Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан тарихы (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
54.87 Кб
Скачать

2.Батыс Түрік қағанаты

Батыс Түрік қағанаты. Аумағы: Іле,Шу,Еділ,Кубань-Есіл,Ертіс-Тарым,Әмудария. Ордасы: Суяб, Жазғы ордасы:Мыңбұлақ. Халқы он оқ бұдұн. Қаратаудан Жоңғарияға дейінгі аралықты қоныстанған. Тайпа 2-ге бөлінді:

Дулу-5тайпа;

Нушеби-5тайпа.

Қоғамдық құрылысы

Қаған (Ең жоғарғы билеуші, әскер басы) - Шад, жабғу, елтебер (Ашина руынан шыққан жоғарғы шенділер) – Бек (Жергілікті жердегіқағанның негізгі тірегі) – Тархан, бұйрық (Сот қызметін атқарушылар) – Селиф (Жергілікті салық жинаушы) – Қара бұдын (Қарапайым халық) – Таттар )Құлдар).

Саяси жағдайы

Алғашқы қағаны – Тардуш (Дато). Шығыс қағанатын жаулап алып, екі қағанатты біріктіруді ойлады. Алтайдағы теле тайпасын шабуылдап. Өзін Шығыс Түрік қағанатының қағаны деп жариялайды. Телелердің бас көтеруінен кейін қағанаттар қайта бөлінді. Қағанаттың күш-қуаты Шегу мен Тон қағандар тұсында арта түсті.

Шегу қаған саясаты (610-618ж.ж.) шығыстағы шекараны Алтайға дейін, батыстағы шекараны Тарым өзені мен Памир тауына дейін кеңейтті. Тон қаған саясаты (618-630ж.ж.) Батыс шекараны нығайтты. 327 ж. – Иранға қарсы Византиямен одақтасты.

Ешбар Елтеріс қаған саясаты. 634 ж. – нушеби тайпасының қолдауымен билікті алды. «Он – оқ бұдұн» жүйесін енгізіп, сол басқаруды қайта құрды. 640-657 ж.ж. дулу мен нушеби арасындағы тартыс болды. 659 ж. – Қытай Жетісуға басып кірді. Ешбар қаған қаза тапты.

Түріктердің Таң империясына арсыкүресі қағанат құрамындағы түркештердің күшеюіне әкелді. 704 ж.ж – түргештер Жетісудағы саясим білікті жеңіп алды.

3.Жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлт-азаттық күрестің жетекшілері.

XVIII ғ. Қазақ батырлары.

Қанжығалы Бөгенбай Ақшаұлы (1978-1775)- бүкіл қазақ жасақтарының қолбасы, батыр, дипломат. Оның жасақтары Жайық казактарымен, жоңғарлармен, цин империясының әскерімен шайқасқан.

Қаракерей Қабанбай (Ерасыл) Қожағұлұлы (1703-1781) – қолбасшы, халық батыры. Түркістанды қорғауды, Алакөл, Бұланты. Аңырақай, Шығанақ шайқастарында найман жасағын бастаған Абылай хан оны «Дарабоз» д.а.

Шақшақ ұлы Жәнібек – қолбасшы, мем. Қайраткері, дипломат. Қазақ – орыс қатынастарыннығайтуға белсене қатысты.

Көкіұлы Есет (1667-1749!) – қолбасшы, дипломат. Шайқастарда жасақтардың ірі бөлімшесін басқарып, найзагершілігімен ерекшеленген батыр.

Хангельдіұлы Райымбек – Ұлы жүздің албан тайпасы, әлжан руынан тарап, он бесінде – «ат құлағында ойнап», он алтысында «орда бұзар»атанғанбатыр. Ойрантөбе шайқасында Райымбек бастағанқазақ әскерлері жоңғарларға күйрете соққы берді. Жоңғар шапғыншылығы кезінде қаза тауып, қазіргі Алматы жерінде жерленген.

Наурызбай Құттымбетұлы (1706-1781)- Ұлы жүздегі шапырашты тайпасының асыл руынан тараған батыр. Абылай ханның ту ұстаушы батырының бірі. 1729 ж. Қалмақ батырлары Шашалғанмен Қаскелеңді жекпе-жекте өлтірген қас батыр.

3-билет

  1. Қазақстан қола дәуірінде

Қола дәуірі(б.з.д. 2800 ж.-б.з.д. 900 ж.). Бұл дәуірдешығу тегінен ұқсас өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеген. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіштері Оңт. Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андронов селосынан табылды. Сондықтан андрон мәдениеті деген атау алды. (1914 ж. Археолог А.Я.Тугарин)

Андрон мәдениетінің аумағы: Орал – Енисей өзендері – Батыс Сібір – Памир тауы. Бұл мәдениетті зерттеуші қазақстандық ғалымдар – Әлкей Марғұлан, Ақышев, Максимова, Черников, Оразбаева. 1927 ж. – архелолог Грязнов андрон мәдениетінің ескерткіштерінің Б.Қазақстаннан тапы.

