Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bilety_po_kaz_yaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
27.01.2020
Размер:
56.24 Кб
Скачать

1. Жазылым /Туған елім,кең-байтақ дархан далам-мақтанышым!

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, алуан түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Отан-оттан да ытық деп бекерден бекерге айтылмаған.

1. Жазылым/. әуелсіздік біз үшін қымбат, өте қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, өзінің табиғи болмысы мен жаратылысына сай өмір сүрген болса, осы табиғаттың бір бөлігі болып табылатын біз адамдар да тумысымыздан еркіндікті аңсаймыз, азат өмір кешуді қалаймыз. Жалпы ұлт деген ұлы қауымдастық тағдырлас һәм тамырлас адамдардың жиынтығы ретінде әрбір жеке адамның еркіндікке, азаттыққа деген құштарлығының жиынтық күшін білдірсе керек. Бір тілде сөйлейтін, бір отанды мекендейтін, діні бүтін, ортақ тарихы мен мәдениеті бар халықтың мемлекеттілікке қол жеткізген дәрежесі – ұлт. Сондықтан, менің түсінігімде ұлт, тәуелсіздік және мемлекет ұғымдары бірбірімен ажырағысыз байланыста, бірін бірі қажет етіп отыратын ұлы ұғымдар, қымбат құндылықтар.

Қазақ ұлты тарихында көптеген қиындықты бастан кешті, аяусыз шабуылға ұшырады, алпауыттар тайталасының кәріне ілінді, қырғыннан қырғынға, босқыннан босқынға талай азапты көрді. Дегенмен «тәуелсіз» деген мағынаны білдіретін «қазақ» деген атына сай әрқашанда азаттыққа қол жеткізу үшін талпынды, осы жолда күресті һәм шайқасты. Талай батырларымыз бен ұлт қайраткерлеріміз халқын бостандық таңына жеткізуді армандап жанын пида етті, шәһид болды, арманда кетті. Ұлтымызды сіңіре жұту мақсатымен жасалған алуан түрлі әккі тірліктер, қу саяси шаралар ұрпақ жадына жойқын соққы бергенімен оны мүлдем бағындыра алмады, дініміз бен тілімізді түбегейлі жоюға шамасы жетпей қалды. Қазақ «мың өліп мың тірілсе» де, қазақ болып қала берді, әр ұрпақ өзінен кейінгілерге тәуелсіздікті арман етіп, ұлттық мақсат ретінде аманат етті. Абай атамыздың «Қалың елім, қазағымы», Қадыр Мырза Әлі ағамыздың «Жасыл жайлау, түкті кілемі», Жұмекен Нәжімеденовтің «Менің елімі» сияқты жүздеген, тіпті, мыңдаған шығармалар ұрпақтың санасына азаттықты, ел болуды, ту көтеруді, бірлікке ұмтылуды, ұлт ретінде сақталып қалуды, өжеттілік пен қырағылықты, батырлық пен қайраткерлікті насихаттап отырды….

Әлемнің әрбір еліне таралып кеткен қандастарымыз осы ұлттың ажырамас бөлігі ретінде бір тілде сөйлеп, бір әнді шырқап, өзінің ұлттық болмысы мен кескінін сақтай отырып, ортақ ұлы мұратқа үлесін қосып келді. Бір қызығы арадағы темір қабырғалар мен болат шымылдықтар біздің ұлттық тұтастығымызға қиянат жасағанымен зиянат жасай алмады, ұлттың өз ішіндегі байланысын, сабақтастығын бұза алмады. Біздер, әсіресе, Қазақстаннан жырақта жүрген қазақтар өз елімізге, отанымызға деген ерекше сағыныш сезімімен туып өстік, шетелдерде қазақтың атын жаңғырттық, туын желбіреттік және атамекенімізді бір көруге, қазақтың кең даласының жұпар иісін бір иіскеуге ынтызар болдық. Ал шындығына келгенде әлемді әскери күшімен тайсалтқан Кеңес Одағы жер бетінен жойылып, Қазақстан тәуелсіз ел болады да біз оған көшіп келеміз дегенді армандасақ та көзіміздің тірісінде көретін шығармыз деген жоқпыз. Рас, ол кездегі жағдай солай болды. Аллаһқа сансыз шүкір Қазақстан 1991 жылы тәуелсіз ел болып, оны басқа мемлекеттер танығанда құдды бір түсте жүргендей болдық-ау ағайындар. Мұндағы, яғни Қазақстанғады ағайындар да тәуелсіздіктің не екенін тәуелсіздік жарияланғаннан бірнеше жылдан кейін ғана барып түсінді, көзі жетті. Қазақтың өз байрағы, әнұраны, ақшасы, әскері, шекарасы, төлқұжаты бірінен кейін бірі пайда болған сайын ел тәуелсіздіктің шынайы мағынасымен танысты. Тәуелсіздіктен кейін дүниеге келген жастар тек тәуелсіз Қазақстанды ғана біледі, олардың санасы мен психологиясында тәуелділік, бодандық деген ұғымдар жоқ, тіпті, болмай-ақ қойсын деп тілеймін.

