Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-67.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.16 Кб
Скачать
  1. Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.

Роза Мұқанова - 1964 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Көлденең ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Қазақ Ұлттық Университетініңжурналистика факультетін тамамдады. 1987 жылы Орталық мұражайдың Әдебиет және өнер бөлімінде қызмет жасады. 1989 жылы Қазақстан Жазушылар одағының Аударма коллегиясында аға редактор, ҚР Ақпарат министрлігінде жұмыс істеді. 2007 жылдан ҚР Парламент Сенатында жауапты қызметкер.

«Жарық дүние» (1994, «Жалын»), «Дүние кезек» (1997, «Жазушы») әңгімелер жинағы, «Қүдірет-Кие» ( 2001, «Сөздік-Словарь») әңгімелері мен драмалық хикаяттары, ІІ-томдық шығармалар жинағы (2007, «Қазығұрт»), жарық көрді. 2008 жылы «Көркем әдебиет» сериясымен «Жазушы» баспасынан әңгімелер жинағы шықты

“Мәңгілік бала бейне” Семей полигонынан зардап шеккен Ләйлә қыздың аянышты тағдыры. Бұнда экологиялық апаттың зардабынан азап тартқан жас қыздың өмірге деген көзқарасы, ішкі жан күйзелісі терең суреттелген.

  1. Ф. Оңғарсынова поэмалары

Фариза Оңғарсынова поэмалары

Ақының Ақбөбек жырлары поэмасы да өзінің қысқалығы және жинақтылы, сюжет, композиция құру ерекшілігі, қаһарман образдарын жасау жағынан «Тартады бозбаланы магнитім ...» шығармасына ұқсас. Бұл поэмада халық аңызы емес, шындық өмір негізінде бірін – бірі сүйіп қалып, бірақ тар заманның шектеуі мен құрсауынан қосыла алмаған Ақбөбек пен қайыптың махаббаты жырланған.

Ақбөбек те Майра ақын сияқты даламен, тау – таспен терең сырласатын, қуанышын, мұын сыртқы ақтарғысы келетін романтик, үшін қандай қарсылыққа да тура бара алатын батыл.Ақбөбек бәрінен бұрын табиғат сұлулығына, махаббатқа құштар.Алдымен оның ішкі жаны сұлу, тәні таза.

Дала,менің жеңешемдей

кетіпсің ғой құлпырып тым!

Тіршіліктің бәрі бүгін,

Бәрі бүгін түледі.

Таулар ғана кәрілігін

сезінгендей күрсінде.

Кәрі таудың құшағына

Тұрақтамай бұлақ – қыздар

Қарт жүрген құса қылып

Кетіп жатыр құлап құздан.

Мұндай сөздерді ішкі дүниесі көркем, нағыз тынық сезім адамы ғана айта алар болар!Ақбөбек - осындай қыз.Ол өзі өскен шексіз даламен терең сырласады, өз көңңіліне жұбаныш іздейді, өзіне және басқаларға бақыт тілеп, бірдей болуды армандайды.

Қарсаңыз, соңғы қатарлардығы кәрі таудың басыны «бұлақ – қыздар» тұрақтай алмай, олардың қарт жүрегін құса қылып, шыңдардан құлап жатуы не деген сурет? Бұны Ақбөбек тағдырымен ұштастыруын айтпайсыз ба? Ақын шеберлігі емей, бұл не? Ақбөбек те сондай сезімтал және әдепті, таза ...

Сюжеттік,Композициялық, поэтикалық жақтан қарасақ, поэмада Ақбөбек пен Қайып монологтары ( лирикалық формасы ) «Даламен сырласу», «Жеңеше», «Түңілу», «Сөнбейтін сезім», «Ашыну», ( Ақбөбектің патша офицеріне түрмеде айтқаны ), «Өмірге тұрар үш күнім», «Арман», т.б. бірнеше бөлімдерге бөліп беру де керемет орынды шыққан.

Поэмадағы қысқа оғиғалы, сюжеттердің мағынасы сонда, Қайыпты сүйген Ақбөбектің бай әкесі оған бергісі келмеген келмеген соң, олар офицері Ақбөбекті ұстап әкеліп,түрмеде зорлағысы келеді.Бірақ Ақбөбектің оны қасына жолатпайды :

Жолама маған,

қолңса – сасық, күлімсі исінен жерінем,

Қорқытам деме - талай қорқудан батыр боп мен алдым тегі мен.

Сенсіз - ақ көрген азабым бастан асып тұр

Мынау даланың шонжарлары мен бегінен.

Тірілей сенің құшағына енбен, жүн ерін,

Аю мойныңа асыла алмады Қайыпты ораған білегім! – дейді.

Ақбөбектің бұл ашына айтқан сөздерінен тек қазақтың әйел – қыздарын емес, бүкіл бұратана атанған орта Азия халықтарына істеген патша үкіметі мен жергілікті дала байлары мен бектерінің ұмтылмас ұнамсыз бейнелері тайға басқан таңбадай елестейді.

