
- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
Қазақстан Республикасы Халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының Сырым (Жымпиты) ауданында туды. 1958 жылы әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін үздік бітіргеннен кейін, ғылыми кеңестің шешімімен оны аспирантурада оқуға қалдырады. Алайда поэзияны пір тұтқан жас ақын жаңа ашылған «Балдырған» журналына қызметке орналасады.Қ.Мырза Әли ең алғаш өзінің шығармашылық жолын балаларға арнап өлеңдер жазудан бастаған ақын. Ал балаларға арнап шығарма жазудың өзіндік ерекшелігі, көптеген қиындықтары бар. Балаларға арнап шығарма жазу үшін автордың балалардың мінез-құлқын, психологиясын, қабылдау дәрежесін жете білуі аса қажет. Қ. Мырза Әли балалардың психологиясын, мінез-құлқын, жазумен айналысқан педагог жазушы екенін танытты. Оның «Көктем» (1959), «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене Қожанасырлар» (1961), «Ноян қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964), «Шымыр жанғақ» (1984) сияқты кітаптары өзінің идеялық көркемдік сапасының шымырлығымен қазақ балалар әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Ақынның өлеңдері баланың ұғымына жеңіл оқуына оңай. Бәрі де бала жүрегін жаулап алатын, олардың жан-дүниесін тербетер, әдемі, көрікті.
Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
Шерхан Мұртаза (28.9. 1932 жылы туған, Жамбыл облысы Жуалы ауданыТалапты ауылы) — жазушы, қоғам қайраткері, ҚР-ның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1984), Қазақстанның халық жазушысы (1992). М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1955). Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Қазақ ауылын қан қақсатып, зар жылатқан ұлы нәубетті де және зұлматты да сталинизм идеясы әзірлеген еді. Өзінің ауқымы бойынша ол халықтың басынан кешірген көп тақсыреттің ішіндегі ең ауыры еді. Мәскеуден әдейі жіберілген қызыл миссионер Филипп Голощекиннің қолымен сор маңдай қазақ халқы алғашқы болып казармалық социализмнің құрбандығына аяусыз шалынды. Биік лауазымды Кремльдің іргесінде «отырған» қазақтың зиялы азаматы Тұрар Рысқұловтың Қазақстан трагедиясы туралы Сталинге хаты тым кеш жетті. Ол кезде (1933 жылдың ақпаны) қазақ түгелімен қырылғандары қырылып, қалғандары босып, амандары сол жерде қалып, түсініксіз нәубет біржола аяқталып біткен кез еді. Голощекиндік геноцид қарапайым тілде тек қызыл қырғын деп дәл аталған қасіретімен ғана емес, зұлматтан құтылу әрекетімен туып-өскен жерінен ауа көшкен «қызылтабан шұбырындысымен» әлемдік халық трагедиясының ең күштісі ретінде де атағы шықты. Т.Рысқұловтың халық басына күн туғанда жазған осы хатының көптен бері естіген құлақты елеңдетіп, жүректерді дүрсілдетіп келе жатқаны анық. Мәскеуде ірі қызмет атқара тұрып, сол кездегі қазақ халқын ашаршылық апатына ұшыратқан тікелей геноцид жасап отырған Сталинге жүрек жұтқан қаһармандықпен қаймықпай хат жазуы – теңдессіз ерлік. Ол кезде Сталинге тіке келіп, қатесін айту тұрмақ, сыртынан сөйлеу мүмкін емес болатын. Көрнекті жазушы, драматург Ш.Мұртазаның «Сталинге хат» пьесасы осындай тарихи фактілерге дәлме-дәл негізделген.
Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған –ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесін жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады. Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқызарлығын жазушы Ғабит Мұсірепов ашына жеткізеді. Шерхан Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол сахналық қойылым барысында кейінкерлердің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жан дүниесін көрсетеді. Туған елінің қиын жағдайын ойлап өз бастарын қатерге тігіп, шыбын жандарын шүберекке түйіп шыққандар Мүсірепов, Ғатаулин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиевтар еді ғой.