Негізгі қогыстанған ауданы: Орт.Қаз. Бұл өңірден 30 дан астам қоныс, 150 дей оба зерттелді. Солт. және Б.Қаз-да 80 нен аса қоныс зерттелді.Ең ежелгі қаласы – Арқайым. Академик Алексеев: «Олар мұрынды, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен келген, кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым жігерлі келбетті адамдар.

Басты кәсіптері: мал бағу, кетпенді-теселі егіншілік, балық аулау.Егіншілік құралдары: диірмен, тесе, мыс пен қола орақтар. Андрон мәдениетінің негізгі сипаты саз балшықтан ыдыс жасау.

Баспаналары: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер. Қоныстар өзен – көлдердің жағасына орн. Қоныстар 5-10 үйден, кейде 20 үйден тұрды. Ежелгі андрондық дөңгелек баспаналар негізінде киіз үй жобасы пайда болған.

Діні мен наным-сенімдері: олар табиғат күштеріне табынған. Қайтыс болған адамдар келесі дүниеге айысады деп ойлаған.Кейінгі қола дәуірінде Орт. Қаз-да пайда болған жаңа мәдениет – Беғазы – Дәндібай мәдениеті. Ерекшеліктері:

  • Жерлеу орындарының көпшілігі – обалар.

  • Үйлер мен жерлеу орындарының құрылысы өте ірі, тас қашау өнері жетілген.

  • Қорғандар ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып биік болған.

Сурет өнері: Тастағы суреттерде жиі кездесетін бейне жабайы – бұқа. 49 соғыс арбасының суреті табылған.

Зергерлік өнері. Алтын білезік – Айбас сағасындағы Алакөл қабірінен табылған. Екі сырға – Мыңшұқыр қабірінен табылған. Самай сырға – бір жарым орамды алтын сырға.

Қоғамдық құрылымы: рулық тайпалық құрылым. Қоғамның негізгі тобы – жауынгерлер. Абыздар да жоғары бағаланған. Меншік түрі: малға жеке меншік, жерге қауымдық, рулық меншік.

  1. Оғыз қанағаты

Оғыз қағанаты. Өзегі Жетісуда қалыптасқан. Құрылу тарихы 7 ғ. Батыс Жетісуда мекендеген Түрік қағанатының құрамында болды. Қарлұқтардың қысымынан Сыр бойына көшкен. 9 ғ. соңы 10 ғ. басы – Оғыз мемлекеті құрылды.Сырдарияның орта және төменгі ағысы. Астанасы – Янгикент(Жаңа Гузия). Билеушісі – жабғу. Орынбасары – күл –еркін, әскербасы – сюбасы. Басқарушылардың ұрпақтары – иналдар.

М.Қашқари: оғыз одағында 24 тайпа болған. Әл-Марвази: оғыз одағында 12 тайпа болған. Боз оқ – қағанның оң жағы, үш оқ – қағанның сол жағы. Жабғуды сайлағанда боз оқтың артықшылығы болған.

Мем-тік құрылымы: Тайпалық одақ – ел. 12 аймаққа бөлінген.

Саяси жағдайы: «оғызнама» деректерінде батысқа жасалған жорықтар баяндалған.

Сыртқы саясаттағы мақсаты: Оғыздар Еуразияның саяси өміріне араласқан. 965 ж. – Киев Русінің князі Святославпен одақтасып, Хазарияны талқандады. 985 ж. – князь Владимирмен одақтасып, Хорезмді жаулады. 1043 ж. Шахмәлік салжұқтардың қолдарынан қаза тапты. Ол оғыздардың соңғы билеушісі.

Оғыз мем-нің әлсіреу себептері: Сежұқтармен ұзаққа созылған соғыстар; ішкі тартыстар; Қыпшақ тайпаларының шабуылдары. Қыпшақтар оғыздарды сырдарияғағ Арал бойынан ығыстырды. 11 ғ. басы –оғыз одағы ыдырап, қыпшақ мем-тің құрамына кірді.

Шаруашылығы: мал шаруашылығы: жартылай көшпелі, жартылай отырықшы. Қалалары: Сырдарияның төменгі ағысы-Жанкент, Жент, Жуара. Сыдарияның орта ағысы-Қарнақ,Сүткент, Фараб, Сығанақ, Сауран