
- •1 Билет.
- •2.Батыс Түрік қағанаты
- •3.Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілері.
- •Қазақстан қола дәуірінде
- •1783-1797 Ж. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
- •Ортағасырлардағы Қазақстан ұлы ғұламалары
- •Қазақстанда кеңес билігінің орнауы
- •3.Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық жағдайы
- •2.Әскери коммунизм (1918–1921 жж.)
- •3.Қазақстанда ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
- •1.Әбілқайыр хандығы
- •3.XX ғ 20-30ж қазақстандағы индустрияландыру бағыты
- •1."Қазақ" атауы мен қазақ жүздерінің пайда болуы
1783-1797 Ж. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі. (1783-1797). Көтерілістің басты қозғаушы күші-шаруалар, старшындар, билер, ру басшылары. Көтеріліс аумағы: Еділ-Араб теңізі.
Көтерілістің басты мақсаты: орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату. Нұралы ханмен оның сыбаластарының озбырлығына шек қою.
Көтерілістің басшысы-Байбақты руының старшыны, батыр және шещен Сырым Датұлы (1742-1802)
1778 ж. – орал казактарымен шайқаста Сырымның балалары қайтыс болды.1783ж. күзде Орал казактарымен шайқас басталды.1783 ж. Желтоқсан-Сырымды оралдық казактар тұтқынға алынды. 1784 ж. Көктем- Нұралы хан оны тұтқыннан босатты. 1784 ж. маусым – Сырымның орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды. 1784 ж. Қараша – Сағыз өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті. 1785 ж. 17 ақпан – көтерілісті басу үшін генерал – майор Смировтың тобы жіберілді.(300 казак, 2000 башқұрт) 1785 ж. наурыз – көтерілісшілерге қарсы 1000 – нан астам казак тобымен старшина Калпаков және Пономарев аттанды. Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшіер саны 7 мыңға жетті. 1785 ж. наурызы – майор Назаровтың басқаруымен 405 орал казактары Табын руына шабуылдады. Сырым тобы Сахарная бекінісіне шабуылдады.1785 ж. жаз-Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. Қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы Орал әскери шебіне қашып, паналады. 1786 ж. Уфава жер аударылды. 1790 ж. қайтыс болды.
Игельстром реформасы – генерал губернатолық – шекаралық сот – ауылдық буындар.
2-ші Екатерина бұл жобаны уақытша қабылдады. 1786 ж. – орынборда Шекаралық комиссия құрылды. 1787 ж. – Кіші жүзде патшаның әкімшілі билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды. Бұл тұста Сырым патша үкіметін қолдамады. Игельстром реформасы тоқтатылды. Көтерілістің қайта өрлеуіне түрткі болған оқиға – орал казактарының қазақ тарға қарсы шабуылы. Императрица 2-ші Екатерина 1790 ж. 21 қазанда және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. 1791 ж.Ераланы хан (91-94) етіп сайлауы, 1792 ж. Сырым Ресей империясына қарсы ашық күрес жариялады, көтерілістің жаңа кезеңіне шығуына әсер етті. 1794 ж. Ералы хан қайтыс болды. 1797 ж. Айшуақты хан етіп сайлады(1797-1805). 1797 ж. Сырым Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 ж. қайтыс болды.
Жеңілу себептері: Көтерілісшілердің нашар дайындалуы, қару-жарақтың аздығы, Сырым көтерілістің әр кезінде мақсаттарын өзгертуі. Қазақ өкесіндегі ең ұзақ соғыс 14 жылға созылды.
Көтерілістің нәтижесі: 1801 ж. 11 наурыз – патша үкіметі қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуге, мал жаюға рұқсат берді.
№14 билет.
1.XV-XVIIIғ Қазақ хандығының саяси және әлеуметтік құрылымы
XVғ хандар сайланып қойылатын болған. Хан –азаматтық, әкімшілік, сотық және әскери билікті қолына жинақтаған мем басшысы. Әскери құрылымы:
біріккен әскер, басқарушысы –жоғары қолбасшы –хан
ұлыс әскері,басқарушысы-ұлыс әскерінің басшысы
рулық –тайпалық жасақ, басқарушысы –жасақ басшысы, рубасы
қазақ хандығының әкімшілік құрылымы ірі ұлыстарға бөлінді. Ұлыс аумағы –жұрт. Ұлыстарды басқарушылар –сұлтандар. Қалаларды басқарушылар –уәзір , уәкіл, хакім, даруға . Қазақ қоғамы негізгі екі әлеуметтік топтан тұрды; 1.Ақсүйектер – Шыңғыс ұрпақтары мен қожалар
2.Қарасүйектер –Мүліктік жағдайына қарамастан қоғамның қалған топтары.
Сұлтан –ұлыс бмлеушісі, хан болып сайлануға құқылы.
Билер –ру және тайпа басшылары, заң ілімін меңгерген, сот қызметін атқарушылар, әскери билік жүргізушілер.
Батыр –қазақ жасақтарын бастаған қолбасшылар , кәсіби әскерилер , жаумен жекпе-жекке шығатын ержүрік адамдар.
2. Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі - дүнгендер мен ұйғырлардың қоныс аударуы. Маньчжур –Цин әулетінің өктемдігіне қарсы 1862- 1877ж ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресіне қырғыз, өзбек, қазақтар қатысты. Көтеріліс барысында Қоқан хандығынан барған әскери басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашқар, Үрімші қалаларының дүнгендік одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті құрылды (Жетішар). Көтеріліс басылғаннан кейін ұйғыр, дүнген халықтарына қысым көрсету кушейді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты. Ұйғыр, дүнген халықтарының тарихында ерекше орын алатын оқиға – 1881ж күзінен 1884ж дейінгі кезең аралығында басқа аймақтар мен Жетісу өлкесіне қоныс аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашында 45мыңнан астам ұйғыр, 5мыңдай дүнгеннің басты орын тепкен аудандары – Жетісу өлкесі мен Солт.Қырғыстан өңірі болды. Жетісудағы ұйғырлар мен дүнгендердің шаруашылық өмірінде де көзге түсерлік құбылыстар қалыптасты. Мал шаруашылығымен көбіне бай ұйғырлар айналысты.
3. Қазақстан 1917ж Қазан төңкерісі.
1917ж 24-25 қазанда Петроградта большевиктер қарулы көтеріліс арқылы билікті жеңіп, Қосөкімет жойылды. Буржуазиялық Уақытша үкімет орнына , Кеңес үкіметі келді. Кеңес үкіметі алғаш рет Перовск қаласында орнайды. 1917ж 15-22 қараша Түркістанда "Түркістан халық комиссарлар кеңесі" орнады. Кеңес құрамына 14 өкілдер болды. Төрағасы – Ф.Колесов. 1917ж 22 қараша Қоқанда Бүкілтүркістандық төтенше 4 сьезд ашылды. Қаралған мәселе :
Түркістан автономиясы құрылды. Президенті – М.Шоқай.
Ислам мем,дін деп танылды.
№15 билет.