысы жауап береді. Біздің еліміздің басшысы – Н.Ә.Назарбаев. Елбасымыз Қазақстанның гүлденуіне, экономикасының дамуына, мәдениеті мен өнеріне, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосып келеді. Ол бізді тарихымызды, елімізді сыйлауға, құрметтеуге шақырады. Президент Қазақстан халықтарының басқа елдермен ыңтымақтастығы мен татулығын сақтауды қолдайды. Ол – жер бетіндегі бейбітшілікпен достықты нығайтудың қолдаушысы.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев – халқына адал, білімі мол, ойы ұшқыр, түсінігі мен өмірге көзқарасы кең адам. Басқаша айтқанда, адамгершілік қасиеті жоғары тұратын ел жанашыры.

Біз-жастар Президентімізге үлкен сеніммен қараймыз. Елбасының арқасында, оның саясатының арқасында жастар үшін оқып – білім алуға, еңбектенуге бар мүмкіндік жасалған. Соңдықтан да біз кемел көшбасшымыздың және еліміздің сенімі мен үмітін ақтаймыз.

  1. «Қоғам және жастар»

Қоғамның басты байлығы – дарынды жастарда.Дарынды жастарды қоғамның ғылыми келешегі ретінде қарап, танып білу үрдісі өте ертеде басталды. Дарындылық «дарын» сөзінен шыққан. «Дамудың ерекше қолайлы, ішкі алғы шарттары» дегенді білдіреді. Дарындылықтың ең басты белгісі – оқу бағдарламасын табысты меңгеру және шығармашылық қабілет. Жастардың шығармашылық қабілетін дамыту және оны тәрбиелеу –бүгінгі таңдағы көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені, мемлекетіміздің жарқын болашағы – білімді де білгір, дарынды жастардың қолында. Елдің ертеңгі сенімі де солардың мойнында. Қай заманда болмасын қоғамның қозғаушы күші – жастар. Осы ретте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Мен сіздер, бүгінгі жастар ерекше ұрпақ екендеріңізді қайталаудан жалықпаймын. Сіздер тәуелсіз Қазақстанда өмірге келдіңіздер және сонда ержетіп келесіздер. Сіздердің жастық шақтарыңыздың уақыты – біздің еліміздің көтерілу және гүлдену уақыты. Сіздер осы жетістіктер рухын және табысқа деген ұмтылушылықты бойларыңызға сіңірдіңіздер», - деген сөзі мемлекет пен ұлт болашағы жастар болашағымен тікелей байланысты екендігін айқындайды.

Егемен елдің ертеңгі тағдыры барша Қазақстандықты тынымсыз ойландыруға тиіс. Сондықтан, алдыңғы буын ағалар ел ертеңі – жастардың ашық демократиялық қоғам құндылықтары негізінде тәрбиеленгенін қалайды. Өз Отанының патриоты болғанын, әлемдік қауымдастықтың талаптарына сай келетін жоғары білікті, білімді, басекеге қабілетті маман болғанын тілейді.