- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
Мұқай Баққожа (31 қаңтар 1948, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Нарынқол ауылы — 2008) — жазушы, драматург. «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын алған (2000).
1971 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетін бітірген. 1965 жылы Кегей аудандық «Коммунизм нұры» газетінде еңбек жолын бастаған. 1970 — 1988 жж. «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген.
Ол «Жалғыз жаяу», «Өмірзая» атты романдары мен «Жаңбыр жауып түр», «Өмір арнасы», «Аққу сазы», «Мазасыз маусым», «Дүние кезек», «Тоят түні», «Жеті желі», «Алғашқы махаббат», «Ертегідей ертеңім» атты кітаптардың авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, белорус, якут, татар, башқұрт, чех, орыс, өзбек, қарақалпақ, түрікмен, корей тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984 жылы «Водоворот», 1988 жылы «Белая птица» атты кітаптары шыққан. Оннан астам драмалық шығармалары Қазақстандағы және шет елдердегі театрларда қойылған. Бірқатар жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. «Қош бол, менің ертегім» пьесасы мен «Аққу сазы» хикаялар кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы (1982), Қырғызстан Республикасының Т.Әбдімомынов атындағы әдеби сыйлығы (1995), «Өмірзая» романы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығы берілген (2000). «Парасат» орденінің иегері
Қ. Аманжолов поэмалары.
Қасым Аманжолов лирикалары өзінің сыршылдығымен, әуезділігімен, көркемдік қуаттылығымен тез арада оқырман жүрегін жаулап алды. Қасым 1937 жылдардың өзінде поэма жанрына қалам тербей бастаған. Алғашқы поэмасы – «Қытай қызы». Бұл тарихтан білетініміздей жапон империалистерінің қытай жеріне баса көктеп кірген кезі еді.. Одан соң 1937-1938 жылдары атақты Естай ақынға арнап «Хорлығайынды» жазды. Бұл өлеңмен жазылған драмалық туынды. 1938 жылы жазылған «Құпия қыз» ‒ керемет поэма. Шығыс Түркістанда өскен Ләззат есімді сұлу қыз тағдыр тәлкегіне ұшырайды. Оны сол жердің зәңгісі жастығына қарамай, әйел үстіне алмақ болады. Бірақ, Ләззат оған көнбейді. Араға түсіп, арашалап алатын адам болмағандықтан, сұлу қыз баяғыдан арманы ата жұртқа ат басын бұрады. Шығарып салған қойшы Жақып соққыға жығылып, Нұрман қазаға ұшырайды. Зәңгі Жүсіптің адамдары шағын ауылды әбігерге салып, ойран ботқасын шығарады. Алайда, Ләззаттың өгей шешесінен басқа ешкім оған қайғырып алаңдамайды. Ләззат ата жұрты Қазақстанмен қауышып, бақыттың бесігінде тербеледі. Зәңгі Жүсіптің ылғида тек жағымсыз қылықтармен оқшауланады да, тұрады. Автор оның тіпті Зәңгілікті қалай алғанын да жасырмайды. Ол аз десеңіз Әбіл қартқа «қызын берсін» деп, түн ішінде жаушы шаптырады. Жүсіптің есерлігі мұнымен бітпейді. Жолы болмаған соң жаңа тапсырма береді. Міне, поэмадағы Жүсіп бейнесі осындай. Ақын Зәңгі образын ашу арқылы адам бойындағы ынсапсыздық пен зұлымдықты, қатыгездік пен жауыздықты, керітартпа мешеулікті сынайды. Ал Ләззаттың көркіне ақылы сай. Оның өмірі атын естігені болмаса, көзі көрмеген мекенге ат басын бұруы, тәуекелге бел байлауы – романтикалық кейіпкерге тән әрекет. Ол өз болашағы үшін күресе алатын, қорлық пен озбырлыққа төзбейтін, еркін, азат өмірдің қарлығашы. Дегенмен, бұл поэма әйел теңдігін жырлаған туынды емес. Мұнда кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында туған шығармаларға тән ескі мен жаңаның да күресі жоқ. «Құпия қызды» махаббат бар, күрескерлік рух бар, адам тағдырына бей-жай қарамайтын ақындық философиялық бар. Әрі-беріден соң қытай жеріне қалған қандастарымыздың тағдырына араша тілеген жүрек бар. Қасым Аманжолов 1938 жылы «жырдың қызыл жолбарысы» атанған Жамбыл Жабаевтың ақындық қызметінің жетпіс бес жылдық мерекесінен алған әсермен үлкен поэма жазды. Ол «Жамбыл тойында» болатын. Бұл бір шынтақтап, шалқып-тасқан» Жамбылдың тойына Парнастан Гомер, Ираннан Фердауси дұғай сәлем жолдайды. Жыр нөсері Махамбет, «ақылдың ақыны» Абай бастап, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса қостап, енді бір жақтан Бұхар мен Сүйінбай, Құрманғазы мен Тәттімбет, Сұлтанмахмұттар келеді. Ол, ол ма, мына жақтан Пушкин мен Лермонтов, Некрасов пен Гоголь, Чехов пен Толстой, мұзбалақ Горький келе жатыр. Олардың ізін баса Байрон, Шекспир, Шиллер, Шота, Гете, Гейне келеді. Жақсы мен жайсанның ұмыт қалғаны жоқ. Барлығы шалқып-тасып Қасымның замандастарымен сырласып отыр. Бір шеттен Шекспир мен Мұқаң (Мұхтар Әуезов) тізе қосса. Горький Сәбеннің (Сәбит Мұқанов) «Теміртасын» қарап отыр. Сұлтанмахмұт Дихан Әбілевтің «Шалқымасына» шалқыса, Әбділда Тәжібаев пен Гейне оңаша жүр. Тайыр Жароков Махамбетті жағаласа, Гоголь мен Әлжаппар, Беилнский мен Есмағамбет бөлек жүр. Ал Маяковскийдің қасында Ғали мен Қалижан бастаған бір топ жас ақын. Барлығы да ғажайып күйге бөленіп, көңілдің көк дөненін кермеге байлап, бақытқа мас болып жүр. Романтик ақын Жамбыл тойын осылай бір шалқыта суреттейді. Қасым Аманжоловтың оқырмандар арасында елеулі сынға ұшырап, тіпті 1950 жылдары өзіне қамшы боп тиген тағы бір поэмасы «Бикеш» болатын. Бұл адамзат баласының моральдық азғындауының сырын ашып, жігін жіктеп берген туынды еді. Мұндағы басты кейіпкер – Азғынбаев типтік характер. Бойында адам сүйер бір қылық жоқ. Жүрген жері ылаң, сау басын дауға салып жүретін бейбақ. Өзі – жалқау, айтқаны – өтірік, ішкені – арақ. Екінші кейіпкер Бикеш сұлу қыз. Ақын оны «ақша маңдай, алма сағақ» деп бір-ақ жолмен сипаттайды Қасым «Бикеш» поэмасы арқылы «Азғынбаевтардың» кеңес дәуіріндегі бейнесін дәл сомдап берді.
