- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
тері
Нұрғали Ораз (25.8.1960 жылы туылған, Қазығұрт ауданы Монтайтас ауылы ) – жазушы, Халықар. «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2003). ҚазМУ-дың журналистика факултетін бітірген (1982). «Жалын» баспасының жетекші редакторы, «Парасат»журналында бас редактордың бірінші орынбасары, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары қызметтерін атқарды. Қазір «Ақ желкен» журналының бас редакторы. Алғашқы «Долана» әңгімесі 1979 ж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, «Арман қанатында» атты жинақта жарық көрді. Шығармалары орыс, саха тілдеріне аударылған. Д.Голсуорсидің, Х.Л. Борхестің, И.Кавабатаның, И.Иноуэнің шығармаларын тәржімалаған. «Жалын» баспасының балалар мен жасөспірімдер тақырыбына арналған дәстүрлі жабық бәйгесінің, «Қазақ әдебиеті» газеті, «Парасат» журналы сыйлықтарының иегері.
"Адасқан жұлдыз" — жазушы Нұрғали Ораздың драматургия саласындағы алғашқы туындысы. Пьеса оқиғасы негiзiнен осыдан он жыл бұрынғы жағдайды көрсетедi дегенiмiзбен, мәселе бүгiнге дейiн өз өзектiлiгiн жоймаған. Осы орайда автор: "Негiзгi мақсат — өнер адамдарының тағдырын көрсету болды. Жас актерлар, жазушылар, ақындар өмiрлерiн бiржола шығармашылықпен тоғыстырып, үлкен арман қуып қалаға келгенiмен, алғашқы кезде баспана мәселесiнен бастап, тағы басқа көптеген тiршiлiктiң қиыншылықтарына тап болады. Әсiресе, бүгiнгi кезде сол қиыншылықтар тiптi ушығып кеттi. Әлi күнге дейiн шешiмiн таппай келе жетқан осы мәселенi өнер адамдарының тағдырымен байланыстырып сахнада көрсету арқылы өнердiң, руханияттың қоғам үшiн қаншалықты қымбат екенiн айтқымыз келдi", — дейдi. Бiреудiң сыры бiреуге жыр болып көрiнедi. Десек те, бүгiнгi қойылым әртiстер өмiрiнiң көрерменiне ұсынған бiр үзiк сыры, әлеуметтiк тұрмыс қиыншылығынан шыққан жанайқайы. Шетсiз-шексiз ғаламдағы монтанақтай ғана Жер-Ананы жалпы адамзат қауымының үйi десек, театр — бар өмiрiн сахнада өткiзетiн әртiстер үшiн үлкен үй, киелi қарашаңырақ.
60-90 ж. қазақ романдарының стильдік ерекшеліктері.
кеңес кезінде сыңаржақ қаралған ұлттық мәселеге әлі де айырықша көңіл бөлініп отыруға тиіс. Бұл жолда азды-көпті алған ғибратымыз да баршылық. Соған көз салып отырсақ, қатеге ұрынбаймыз. Бай тәжірибенің бір қайнар көзі - көркем әдебиет, халқымыздың рухани қазынасы. Мол материал — 60-90 жылдары ұлт азаттығы тақырыбын батыл да жанжақты көтерген тарихи туындыларда жинақталған. Бұл тарихи кезеңнің басым бөлігінде социалистік реализм әдісі үстемдік еткеніне қарамастан, көп шығармалар сыншылдық рухта, ел дамуының көкейкесті, өткір проблемаларын алға тартты. Халық құрметіне бөленген ірі жазушыларымыз Ілияс Есенберлин, Софы Сматаев, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин және Қабдеш Жұмаділовтардың тәуелсіздік жолындағы күрестің тарихи тауқыметін жазған шығармаларына назар аударғым келеді. Олар көтерген ұлттық проблемалар бүгінгі күндері де маңызын жойған жоқ…
Қазақ әдебиеті жалпы дүрмектен қалыспай, ұлт өмірінің пісуіжеткен
мәселелеріне алдымен ден қойды. Оның себебі, әдебиеттің өз жаратылыс-болмысындағы қасиетіне, елдің елдігі туралы жауапты ойларға берілуге тиісті міндетіне ғана байланысты емес-ті. Кешегі Ұлы Отан соғысында, майдан мен тылда ерліктің тамаша үлгілерін көрсеткен қазақтың ұлттық санасы бұрын болып көрмеген дәрежеде өсті. Қазақ солдаты сағынған еліне «Уа, дариға – алтын бесік туған жер» (Қасым) деп оралса, осы отаншыл әуен әдебиетіміздің ұлттық ажарын аша түсті.
Ұлт-азаттық идеясын, ұлттық рух көріністерін өзекті тақырыбы еткен тарихи роман 70 жылдардағы әдеби дамудың жетекші жанрына айналды. Олардың көрнектілері жұртшылыққа кеңінен мәлім. Бұлар - Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» атты роман трилогиясы (1976), Әнуар Әлімжановтың «Жаушы» (1974), Софы Сматаевтың «Елім-ай» (1980, 1988), Әбіш Кекілбаевтың «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984), Мұхтар Мағауиннің «Аласапыран» (1983) романдары.
