
- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
Нұржекеев Бексұлтан
(22.2.1941 ж.т., Алматы облысы Панфилов ауданы Ақжазық ауылы) – жазушы. ҚазМУ-ды бітірген (1965). 1965 – 1992 жылдары Талдықорған облысы Панфилов ауданында ұстаздық етіп, комсомол жұмыстарымен айналысты. “Жалын”, “Жұлдыз” журналының бөлім меңгерушісі, “Жалын” баспасы бас редакторының орынбасары, бас редакторы (1976 – 1986), “Парасат” журналының бас редакторы (1989 – 1992) қызметтерін атқарған. 1992 жылдан “Жалын” баспасының директоры.
Қашанда әйел жанының нәзік иірімдері мен қалтарыс-қабаттарын, тылсым құпияларын, өзгеше жаратылыстың өзіндік жұмбақтарын ашуды, сол арқылы әсемдік пен сұлулықты әңгімелеуді мақсат тұтқан қаламгер Бексұлтан Нұржекеұлы шығармашылы айрықша эстетикалық көркемдігімен көзге түседі.
«Күтумен кешкен ғұмыр», «Күй толғақ», «Бір ғана махаббат», «Өзендер өрнектелген өлке», «Ерлі-зайыптылар», «Бір өкініш, бір үміт», «Әйел жолы жіңішке » атты жинақтардың авторының әйел сезімін өзек етіп, махаббатты жарлайтын «Мұнтаздай Мұмтаз», «Кәріс қыз», «Бір ғана махаббат», «Құпия махаббат», «Қырғыз келіншек», «Күләштің соңғы көктемі», «Кінәлі махаббат» шығармаларының барлығын да нәзік жыныстылардың рухани әлеміндегі алапат өзгерістер мен аласапыран дауылды сәттер көктем күніндей мамыржай тыныштық пен сырлы сезім әуендері шынайы кестеленеді.
«Жастық шақ жыл құсы емес» әңгімесінде бітім тұлғасы көзге күйік, көңілге арман болған қыздың «Қали мен Ғазиздің қайсысы артық?» деген мазасыз сұрағымен басталады.
Сұлу қыз өз бағасын білетін, қадірін төмендетпейтін азаматты таңдағысы келеді. Осы сәттегі ішкі ойлар таласын жазушы Зияшты «таңдар жүр ме, көп жігіттің құмартқанына паң болып жір ме, сырт көзге сыр аңғартпайды. ...құдды атылар сағаты әлі жетпеген жанартау құсап ым-жымын ішке бүгеді» деп сипаттайды.
Тағдыр таңдауынының алдында тұрған қыздың жан тебіренісін аңғару қиын емес.
Қалидың үйіндегі жиында: «Жаман да жігіт емес шығар, тек әлі болашағы белгісіз, кім болады бұл? Үш жылда әлі қалай өзгеріп келерін құдай білсін.» деп ойланады да «Ғазиздің артықтығы сол адас боп, атқа мінді», беделді деген ойға тоқтайды. Қалиға шыққан Зияшта махаббат болмаса да сыйластық болғанын аңғару қиын емес, бірақ қызғанышты қоздыырған Қалидың әскерден оралуы болды. «Өкініш те мәңгі» леген келіншектің ақын өлеңдерінен «өзі сәулеленіп тұрғандай, ашығырақ, анығырақ айтқан жері жоқ па екен» деп іздеуі, тәтті бір үмітсіздікпен Қалиға қимай қарауының өзі жан дүниесіндегі арпалысты көрсетеді.
Әңгімедегі қыздың бұл толғаныстарын саралай келе, жазушы қыздың қате таңдау жасағанын көрсетеді.
«Бір ғана махаббат» . Бұл әңгімеде Жақып деген кейіпкер ұнатқан Сәуле, Шолпан, Забира есімді қыздар бар. Осы сезімдер арқылы жазушы махаббаттың зәулім бәйтере, ал қалғандары ержету кезеңдері екенін айтады. Сүю сәтсіздіктерін тұйықтаған жары – Күләйханның кеш келген күйеуіне деген ренішімен басталғаг шығармадан ер азамат пен әйелдің отбасындағы орнын көреміз. Екі күн бойы ауырған балаға қарап ұйқы көрмеген Күләйхан мен түнделетіп үйге келуі жиі емес, дегенмен болып тұратын Жақыптың арасындағы аз-маз әңгімеден ұққанымыз өткен күннің елесін әйелі күйеуінің бетіне басатындығы. Күләйханның жанына бататыны күйеуінің кеш келгені емес, махаббаты Зәбирамен кетті-ау, маған суыды деген ойлар еді. Сәуле – таза, сезімнің алғашқысы еді. Екінші кейіпкер – Шолпан. Қаздардың бәрін сорттай келе, таңдап хат жазғаны осы қыз болды. Бірақ, бұл махабат па еді? Сезімдерден махаббатқа жақыны Зәбираға деген сезім дер едік.
