
- •Isbn 9965-617-51-1
- •Isbn 9965-617-51-1 © Смағұлова а.С.
- •1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
- •1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
- •1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі
- •2.1 Әдет заңындағы отбасы-неке құқығы
- •2.2 Меншік әдет заңы
- •2.3 Мұрагерлік құқық
- •2.4 Міндеткерлік
- •2.5 Қылмыстық әдет заңы
- •3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны.
- •3.2 Қасым ханның хандық құрған кезеңі
- •3.3 Қазақ мемлекеті тарихындағы Қасымның орны мен маңызы
- •3.4 «Қасым ханның қасқа жолы»
- •3.5 «Есім ханның ескі жолы»
- •3.7 Қазақ әдет- ғұрпына шариаттың әсер етуі
- •3.8 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктері
2.3 Мұрагерлік құқық
Қазақ халқы ежелден-ақ мұрагерлікке ерекше көңіл бөлген. Қайсы
заманда, қандай заң шығарылса да мұрагерлік ол – заңдардан шет қала
алмаған. «Қасым ханның қасқа жолында да», «Есім ханның ескі жолында
да», Тәуке ханның «Жеті жарғысында» да тіпті Ресей боданы кезінде де бұл
мәселе көрнекті орын алған.
Ежелден келе жатқан әдет-ғұрып қағидалары бойынша әке мұрасына
иелік ететіндер, марқұмның балалары, әке-шешесі, аға-інілері, жақын
туыстары қала берді аталас ағайындары болатын.
Әке орта жастан асып немесе қартайып өлген уақытта, ол өзінің
тіршілігінде артында қалатын мұрагерлеріне тиісті үлестерін беріп «ұлын
ұяға, қызын қияға ұшырып» үлгерген жағдайда қара шаңыраққа, мал-мүлкіне
ешкімнің дауы болмай, оған енші алмаған кенже баласы түгелдей ие болып
қалады. Мұндай жағдайда әке артында тірі қалған шеше алдында екінші рет
күйеуге шығу мәселесі күн тәртібінде болмайтындықтан «мұрагерлік» әңгіме
болмай, кіші баласының үйінде отыра береді.
31
Ал, әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, онда
әмеңгерлік әдет қағидасы бойынша өлген адамның бірге туған ағасы не інісі,
ондай туысы болмаса немере, шөбере туысқандары, қала берді аталас ең
жақын жанашыры жеңгесіне үйленіп, мал-мүлкіне заңды түрде иелік ететін.
Жесір қалған ана тұрмысқа шықпай, балаларын бағып отыра беремін
десе, оған зорлық жасалмаған. Қайта бүкіл туыстастары жетім қалған балалар
мен жесір әйелге қамқорлық жасаған.
Жесір әйел әмеңгерлік әдетке мойын ұсынбай, басқа біреуге өз еркімен
тұрмысқа шыққысы келсе, немесе төркініне кетпек болса, онда әдет-ғұрып
заңдары бойынша әрекет етіліп, басқаға жібермеуге, ал жібере қалғанның
өзінде жесірге тек өзінің киім-кешегін, төсек орны мен мінер атынан басқа
ештеңе берілмейді. Ал төркінінен келген жасауына ешкім таласпай, әйелдің
өзіне берілген. Бірақ, тиетін күйеуінен айып есебінде үш тоғыз не бір қызға
берілетін қалың мал алынатын.
Шешесі басқа күйеуге шығып кетсе, жас балалары әкесінің
туыстарында қалады да, әкеден қалған мал-мүлік олардың қамқоршысының
қолында болады.
Өлген адамның артында ешбір бала қалмаса, жесір әйел мал-мүлкімен
әмеңгерлік жолмен күйеуге шығады. Ал, әмеңгерлік жолмен шыққысы
келмесе, жоғарыда айтылғандай мақұрым қалады. Қалған мал-мүлік пен
дүние ең жақын мирасқорларына өтеді.
Өлген әкенің артында жесір мен ұзатылмаған қыздары қалса, әйел
күйеуге шықпай, өлген ерінің түтінін түтетіп, артын күтіп отыра беремін десе
ерік беріледі. Мұндай жағдайда жақын туысының ер баласын асырап
бауырына алады. Халық бауырына басып алған баланы «асыранды бала» деп
атайды. Қыздары ер жетіп, тұрмыс құрғаннан соң, бұл асыранды бала
жоғарыда айтқан қағида-ережелер бойынша сол шаңыраққа иелік етеді.
Әке-шеше бірдей өліп, артында жас қыздары қалса, мұра аға-інісіне
өтеді. Бірақ олар қыздарды ер жеткізіп, тұрмысқа бергенде жасауымен
ұзатуға тиіс. Одан артылған мал-мүліктерді туысқан мұрагерлері өзара
бөліседі.
Жасауымен келген әйел жастай өлсе, төркініне жасауы қайтарылған.
Егер қызы қалса, онда жасаудың жартысы, ал ұл бала қалса, ештеме де
қалдырылмаған.
