Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-67.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.16 Кб
Скачать
  1. Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер

Тұманбай Молдағалиев — сыршыл лиризмді дамытқан ақын, Қазақстанның Халық жазушысы.  1935 жылы 20 наурызда Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, “Жарсу” совхозында дүниеге келді.  1956 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Екі мың он бірінші жылы қайтыс болды.

Поэзиясында арнау өлеңдер көптеп кездеседі. : Әлиеге, Нұрғожа Оразға, Ғафу Қайырбековке, Гүлшара Бекқызына, т.б.

Тақырыптық ерекшеліктеріне келер болсақ:

  1. Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:

А. Мерейтойларға арнап жазылған.

В. Тұлғалардың қазасына арнап жазылған

Құлайды-ау, күні бітсе, сол терек те,

Жылайды-ау серіктері қатар тұрған... (Нұрғожа ОРАЗҒА)

С. Жалпы шығармашылығына берілген баға

  1. Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:

А. Мерейтойларға, мереке мен тойларға арнап жазылған. Қыз ұзатуға арналған бұл өлеңінде құрдастардың жастық шағынан олардың балаларының ұзатылған кезіне дейінсуреттеп келіп, бойжеткенге ақ тілегін арнайды:

Ең сұлу қыз, ең және ақылды қыз,

Кеудесінде Жазкемнің алтын жұлдыз.

В. Тұлғалардың қазасына арнап жазылған

С. Еске алу, сағыныштан туған жырлар:

Қинамаңдар қартыңды, жаман ойлар,

Аман тұрсын қайындар, қарағайлар.

(Әлиеге)

Д . Әртүрлі жағдайларға арналған, сүйіспеншіліктен туған арнаулар

Ұлы дүниеге келгенде жазған шығармасы сезім мен қуанышқа толы:

Талай жылдар күткізіп сен туып ең,

Мен сонда қызғалдақтай құлпырып

ем ( Дәуренге)

Ақынның өз бауырына арнап жазған шығармасынан бауырлардың өзара сүйіспеншілігін, махаббатты , жан жылуын сезуге болады. Жақында еліне қайтатын бауырын қимастық та байқалады.

Екі-үш күнде сен де еліңе қайтасың,

Тірлігіңе дәріс алып жаңадан.

Бәйбішеңді қайта-қайта айтасың,

Қартаяйын дегенбісің, жан ағам.(Шортанбайға)

  1. Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері

Тұрсынбек Кәкішұлы - 1927 жылы 15 тамызда Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Берлі аулында туған. Әдебиет зерттеуші.  Қазақ әдеби сынының даму жолдары, жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің, оның көрнекті өкілдерінің шығармашылықтары хақында ғылыми ізденістер жасап, өкімді еңбек етіп келеді.

  1. Әдебиет тарихына қатысты еңбектерді даярлап, жазысуға қатысты

«Қазақ әдебиетінің тарихы» ( 1967), «Қазақ совет әдебиетінің тарихы» (1970)

  1. Сәкентанушы ғалымның зерттеу еңбектері өте көп, Алаш зиялысын жан жақты зерттеді.

С. Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізді:

«Сәкен Сейфуллин» (1967 -1997), «Қызыл сұңқар» (1968), «Сәкен және Гүлбаһрам» (1994), «Сәкеннің соты» (1994), «Таржол, тайғақ кешудің тағдыры» ( 1997), «Сәкен сүйген сұлулар» (1997), « Маржан- Сәкей » (2000), «Сәкен аялаған арулар» (2003) деген он шақты кітап жазды. . Сәкен шығармаларының көп томдығының құрастырушысы (10 томы шықты).

  1. Әдебиет теория, тарих, сыннан тұратынын ескерсек ғалымның қазақ әдебиетінің сынына қосқан еңбегі де орасан зор.Қазақ әдебиеті сынының тарихын зерттеп: «Сын сапары» (1971), «Оңаша отау» (1982), «Қазақ әдебиеті сынының тарихы» монографияларын жазды. Соңғы еңбегі жоғары оқу орындарында оқулық ретінде қолданылып келеді.

  2. Т. Кәкішев әдебиет тарихшысы ретінде аса елеулі еңбек еткен оқымысты. Сонымен бірге онын шығармашылығын тағы бір қырын айтпай кетуге болмайды, ол – фольклористігі. Яғни әдебиет тарихын зерттеуді  фольклортанумен ұштастыра  қатар жүргізіп отырған.

Қазақ фольклорынын жиналуы мен зерттелу жолдарын баяндайтын «Қазақ фольклористикасы» \1972\ атты зерттеу еңбекте көрнекті фольклоршылар өмірі мен қызметі қарастырылған осы жинақтағы С.Сейфуллин туралы тарауды Т.Кәкішев жазып, Сәкеннің халық әдебиеті мұрасын  жинау мен зерттеудегі ізденістерін алғаш рет жан-жақты сөз етеді. Әсіресе ғалымның тереңірек қарастырғаны-Сәкеннің 1932 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиеті» атты зерттеу еңбегі. Автор Сакеннін фольклористік еңбегін екі кезенге бөледі. Бірінші – Сәкен қазақ фольклоры үлгілерін жинаушы, жариялаушы, екінші – зерттеуші ғалым ретінде қараған.

Ол небір қиуы қашып, қисыны кеткен істерді татымды  да тапқыр сөздерімен тындырып отырған би-шешендердің ойларынан туған кенеулі сөздерін жинақтап «Билер сөзі» /1992 деген атпен жеке бастырады.  Билер сөзі дегенге сезік –секеммен  қараған тұста қағажу  көрген ақпа –төкпе шешендердің ұшқыр ойынан туған дүрдана сөздерді  жинап, көпшілік қауымға жиірек ұсынып отыруды да орынды ескертеді.

Халықаралық білім академиясының Құрметті академигі Т.Кәкішев- фольклорлық мұраны өзінің ұзақ жылғы ғылыми  еңбегінің бір саласы ете отырып, оның  жиналуы  мен зерттелуіне үлкен үлес қосып  келе жатқан қажырлы қаламгерлердің бірі.

  1. «Жаяу салдың се­­руендері» атты сапар есте­лік­тері жарық көрді. «Жаяу салдық өнерімен» Қытайдағы қазақтардың мәде­ниеті мен әдебиетіне зерттеу жасап, «Қытайдағы бауыр­лар­дың руханияты» атты ең­бек жазды