
- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
М. Шаханов поэзиясы.
Мұхтар Шаханов Шымкент педагогикалық институтын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері
Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы М.Шаханов поэмаларының тақырыптары сан алуан. «Танакөз» шынайы достық, адал махаббат, қайырымдылықты дәріптесе, «Сейхундария» Сырдария туралы көне аңыздардың желісіне құрылған, «Күретамырды іздеу» жастық шақты жырласа, «Сенім патшалығы» көне дәуір мен бүгінгі өмір адамдарын шендестіре суреттеп, философиялық ой түйеді, «Махаббатты қорғау» махаббат триптихтарынан тұрса, «Нарынқұм трагедиясы» халық қамы үшін күрескен патриот ақын Махамбеттің өміріне арналған. Ақынның «Жеңілген жеңімпаз хақындағы Отырар дастаны немесе Шыңғыс ханның қателігі» атты поэмасы Отырар тағдырын суреттейді.
М.Шаханов – драматургия жанрына да қалам тербеген. Оның «Махаббат таңы» (1970), «Сенім патшалығы» (1977), «Көкейкесті» (1987) атты поэзиялық пьесалары театр сахналарында қойылды. «Уақыт бедерлері» (1981), «Зерде кітабы» (1984) атты жинақтары орыс тілінде жарық көрді. М.Шахановтың шығармалары шет елдерде де басылып шықты
Қ. Жұмаділов прозасы
Қ.Жұмаділов 1936 жылы көкек айының 24-жұлдызында Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Шәуешек шаһарынан елу шақырым жердегі Малдыбай бұлағындағы қазақтың киіз үйінде дүниеге келген. Шығыс хиссасы негізінде қойылған Арнұрашит деген ағасына ұйқастырып, алғаш азан шақырғанда оған Қабдырашит деген ат қойылған екен. Бірақ ата-ана, ағайын-туған, ауыл-аймағы еркелетіп Қабдеш атандырған.Қазақ прозасы тарихында өшпестей із қалдырған қаламгерлер қатарында Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының иегері Қабдеш Жұмаділов те бар. Оның қаламынан туған «Сарыжайлау», «Бір түп тораңғы», «Сәйгүліктер», «Қарауыл», «Бір қаланың тұрғындары», «Тұл дүние» сияқты повесть-хикаяттары мен «Көкейкесті», «Соңғы көш», «Тағдыр», «Прометей алауы», «Қылкөпір», «Атамекен» атты романдары оқырман қауымға етене таныс.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары жазылған екі томдық тарихи романы «Дарабоз» туралы Ш.Елеукенов, Т.Сыдықов, М.Хамзин, Ж.Дәдебаев, А.Егеубаев және т.б. белгілі ғалымдар кезінде баспасөз беттерінде мақалаларда романға әр қырынан аналитикалық талдаулар жасалған болатын.
Соңғы жылдары жазылған «Мәңгілік майдан», «Найман-Ана ескерткіші», «Тозаоты», «Абылайдың ақырғы батыры», «Аранға түскен аққулар» атты тарихи хикаяттары да белгілі бір кезеңнің тарихи шындығын ашуға бағытталған.
«Тарихи романшылар кезеңі» аталатын 1960-1990 жылдардағы повестерін қоспағанда, қазақ прозасының қоржынына «Көкейкесті» мен «Соңғы көш», «Тағдыр» сияқты қомақты романдарды салған Қ.Жұмаділовтің кейінгі жылдары жазған бүгінгі қоғамның әртүрлі мәселелерін қамтитын әңгімелерінің өзі бір төбе. Атап айтқанда, «Зауал», «Мерген», «Аманат», «Емен мен қайың», «Әмбебап әйел», «Ол да бір қызық дәурен-ді», «Бәс, немесе қарагер аттың хикаясы», «Есі ауысқан адамдар», «Күйеу бала», «Абақты», «Кешірім», «Бір шөлмек сыра», «Фәни мен бақи дүние арасы», «Тоқымқағар», т.б. әңгімелері – соңғы он жылдағы жазушы жетістігі. Қ.Жұмаділов шығармаларының ерекшелігі сонда, ол адам болмысы мен ұлт болмысын бірлікте, тұтас дүние кеңістігінде қарастырады.