Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-67.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.16 Кб
Скачать
  1. Ж. Молдағалиев поэмалары

Жұбан Молдағалиев шығармашылығыталантты эпик ақын. Оның ойшыл да сыршыл поэмалары қазақ поэзиясының елеулі табыстарына қосылады. Ақынның «Қиял қанаты», «Мереке дастарқаны», «Мен-қазақпын», «Айттым сәлем», «Туған жер» сияқты поэмалары лирикалық толғанысқа, көтеріңкі пафостары сыршылдыққа толы келеді. Оларда ақын заман, адам, дәуір, өзгерістер жайлы терең толғанады.

  1. «Жыр туралы жыр», «Жесір тағдыры» атты сюжетті поэмаларында Жұбан оқиғаны драмалық тартыс арқылы өрістетіп, эпикалық кеңдікпен суреттейді. Оның алғашқысында Ұлы Отан соғысының батыры татар ақыны Мұса Жәлелдің ерлік образын жасаған.

  2. .Ол "Жесір тағдырында" (1965) қазақ әйелінің өткен заманғы қатал тағдыры мен оның жаңа өмір жолындағы күресін көрсетті.

  3. "Айттым сәлем" лирикалық поэмасы (1967) махаббат пен ерлікті жырлайды.

  4. "Кісен ашкан" (1969) поэмасында Құрманғазының осы аттас күйіне құлақ қойып, ой жібере отырып, өскен өнер, өркендеген халық тағдыры баяндалған. Оның ақындық өнерін айқын танытқан бұл шығармаеына Қазақ КСР-інің Мемлекеттік сыйлығы (1970) берілді.

  5. "Мен қазақпын" поэмасында қазақ халқының өмірі, ұлттық ерекшелігі реалистік тұрғыда берілген. Лирикалық толғанысты дәуірдің кең жасалған эпикалық суреттерімен байыту арқылы Жұбан «Мен—қазақпын» поэмасында үлкен көркемдік табыстарға көтеріледі. Поэма қазақ әдебиетінің аса бағалы үлгілерінің қатарынан орын алады.

Поэмадағы лирикалық кейіпкер ақынның өзі, поэма басында қазақ атынан ұлт қасиетін атап көрсетіп , ортасына қарай үшінші жақтан баяндалып қазақтың қилы тағдырын суреттейді, бұл жерде жыраулық сарын байқалады. Ал поэманы өз ұлтына деген ақ тілекпен аяқтап келіп, қайтадан қазақ атынан:

Мен - қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым, өмірге қайта келдім.

Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске

Айта бергім келеді, айта бергім! деп аяқтайды

  1. С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.

  1. Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер

Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін исламдық көріністер мінәжат жанры арқылы көрінеді. Қазіргі қазақ поэзиясындағы мінәжат жырларында құрылымдық өзгерістердің жиілеуі өзіндік үрдіске айналуда. Мінәжат иелері ерен мазмұнға ерекше пішін дарытуды назардан тыс қалдырмай келеді.

Тәуелсіз қазақ елінің жаңа буын жастары жырлаған мінәжат жырлары мүлгіген жұрттың санасын сілкіп оятқандай екпінді, отты, арынды сипат алды.

  1. Мұң мен сырға толы Е.Раушановтың «Ғайша-бибі» жинағына енген өлеңдерінде мінәжаттың атынан өзге затынан сыйыну сарыны аңғарылмайды.

Шыныменен көктем келді жайнап қыр. Тереземнің дәл алдында бала құс

Сайрап тұр

Шүкір, әлі таусылмаған түрім бар Тұз-дәмім .

.Сұрапыл дауылдан кейінгі шаршаңқы мұң басқан көңілдің жадау күйін суреттеген жыр арқылы ақын қара боран, қатыгез желді қаһарлы кезеңді – тарих қойнауына сіңіп бара жатқан өткен дәуірді тұспалдайды. Замана аласапыраны, тіршілік түйткілдері тұралатып, құр сүлдері қалған рухымен сырласқан автор мінәжатының мәні мұң мен сырдан құралған. Өткенмен өзектестіретін негізгі сарын да сол мәңгілік мұңнан танылады. Өлең иесінің өз өмірінің сергелдең сырлары да мінәжатына арқау болғаны анық. «Маған неге сонша қатал болдыңдар, Жылдарым?», «Бала құсым, ұшып кетпе пыр етіп, басымнан» деп мөлдір мұңды қимас сезімдермен өрнектейді ақын.

