Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_po_kaz_yaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
56.24 Кб
Скачать

2.8 Наурыз

Ана деген – әлемдегі ең кешірімді, мейірімді, перзентінің қателіктеріне көз жұма қарайтын, жаманын жасырып, жақсысын асырып отыратын, шын жанашыр жалғыз адам. Ол Сіздің кез келген сыйлығыңызға риза болары анық. Не десек те, анасынының не ұнататынын білу – әр перзенттің парызы. Мүмкін анаңыз Сізді суретші болса екен деп армандаған болар. Онда өз қолыңызбен оның суретін салып беріңіз. Ол тамақты дәмді пісіретін болса, ыдыс-аяқтардың өзіне ұнайтынын да тарту етуге болады. Өзіңіз қатысатын концертке билет, жүректен шыққан жыр, бір сөзбен айтқанда сіздің жеткен жетістігіңіздің бәрі анаңызға ең қымбат сый саналады. Ең бастысы – анаңыз сіздің оған сыйлықты кіршіксіз көңілмен тарту еткеніңізді сезуі керек.

2.Казак онери

Айтыс – қазақтың ауызекі әдеби – музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салаларының бірі. Ол – суырып салма ақындық өнерінің жемісі боп табылады. Айтыста халықтың әдет – ғұрпы, тұрмыс – салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, қалыптасу тарихтары байқалады. « Ең алғаш тұрмыс – салт жырлары «Жар – жар» мен «Бәдіктен» бастау алып, сан алуан асу – кезеңдерден өтіп кемелдене жетілген айтыстың алғашқы үлгілері көпке ортақ жаттанды өлеңдерден тұрса, кейінірек өз жанынан шығарып айтылатын суырыпсалмалылық сипаты басым болып отырады… Айтыстың көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі – «Бәдік» айтыстың негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі – ақындар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір – тұрмысын жан – жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді. Бәдік айтысынан басқа қайымдасу, жануарлар мен адамның айтысы, ақ айтыс, сүре айтыс, жұмбақ айтыс сияқты айтыс түрлері қалыптасты.

Айтыс қазақ даласында негізінен XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап айрықша кең өріс алып, мол серпінімен дамыды. Бұған сол тұстағы қазақтың көшпелі өмірі мен әдет – ғұрып, салт – дәстүрі басты себеп болды…» Оны тудырған да, дамытқан да ақындар болған. Бұл өнер түрі қазаққа ағайындас, тұрмыс – тіршілігі -, шаруашылығы, қоғамдық өмірі ұқсас келетін қырғыз, түркімен, қарақалпақ халықтарында да кездеседі. Айтыстың басты ерекшелігі – оның суырыпсалмалы түрде орындалуы.

Айтыс қай кезеңдерде де филолог, фольклортанушы және саяхатшылардың назарынан тыс қалмады. Оның әр – түрлі үдгілерін қазақ арасынан XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап В. Радлов, Ш. Нұрмағамбетұлы, Т. Сейдалин, С. Жантөрин, Ж. Шайхысламов, Ә. Диваев, С. Сейфуллин және т.б. жинап, жарыққа шығарса, солармен қатар, құнды ойлар мен дерекрер А. Васильев, А. Левшин, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Байтұрсынов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, З. Ахметов, С. Қирабаев, М. Мырзахметов, С. Қасқабасов, М. Жармұхамедұлы және т.б. жұмыстарында орын алады.

2.Семей-невада

Бұдан жиырма жыл бұрын атақты ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің бастауымен аталмыш қозғалыс көпшілік тарапынан қолдау тапқан болатын. Соншама азап көрсе де, ядролық қарудан бірінші болып бас тартқан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақ елі еді. Нарын өңірі тұрғындары да ұзақ уақыт бойы «Капустин Яр», «Азғыр» полигондарында жасалған сынақтардан зардап шекті. Сондықтан бұдан жиырма жылға жуық уақыт бұрын Орда ауданы комсомол жастарының ұйымдастыруымен «Семей-Невада-Нарын» қозғалысы құрылып, ол аудандық атқару комитетінде арнайы тіркелді. 1990 жылы күзде Батыс Қазақстан мен Атырау жастарының қатысуымен Ордада әскери полигон сынақтарына қарсы үлкен жиын өткізілді.

Семейде әр жылдары 17 мыңнан астам батысқазақстандық қызмет еткен. Бүгінде бір қозғалысқа басы біріккен олар әскери сынақ полигондарының зардаптарын ұмыта қойған жоқ. «СИЯТ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мағжан Бисенғалиевтің айтуынша, ендігі мақсат - мұндай полигондардың қызметіне түпкілікті тыйым салу. Мәселен, «Капустин Яр» әскери полигоны қазақ жеріне әсер ететін сынақ жасауды әлі тоқтата қойған жоқ.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]