Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электржетек Кітап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.89 Mб
Скачать

1.2 Электр жетектерінің жіктелуі

Механикалық энергияны тарату тәсілдері бойынша электр жетектерін үш негізгі типке бөлуге болады:

а) топталған электр жетегі жұмысшы механизмдерді бірнеше жұмысшы машиналармен немесе бірнеше атқарушы механизмдердің бір жұмысшы машинамен қозғалысын қамтамасыз етеді. Жетектен атқарушы механизмдерге энергияны беру бір немесе бірнеше беріліс көмегімен іске асады.

б) жеке орналасқан электр жетегі. Әрбір жұмысшы орган жеке тұрған электр жетегімен қозғалысқа келтіріледі. Машинаның жұмысшы органдары өзара байланыспайды, бұл жұмысшы машинаның кинематикалық сұлбасын біршама қысқартады;

в) өзара байланысқан электр жетегі екі немесе бірнеше электрлік немесе технологиялық өзара байланысқан электр қозғалтқыштары, құрылғыларынан тұрады. Олардың жұмысы кезінде берілген арақатынас немесе жылдамдықтық жүктеме немесе жұмысшы машинаның атқарушы органдары орнының теңесуі ұсталып тұрады. Осындай электр жетегінің қажеттілігі технологиялық процесс немесе конструктивті құрылғының талабынан пайда болады. Өзара байланысқан электр жетегінің бір түрі – көп қозғалтқышты электр жетегі болады, оның қозғалтқыштық құрылғылары ортақ білікке жұмыс істейді.

Қозғалыс түрі бойынша электр жетегі: айналмалы бір бағытты, айналмалы реверсті және тура жүруші реверсті болады.

Басқарылу дәрежесі бойынша электр жетектері: реттелмейтін – бір жұмысшы жылдамдығы бар машинаның атқарушы жұмысшы органдарын әрекетке қосу үшін; реттелетін – электр жетегінің шамалары басқарушы құрылғының әсерімен өзгереді; бағдарламалық – басқарылатын – электр жетегін берілген бағдарлама бойынша басқару; ілеспелі – автоматты, еркін өзгеретін беруші сигналға сәйкес атқарушы органның жылжытуын жасау; адаптивті – машина жұмысының шарттары өзгерген кезде басқарудың кұрылымы мен шамаларын автоматты түрде таңдап алу.

Автоматтандыру деңгейі бойынша электр жетектері: қолмен басқарылатын автоматтандырылмаған; шамалары автоматты реттеумен басқарылатын автоматтандырылған; басқарушы әрекет оператордың қатысуынсыз автоматты түрде өндірілетін автоматты болып бөлінеді.

1.3 Өндірістік механизмдер мен электр қозғалтқыштарының сипаттамалары

Электр жетегінің дұрыс жобалануы және үнемді қолданылуы үшін қозғалтқыштың механикалық сипаттамаларының өндірістік механизмдер сипаттамаларымен сәйкестігін білу керек. Өндірістік механизмнің механикалық сипаттамасы деп қозғалтқыш білігіне келтірілген жылдамдық пен механизмнің кедергі иін күші ω=f(М) арасындағы тәуелділікті атайды. Әртүрлі өндірістік механизмдердің әртүрлі механикалық сипаттамалары болады. Оларды жалпы түрде келесі формуламен жазуға болады

, (1.1)

мұнда Мс – ω жылдамдығы кезіндегі механизмнің кедергі иін күші;

Мо – механизмнің қозғалмалы бөлігіндегі үйкеліс кедергісінің иін күші;

Mс.н – ωн жылдамдығы кезіндегі кедергі иін күші.

Келтірілген формулаларға сәйкес өндірістік механизмдердің механикалық сипаттамаларын келесі негізгі категорияларға жатқызуға болады.

Жылдамдықтан тәуелсіз механикалық сипаттама (Х=0 кезіндегі 1.3- суретіндегі 2 қисығы). Бұл сипаттамалар көтеру крандары, металл кесуші станоктардың беру механизмдері, поршенді сорғылар, конвейерлерде болады.

1.2 - сурет. Өндірістік механизмдердің механикалық сипаттамалары

Сызықты өсетін механикалық сипаттама (Х=1 кезіндегі 1 қисығы). Мұндай сипаттама тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток генераторында болады.

Сызықты емес - өсетін (парабола) механикалық сипаттама (3 қисығы Х=2 кезінде). Мұндай сипаттамасы бар механизмдер желдеткіштік жүктемесі бар механизмдер деп аталады – ортадан тепкіш сорғылар, есу қалақтары және т. б.

Сызықты емес – құлдилайтын механикалық сипаттама (Х=1 кезіндегі 4 қисығы). Бұл сипаттамаға бірқатар токарлық, жонушы станоктар ие болады.

Электр қозғалтқышының механикалық сипаттамасы деп оның бұрыштық сипаттамасының айналдырушы иін күшіне тәуелділігін ω=f(M) атайды.

Электр жетегі механикалық сипаттамасының қатаңдығы деп электр қозғалтқышының электр магниттік иін күштерінің айырмасының электр жетегінің бұрыштық жылдамдықтары айырмасына қатынасын атайды.

.

Механикалық сипаттамалардың түрлері:

а) иін күші өзгерген кезде жылдамдық өзгеріссіз қалатын абсолютті қатаң механикалық сипаттама, бұл сипаттама синхронды қозғалтқыштарда болады (1.2 - суреті, 1 қисығы);

б) иін күші өзгерген кезде жылдамдықтың өзгеруі өте аз болатын қатаң механикалық сипаттама, бұл сипаттама тәуелсіз қоздырылатын тұрақты ток қозғалтқыштарында болады (2 қисығы);

в) иін күші өзгерген кезде жылдамдық біршама өзгеретін жұмсақ механикалық сипаттама (3 қисығы);

1.3 - сурет. Электр қозғалтқышының механикалық сипаттамалары

г) жылдамдық өзгерген кезде иін күші өзгеріссіз қалатын абсолютті жұмсақ сипаттама, бұл сипаттама «қозғалтқыш – ток көзі» жүйесінде орын алады (4 қисығы).