Автор бұл қыздардың мінездемесін Жақып арқылы ереді. Ал «Мінездеме кейіпкердің қылықтық психологиясының қасиеттерімен таныстыратын, кейіпкердің жүріс-тұрысымен, мәдени-рухани жақтарының басқа да түрлерімен таныстыратын сипаттама».
Б. Нұржекеұлы кейіакердің психологиясын түсіне алу үшін олардың мінездемесін бірден түсінікті етіп, сезімталдықпен жеткізе біледі. Сынып жетекшісі Күлиман бейнесінен баланың балаң сезімдерін түсінуден гөрі сөгуге бейім екенін байқаймыз. Өз басыма бәлесі тиер деген қорқыныш қана оны бетінен қайырады: «Маған ренжіме, ана дсоың Кәдіровке айт, Құлиясовқа тиіспей жүрсін, әңгімені өршітіп алады! – деп арқамнан қақты»
Бексұлтан Нұржекеұлы шығармаларында әйелдер бейнесі әртүрлі көрыныс табады. Ұлттың аяулы қызы – Күләш, өш алудан өршіген әдеттен ары аса алмай жүрген – Үбәйдә, кәріс қызы Нела бәрі де жазушы шығармаларынан өз орнын тапқан кейіпкерлер.
60-80 ж. қазақ прозасындағы қоғам және проблема.
1960 − 80-жылдары ұлттық романдарымызда көрініс тапқан типологиялық байланыстарды тереңдей ұғыну, бойлай тану мақсатында ұлттық және әлемдік әдебиет тәжірибесіндегі көркемдік ізденістер мен жетістіктерге қажетінше назар аударып отырдық.
Бұл романдар − өз тұсындағы үлкенді-кішілі қарама-қайшылықтардың, көрінер-көрінбес күрес-тартыстардың, мұрат-мүдделердің, тұтастай өмірдің көркем суреті, кезең жемісі. Кезең қаншалықты күрделі, қаншалықты проблемалы болған сайын, романға артылар жүктің түрі мен салмағы да, мән-маңызы да соншалықты көбейе, арта түспек.
Тарихи тұтас бір дәуірді құрайтын кеңестік жылдардың белгілі бір аралығын түзетін 1960−80-жылдардағы қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық өмірдің алға тартқан проблемалары аз болмағаны аян. Сол проблемалардың барлығы дерлік әдебиеттің түрлі жанрларында қал-қадырінше көрініс тауып отырды. Әдебиеттің өзге жанрларымен салыстырғанда, көркемдік-шығармашылық мүмкіндігі жоғары тұрған романда кезең проблемаларының кең ауқымда, жан-жақты салалана қарастырылып, көркемдік тұрғысынан тереңдей игерілуі де заңдылық. Оның бірі − аталмыш жылдардағы қазақ романдарында адамның рухани келбетіне тән жағдайлар әдеби-шығармашылық тұрғыдан қаншалықты деңгейде көрініс тапқанын айқындау; екіншісі − барша адамзаттың алаңына айналған адам жаны және табиғат экологиясы проблемаларының ұлттық романдарымыздағы көрініс ерекшеліктерін дәйектей тану. Яғни осыдан келіп, бұл проблемалардың адамның рухани әлемінен туындайтынына айрықша мән беріп,осындай ғылыми қорытынды жасадық.
Адам баласының рухани болмысынан туындайтын перзенттік жауапкершіліктің орнына тұтынушылық қанағатсыздықтың басым түсуі салдарынан туындаған бүгінгі таңдағы жалпы адамзаттық аса күрделі проблема − экологиялық ахуал, бәрінен бұрын, жан экологиясы. Бүгінде адам жаны және табиғат экологиясы проблемаларының асқына көрінуінің себептері де ауқымды әрі аса көп. Сол себептердің негізгілерінің бірі адамның өз болмысынан, өз пиғыл-құлқынан тамыр тартады.
Ә. Әлімжановтың «Адамдар жолы», Ә. Нұрпейісовтің «Сең», Қ.Ысқақовтың «Қара орман», «Ақсу − жер жаннаты», Ш. Мұртазаның «Қара маржан», М. Мағауиннің «Шақан шері», Р. Тоқтаровтың «Ғасыр наны» т.с.с. қазақ романдарын Э. Хемингуэйдің «Шал мен теңіз», Ш. Айтматовтың «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет», Ю. Рытхэудің «Гарпун атқыш қыз».