Сонымен қазақ халқының әдет-ғұрып заңдары бойынша бұл
мұрагерлік мәселесіне ерекше мән беріп, мұраның мұрагерлер арасында
әділдікпен бөлінуін қатты қадалаған. Туысқандар арасында реніштер пайда
болып, көңілдері бір-біріне суымауын ойлаған. Мұхаммед Пайғамбар да
мұраға қатты көңіл бөліп, мұраның әділ бөлінуіне айрықша мән берген.
Құранда да бұл жайлы аяттар өте көп.
Бұрын енші алған балалары әке мұрасынан, егер ол бөліске түссе,
мұрагерлік құқығымен мұрасын алып отырған. Н.Гродеков: «Енші алған
балалары әкесінің қару-жарағын, жақсы киімдерін көзіндей көріп жүру үшін
алады» - деп жазады.
32
Әдет-ғұрып заң нормалары бойынша меншігіндегі мал-мүлкін өлер
алдында өз туысқандарынан басқа адамға қалдыру өте сирек кездеседі. «Бұл
алдымен өзіңді жарылқа» деген Құран қағидасымен туындаса керек. Бұл
мұрагерлік жөнінде әдейі тоқталып, қазақтардың мұрагерлік заңдарымен
оқушыларды аздап та болса хабардар еттік.
Шариатта да мұрагерлік зор көңіл бөлінеді. Мұрагерлік құқығы
исламда да туысқандық жағына берілді. Шариат бойынша туысқандық үш
дәрежеге бөлінеді:
- ата-ана және балалары;
- аға-іні, әпке-қарындастары;
- ата-анасыныі тікелей туыстары.
Бұл арада біз қазақтар мұрагерлік құқығын тек әке жағынан тараған
туыстарына берсе, ал исламда жақын туыстары болмаған жағдайда ана
жағының, яғни нағашы жұртының туыстарына да осындай құқық
берілетініне көз жеткіземіз.
Шариатта заңсыз туылған балалар әке мұрасына ие бола алмайды. Тек
анасының мұрагері ғана бола алады. Қазақтарда тұрақты неке түрі
болғандықтан заңсыз бала жайлы қағидалар қалыптаспаған.
Шариатта мына жәйттер мұрагер болуға кедергі келтіреді:
- мұрагердің кәпір болуы;
- адам өлтірген қанды-қол болуы;
- азат емес құл болуы;
- теріс бата берілуі;
- хабар-ошарсыз кетуі (он жыл бойына).
Әрдайым ең жақын мұрагерлері тұрғанда кейінгі дәрежелеріне мұра
бөлінбейді. Мысалы, балалары бар болса, немерелеріне, немерелері болса,
шөберелеріне т.б.
Мұра: жартыға, төрттен бірге, үштен бірге, үштен екіге, алтыдан бірге,
сегізден бірге бөлінеді. Әйел адамға ер адамға тиісті мұраның жартысы
беріледі.
Қазақтарда да дәл осы секілді бөлінеді әрі әйел мен қыздарға жарты
мұра бөлінеді.
Сонымен, бірінші дәрежелі туыстары: әке-шеше, балалары мен
немерелері мұра бөлерде бірінші кезекте тұрады.
Мұра былайша бөлінеді:
- баласы өлсе, ата-анасы басқа мұрагерлері (туған балалары) болмаған
жағдайда мұраны толық алады;
- ер адамға бір, әйелге жартысы берілетін қағида бойынша толық
мұраның - әкесі – үштен екісін, қалғанын анасы алады;
- ата-анасымен өлген марқұмның артында аға-інісі қалса, анасына
алтыдан бірі, қалғаны әкесіне, ал аға-інілеріне мұра бөлінбейді;
- марқұмның артында ата-анасымен балалары қалса, ата-анасына
мұраның алтыдан бірі ғана тиесілі;
- марқұмның артында тек балалары ғана қалса, мұра оларға мұралық
қағидасымен теңдей бөлінеді;
33
- ұлдан туған балалар тұрғанда қыздан туылған балалар мұрагерлік
құқыққа ие бола алмайды.
Сол секілді жарты мұраны - әйелі өлген баласыз ері, бір ата-анадан
туылған апа-сіңлісі алады. Ал ата-анасынан жалғыз қыз қалса, мұраның
жартысы соған да тиісті.
Төрттен бірін - әйелі өліп, баласымен қалған ері немесе баласыз қалған
әйелі алады.
Сегізден бірін – ерінен соң балаларымен қалған әйелі алады.
Үштен бірін – ерінен баласыз қалған әйелі алады.
Үштен екісін – бір ата-анадан туылған екі қыз болса, солар алады.
Алтыдан бірін – балалары бар ата-ана, анасына жақын яғни, анасымен
бірге туған туыстары не әке жағы аға-інісімен алады.
Кейінгі туыстық дәрежелер де мұраны бөліскенде жақындығына,
жынысына қарай бөлінеді.
Қазақтарда да алдымен мұраға ер жыныстылар ие бола алатынын, ал
шариатта көрсетілгендей, тек жартысы ғана берілетінін тағы да ескерткіміз
келеді.