Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электржетек Кітап.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
7.89 Mб
Скачать

3.5 Асинхронды қозғалтқыштарды импульсті басқару

Асинхронды қозғалтқыштардың жылдамдығын реттеу статорлық немесе роторлық тізбекті импульсті басқару сұлбасында қол жеткізуге болады (1.32а-суреті). Токты түзету үшін қозғалтқыштың ротор тізбегіне түзетуші көпір Т қосылған. Ротордың түзетілген тогының шамасы тиристорлық кілттің көмегімен реттеледі. Кілт келесі жолмен жұмыс істейді. Егер Т1 және Т2 тиристорлары жабық болса, онда қозғалтқыш көпірдің Т шығысына қосылған қосымша кедергіге R2 жұмыс істейді. Бұл кезде ротор тогы R2 кедергісі анықтайтын мәніне дейін өсе бастайды. Сол уақытта конденсатор С оның төменгі электродында оң потенциял болғанға дейін сыртқы кернеу көзінен Uп зарядталады. Тиристорды Т2 ашқан кезде кедергі R2 тұйықталады және асинхронды қозғалтқыштың ротор тізбегіндегі тогы тек ротор орамасының кедергісімен анықталатын шамаға дейін өсе бастайды. Т2 тиристоры ашылған кезде конденсатордың С кернеуі Т1 тиристорына қойылады да, оның жабылуын қамтамасыз етеді. Бұл кезде асинхронды қозғалтқыштың ротор тізбегіне кедергі қайта енгізіледі, мұның салдарынан ротор тізбегінің тогы азая бастайды. Сол уақытта С, коденсаторы Т1 тиристоры арқылы түзеткіштің Т кернеуімен қайта зарядталады, бұл кезде оң потенциал оның жоғары электродында болады.

а) принциптік сұлба; б) механикалық сипаттамалары

3.32 –сурет. Фазалық роторы бар АҚ - ны импульсті басқару

Тиристордың Т1 жаңа ашылуы кезінде кедергі қайта тұйықталады және ротор тізбегіндегі ток қайта өсе бастайды. Сол уақытта конденсатор С қайта зарядталады, бірақ тек қана сыртқы көзден ғана емес, сонымен бірге, Т1 тиристоры – Д диоды - L индуктивтілігі тізбегі арқылы да зарядталады. Тиристордың Т2 жаңа ашылуы кезінде конденсатор кернеуі Т1 тиристорын күштеп жабады және т.с.с.

Ротор тізбегіндегі кедергі мәнін импульсті реттей отырып, бұл тізбектегі токтың қажетті мәнін қамтамасыз етуге болады және қозғалтқыштың иін күшін де реттеуге болады. Токтың мәнін Т1 тиристорының ашық және жабық кезіндегі жұмыс уақытын өзгертумен реттеуге болады. Егер Т1 тиристоры жабық болса, қозғалтқыш 1 сипаттамасына жұмыс істейтін болады, Т1 тиристоры ашық кезде - 2 сипаттамада жұмыс істейді (3.31б-суреті). Тиристорлардың қосылу уақытын өзгертумен қозғалтқыштың иін күшін кейбір шектерде реттеуге болады (3.33 б-суретте үзік сызықтармен көрсетілген). Бұл кезде Т1 тиристоры ашық немесе жабық уақыт ішінде ток тұрақтанған мәніне жетпеу қажет, яғни токтың өзгеруі көп болмауы керек. Бұл шарт тиристорды ашу мен жабудың жиілігінің жоғары болуын талап етеді.

немесе жабық уақыт ішінде ток тұрақтанған мәніне жетпеу қажет, яғни токтың өзгеруі көп болмауы керек. Бұл шарт тиристорды ашу мен жабудың жиілігінің жоғары болуын талап етеді.

а - принциптік сұлба б - механикалық сипаттамалар

3.33-сурет Статор тізбегі бойынша АҚ - ны импульсті реттеу

Аталған қозғалқыштарды реттеу тәсілдері асинхронды қозғалтқыштың өз сырғуын немесе реттегіш муфтаның сырғуын көбейтумен байланысты. Мұндай реттеу сырғу шығынының көбеюіне және п.ә.к - тің төмендеуіне әкеліп соғады.

Тек роторлық қана емес, сонымен бірге статорлық тізбектің тогын импульстік реттеу мүмкін (3.34а-суреті). Сұлбаның әрекет ету принципі 3.32а-суретінде келтірілген сұлбаның әрекет ету принципіне ұқсас. Кедергіні тиристормен Т1 тұйықтап және қайта қосып, статор орамасындағы орташа ток пен кернеуді реттеуге болады. Бұл жағдайдағы шектік сипаттамалары мен реттеу ауқымдары 3.34б-суретінде көрсетілген.

ПӘК-ті түсірмейтін электр жетегін қолдану үшін асинхрондық вентильдік каскад сұлбасы бойынша қозғалтқыштарды басқаруды қолдануға болады (3.35а суреті).

а) б)

3.3-сурет. Асинхрондық вентильдік каскад: а - принциптік сұлба, б - механикалық сипаттамалар

Асинхрондық вентильдік каскад (АВК) жүйесінде ротордың түзетілген ЭҚК- не инверторлық режимде жұмыс істейтін басқарылатын тиристорлық түрлендіргішінің ЭҚК -і қарсы қосылады. Ротордың ЭҚК - сін түзету үшін сұлбаға түзеткіш Т енгізілген.

Инвертордағы қарсы ЭҚК - нің мәнін өзгерте отырып, асинхронды қозғалтқыштың ротор тізбегіндегі токты, оның иін күшін және электр жетегінің жылдамдығын реттеуге болады.

АВК - ның механикалық сипатамалары 3.35б-суретінде көрсетілген, олардан көрініп тұрғандай, қайсыбір β бұрышы кезінде жүйенің шектеп тыс жүктемелік икемділігі төмендейді және АВК - ның жұмысы минималды бұрышпен β және инвертеу тогымен шектелген.

Каскадты реттеу сұлбасы үнемді, өйткені қозғалтқыштың төмендетілген жылдамдықта жұмыс істеуі кезінде, түзеткіш пен инвертордағы шығындарды алып тастағанда, сырғу қуаты қоректендіруші желіге қайтарылатын болады.