
- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
Романның басты кейіпкері Қазы,оның күшік кезінен баптап өсірген тазысы Лашын.Роман Лашынның жас қабірдің басына кеп иіскеп отырған жерінен басталады. адал ит егесін сағынып,жер астынан қашан шығатынын күтіп отырады.
Иттің күшік кезінен иесінің асырағаны аңға шығарып баулығаны, өзге төбеттің талайын деп жатқанда иесінің арашаға түскені, бәрі бәрі тазының көз алдына фильмнің кадрлеріндей кезекпен өте береді.Лашын аң алатын азулы тазы болып түлкі қасқыр қоян дегендерді қынадай қырады. Ауыл адамдарының басына түлкі тымақтар киіліп,Қазының мерейі өседі. Алайда ел арасында жаңа белең ала бастаған мөлдір суға атадан қалған астай ауыл адамдары үйір бола бастайды.Тазының егесі Қазы да араққа қызыға бастағаннан ит иесінің бойынан жат дөрекі мінездерді аңғарады. Ақыры Қазыны ауру иектеп көз жұмады.Иесі өлгеннен кейін тазының бабы келіспей,аш қалады,далада түнейді,таяқ жейді.бірақ сонда да басқа үйгекетпей Қазыны күтеді.Ақыры егесінің моласына қақпанға түскен аяғын сүйрете қиналып жеткенде, бір топ қасқырдың азуына ілігіп мерт болады.Романда сонымен қатар кішкене ауылдың тыныс тіршілігі,ауыл адамдарының мінез құлқы суреттеледі. Совет үкіметі саясатына қарсы уағыздайтын кітаптарды таратасың деген жаламен Қазыны өз көршісі абақтыға айдатуы жанға жара салады.Елдің араққа әуестенуі,жала жабуы сол кездегі адамдардың ниеті шағын романда ашық айқындала түседі.
Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
Т.Нұрмағанбетовтің «Айқай» повесі сонау грек-түрік соғысы тақырыбына арналған. Өткенге көз жіберіп, шегініс жасау арқылы әңгіменің ішіндегі әңгіме желісі өрбиді. Автор айшықты прозаның өрнектерін қолданады. Т.Нұрмағамбетовтің бұл шығармасындағы түрлік ерекшелігінің бірі осы «айқай» сарынынан танылады. Т.Нұрмағамбетовтің айқайы − алапеспен ауырған тіліне, нәсіліне, ұлтына қарамайтын адамдардың, яғни тәніне ғана емес жан-жүрегіне, жан-дүниесіне алапес дағы түскен барша адамзаттың баласының айқайы.
Қазіргі қазақ прозасындағы адам және табиғат мәселелері.
Адам мен табиғат арасындағы тұтынушылық тепе-теңдіктің бұзылуы және бұл теңсіздіктің қатерлі бағыт алып, жердегі тіршілік атаулыға тікілей қауіп төндіруі – бүкіл адамзаттық ортақ тұжырым жасауға мәжбүр етті. Аса күрделі әрі қарама-қайшылыққа толы бұл тұжырым тек экономикалық-ғылыми түйткілге емес, сонымен қатар қазір исі адамзатқа ортақ рухани-мәдени мәселеге айналып отыр.
Адам мен табиғат арасындағы шиеленіскен тіршілік тауқыметі қазақ елінің де тағдырына айналып, ұлттық сананың, сол арқылы көркем ойдың дамуыңдағы ең көкейкесті түйткілге ұласып отыр. Бұл мәселе – ұлттың тіршілігіне, санасына, саяси өміріне тікелей ықпал етіп, рухани мүдденің шешуші түйіні ретінде бағалануда. Мысалы: Қазақстандағы ядролық қаруды сынауды тоқтату жолындағы күрес. Аралды құтқару қозғалысының күшеюі соған дәлел. Бұл оқиғалар адамның рухани өміріне ықпал жасап, көркем ой қорытуға жетелейтін өмірлік деректерді алдына тартты. Табиғат, қоршаған орта – өмір сүрудің негізгі күретамырына айналған тұста, оның ішінде әдебиетке әсер етпеуі мүмкін емес.
Біз қазақ әдебиетіндегі «адам мен табиғат» арасындағы қарым – қатынасқа арналған шығармалардың бірінші кезеңіне тоқталғанда, 1928 жылы романтикалық рухта жазылған Мұхтар Әуезовтың әйгілі «Көксерегін» ауызға аламыз. Қазіргі шығармалардың көпшілігінде кездесетін «құрып бара жатыр, суалып бара жатыр» деп дабыл қағу болмағанымен де «Көксеректе» бірінші қатарға адамгершілік пен қарама-қайшылық көркем щығарманың ілхамына айналған .Бауырындағы күшігінен айырылған қасқырлар маңайдағы елге маза бермеді. Қорадағы қойға, белдеудегі бұзауға, желідегі құлынға шапты. Автор қастандыққа тек қастаңдықтың зұлымдыққа тек зұлымдықтың жауап беретінін осы алғашқы сөйлемдерімен-ақ ашық көрсетіп отыр. Романан адам мен табиғат арасындағы тепе теңдікке адамның қол сұқпауы керектігі ,өйтпеген жағдайда ақыры адам заты зардап шегетінін түсінуге болады. М.Әуезов осы шығармасында адам мен табиғаттың гармониялық дамуын уағыздайды. Өзі сияқты табиғат туындысына қатігездікпен қарау адамдар үшін де, соның ішінде кінәсіз, пәк Құрмаш үшін де трагедияға айналды.
Ғабит Мүсіреповтың «Жапон балладасы»,Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» туындылары адамзатқа қауіп төндірген атом ядросының зардабын,адамзаттың табиғатқа ғана емес өзіне де істеген жауыздығы жайлы баяндайды.