
- •Isbn 9965-617-51-1
- •Isbn 9965-617-51-1 © Смағұлова а.С.
- •1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
- •1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
- •1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі
- •2.1 Әдет заңындағы отбасы-неке құқығы
- •2.2 Меншік әдет заңы
- •2.3 Мұрагерлік құқық
- •2.4 Міндеткерлік
- •2.5 Қылмыстық әдет заңы
- •3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны.
- •3.2 Қасым ханның хандық құрған кезеңі
- •3.3 Қазақ мемлекеті тарихындағы Қасымның орны мен маңызы
- •3.4 «Қасым ханның қасқа жолы»
- •3.5 «Есім ханның ескі жолы»
- •3.7 Қазақ әдет- ғұрпына шариаттың әсер етуі
- •3.8 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктері
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
Көшпелілердің құқықтық мәдениетінің халық тұрмысына және
тіршілігіне барынша лайықтанған, оның күнделікті өмірде қолдануына ең
бейімделген сүбелі бір бөлігі - әдет-ғұрып құқығы нормалары мен
институттары. Әдет-ғұрып құқығы нормалары тұп-тура және дәлме-дәл іске
асып қолданылуға, орындалуға арналмаған. Қоғам мүшелеріне оларды
бұлжытпай орындауға сырттан, жоғардан міндеттелмеген еді.
Құқықтық нормалардың қайнар көздері.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы нормалары ресми және биресми нысандарда
өмір сүрді. Бидің билігі, ханның жарлығы, ереже-көшпелілердің құқықтық
нормаларының ресми түрде әдеттік нормалар өсиет, өнеге, бата, үлгілі сөз,
нақыл, мақал-мәтел, афоризм бейнесін иеленді. Бидің билігі - әдет-ғұрып
құқығы нормаларының ұзына бойғы өмір сүру тарихына тән құбылыс.
Құқықтық мәнге ие хан жарлықтары көшпелі қазақ қоғамындағы ерекше
құбылыстардың бірі. Хан жарлықтары алым-салық төлеу, астана таңдау,
әскер ісі, көшу-қону мәселелерін реттеу салаларында біршама орын алды.
«Хан устанавливал с согласия и по совету верхушки феодалов важнейшие
государственные налоги и другие сборы и порядок их взыскания», - дейді
Т.М.Культелеев еңбегі.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы нормаларының келесі бір тарихи нысаны –
«жолдар». Сахара жұрты мұндай құқықтық құжаттардың екі түрін біледі.
Бірі – «Қасым ханның қасқа жолы» (1511-1523) болса, екіншісі – «Есім
ханның ескі жолы» (1598-1645).
«Жолдар» - көшпелі қоғамдағы орталық мемлекеттік биліктің
жеке-дара дербестенуінің бір көрінісі, оның қалыптасқан құқықтық
мәдениетті жаугершілік, әскери заманға сай бейімдеп пайдалануға талпыныс
жасауының нышаны.
«Жолдардың» пайда болуы мемлекеттік биліктің елді басқару ісін,
қоғамдық қатынастарды реттеу мәселесін жаңа негізде-құқықтық-мәдени-
арнада және құруға батыл қадам жасағандығының айғағы.
Көшпелі қазақ қоғамында пайда болған әдет-ғұрып құқығы
нормаларының тұнғыш ресми жинақтары – «Жолдар» ауызша дайындалып,
қабылданған. Бұл жинақтарда әдет-ғұрып құқығы тұтастай қамтылған.
Ә.Марғұланның пікірінше «Қасым ханның қасқа жолы» өзгеріссіз ХУІІ
ғасырға жетіп, Есімнің кезінде «Есім ханның ескі жолы» деп аталған. «Есім
хан негізінен «Қасқа жолдың» қағидаларын сақтады»,2 - дейді, С.Зиманов
және Н.Өсеров. Дегенмен «Есімнің жолында» қылмыс мәселелеріне
арналған тарауда бірсыпыра өзгерістер еңгізілді дейді К.Миханов. Есім
7
мен Қасымның жинақтарында қомақты орын әскери және елшілік
нормаларға берілген. Себебі, жас мемлекеттің ең басты мақсаты – күн
астындағы өз орнын табу және соны нығайту еді.
Ал, ішкі қатынастарды реттеуде, ең алдымен елдің бірлігін сақтауға
арналған, оның тыныштығын қорғайтын, ел арасы бүлінген кезде жедел
түрде келісім-ымыраға бастайтын әдет-ғұрып нормаларына көңіл бөлінді.
Оған «жұртшылық» пен қылмысқа қарсы бағытталған құқықтық нормаларды
айтуға болады. Көшпелілердің әдет-ғұрыптық құқықтық нормалар жүйесінің
ресми өмір сүру нысандарының ең жетілген түрі-жарғы. Ол билер
биліктерінің, хан жарлықтарының, жолдардың даму жолының тікелей
жалғасы және келесі бір сатысы.
