
- •1. Жазылым /Туған елім,кең-байтақ дархан далам-мақтанышым!
- •2.Оттан отан да ыстык
- •2.Экологиялық жағдай және адам денсаулығы
- •1 Астана –арман кала
- •2.Егеменді елдің ертеңімін
- •2. Табиғат- тіршілік атаулының құтты қонысы, түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген сәні. Табиғат, Жер Ана, Атамекен, Туған жер, Ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.
- •2.Астанага саяхат
- •"Астана - Байтерек" монументі
- •Этномемориалды комплекс "Атамекен" Казақстан Картасы"
- •2.Наурыз мерекеси
- •1.Астана туралы хат
- •2.8 Наурыз
- •2.Казак онери
- •2.Семей-невада
- •2. «Дос жолында құрбан болу емес, нағыз досты табу қиын».Дос
- •2.Балхаш-коли
- •1.Менин анам-омиримдеги ен жаксы адам
2.Экологиялық жағдай және адам денсаулығы
Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен ауру деңгейі
Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық.
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.
1 Астана –арман кала
Астана – мемлекеттің ең iрi iскер, дипломатиялық, сауда және мәдениет орталығы.
Кәзіргі уақытта қалада көптеген заманауи сәулетті-қала құрылыс жобалары іске асырылып жатыр, қала күннен күнге көркейіп, өз келбетін көз алдымызда өзгертуде.
Қалада әр жыл сайын түрлi халықаралық форумдар, көрмелер, конференциялар, музыкалық шаралар және фестивальдар өтедi.
Ұлттық реңдегі көрнекті орындар мен монументтерді, ерекше сәулеттік ғимараттарды, мәдениет және ойын-сауық орталықтарды, мұражайлар, театрлар және галереяларды, сауда орталықтар, астананалық аллеялар, түрлі халықтардың ұлттық асханалары - осының барлығын Сіз әлемнің ең жас басқаласында, Астанада табасыз!
Астана тарихы
Астана (бұрынғы Целиноград, бұдан бұрын Акмолинск) Қараөткел жерiндегi Есiл өзенінiң жағасында орыс-қазақ әскерлерiмен 1824 жылы әскери бекініс болып салынған. Қала өткiзген жәрмеңкелерімен кең танымал болды. Қазақстан, Ресей және Орталық Азияның барлық аймақтарынан саудагерлер осында келетiн.
Астана өткен жүзжылдықтың 60-шы жылдары Солтүстік Қазақстанның тың жерлерін игеру арқылы өзінің жаңа дамуын алды. 1955 жылдың наурызында бұл жерге тың жерлерін игеруi үшiн бір топ жастардың пойызы келдi. Қаланың атауын Целиноградқа өзгертiп, аграрлық аймақтың әкiмшiлiк орталығы атағына ие болды.
Қаланың өнеркәсiбi агроөнеркәсiптiк машина жасаумен, азық-түлiк индустриясы, ауылшаруашылық материалдарын өңдеу, көлiк саласымен танымал болды.
Аймақтың ауа-райы ұзақ, қарлы қыстарымен ерекшеленеді. 40°С дейiн төмендеумен, қаңтар айындағы орташа температурасы 14 C - 18 C құрайды. Көктем кеш шығады, бiрақ өте көркемді. Әдетте көктем мезгілі наурыз айының соңында басталады. Бұл уақытта дала айрықша көркем көрiнедi, жазықтар иристармен және қызғалдақтармен жамылады. Астанадағы жаз шамалы ыстық, жиі жаңбыр жауады. Шiлде айында орташа температура 20-24°С ыстық.