
- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
Темірхан Медетбек (6.3.1945, Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан ауданы Амангелді ауылы) — ақын. Абай атындағыҚазақ мемлекеттік педагогика институты (қазіргі Ұлттық педагогика университеті) филология факультетінде оқыған. 1968-2002 жылдары Радио мен телевидениеде, әр түрлі газет-журналда, шығармашылық ұйымдарда қызмет атқарған. Қазақстан Жазушылар Одағында екінші хатшы болды, 2003 жылдан “Ақиқат” журналының бас редакторы. Алғашқы жыр жинағы “Жанымның жас құрағы” деген атпен 1970 жылы жарық көрді. Оннан астам өлең жинақтары жарияланып, оқырмандар мен сыншылардың жоғары бағасын алды. “Абай әлемі” (1995) және “Баба дәстүрдің мұрагері кім: туған әдебиет туралы ойлар” (2001) атты әдеби-сын еңбектерінде қаламгер Абай әлемінің поэтикалық тереңдігін, қазақ мәдениетінің даму сипатын саралап, ақындық психологияның ішкі болмысына баға берді. Қазақ поэзиясының түркілер кезеңінен қалыптасқан романтикалық-реалистік өршіл сарынын өзіндік көркемдік шешім аясында жаңашыл туындыларымен байытты. “Көк түріктер сарыны” атты жинағында (2002) замана зары мен бүгінгі күн мәселелері ежелгі түркі жырлары үлгісінде айтылған, ақын көне түрге жаңа мазмұн сыйдырған. Пішін ұтымдылығынан гөрі ой ұшқырлығына көбірек иек артатын ол өлеңдерінде ерекше еркіндікті аңсайды, көне түркілердің ірілігін сағынады, рухани тоғышарлықты, ұсақталуды мінейді. Ғасырлар қойнауында елеусіз қалған ерлік рухын жаниды. Жауға деген өктемдік “Қуат жырында”, “Асқанның орманын отындай өртедім. Тасқанның көлдерін астаудай төңкердім” деп беріліп, батырлар айбарын асқақтата түседі. Оның “Махамбет рухының монологы”, “Күлтегін”, “Тоныкөк” дастандары — ұлттық бояуы қанық, күрескер, қайсар әрі мұңшыл романтик. болмысты толықтай танытқан поэтикалық қуатты шығармалар. Ол украин, өзбек тілдерінен В.Гужва, Е.Вахидов өлеңдерін тәржімалады. Медетбекке “Тағдырлы жылдар жырлары” жинағы үшін ҚР-ның Мемлкеттік сыйлығы берілді (2000).
Ақын Темірхан Медетбек: «Әрбір сөзі ертегі, Көне дана оғыздай. Көкірегі шер толы, Қара шанақ қобыздай… Ойға толы әр күні-ай, Бойында бар тектілік. Рахманқұл Бердібай, Көк бөрілі көк түрік»
Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
Дидар Амантай
011-2012 жылдары Париж, Анкара және Ұлан-Батор қалаларында қазақтың белгілі жазушысы, қара сөздің шебері, кинодраматург Дидар Амантайдың кезінде Алматыда жарық көрген "Қарқаралы басында" атты проза кітабының француз, түрік және монғол тілдеріне аударылған тәржіме нұсқалары басылыпшықты.
Парижде шыққан кітапқа "Гүлдер мен кітаптар" романы енді, алғысөзін біртуар ақын, заңғар ойшыл Олжас Сүлейменов жазды. Кітаптың түрікше нұсқасы "Гүлдер мен кітаптар" романы мен "Төлеутай ақсақалдың немересі» әңгімесінен құрастырылды, аудармашысы - белгілі шоқайтанушы, қаламгер Әбдіуақап Қара. Монғолша тәржімесіне "Гүлдер мен кітаптар" романымен қатар бірнеше әңгімелер топтастырылды, тәржімелегендер - Жазгүл Жұмабай мен Нәпіл Базылхан. Жалпы, Мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, "Тарлан-Үміт" сыйлығының сахибы Дидар Амантайдың бұл "Қарқаралы басында" атты кітабы - бес томдық шығармалар жинағының алғашқы томы. Автор алдағы жылдары шығармаларын бір-бір томнан шығарып тұруды өзіне мақсат тұтып отыр
Омарова Мадина Мырзахметқызы 1975 жылдың 12-ақпанында Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас ауылында дүниеге келген. 1996 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің қазақ филология факультетін қызыл дипломмен тәмамдаған. Туындылары мерзімді басылымдарда және топтама жинақтарда жарияланып жүр. «Ана ғұмыр» кітабының авторы. Қазір «Хабар» агенттігінің Алматы филиалында редактор болып қызмет істейді. |
О |
|
|
|
|
Автордың басқа туындылары: |
|
Ғажайып көл /ертегі-повесть/ Рюноскэ Акутагавадан /аудармалар/ Пара «ТАЛТҮСТІ» ОҚЫҒАННАН КЕЙІН... ТОҚТАРӘЛІ ТАҢЖАРЫҚ ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ АҚЫН Ауызғы үйде Жеңеше /деректі әңгіме/ Автор: Аманкелді СейІтханов БІР ОТБАСЫНЫҢ ХИКАЯСЫ /екі актілі драма/ КҮЗГІ БІР КЕШТЕ Қадір түні /Бір актілі пьеса/ |
|
Лира Қоныс 1981 жылы Ордабасы өңірінде дүниеге келген. Халықаралық Қазақ Түрік университетінің шығыстану факультетін тәмамдаған. «Сізге ғашық қыз», «Мәңгілік сағыныш», «Құлпынай қосылған балмұздақ» атты прозалық жинақтардың авторы. Халықаралық «Шабыт» фестивалінің екі дүркін жеңімпазы. Тәуелсіз «Үміт-Тарлан» сыйлығының иегері. Республикалық «Дала мен Қала» газетінде қызмет атқарған.