Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
25-35 жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
124.05 Кб
Скачать
  1. Д.Исабеков әңгімелеріндегі ауыл адамының психологиясы.

 Д.Исабековтің үздік туындылары деуге келетін «Ақырмаштан наурызға дейін», «Шойынқұлақ», «Талахан-186», «Конфронтация» т.б. бірнеше әңгімелерінде ауыл адамдарының характерлеріндегі «қулық-сұмдықты» терең меңгермеген, аңқау да, аңғал қасиеттерді баса көрсетуге тырысады. Д.Исабеков жаңа дәуір лебіне сай бүгінгі күннің адамдарындағы ұғым-түсініктер ерекшелігін жаза отырып, екі түрлі типтік мінездердің ара-жігін ашады. Заман ағымының адамдар психологиясына тигізер әсерінің біркелкі еместігі, дәуір жаңалықтары кеңістікке сай түрліше қабылданатыны, құбылатыны назарда ұсталынады. Сондықтан да техногендік дамудың өтінде жүретін, заманауи іргелі құбылыстардың әсері барынша мол қала адамы мен табиғи мінездер анағұрлым аз өзгеріске ұшыраған ауыл адамының темпераменттік, мінездік, сезімдік ерекшеліктері, айырым өзгешеліктері пайда болатынын аңғартады. Ескерткіш» әңгімесінде аудандағы ең алғашқы тері илеушіге койылуға тиісті мүсіннің оқиғасы жеңіл юморлық ырғақпен басталып, бірте-бірте сатиралық реңк ала береді. Жоғарының нұсхлеушіге койьш қауын дер кезінде орындамаған аудан басшылары ағылшын делегациясына ескерткіш орнына Әштенді қоюы сюжеттің күлкілі ситуацияларын молайта отырып, жазушының әлеуметтік-философиялық ойының берілуіне негіз болады. Жазушының юмористік стилі кейіпкерлердің сөйлеу машығынан да, образдарға берілетін мінездеме, портреттен де, жалпы баяндау үрдісінен айқын танылып отырады. «...аудандық партия комитеті бұдан былай да белгісіз сиыршылар мен бұзаушыларға, жылқышылар мен қойшыларға, тауықшылар мен шошқашыларға т.т. толып жатқан құрметті мамандық иелеріне «кеудеден жоғары бюстер мен кеудеден төменгі жағы да қамтылған толыққанды бейнелер» жасауды жалғастыра беретінін айтқанда, ағылшындар жағы ду қол шапалақтап, аупартком жағы үнсіз қалды» Қысқа әңгіме бойына салмақты идеялық мазмұн сидыра білетін жазушы адам құнын парықтай алмаушылық, екіжүзділік, рухани бейшаралықты әжуалай отырып, жалпы қоғамдық құрылымның парадокстарын ашады.Дулаттың әңгімесіндегі сюжет уақыттың ащы ақиқаты мен қоғамның трагедиясын аңдатып жатады. Шенге деген шек-сіз бас июшілік, адамның рухани тұрғыдан мейлінше төмендеуі Жанайдаров, Әштен т.б. сынды әлеуметтік-психологиялық типтер арқылы көрініс береді. Қаламгердің «Ақырмаштан наурызға дейін», «Талахан-186» әңгімелеріндегі әзіл астарына қомақты суреткерлік ой жинақталған. Ауыл тұрмысы, халықтық тіл құнары-мен бейнеленетін жазушының бұл шығармаларындағы адамдар, мінездер, тағдырлар жайлы, қоғамдық жағдай жөніндегі авторлық сыншыл көзқарас бар. Бірақ мұндай сын-шылдық принцип тікелей мінеу арқылы емес, юморлық тәсілді жүйелі қолдану үстінде, оны сатиралық әуенге ұластыру арқылы, бұл көркемдік категорияларды бір-бірімен сабақтастыра, алмастыра отырып жүзеге асырылады. «Талахан-186» әңгімесіндегі бүкіл ауылды «дүр сілкіндірген» үш түп помидордың «оқиғасы» — сатиралық баяндау үлгісі. «Робинзон Крузо қылтиып өсіп тұрған жалғыз түп бидайды көргенде қалай таңырқанса, бұл адамдардың әр қайсысы «қүданың құдіре-тіне» одан кем таңданып тұрған жоқ еді. Бір топ бейғам помидор он шақты жалқау қа-зақтың басына сан-сапалақ сұрақ қаптатып кетті» Ел ішінде кездесіп жататын жалқаулық, рухани тайыздық, талғамсыздық, білімге деген құлықсыздық сияқты кесірлі құбылыстар мен типтік шындықтар, ұлт дамуында-ғы кері процестер — жазушының сатиралық жинақтаулар жасауына түрткі болған жай-лар. Әңгімедегі Ештен, Пікән, Ипатша, Әбдеш, Нәлетайлар сатиралық образ жасаудың ирониялық тәсілі арқылы мүсінделеді.