Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-67.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.16 Кб
Скачать
  1. Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.

«Қарғын». Шығарма совхоз басшысының әдемі де ақылды қызы Бағила мен сол кездің дүркіреген жазушысы Жасын Мәдиев хақында.  Жас қыз қалаға арман қуалап, университетке түсуге келеді. Әкесі пойызда бір купеден орын алған жас жігітті өзге купеге ауыстыртып жібереді. Алайда, жігіттің жатқан жастығының астынан бір жапырақ қағаз шығады. Воооот, барлық қызық осы жерден басталады. Бағила расымен де әлгі бейтаныс жігітке ғашық боп қалғандығын сезбейді. Алматы асып, университет табалдырығын аттап, әдеттегісінше оқудан қайтып келе жатып баяғы бейтаныс жігітке тағы да ұшырасады. Жасынның жазушы екендігінен хабарсыз Бағила оның сөз саптасына, өзін өзгелерден айрықша сезінуіне қатты таңғалып, «ғашықтық ғаламатын» бастан өткере береді. Жасын жазушымыз болса, әйелі, екі баласы бар отағасы еді. Уақыт өте қыз барлық нәрседен хабардар болады. Сезім қашанда адам санасын жеңеді емес пе, Бағила ол ойынан бас тарта алмайды. Очм, не керек, соңында екеуі қосылады…  Бұл шығарманың прототипі (Өткен жолы Өркен мырза аты мен шығармасын тілге тиек еткен) — Асқар Сүлейменов.(Мұны Дулат Исабековпен болған әңгімеден естігем.)

Сүйек­ші» сын­ды по­вес­ке үңі­ле оты­рып, Д.Иса­бе­ков твор­че­ство­сы­на әлем­дік әде­би-фи­ло­со­фия­лық ағым — эк­зис­тен­циа­лиз­мнің әсе­рі бол­ған­ды­ғын ай­та ала­мыз. Ғұ­мы­ры бір по­вес­ке жүк бо­ла­тын ор­та­лық кейіп­кер — Тұң­ғыш бұл күн­де жан-дү­ние­сі аяусыз то­нал­ған, сүл­де­рін ға­на сүй­ре­тіп жүр­ген, бас­қа­лар­ға бей­мағ­лұм қау­қи­ған тір­ші­лік иесі. «Бұл жа­рық дү­ние­де аз жа­са­ды ма, көп жа­са­ды ма, ра­хат көр­ді ме, бей­нет көр­ді ме, ба­ғы ашыл­ған ба, со­ры қай­на­ған ба, бұл жа­ғын да ой­лап тол­ға­май­тын се­кіл­ді. Мы­нау қан ба­зар­дай құ­жы­на­ған адам­дар тір­ші­лі­гін­де дәу­лет бар, ман­сап бар, та­лас бар, тар­тыс бар, қай­ғы бар, сүйі­ніш бар-ау де­ген се­зім оның миы­на әс­те орал­ған емес. Ол еш­те­ңе­ге қы­зық­пай­ды, еш­те­ңе­ге жан­та­ла­сып ұм­тыл­май­ды, еш уақыт опын­бай­ды»6. Тұң­ғыш­тың осы си­па­ты ру­ха­ни­лық­тан жұр­нақ қал­ма­ған, се­зім­дік қа­си­ет­те­рі өліп кет­кен Үн­де­мес­ке ай­нал­ған ша­ғы­на дейін­гі ара­лық­та же­ке адам­ның үл­кен тағ­ды­ры жа­тыр. Тұң­ғыш — Ама­нат — Кең­ке­лес — Диуана — Үн­де­мес ат­та­ры­ның әр­қай­сы­сы оған тағ­дыр­дың теп­кі­сі сал­ған таң­ба­лар. Тұң­ғыш­тың адам­дық бол­мы­сы­нан бір­жо­ла­та ай­ры­лу про­це­сі­нің ке­зең­де­рі оған қойыл­ған осы бір ат­тар­мен бай­ла­ныс­ты. Зор­лық­тың ал­ғаш­қы ащы дә­мін ол әке­сі­нің кез­дей­соқ өлі­мі­нен кейін, жа­ла құр­ба­ны­на ай­на­лып, Дос­кей ауылы­на ама­нат­қа тап­сы­рыл­ған ша­ғы­нан та­та бас­тай­ды. «Мейі­рім­сіз тағ­дыр түк тап­па­ған­дай бей­кү­нә, дәр­мен­сіз ба­ла­ны осы­лай­ша ту­май жа­тып тәл­кек­ке ай­нал­дыр­ды».

Д.Исабековтің  «Гауһар тас» повесіндегі Салтанаттың бойындағы керемет назды да биязды қылығын хас жазушыға тән шеберлікпен бере біледі. Бұл тұрғыда кейіпкердің болмысын ішкі-сыртқы бірлікте суреттей отырып, аса дарынды суреткер екендігін танытады. Жаңа келін болып түскен Салтанаттың ерекше жаратылысын, нәзік табиғатын, ұлттық психологияға тән портретін мінездеуде ашық сипатталады. Ұлттық психологиялық портретті Салтанаттың ұлттық жақсы қасиеттерді бойына мол жинақтаған жан иесі екенін жан-жағына қараған ибалы  көз жанарын суреттеу арқылы ұқтырады. Д.Исабековтің «Гауһар тасындағы» ерлі–зайыпты Ыбыш пен Салтанаттың екі түрлі болмысы да осы күлкіге байланысты ашылады. Бақытты күлкі ойнаған әсем еріндерінің ар жағынан көрінген аппақ әсем тістері төгіле кететін ақ маржан секілді тізіле қалған. «Сөз соңын оның сыңғырлаған күлкісі көміп кетті. Әдемі күлкі, ерке күлкі». Оның бұл сөзі мен күлкісінде еріне деген жарасымды әжуа, жеңіл ғана байқалмас наз жатыр еді. Салтанатта   реніш те, зіл де жоқ, керісінше, нәзік әйелдің қатал еріне деген таңырқауы, сонымен бірге нәзік құрмет пен нәзік сезім жатыр. Адамның адамгершілік қасиетін анықтауда, оның рухани байлығын биік азаматтық тұрғыда түсіндіруде махаббат тақырыбының ерекше маңызы бар. Адамның ескірмейтін, тозбайтын осы бір мөлдір сезімін жазушы жете зерттей отырып, жас келіншектің нәзік жүрегінің лүпілін оқырманға сездірту арқылы өмірге құлшындыратын өршіл сезім күйін тап басады. Күйеуінің тоң мойын тұйық мінезін Салтанат тек күлкіге айналдырып, әзілге жеңдіріп жүреді. Өзінің еркін де ерке жаратылысына сай «барлығы да жақсылыққа қарай өзгереді» деп сенеді. Жалпы Д.Исабеков шығармаларында күлкінің кейіпкер психологиясын ашудағы орны ерекше екенін атап айтқан жөн.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]