1. Жазылым /Менің ойымша қазіргі ұрпақтың алдында тұрған ең маңызды тапсырма осы тәуелсіздікті одан ары бекіту, нығайту және болашақ ұрпақтарға баянды етіп тапсыру болса керек. Саяси тәуелсіздігімізді баянды ету үшін экономикалық тәуелсіздікке сонымен қатар тәуелсіздіктің барлық түрлеріне қарай ұмтылуымыз, қажымай еңбек етуіміз шарт. Сыртқы күштердің идеологияларына тәуелділік ауруына шалдықпағанымыз жөн. Ол үшін өзіміздің құндылықтарымызды жете дәріптеп, ұлттық тіліміз бен ділімізді жаңғыртып, дін, мәдениет және өркениет салаларында да ешбір сырт күшке тәуелді болмауымыз қажет. Өз-өзін өнім-бұйымдармен қамсыздардыра алатын, азаматтары сауатты да білікті, инновациялық һәм интеллектуалдық потенциялы зор, ішкі бірлігі мен берекесі мығым елге айналсақ, отанымыздың топырағын аялап, табиғатын қорғасақ, халқымыздың санын көбейтіп, сапасын жақсартсақ тәуелсіздігіміздің баянды болатынына еш күмән болмасы анық. Осы аманат тәуелсіздікті көрген біздерге, бүгінгі ұрпақтарға артылыған. Алда алатын асулар мен белестер әлі көп, біз әлі ұлы көштің басында тұрмыз. Сондықтан бөлінуге, ыдырауға, әлсіреуге, маужырауға, тақталасқа еш жол жоқ. Қазіргі кезеңде тек бірлікпен болашаққа сенімді қадамдармен жүгіруіміз керек. Мың жаса тәуелсіз Қазақ Елі!!

2/Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен өзіңді алып шығар

Еңбегің мен ақылың екі жақтап.

Өзіңді сенгіштікпен әуре етпе,

Құмарпаз боп мақтанды қуып кетпе.

Жұртпен бірге өзіңді қоса алдасып,

Салпылдап сағым қуған бойыңа еп пе?

Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме,

Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме.

Жүрегіңе сүңгі де,түбін көзде, Сонан тапқан-шын асыл тастай көрме.

2.. Бүгінгі ауа райы

Қазақстанның басқа аймақтарын білмедім, бізде бүгін ауа-райы керемет. Күн жылы. Азынап тұрған жел жоқ, сартылдатып сабап жатқан сары аяз да, ақ қарды бұрқыратып бүрсеңдеткен боран да жоқ. Әдетте, біздің жақтың табиғаты тосын мінездерін танытып тұрушы еді. Бүгінгі даланың көрінісі маған ұнап тұр. Жапалақтаған әппақ қардың жер ананы мамық көрпеге орауы, көңіл-күйге әдемі әсер беріп тұрғандай. Ақ орамал жамылған тал-теректер майысып дала әдемілігін толықтырып тұр. Терезеден сыртқа үңілсең, жан-жаққа ағылып жатқан адамдардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Бүгінгі сайлау, мен үшін мереке сияқты. Ел үшін де солай шығар. Бүгінгі үлкен науқан сәтімен аяқталып, ел мерейі өсе берсе екен. Жұрт шаттанып, аяқ басқан Ұлу жылымыз ұлағатты істермен тарих бетін аша берсін, ағайын! Әр отбасының ырыздығы молая түссін деген тілек бар!

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес. Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]