  1. Тікелей Жаратқанға дұға етіп, сыйыну:

… Иә, Алла! Жан беремін ақиқат шындық үшін, Тіл бере гөр алмастай жарқылдаған. Туылғам жоқ өмірге құлдық үшін, Жүрек бергін күресте тартынбаған.

Тек жастыққа ғана жарасатын осындай отты мінәжат жыры жас ақын Дархан Қыдырәлидің қаламынан туындады. «Мінәжатты адам ожданының оянуы, жан тебіренісі, сананың сілкінісі, өзінің нәпсісіне тоқтау салу баспалдағы деп бағалауға болады» деген зерттеуші И.Жеменей пікірі Д.Қыдырәли мінәжатының ішкі тегеурінін тап басып танудан туғаны айқын.

Тегімді танып, атырапты ұғып, Күнәмді біліп ақымақ қылық, Түсіну үшін қайтадан бәрін Жарата көрші топырақ қылып!

Тас жүректердің қуануы үшін, Имансыздардың нұр алуы үшін, Жарата көрші нұрлы дүние Ұяты барлардан құралуы үшін…

  1. Ишаралық мәні мол, сопылық поэзиямен үндес келетін көріністер: Керім Елеместің «Жетінші аспан» жинағында айқын көрінеді: екі бөлімнен тұрады: «Алагеуім» және «Жарық»

Муминнің жолын қия гөр,Алла? Тәуекел еттім Өзіңе! Жүрегіме иман құя гөр,Алла? Нұр сіңірейін өзіме! –

− автор эмоциялық бояуы қалың, экспрессивтік қуаты күшті сөздерді таңдап ала біледі әрі үзік-үзік өлең жолдары арқылы сезімдік тербелістерді күшейте түседі

Өлең құрылымында автор буындық тармақтардан гөрі мағыналық тармақтарға басымдық беруге бейім. Негізге алынған өлшем 7 буынды жыр өлшемі болғандықтан, өлең тармақтарының ырғақтық өзгерісі көзбен қабылдауда ғана аңғарылады:

Сан шүкір, АЛЛА, Ақ нұрым! Жыр етіп жырдың жекейін, Кетіріп жанның дақ-кірін, Құзырыңа құлдық етейін! Қабыл ал, Самғап жетейін! Әмин!

  1. Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін исламдық көріністер жыраулық поэзияға тән өміршең толғау сарынынан да аңдалады. Мұндай өлеңдер Дәулетбек Байтұрсынұлы қаламына тиесілі.

Бірыңғай ұйқасқа құрылған жыр бір деммен оқылып, біртұтас әсер қалдырады:

Қол жаямын Аллаһқа, …Қаһарлансаң бәрін де Жібересің ықтырып. Неткен ұлы Раббым, Сендегі бұл мықтылық !!!

Алла-ақиқат әлемін жарықпен, нұрмен байланыстыратын түйсікпен «Күнәсіз мекен» жинағының имани тақырыптағы жырлар бөлімін ақын «Нұр» деп атаған. «Қия бассам кездесем қиянатқа, Кетсем бе екен күнәсіз мекен іздеп?» деп шынайы шамырқанатын Дәулетбек жырлары орынсыз күрделіліктен аулақ. Қарапайым қазақы таным, орнықты ой, басалқалы сезімдер басым

  1. Діни ұғымдарға өте бай, сопылық терминдер өте көп кездесетін поэзиялық шығармалар.

Мұндай авторлардың қатарына Гүлнәр Шәмшиева жатады. «Тариқат жолы», «Махаббат саздары», «Қызғалдақ жауған әлем», «Рахман нұры» шығармалары − имани құндылықтарға бағытталған. Жүйелі көзқарасқа ие, сопылық теория («Қал ілімі») мен сопылық тәжірибеден («Хәл ілімі») хабардар ақын мінәжаттары рухани ізденіс үстіндегі дидар-ғашық дәруіштің үміт пен қауіпке («Хауф уа рижа»), махаббат пен мұңға толы жырлары түрінде көрініс тапқан:

Сағанкетсем, бірдауаболармаекен? Жүрегім шербет үнгетолармаекен? Баз кешкенбайғұсжанымдүниеден Жамалкөрсе, есінентанармаекен?!

Отаршылдықтан кейін есін жиған елдің ұландарының поэзиясынан дін исламның қанық бояуы айқын көрінеді.