Қазақ қоғамы жарғының бір үлгісін – Тәуке хан тұсында қабылдаған
«Жеті жарғыны» білеміз. «Жарғы», «жолдарға» қарағанда мән-мазмұны
жағынан бай, құрылымы тарапынан қарағанда сан-салалы, көлемі тұсынан
алсақ мол келеді. Тағы бір ерекшелік, жоғарғы хандық билік «жолдары»
құрастыру барысында қалыптасқан әдет-ғұрыптық нормалардың белгілі бір
бөліктерін жинап, сұрыптап, кейбір жерлерін өңдеп, елге жария қылуға баса
назар аударса, «жарғыны» дайындау кезінде өз кім тарапынан жаңа нормалар
кіргізуге біршама көңіл бөлген. Демек, «жарғы» мемлекеттік биліктің
құқықтық қызметінің өсіп-дамып, жаңа сатыға көтерілген тұсының
туындысы және көрінісі. «Жолдарға» қарағанда «жарғыда» шариғат әсері
көбірек болды. Бұл қазақ қоғамына ислам дінінің жайыла бастағанының
көрінісі еді.
Әдет-ғұрып құқығы нормаларының келесі бір ресми қайнар көздерінің
бірі – «Ереже». ХІХ ғасырдағы ережелер қазақ халқының Ресей бодандығына
кіріп, өзінің саяси мемлекеттік тәуелсіздігінен айырып, қазақ жерінің Ресей
империясына отар болған туындысы, жемісі және көрінісі.
Академик С.З.Зимановтың айтуынша ережелер-қазақ әдет-ғұрып
құқығы нормаларының кіші жинақтары.
Жол, жарғы бүкіл қазақ қоғамы ауқымында, ең жоғары құқықтық
күшке ие деңгейде және ұзақ мерзімге қызмет істеуге арналған жинақтар
болатын. Ережелер болыс аралық, ояз аралық, одан қалды облыс аралық
көлемде қызмет етті. Бұның үстіне олар қысқа мерзімдік уақыт
аралығындағы (күн, апта, жыл, ай) күшке ие еді. Ережелердің тағы бір
ерекшелігі – олар көшпелілердің құқықтық мәдениеті ауқымында қызмет
еткенмен, орыс заңдарының талап-тілегін барынша ескеріп отыруға міндетті
еді.
Әдет-ғұрып құқығының қағидалары биресми түрде өсиет, бата, үлгілі
сөз, нақыл, мақал-мәтелдер, айшықты афоризм нысандарда өмір сүрді. Өсиет,
бата айтудың бір түрі-жалпы құқықтық өмір жайлы, оның мәні-мақсаты, бұл
саладағы қолданылар ереже-нормалар жайлы атақты бидің әңгімесі. Мақал-
мәтел, айшықты афоризмдер - әдет-ғұрып құқығының кең тараған биресми
нысандары. Әдет-ғұрыптық принцип-қағидалар, нормалар биресми күйде
өмір сүру арқылы халық тұрмысына, оның қажеттілігін өтеуге барынша
жақын және бейім келді.
8
Қағидалар.
Көшпелілер қоғамындағы принцип-қағидалар құқықтық ұғым-
түсініктермен бірлесе және қатар қызмет етті, олар бірін-бірі толықтырып,
әрі байытып отырды, өзара іштей үндестікте болып, бір-біріне айнымас тірек
бола білді. Құқықтық қағидалар құқықтық ұғым-түсініктермен толып-
пісуінің, дамуының келесі сатысы, тікелей жалғасы іспеттеседі, соған сай
олар құқықтық практикаға дау-дамай аймағына әлдеқайда жақын болып
көрінетін. Құқықтық қағида-принциптер құқықтық ұғым-түсініктер сияқты,
негізінен, құқықтық өмір салаларына бағыт-бағдар беру, осы аймақтың
«дербестігін» құндылығын, өзін-өзі рухани - мәдени, іс-әрекеттік тұрғыдан
қамтамасыз ету, құқықтық ситуацияларды, нормаларды бақылау
функцияларын атқарды.
Көшпелілердің құқықтық принцип-қағидаларын шартты түрде
бірнеше топқа бөлуге болады. Олар-бас принцип, ара (ортақ) принциптер
және дербес (жеке) принциптер. Қағида-принциптер құқықтық өмірдегі өз
деңгейлеріне, салмақтарына және күш қуаттарына сай өзара тығыз
байланыста және қарым-қатынаста болды. Олар жалпы құқықтық жүйенің
құрылымын анықтап, оның ішкі бірлігін, үйлесімділігін және сыртқы
ықпалға төтеп берер тәуелсіздігін қамтамасыз етті. Сахара жұртының
құқықтық өмірінің басты қағида-принципі «малым-жанымның садағасы,
жаным-арымның садағасы» - деп әдемі айшықталған еді. Бұл принцип
құқықтық өмірдің барлық салалары үшін негізгі қағида болды.
