
- •Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
- •Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
- •Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.
- •Қ.Мұхамеджанов – драматург.
- •. Қазіргі қазақ сатирасы.(толық емес)
- •М.Мағауиннің «Тазының өлімі» повесі (фантазияларыңды қосыңдар)
- •Т.Нұрмағанбетовтің «айқай» әңгімесінің көркемдік кестесі.(нақты емес)
- •Қ.Мырза-Әлінің балаларға арналған өлеңдерінің тақырыптық ерекшелігі.
- •Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесалары.
- •Д.Исабековтің «қарғын» романы және «Сүйекші», «Гауһар тас» повестері.
- •Б.Нұржекеев прозасындағы әйел бейнесі.
- •Нұрғали Ораздың «Адасқан жұлдыз», «Түнгі жалғыздық» әңгімелеріндегі бүгінгі заман көрініс
- •Темірхан Медетбек шығармашылығындағы көк түріктер сарыны.
- •Қазіргі қазақ жастар прозасы: д. Амантай, м. Омарова, л. Қоныс, т.Б.
- •Қ. Аманжолов поэзиясындағы майдан тақырыбы.
- •Р. Мұқанова прозасындағы экологиялық мәселелер және көркемдік шешім.
- •Ф. Оңғарсынова поэмалары
- •М. Шаханов поэзиясы.
- •Қ. Жұмаділов прозасы
- •Т. Нұрмағанбетов «Кене» әңгімесіндегі метаморфоза.
- •Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ поэзиясы
- •Б. Мұқай «Өмірзая» романындағы заман шындығы
- •Қ. Аманжолов поэмалары.
- •Қ. Ысқақ прозасы.
- •М. Мақатаев поэмаларының көркемдік ерекшелітері.
- •Иранғайыптың философиялық лирикасы.
- •Т. Молдағалиев поэзиясындағы арнау өлеңдер
- •Танымал тұлғаларға арналған өлеңдер:
- •Қарапайым жандарға , соның ішінде туыстарына арнылған туындылар:
- •Т. Кәкішұлының ғылыми-зерттеу еңбектері
- •Т. Әбдікәкімов поэзиясы.
- •Х. Ерғалиев поэмаларындағы тарихи тұлғалар
- •Ә. Тәжібаев поэзиясындағы Сырдария, Сыр өңірі тақырыптары
- •Ж. Молдағалиев поэмалары
- •С. Ақсұңқарұлының «Адам Ата – һауа Ана» поэмасындағы ізденістер.
- •Қазіргі қазақ поэзиясындағы дін-исламдық көріністер
- •Несіпбек Айтұлының поэзиясындағы Астана, Бәйтерек, елбасы ұғымдарының көрініс табуы.
Қазіргі қазақ әдебиеті Емтиханға арналған сұрақтар
І. Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы тарихи тұлғалар бейнесі.
Сырбай Мәуленовтің ақындығы.
Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді», «Балалық шаққа саяхат» романдарының идеялық-көркемдік ерекшеліктері
З.Қабдолов – ұстаз, ғалым, жазушы.
М.Мақатаевтың поэтикасы.
Ж.Нәжімеденовтың ақындығы.
О.Бөкей прозасындағы мифтік құбылушылықтар.
Қазіргі кезеңдегі қазақ өлеңдерінің өлшем, өрнектері.
Қазіргі қазақ прозасының түрлік, стильдік ізденістері.
Қазақ драматургиясының даму ерекшеліктері.
Қазіргі әдеби-сын туралы ойлар.
І.Есенберлин романдарындағы тарихи деректер.
60-90 жылдардағы қазақ поэмасы.
Қ.Мырзалиев поэзиясы.
Марфуға Айтхожина өлеңдеріндегі бейнелілік.
Төлеген Айбергенов лирикасы.
М. Шаханов балладаларының жанрлық ерекшеліктері.
Ф. Оңғарсынованың махаббат лирикасы
К.Ахметова поэзиясындағы табиғат сыры.
1960-90 жылдардағы қазақ романы: дәстүр мен жаңашылдық.
«Махаббат, қызық мол жылдар»: өмір шындығы және көркемдік жинақтау.
Ш.Мұртаза шығармашылығындағы соғыс тақырыбы.
С.Мұратбековтің «Жабайы алма», «Жусан иісі» повестеріндегі лиризм.
Ә.Кекілбаев шығармашылығындағы тарихи тұлғалар.
Б.Нүржекеев прозасындағы замандас бейнесі.
Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.
