
- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
Қ.Мұхамеджанов – драматург.
Қалтай Мүхамеджанов (24.12.1928 жылы туған, Қызылорда облысы, Терең-озек ауданы, "Шіркейлі" совхозы - 7 мамыр 2001, Мәскеу, Ресей) — қазақ кеңес драматургі.А.В. Луначарский атындағы мемлекеттік театр өнері институтын (1953) бітірді. 1953-56 жылы Қаз КСР Мәдениет министрлігінде, 1956-69 жылы "Қазақ әдебиеті" газетінде, "Жүлдыз" журналында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс іетеді. 1970 жылдан Қаз КСР Министр Кеңесінің кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің бас редакторы. Қалтай Мүхамеджанов әдеби қызметін театр сынынан бастады. Алғашқы пьесасы — "Бөлтірік бөрік астынданы" 1959 жылы жазды. Оның содан бергі уақыт ішінде сахнаға шыққан "Қүдағи келіпті" (1961), "Қуырдақ дайын" (1964), "Жат елде" (1967), "Өзіме де сол керек" (1968), "Көктөбедегі кездесу" (Ш.Айтматовпен бірге жазған, 1972) атты пьесалары республика театрларында, одан тыс жерлерде үзбей қойылып келеді. Қалтай Мүхамеджанов "Шыңдағы шынар" (1964), "Айман-Шолпан" (1970) киносценарийінің авторы. М.Горькийдің "Мещандар", Қаһардың "Ауру тістері", Ш.Айтматовтың "Ана — Жер-ана", "Арманым, Әселім" пьесаларын қазақ тіліне аударды. Драматург – жазушы Қалтай Мұхамеджанов жан-жақты әрі көп қырлы
С .Жүнісовтің «Ақан сері» романындағы тарихи тұлға бейнесі.
Ақан сері, Ақжігіт Қорамсаұлы (1843 жылы бұрынғы Көкшетау облысы, Үлкен Қоскөлдің маңы — 1913 жылы, сонда) — ақын, әнші, композитор.Әкесінің есімі Қорамса, шешесі — Жаңыл. Ақан сері жас кезінен өнерімен көзге түсіп, кейін ақындық, әншілік өнері кемелденген соң алты алашқа аты мәлім сері атанған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. 16 — 17 жасынан өнер жолына түскен. Ақан серінің бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым). Оған Ақан сері жазу-сызу үйреткен. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Тінәлі қызы Ұрқия. Ақан серінің тірідей айрылған сүйген қызы — Ақтоқты. Бұл — арты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан серінің шығармаларынан кең орын алды. “Ақ көйлек”, “Аужар”, “Алтыбасар”, “Ғашық жарға”, “Тағрипың”, “Ж-ға” — Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (80 жылдардың ортасы) да егде тартқан Ақан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Керей Сағынайдың асындағы аламан бәйгеде Құлагер кісі қолынан мерт болды. Құлагер туралы өлеңдерінде ақынның көңіл күйі, ашу-ыза, күйініш, үміт-сезімі тебірене жырланған.
Әyшілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған.
Романда сонымен қатар Құлагердің бәйгеге қосатын жай жылқы емес, пырақ екенін аттың тұрпатына қарап анықтаған Күреңбай сыншының есімі де аталады. Елде қалған батырдың соңғы тұяғы Әлібек батырдың нар тұлғасы мен батырға тән жомарттығы кең пейілі Ақан серіге қолдау көрсетіп, інісіндей қамқор болуынан көрінеді. Елдегі арам молдалардың сұм тіршіліктерін әңгіме арасында баян етіп, кейіннен өзге елге барып дінді тереңінен ұғынып,елдің көзін ашпақ болған Науан молда(Наурызбай) да бар. Алты Алашқа аты әйгілі асы болатын Сағынай,оның арам пиғылды ,Құлагерге қайтсе де қолы жетпей жүрген Қотыраш, Ақмолла уезінің оязы Измайлов секілді кейіпкерлерді де бар.