Бірақ, халық жүргенде Ақбөбектің ( Асқақтығым асып, ашудың қысса жарып же! ) өр, өжет тұлғасы батырлықтың, сұлулықтың символындай мәңгі есте қалады.

Ақбөбек пен Қайып үшін тауда өткізген үш күннен бақытты шақ жоқ. Сондықтан да поэма қос ғашықтың арманы мен махаббытың қос қайыңы боп ырғалы өскен жастар тойын аңсаған ақының фантазиясымен аяқталады.

Елестейді жанбаған бағым әлі,

Сорлы жүрек сол күнді сағынды.

Ақбөбек пен Қайыптың қызығы деп,

Тойлы ауылға кәрі жас ағылады.

Ән – күйңді бүгін сен бұлдама деп,

Достар тұрса даланы жырға бөлеп.

Сонда біздер бақыттың, толқынында

Қос қайың боп, дүние – ай, ырғалар ек!

...Бақыт аңсап балалық күн кешіп ем,

Болмағыны – ау бармақтай бір несібем...

Бұл қапырық қуыстын құтылармын,

Қалай шығам заманның түрмесінен...

Мінекей, жалпы тұтас алғанда,шағын ғана поэманың айтары осы.

Еркін махаббат тақырыбы, қоғамдық - әлеуметтік жай – күй, адам проблемасы, егемендік пен бостандық қалай тұтасып кеткенін көріп бас шайқайсың...

«Қазақтың бір қызы бар Кәмшәт деген»

Ф.Оңғарсынованың «Қазақтың бір қызы бар Кәмшат деген» поэмасы ХХ ғасырдың 70 – жылдарындағы өмірден алынып, заман тақырыбына, өндірістік мазмұнда құрылған поэма деуге болады . Мұны очерік – поэма, публистикалық - поэма десек те жараса береді.

Әрине, ақын мұнда ХХ ғасырдың қазақ қыздарының қолы жеткен табыстарын, іс - әректін, келбетін, кең даланы көркейтуге қосып жатқан үлесін, мақтаныш сезімімен жырлағанын айту керек.

Ақын Кәмшәттың қара басын,отбасын ғана емес, оның ұстаздарын, достарын, құрбыларын айтып, қуантады.

Фариза Кәмшат жайлы алдымен очерк, кейіннен повесть және мына поэмасын жазыпты. Өз басым Фаризаның бұл әрекетін құптамаймын. Өйткені өмірде бар адам жайында жазу ауыр. Әрі мұнда документальды, деректі шығарма жасауы тиіс қой. Мұндайда ақынның абыройы түсіп кетуі де мүмкін. Шығармада ойдан қосылған детальдар кездессе, қазіргі Кәмшатты танитындар сезіп қалады. Онынды басқа оқушы түсіне бермейді. Содан ақын беделі түседі. Сондықтан да ақын кібіртіктеп, автобиографиялық жағдайлардан асып кете алмай, фактілермен шектелуін қалай түсінсе болады?

Кәмшат ерлігі – қазақ үшін дәнеңе емес қой. Оны мысалы, мына өзбектер мен тәжіктер талай қайталап жатыр. Оларын бадырайтып жатпайды да. Өтті, кетті...

Дегенмен, ақынның қазақ әйелін көрсетудегі табыстарын айтпаса болмас. Онысы көркем әрі эстетикалық, идеялық, философиялық жақтан орынды шыққан. Мұнысы поэманың басында, қорытындысында басымдау:

жанымда, жанарымда – қазақ қызы,

Қазақи кең даладан аумай қалған.

Жоғары қырда ананың бағасы бек,

Алдына басын иген данасы кеп.

Далада өсіріпті қызды ардақтап,

болашақ рулы елдің анасы деп,

немесе:

Жақсы әйел, жүйрік атпен алмас қылыш –

Далада батырлықтың бас белгісі.

Шығармадағы осындай қатарлар, яғни өндіріс тақырыбына айналып, өмірдің басқа тараптарына да көз тастау, басқа мәселелермен байланыстыру – ақынның образға тұрмыс шындығын әкелуге ұрынуы оқушыны бір сергітіп тастайды:

Әйелдік тағдыр кешу – сағымды ағын:

жар болу, ана болу жанып жаның;

диванда газет оқып жату емес –

үй іші – рулы елдің табу бабын.

... Тірліктің адамды үгер қалың табы

Алдымен әйел жанын ауыртады

Және бар – мынау қасаң дүниеде

Нән – нәзік әйел адамның осынша қиындықты жеңіп, Еңбек Ері атануы оңай шаруа емес. Оны ақын былай сомдайды:

Кәмшаттың шыққан кезде аты армандай,

(қыздардың Ай мен Күні қатар жанғай!)

Қуанды қазақтағы қыз атаулы

өздері Еңбек Ері атанғандай.

Бұл күнде қазақ біткен қыздарына

Кәмшат деп ат қояды ырым қылып, - дейді.

