Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-35 жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.05 Кб
Скачать
  1. Т.Әбдіков прозасындағы бинарлық құбылыс.

Өзіне ғана тән қолтаңбасымен, жаңашылдығымен танылған Т. Әбдіков шығармаларының ерекшелігі – сюжеттің оқыс оқиғаға құрылуы, композицияның шебер шиеленісуі, кейіпкерлерінің тосын да екіұдай табиғаты. Қаламгердің «Оң қол», «Ақиқат», «Парасат майданы» шығармаларындағы қаһармандар өз ішіндегі ойы бөтен тұлғамен айтысып, сөз таластырып, іштей егеске түседі. Тартыс ұлғая келе шығарманың негізгі арқауына айналады. Жазушы шығармашылығындағы негізгі тақырыптардың бірі – рухани кемелдену.

Қаламгер туындыларында айқын көрінетін екіұдайылық алғаш романтикалық реңктегі «Оң қол» әңгімесінде көрініс тапты. Әңгіменің басты кейіпкері Алма 1970-80 жылдардағы қазақ әдебиеті үшін мүлде жаңа образ болатын. «Оң қол» әңгімесінде арғы аталарының бірінде іске аспай қалған өзін-өзі өлтіру идеясының айналып келіп, жас қыздың бойында оянуы арқылы қаламгер адамның ішкі ой әлеміндегі жауапкершілік мәселесін қаузайды.

Жазушы туындыларындағы сананың екіге жарылу деңгейі әртүрлі. «Оң қол» әңгімесіндегі Алма ішіндегі тартыстың терең себеп-салдары егжей-тегжейлі баяндалып, жан-жақты ашылмаса, «Парасат майданы» повесінде осы идея жаңа қырынан, концептуалдық деңгейде көрініс табады. Шығармада екіге жарылу дәрежесінің шегіне жеткені сондай, екі түрлі сана енді бір характерге сыя алмай, әрқайсысы өз алдына жеке физикалық дербестікті «талап етеді». Т. Әбдіков шығармаларында қақтығыс жеке тұлғаның адамзаттың қиын да түйінді мәселелерін шешуге тырысқан қаһарманның ішкі коллизиясында дамиды да, жатсыну тереңдейді.

Туындының ерекшелігі – тартыстың адам мен басқа адамдардың қарым-қатынасына құрылмай, екіге жарылған, содан жапа шеккен жеке бір тұлғаның санасында дамуы. Жақсылық пен жамандық, адамгершілік пен рухани жұтаңдық, адалдық пен арамзалық, өтірік пен жалған сияқты алпауыт күштердің майданы, пенде бойындағы арпалысы, адам психикасындағы ұшы-қиырсыз ғажайып иірімдер – қаламгер шығармаларының негізгі өзегі. Тұжырымдай айтсақ, Т.Әбдіков шығармаларындағы екіұдайылық, жатсыну мәселелерінде романтикалық тенденциялар модернистік таныммен ұштасып жатады.

3.60-90 жылдардағы балалар әдебиеті.

Қ. ә-нiң үлкен бiр саласы — балалар әдебиетi. Сапарғали Бегалин, Ө.Тұрманжанов, Б.Соқпақбаев, С.Сарғасқаев, М.Гумеров, М.Қабанбайдың әңгiме, повестерi жас оқырмандардың сүйiктi шығармаларына айналды. Балалар прозасын бағдарлағанда, қаламгерлердiң шеберлiгi шыңдалып, психол. талдауларға батыл барғанын және бұл жолда балалар прозасы мен поэзиясы табыссыз емес екендiгiн аңғаруға болады

Қазақ балалар әдебиеті -қайнар көзі қазақ фольклорынан бастау алады. Қ. б. ә-нің алғашқы жазба үлгілерін 19 ғ-да Ы.Алтынсарин жасады. Ол балаларды өнер-білімге тәрбиелейтін, еңбекке баулитын, этик., эстет. тәрбие беретін өлеңдер мен әңгімелер жазды. Сондай-ақ, қазақ фольклорынан балалардың тіліне, ұғымына жеңіл шығармаларды іріктеп, орыс балалар әдебиетінен қысқа да қызықты әңгімелер аударып, құрастырды, ана тілінде алғашқы оқулық (“Киргизская хрестоматия”, 1879) бастырып шығарды. Сөйтіп, бала тіліне лайықты, ойына қонымды ойнақы өлеңдері мен қызықты әңгімелері арқылы педагог-жазушы Қ. б. ә-нің негізін қалады. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев “Ғылым таппай мақтанба”, “Интернатта оқып жүр”, “Әсемпаз болма әрнеге” деген өлеңдерінде қазақ балаларын оқуға, өнерге үндеді. Қазақ балаларына арналған оқулықтар мен өлеңдер жинақтары 20 ғ-дың басында көбейе бастады. 1912 ж. орыс ақын-жазушыларының мысалдарын қазақ тіліне аударып, оған өзінің төл шығармаларын қосып, “Үлгілі тәржіма” атты кітап және “Үлгілі бала” оқулығын шығарған педагог-жазушы Спандияр Көбеевтің де Қ. б. ә-н дамытуға сіңірген еңбегі мол.50-жылдардан бастап қазақ балалар поэзиясында бала психологиясына терең бойлаған балалар ақындары бой көрсетті. Ақын-жазушылар Ө.Тұрманжанов, С.Бегалин, М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев, Қ.Ыдырысов, Ж.Смақов, Қ.Баянбаев, С. Қалиев, Е.Егеубаев, т.б. балаларға арнап, көптеген кітаптар жазды.. Қ. б. ә-нің өрісі одан әрі кеңейіп, “Бөбектерге тарту” (1961), “Алтын күн аясында” (1963), “Балдырғанның базарлығы” (1965), “Жыл он екі ай” (1965 жылдан бері жыл сайын шығып тұрды). “Біздің кітап” (1967, 1974), “Кел шырқайық, балалар” (1973) сияқты жинақтар басылып шықты.. Қ. б. ә-нің ең қаулап дамыған кезеңі – 70 – 80 жылдарда балаларға және жастарға арналған шығармаларды жариялайтын “Жалын” баспасы ашылып, баспаның жанынан респ. жабық әдеби байқау өткізіліп, балалар әдебиетінің одан әрі өркендеуіне айрықша игі әсер етті. Т.Нұрмағамбетов, О.Бөкеев, К.Ахметова, М.Қабанбаев, Н.Дәутаев, Қ.Омаров, М.Айымбетов, А.Асылбеков, Т.Сәукетаев, Ө.Ақыпбеков, т.б. ақын-жазушылар. 70 – 90 жылдардағы балалар әдебиеті өмір шындығын қамту өрісінің кеңдігімен, шеберлік деңгейінің биіктігімен ерекшеленеді. Әлімбаев, Мырзалиев, Молдағалиев, Е.Өтетілеуов, т.б. өлеңдері нақтылығымен, әрі қысқа, әрі нұсқалығымен, оқиғалығымен, танымдық мәліметтерінің молдығымен балалар үшін бағалы базарлық болдыҚ. б. ә-нің әр кезеңде әрқилы дамуына қоғамдық-әлеум. жағдай, тарихи-саяси талаптар шет ел әдебиеті әсер етті.