Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-67.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.16 Кб
Скачать
  1. Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.

(1945 жылы 10 маусымда дүниеге келген, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – прозашы, юморист- жазушы Т.Нұрмағамбетовтің «Кене» атты туындысында нысанға алып отырғаны тірі адамзат атаулыға бәймәлім, жұмбақ өлгеннен кейінгі әлемі, өмірі десек, болғандай. Әу бастан бірінші жақтан кененің көзімен, кененің танымымен, қабылдауымен баяндалатын бұл әңгіменің психологиялық салмағы өте ауыр. Т.Нұрмағамбетов кейіпкерін, біріншіден, кеше ғана тірі пенде болып, жер басып жүрген адамының өлгеннен кейінгі өмірін тілге тиек қылып, барлық оқиға желісін жоғарыда түнгі көбелектей қабалақтап ұшып жүрген Бименнің ЖАНЫНЫҢ көзімен көргенін, сезінген ойлау жүйесімен береді. Екіншіден, не ана дүниеде, не мына дүниеде жаны тыным таппай, жалғызсыраған кейіпкерін Кенеге айналдырады, яғни автордың айтпақ ойы, танымы енді КЕНЕ-нің болмысынан шығарылып өрбітіліп отырады.

  1. Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы

Қазіргі қазақ поэзиясы дамудың даңғыл жолына түсіп, тыңнан жол салып келеді. Ел тәуелсіздігін  алған соң бұрынғы қазақ кеңестік поэзиясы күрт бетбұрыс жасап, жаңа бағытта, тың тақырыптар мен соны идеяларды насихаттай бастады.

      Тәуелсіздік таңы атқанын жырға қоспаған бірде бір ақын болмады. 2000 жылы Темірхан Медетбек «Тағдырлы жылдар жырлары», 2002 жылы Иран – Ғайып (Оразбаев Иранбек) «Қорқыттың көрі» атты жыр кітабы, Нұрлан Оразалин «Ғасырмен қоштасу» деген жыр жинағы, Марфуға Айтқожина «Аңсау» атты өлең кітабы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаттары атанды.           Бүгінгі лирикалық қаhарман «азатпын», «бостанмын» десе, оның жөні басқа.  Темірхан Медетбек «Тәуелсізбін» атты көлемді өлеңінің былай деп шарықтатады.

Тәуелсізбін!

Тәуелсізбін мен бүгін.

Келді міне азаттығым,

Теңдігім.

Бостандықта бойлығым мен ендігім.

Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім. [6.198.]         Тәуелсіздік әдебиетінің бір ерекшелігі – ел азаттығымен қоса сөз бостандығын да сыйлаған замана кезінде туып дамуы. Ақын Темірғали Көпбаевтің «Көзмоншақ» (1998) аттты жыр кітабын сөз өнерінің сұлу кешіндегі бөлекше көз тартар көлік бе деп қаласың.

Ұлықбек Есдәулет ақын ана тілінен жусан мен қымыздың аңқыған исін сезінем дейді. «Қазақ тілі» өлеңінде Мағжан пікірін еселей түседі:

Фарабилер мен Бейбарыстардың

өсиеті өзіңде,

Махамбет сынды жолбарыстардың

Қасиеті бар сөзіңде.[6.222.]

  Тәуелсіздік алғаннан кейін, қазақ әдебиетінде негізінен, поэзияда тың тақырып – дін тақырыбына кеңінен жол ашылды. Қазақ халқы дінімен қайта қауышты. Кеңес заманында аға буын өкілдері шығармашылығынан көрініс таба қоймаған тың тақырыпты жастар жағы іліп әкетті. Қазақ поэзиясына өзіндік үлес қосқан, көрнекті ақын Мұхамеджан Тазабековтің «Дін Ислам – діңгегім» өлеңінде қазақтың арғы-бергі тарихында діннің орны бөлек болғанын, ата-бабамыздың ежелден діні мен діліне берік халық екендігін жырлай келіп, тәуелсіздікке қол жеткізгеніміздің өзін сол бес уақыт намазын қаза қылмай, елінің азаттығын аңсап өткен ерлердің ақ тілегінің қабыл болуы дейді.

Дін Ислам болсын бізге неге бөтен,

Тектілердің тарихы терең екен.

Кешегі Күлтегін мен Тоныкөктер

Жаратқанға сыйынып келген екен...

Өткір тілді ақын халқының бостандыққа қол жеткізсе де, дінге әлі толыққанды мойынсұнбағанын, батысқа еліктеушілік пен арақ-шарап, ішімдік санасын улап, жалған жарнамаларға алданып жүргенін айтып налиды.

Т.Көпбаевтың «Қауіп» өлеңі, Талғат Кеңесбай «Лениннің бәтеңкесі», Нұрғали Ораздың «Ешкім мекен етпейтін арал» атты әңгімесін, Мәдина Омарованың «жұмбақ», «Жол үстінде» әңгімесі. Дидар Амантайдың «Мен сізді сағынып жүрмін» повесі постмодернистік үлгіде жазылған шығарма. «Қоңыр қаз» — Айгүл Кемелбаеваның бүгінгінің ең үздік шығармасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]