  1. Т. Ахметжан «Сұлу мен суретші» повесіндегі ізденістер. «Сұлу мен суретші» шығармасы адамзатты ықылым заманнан бері толғандырып келе жатқан мәңгілік тақырыпты: қоғамның махаббат пен өнерге деген қарым-қатынасын суреттейді. Шығарма композициясы қосәлемділік принципі бойынша құрылған. Екі жастың бір-бірін құлай сүйген кіршіксіз таза махаббаты, қожайын мен бойжеткеннің кездесуі, екеуінің махаббаты сақиналы композиция арқылы қатар суреттелген. Повесте өмірдің өзінде өркен жайған мәңгілік трагедиялық қайшылықтарды бейнелеу тәсілі болған контраст поэтикасы үлкен көркемдік қызмет атқарады. Шалдың арманшыл да таза, бірақ әлеуметтік ортадан көп таяқ жеп, теперіш көрген сыршыл сезіміне Қожайынның атақ пен ақшаны барлығынан жоғары қоятын, жалғанды жалпағынан басып, адамгершілік заңдарынан да аттап кете алатын есебі қарсы қойылған. Екі кейіпкердің әлемі, екі дүниетаным параллель өрбиді. Бүгінгі күн «ғашықтарының» сауда заңына бағынған «сезіміне» махаббаттан адалдық, тазалық іздеген сұлу мен суретшінің шынайы махаббаты қарсы қойылған. Қожайынның әлемі бүгінгі болып жатқан оқиғалармен өзектес болса, Шалдың оқиғасы өткен күндерді қозғайды. Екі әлем, екі сана, екі дүние қайшылығы повесте қатар дамиды. Екі кейіпкердің әлемін суреттеудің өзіне сай лексикалық, стилистикалық бейнелеу құралдары бар. Романтикалық шығармалардың образдық құрылымында екіұдайылық деп аталатын принципиалды ерекшелік бар: өз қоғамының реалды болмысынан алшақтай отырып, романтикалық тұлға өзінің қалауындағы, ішкі дүниесінің талабына сай өзге әлемге ұмтылады.

Шал да реалды болмыстан алшақ, оның өз әлемі бар. Ол қиялдың жетегімен өз «әлеміне» саяхат жасайды. Шал «әлемінің», ой толғауының композициялық құрылымы, баяндау тәсілі кейіпкер өмірінің сезім қозғалысының интонациясын, динамикасын танытарлық сөйлем соңындағы леп белгілер, көп нүктелер үзік-үзік ойдың желісі арқылы беріледі. Бұл тек Шалдың жан дүниесінде болып жатқан ішкі өмірінен, сезім құбылыстарынан сыр шертеді. Суретші сұлумен кездесетін сарайға кіргенде «ертегі әлеміне енгендей». Шалға қатысты желінің тілі де әсерлі, оқыс. Повесте романтикалық әдебиетке тән «мәңгілік», «сиқырлы», «ғажайып», «ертегідей» сөздері өте жиі кездеседі. Әсіресе, Т.Ахметжанның сөздік қорында мистикалық «сиқырлы» сөзі маңызды қызмет атқарады. Шын мәнінде, жазушы концепциясында өнер мен сұлулық ғажайып, сиқырлы күшке ие.

Шығармада қос әлемді жалғастырып тұрған ортақ нәрсе - «Жұмбақ келіншек» суреті. Өтіп кеткен сәттің, бұрынғы елестің бүгінгі көрінісі. Суретші он бес жыл бойы осы салған Сурет - Шалдың бұрынғы махаббатының бүгінгі жұрнағы, символы. Сол сурет оны өткенді ойға түсіруге, ғашығын есіне алуына себепкер болды. Шығарманың осы тұсы лиризмге, романтикалық пафосқа толы. Зерттеуші Ш.Елеукенов повесті бүгінгі әдеби процестегі махаббат тақырыбына жазылған романтикалық әуені басым, «ішкі тартысы символистік зор мәнді әрекетпен аяқталатын» шығарма дейді. Мұнда қалыпты романтикалық метафоралар да кездеседі: қыстыққан сырлы әуен жүрегі қапасқа түскендей тыпыршыды-ай, көңіл қайтадан қанат қаға бастады. Повесте Шалдың күрделі тағдыры жазушыны ішкі монолог, толғаныс секілді әдеби тәсілдерге еріксіз жүгіндіреді. Шал үшін маңыздысы - жүлделер алып, атағыңды шығару емес, өзіңнің сүйетін ісіңмен айналысу, сурет салу. Қожайынның шартына сол себепті де амалсыз көнеді. Тағдыр тәлкегіне түскен Шал өз еңбегін, таланты мен өнерін қожайынға сатуға мәжбүр болғаны үшін ар азабына түсіп, іштей қиналады. Махаббатта, өнер де саудаға түскен мына алмағайып заманда суретшінің де тірлігі үшін туындысын біреуге бере салғаны жанына қатты батады. Әлемде авторы белгісіз таңғажайып өнер туындыларының бар екені туралы оймен өзін жұбатпақ болады. Шалдың танымы бойынша өмір - аз күндік қызық, ал өнер - мәңгілік. Қорқыт ата аңызынан тамыр тартатын «өнер – мәңгілік» философиясы - «Сұлу мен суретші» шығармасының да алтын арқауы.