Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-67.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.16 Кб
Скачать
  1. Қ. Ысқақ прозасы.

Жазушы, драматург, кинодраматург,1935 жылы  14 наурызда  Шығыс  Қазақстан  облысы, Қатонқарағай  ауданының  Топқайың  ауылында  туған.    Проза  жанрында  жазушының  коптеген  әңгіме, повестер  жинақтары, жеке  романдары  жарық  корді: «Дос  хикаясы», «Менің  ағаларым», «Бұқтырма  сарыны», «Қоңыр  күз  еді», «Тұйық», «Қара орман», «Березовая  роща», «Кедры  высокие», «Жарық  дүние», «Ақсу -  Жер жаннаты», таңдамалы  шығармаларының  бес  томдығы.А манхан ӘЛІМҰЛЫ: Мен қазақ прозасын бірнеше ағымға бөлемін. Бірінші, эпикалық проза. Бұл Әуезов бастаған топ. Кең тынысты прозалар. Мысалы, орыстарда «Война и мир», Толстойдың эпикалық прозасы бар. Сосын Аймауытов бастаған топ бар. Психо-поэтикалық проза. Адамның ішкі жан дүниесіне үңілу арқылы поэтикалық тілмен жеткізу. Одан кейінгіні орыстар «деревенская проза» дейді. Ауыл прозасы дейік. Бұл Бейімбет бастаған топ. Содан кейінгісі интеллектуалдық проза. Бұған үлкен дайындық керек. Асқар Сүлейменовтер, Қалихандар. Кітаби интеллектуал емес, ұлттың өзінен шыққан интеллектуалдар. Яғни, ұлттық ойлау жүйең болмаса, бұлардың прозасын қабылдай алмайсың.

  1. 60-80 жылдардағы қазақ прозасындағы соғыс тақырыбы.

  1. М. Мағауин «Жармақ» романы және постмодернизм:

«Жармақ», Прага, «Арт-Фокус» баспасы, 2008 жыл.    қазақ әдебиетіне жаңа заманға сай тыңнан қалыптанған, тосын мінезді, ұлттық сыр-сипатқа мей­лінше бай, әлемдік өредегі әсем үлгілер қосылды. Осы тұрғыдан кел­генде, “Қып­шақ аруы”, “Кесік бас – тірі тұлып”, “Жармақ” сынды жаңа тұрпатты хикаят-романдары Мұхтар Мағауиннің айрықша жамалды, бірегей бітімді, жаһа­ни шығармашылыққа бет бұрғанын, бұ­рын­ғыдан да биігірек көркем сурет­керлік өріске шыққанын әйгіледі. Әсіресе, бүгінгі күндер суретін сұлбалаған, ұлттық ділі­міздің қақ жарылған қасіретін таң­балаған “Жармақ” романы ұлттық про­за­мыз ұмты­лар замани межені меңзейтіндей. Роман қазақ елінің ғасырлар тоғысындағы көкейкесті мәселелеріне арналған. Онда ұлтсыздық, мемлекет болашағы, халық тағдыры туралы толғаныстар көрініс тапқан.

Осы ойымызды академик Сейіт Қасқабасовтың өткен жылдың ақпанында бізге берген сұхбатында: “Тәуелсіздік тұсын­дағы әдебиетіміздің аяқ алысы жаман емес. Жаңа леп, жаңашыл көз­қарастар баршылық. Постмодернизм нышандары байқалуда. Мысалы, жаңа әдебиеттің үлгісі деп Мұхтар Мағауиннің “Жармақ” романын айтар едім” – деген сөздері айқындай құптамай ма.  Негізгі кейіпкерлері: Марат пен Мұрат, Мүштар Маханов, Балжан, романдағы екі кейіпкерге назар салған жөн. Бірі – Иман Қазақбай,  екіншісі – Мұрат. Қазақбай әлдебір журналдың бас редакторы қызметін атқарып, ел үшін, ұлт үшін жанын салады, кейін сонысы үшін қоғамға сүйкімсіз боп шеттеп қалады. Елден Иман кетіп, ылғи имансыздар қалса, қазақтың (Қазақбайдың) құрығаны. Бірақ, Иманның өзі кетсе де, көзі кетпейді, ол Мұратты тәрбиелеп кеткен еді. Мұрат имансыз Маратқа қарсы күреседі. Кейде әлсіздік танытып, жеңіледі, кейде жеңеді, кейде тіпті «ұ» әріптік қазақы ұлы қасиеті «а» әріптік бөтен пиғылға ауысып, Мұрат Маратпен тұтасып кетеді, қайтадан екеуінің арасы жарылып («Жармақ»), иманды жолға қайта түседі...