
Ұлттық әдебиет Әрбір халықтың өз дәстүрі, мәдениеті болатыны сияқты, әдебиеті де болады. Ұлттық әдебиетте елдің, халықтың тұрмысы бейнеленеді. Қазақтың ұлттық әдебиеті қазақ хандығы қалыптасқан кезеңінен бері белгілі. ХV - ХVІІІ ғасырлардағы қазақ мемлекеті тұсында жыраулар поэзиясы күшті болды. Қазтуған жырау, Асан Қайғы жырау, Жиембет жырау, Бұқар жырау – қазақ әдебиетінің алғашқы өкілдері. Бұлардан соң ақындар поэзиясы қалыптасты. Махамбет, Майлықожа, Дулат сияқты ақындардың шығармаларында отаршылдыққа қарсылық жырланды. Бұл ақындардан соң қазақтың ұлттық әдебиетіне Ағартушылық кезең келді. Оның көрнекті өкілдері Ыбырай Алтынсарин, Абай, Шәкерім Құдайбердіұлы. Олардың шығармаларында дін, оқу-білім, мәдениет мәселелері жырланды. ХХ ғасырдың басында Алаш қозғалысы қалыптасты. Соған орай, әдебиетте азаттық идеялары көтерілді. Осы кезеңді «Алаш әдебиеті» деп атайды. Көрнекті өкілдері -Ахмет Байтұрсынұлы, , Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов . 1960 жылдардан бастап Қазақстанда жаңа көркем әдебиет қалыптаса бастады. Осы кезеңде Ілияс Есенберлин, Мұқағали Мақатаев, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев және тағы да басқалар.Қазіргі кезде қазақ әдебиеті жаңашыл ізденістер үстінде.
Классикалық әдебиет
Қазақтың жазба әдебиетінің алғашқы ұлы тұлғалары Ыбырай Алтынсарин мен Абай. Осы екі тұлға да өздерінің ағартушылық идеялары арқылы халықты білімге, мәдениетке үндеді.
Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы Торғай облысында туған. Ыбырайды атасы Балғожа тәрбиеленді. Ыбырай мектепте алғаш рет татар тілінде оқиды. Кейін ол оқуды орыс тілінде аяқтады. Ол қазақ балаларына арналған алғашқы мектептер ашқан.
Ұлы педагог мектеп оқушыларына арнап «Қазақ хрестоматиясы» мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту құралы» деген екі кітап жазды. Оның балаларға арналған өлеңдері мен әңгімелері қазіргі уақытқа дейін өзекті. Олардың ішінде «Әке мен бала», «Бай баласы мен жарлы баласы», «Кел, балалар, оқылық!», «Жаз». Қазақ халқы Ы.Алтынсаринды тұңғыш педагог ретінде жоғары бағалайды.
Абай – ұлы ақын, ойшыл, жаңа жазба әдебиетінің негізін салушы. Ол Семей облысындағы Шыңғыстау өңірінде дүниеге келген. Әкесі Құнанбай баласының тәрбиеленді. Ол Абайды алдымен медресеге, кейін орыс мектебіне оқуға береді. Абай өте дарынды, білімді бала болған, Үш айдың ішінде орыс тілін үйреніп, орыс классиктерінің шығармаларын өз еркімен оқиды. Кейін олардың бірқатарын қазақ тіліне аударады. Мысалы, Ю.Лермонтовтың «Теректің сыйы», Пушкиннен «Татьянаның әні», И.Крыловтың «Құмырсқа мен шегіртке».
Әжесі Зере мен анасы Ұлжан Абайдың тәрбиесінде үлкен рөл атқарған. Олардың айтқан әңгіме, ертегілерін кішкентай Абай бар ынтамен тыңдап өскен. Абайдың табиғатқа, махаббат тақырыбына арналған өлеңдері бар. Олар: «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым», «Көзімнің қарасы». Проза түрінде жазылған 45 қара сөзі бар. Біз Абайды данышпан ақын, философ, қайраткер ретінде танимыз.
«Мен және қоршаған орта»
Адам және табиғат
Бізді қоршаған орта: жан-жануарлар мен өсімдіктер, жер мен ай, күн мен алыстағы жұлдыздар – осылардың барлығы да «табиғат» деген ауқымды ұғымды білдіреді.
Адам - табиғаттың ажырамас бөлігі. Адам мен табиғаттың жарасымы мен үйлесімі сақталғанда ғана, олардың өзара өмір сүру тепе-теңдігі сақталмақ. ХХ ғасырда осындай тепе-теңдік бұзыла бастады. Адамзаттың индустриялық кезеңге өтуі, қалалардың көбеюі – табиғатқа зақым келтіре бастады. Соның нәтижесінде, бүгін көп айтылатын экологиялық мәселе туындап, оны шешу жолдары ғаламдық мәселеге айналды. Экологиялық мәселе, әсіресе, экономикасы жоғары дамыған елдерге аса тән. Сондықтан табиғат пен адамның үйлесімді өмір сүруіне қоғамның көңілін бөлу үшін экологиялық ұйымдар құрылуда. Өнеркәсібі дами бастаған біздің елімізде де осындай мәселе бар. Мысалы, Алматы, Өскемен, Қарағанды, Жаңаөзен, Балқаш, Теміртау сияқты қалалардағы экологиялық ахуал адамның денсаулығына зиян келтіруде. Сол себепті қоғамдық ұйымдар, ақпарат құралдары осы мәселелерді жиі көтеруде.
Адамзаттың өркениет биігіне жетуі – индустрияландырумен ғана шешілмейтінін уақыт дәлелдеуде. Сондықтан бүгінгі адамзат баласы табиғатпен үйлесіп өмір сүрудің тиімді жолдарын шешуде.
Саяхат және туризм
Қазақстандағы туристік ресурстарға – табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру нысандары жатады. Қазақстандағы туристік нысандар бірнеше топтарға бөлінеді: табиғи-рекреациялық, тарихи-археологиялық, тәуеп ету.
Табиғи-рекреациялық нысандарға Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазақстандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік-экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық, т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Қазақстанда Отырар, Сарайшық, Сайрам, т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар.
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кездеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласында, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Маңғыстаудағы Шопан ата мешіті, Бекет ата мешіті және басқалар жатады.