Д.Исабековтің үздік туындылары деуге келетін «Ақырмаштан наурызға дейін», «Шойынқұлақ», «Талахан-186», «Конфронтация» т.б. бірнеше әңгімелерінде ауыл адамдарының характерлеріндегі «қулық-сұмдықты» терең меңгермеген, аңқау да, аңғал қасиеттерді баса көрсетуге тырысады. Д.Исабеков жаңа дәуір лебіне сай бүгінгі күннің адамдарындағы ұғым-түсініктер ерекшелігін жаза отырып, екі түрлі типтік мінездердің ара-жігін ашады. Заман ағымының адамдар психологиясына тигізер әсерінің біркелкі еместігі, дәуір жаңалықтары кеңістікке сай түрліше қабылданатыны, құбылатыны назарда ұсталынады. Сондықтан да техногендік дамудың өтінде жүретін, заманауи іргелі құбылыстардың әсері барынша мол қала адамы мен табиғи мінездер анағұрлым аз өзгеріске ұшыраған ауыл адамының темпераменттік, мінездік, сезімдік ерекшеліктері, айырым өзгешеліктері пайда болатынын аңғартады. Ескерткіш» әңгімесінде аудандағы ең алғашқы тері илеушіге койылуға тиісті мүсіннің оқиғасы жеңіл юморлық ырғақпен басталып, бірте-бірте сатиралық реңк ала береді. Жоғарының нұсхлеушіге койьш қауын дер кезінде орындамаған аудан басшылары ағылшын делегациясына ескерткіш орнына Әштенді қоюы сюжеттің күлкілі ситуацияларын молайта отырып, жазушының әлеуметтік-философиялық ойының берілуіне негіз болады. Жазушының юмористік стилі кейіпкерлердің сөйлеу машығынан да, образдарға берілетін мінездеме, портреттен де, жалпы баяндау үрдісінен айқын танылып отырады. «...аудандық партия комитеті бұдан былай да белгісіз сиыршылар мен бұзаушыларға, жылқышылар мен қойшыларға, тауықшылар мен шошқашыларға т.т. толып жатқан құрметті мамандық иелеріне «кеудеден жоғары бюстер мен кеудеден төменгі жағы да қамтылған толыққанды бейнелер» жасауды жалғастыра беретінін айтқанда, ағылшындар жағы ду қол шапалақтап, аупартком жағы үнсіз қалды» Қысқа әңгіме бойына салмақты идеялық мазмұн сидыра білетін жазушы адам құнын парықтай алмаушылық, екіжүзділік, рухани бейшаралықты әжуалай отырып, жалпы қоғамдық құрылымның парадокстарын ашады.Дулаттың әңгімесіндегі сюжет уақыттың ащы ақиқаты мен қоғамның трагедиясын аңдатып жатады. Шенге деген шек-сіз бас июшілік, адамның рухани тұрғыдан мейлінше төмендеуі Жанайдаров, Әштен т.б. сынды әлеуметтік-психологиялық типтер арқылы көрініс береді. Қаламгердің «Ақырмаштан наурызға дейін», «Талахан-186» әңгімелеріндегі әзіл астарына қомақты суреткерлік ой жинақталған. Ауыл тұрмысы, халықтық тіл құнары-мен бейнеленетін жазушының бұл шығармаларындағы адамдар, мінездер, тағдырлар жайлы, қоғамдық жағдай жөніндегі авторлық сыншыл көзқарас бар. Бірақ мұндай сын-шылдық принцип тікелей мінеу арқылы емес, юморлық тәсілді жүйелі қолдану үстінде, оны сатиралық әуенге ұластыру арқылы, бұл көркемдік категорияларды бір-бірімен сабақтастыра, алмастыра отырып жүзеге асырылады. «Талахан-186» әңгімесіндегі бүкіл ауылды «дүр сілкіндірген» үш түп помидордың «оқиғасы» — сатиралық баяндау үлгісі. «Робинзон Крузо қылтиып өсіп тұрған жалғыз түп бидайды көргенде қалай таңырқанса, бұл адамдардың әр қайсысы «қүданың құдіре-тіне» одан кем таңданып тұрған жоқ еді. Бір топ бейғам помидор он шақты жалқау қа-зақтың басына сан-сапалақ сұрақ қаптатып кетті» Ел ішінде кездесіп жататын жалқаулық, рухани тайыздық, талғамсыздық, білімге деген құлықсыздық сияқты кесірлі құбылыстар мен типтік шындықтар, ұлт дамуында-ғы кері процестер — жазушының сатиралық жинақтаулар жасауына түрткі болған жай-лар. Әңгімедегі Ештен, Пікән, Ипатша, Әбдеш, Нәлетайлар сатиралық образ жасаудың ирониялық тәсілі арқылы мүсінделеді.