«Малым-жанымның садағасы, жаным-арымның садағасы» -
көшпелілердегі құқықтық өмірдің негізгі талабы, бағдары әрі қызмет ету
аясы еді. Яғни, көшпелілер үшін ең басты өмірлік құндылық ол адамның
ар-ұяты, намысы, иманы, ішкі рухани дүниесі. Сондықтан, құқықтық жүйе ең
алдымен осы басты қоғамдық, әрі адамгершілік құндылықты қамтамасыз
етуге, қорғауға бағытталуы керек болатын. Оның барлық күш-қуаты әрі
мүмкіндігі бірінші кезекте осы талапты орындауға жұмсалды. Көшпелілердің
құқықтық нормалар жүйесінің бас принципі өз қызметін ара (ортақ)
принциптер арқылы іске асырды. Ортақ принциптерге кешірімді болу, сөзге
тоқтау қағидалары жатты. Бұл принциптер ара принциптердің мейлінше
көрнекті өкілдері еді. Ортақ принциптердің ерекшелігі олар бас принцип
және жеке принциптер арасын байланыстырушы, солардың қызметін
үйлестіруші болды. Кешірімді болу («Алдыңа келсе атаңның құнын кеш»)
қағидасы құқықтық жүйедегі, оның принцип-нормаларындағы рулық-
тайпалық мазмұнның елдік, халықтық мәнмен ауысуына, біртұтас мемлекет
болу ой-әуенімен суарылуына да рухани өткел бола білді. Сондай-ақ, жер
дауы, мал дауы, жан дауы салаларындағы құқықтық қағида нормалардың
өсіп-өніп, рухани тұрғыдан нәрленіп, кең де биік адами ажарға ие қорғаушы
күш рөлін ойнағынын көреміз.
Көшпелілердің құқықтық өмірінің басты қағидасынан туындайтын,
соны жалғастыратын және оның іске асуын қамтамасыз етуге бағытталған
ортақ принциптердің бірі «сөзге тоқтау» деп аталды. «Сөзге тоқтау»
қағидасының құқықтық өмірдегі маңызы сөз өнерінің көшпелі қазақ
9
қоғамындағы айрықша мән-мағынасынан, ортаймас орнынан туындайтын.
Сөз құдіретін басты құдірет деп ұғынған көшпелі қазақ жөн сөзге тоқтай
білуді де, жеке адам басындағы негізгі құндылықтың бірі деп санады,
адамгершіліктің, жоғары парасаттылықтың белгісі деп білді.
«Сөзге тоқтау» қағидасы («өз жеңілгенін өзі мойындау», «жөн сөзге
тоқтамаған арсыз») даудың құқықтық салада туындап, өрбіп кейін шешілуін,
барысын рухани тұрғыдан қамтамасыз етіп, әрі қадағалап отырар пәрменді
құралдың бірі болды. «Сөзге тоқтау» қағидасының негізінде әділдікке, жөн
іске мойын ұсыну жатты. Көшпелілердегі қоғамдық санаға сәйкес дауға
қатысушы жақтардың азаматтық ажары, ары, намысы әрқашан да берік
қорғаныста болуы керек. Мінеки, сондай адамдық қасиетті қорғауға
арналған механизмдердің бірі - өз жеңілгенін даудың кез-келген тұсында
мойындау еркі еді. Осы механизм арқылы құқықтық салаға тартылған (дауға
қатысушы) кез-келген қоғам мүшесі өзінің азаматтық бейнесін, ар-намысын
кір шалудан, төмендеуден арашалап ала-алды.
Көшпелілердің құқықтық жүйесінің неке саласында «жеті атаға дейін
қыз алыспау» принцип-қағидасы жетекші рөл ойнады. Сот процесі
саласының негізінде «Дау мұраты-бітім» қағидасы жатты. Қылмыс пен жаза
қатынастарын реттеуде «қанға-қан, жанға-жан», «құлаққа-құлақ, тұяққа-
тұяқ», «құн төлеу» принциптерінің әрқайсысының тарихтың әр дәуірінде әр
түрлі жетекшілік мәнге ие болғандығын байқаймыз. Сол сияқты, жер
қатынастарын, мүліктік қатынастарды реттеуде де белгілі бір құқықтық
принцип-қағидалардың осы салалар аумағындағы нормалар тізбегіне негізгі
бағыт-бағдар беруші қызметін атқарғанын көреміз.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы принциптерінің және нормаларының басты
мақсаты қоғамдағы талас-тартыстарды, дау-дамайларды шешу еді. Олар осы
қажеттіліктен туындаған болатын және осы мақсатқа бағытталған еді.