
- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
“Мен өз дәуiрiмнiң жаңғырығымын” деп Виктор Гюго айтқандай, Мұқағали да 60-70-жылдардағы жыр әлемiнiң жаңалық жаңғырығы болды. Халықтың бай ауыз әдебиетiмен сусындаған, Абай поэзия-сын жетiк меңгерген, Қасымды жатқа оқыған, Әбдiлдәнi өзiнiң ұстазы санаған Мұқағали ешкiмге ұқсамайтын, образды сөз өрнектерiмен ерекшеленедi. Олай болса, образды сөйлемдер ақын лирикасының көркемдiгiн, мағыналылығын, шынайылы-ғын, жаңалығынкөрсетедi.
Кең дүние, төсiңдi аш, мен келемiн,
Алынбаған ақым бар сенде менiң.
Бұйрат құмдар – бұйығып шөлдегенiм,
Бура бұлттар бусанып терлегенiм,– деп ақын өзi айтқандай, сонау биiкке самғаған қазақ жырының өлең өлкесiне сыршыл да шыншыл поэзиясымен айқайлап келiп едi. Ақын сөздi қиыстырып, тиiстi жерiнде ұтымды қолданып қана қоймай, ойдың түсiнiктiлiгiн, айқындылығын, дәлдiгiн беру үшiн сөз мағынасын сан жаққа құбылтып жұмсайды.Мәселен, “Ақ кимешек көрiнсе сенi көрем, Ақ кимешек жоғалса ненi көрем”, “Су сұраса сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсың-ау, қайран жеңгем!”, “Қарқ қылмай тұрса да қара нанға, Қара қамба құт едi балаларға”, “Сенбеймiн әкең өлдi дегенге мен, Себебi ол үйiмiзден тiрi аттанған”, “Шаруасы шайқалған шағын үйдiң, Шаңырағына шаншылдық уық болып”... тiзбектелiп кете беретiн өлең жолдары бар қазаққа таныс төл ұғым.Ақын өзi өмiр сүрiп отырған қоғамдағы алуан түрлi көрiнiстердi лирикалық шығармасы арқылы оқырманына жеткiзедi.адамның бойында, мiнез-құлқында, iс-әрекетiнде, тағдырында жақсы мен жаман араласып, пендешiлiк, арамдық, көрсеқызарлық, жауыздық, қараниеттiлiк, екiжүздiлiк одан басқа да толып жатқан түрлi зымияндықты бiлдiретiн ұғымдарды ақын өткiр де уытты жырларымен жоғалтуға ұмтылады. Сонымен қатар өмiрдегi жақсылық пен жамандық, iзгiлiк пен зұлымдық, адалдық пен арамдықты, өмiр мен өлiм сияқты кереғар ұғымдарды көркем тiлiмен айшықтап, суреттеп бередi.Мұқағали лирикасының лингвистикалық табиғатын қарастырғанда назар аударатынымыз - оның халық тiлiнiң байлығын, оның мүмкiншiлiктерiн қаншалықты пайдаланғанын, әдеби тiлiмiздiң дамуына қосқан үлесiн, өзiндiк қолтаңбасы мен өрнегiне айрықша мән береміз. М. Мақатаевтың жалпыхалықтық қолданыстағы сөздердi қолданумен қатар жеке авторлық қолданыстарды /окказионализмдердi/ қолданғанын да байқаймыз.
Иранғайыптың философиялық лирикасы.
Иран-Ғайып (Иранбек Әбітайұлы Оразбаев) 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Абай кеңшарында дүниеге келген. 1970 жылы Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, 1980 жылы Мәскеудегі М. Горький атындағы Дүниежүзілік әдебиет институтының жоғарғы курсын бітірген.
Философиялық лирика - лириканың тақырыптық табиғатына, мазмұндық-идеялык тұрғыда жіктелуіне қатысты туған ұғым. Философиялық лирика термині әдебиеттануда жиі ұшырасатындығына қарамастан, ол туралы дәйекті, тиянақты байлам жоқ. Сондықтан философиялық лирика термині кейде тым кең аяда - болмыс, өмір, тағдыр жайын толғаған кез келген өлен-жырға байланысты қарастырылады.. "Меннің" айқын сезілуі - философиялық лирикаға хас айрықша нышандар ретінде танылады. Бұл белгілердің назарға алынбауы философиялық лириканы дидактикалық, афористік, интеллектуалдық поэзиямен шатастыруға апарып соқтырады. Иран ғайыптың поэзиясында да философиялық ойлар аз емес. Мазмұндық идеялық тұрғыдан көптеген тақырыптарды да қамтыған:
Өлім туралы:
Өлсең – адал өлуге
Өзіңді өзің дайында!..» Адам баласына өлімнің хақ екенін, және өлім тіршіліктің соңы емес екенін, сол себепті де рухани дайындықтың қаже ттігін көрсеткен
Өмір туралы:
Мәңгілікке майдан ашқан бекініп
Бітіспес жау – Шындық пенен Өтірік
Міне өмірдің майданында алысқан осы екеудің қайсысына жақ болатыныны адамның өзі шешпек. Ақын әрдайм ащы да болса шындыққа жақ болмақ екенін жырға қосқан.
Адам факторы
Алдыменен аялайық Адамды –
Табиғаттың ең ардағы, асылын!
Иран ғайып поэзиясында ең ардақты, ең қымбат боп жоғары бағаланатын Адам. Ақынның осы философиясы мына өлеңінде айқын көрінеді:
Түкте емес Құдайың да,
Құдіретің де,
Тірліктің Тәңір–Иесі–
АДАМ ғана! Әр ақынның өз құндылықтары бар. Бұл жерде философиялық лиризмге тән «мен» айқын көрінгенімен, меніңше қате философия. Данышпан ақынға түсінуге қиын болса да , Алладан басқа құдай жоқ, , ал адамның тек бейшара құл екені күллі мұсылманға түсінікті ақиқат.Ақынмын деп артық кетпеген абзал, Өзі жырлағандай оған да бір күні ақ өлімнің келетінін ескергені жөн.
Ақынға сол тірліктің тәңір иесі болған адамдардың арасынан өзіне дос бола алатындай ешкімнің табылмағаны өкінішті!!!
Досым десем – Шын досым жоқ! Жалған дос – Ішірткінің құтысындай Қалған бос... Расында ақын өзіне мәңгілік дос бола алмайтынын, пендешіліктен пенденің аттап кете алмайтынын анық атап кеткен
иран ғайып өлең рухынан әлемге, өмірге, адам тағдырына деген лирикалық көзқарастың көрініс табуы, жан толқынысынан хабар беретінін лирикалық үн естіліп, болмыс мәнін, шындық елесін іздеген, мәңгілік сауалдарды өзінше қабылдап, өзінше жауап қайтаруға тырысқан