
- •Isbn 9965-617-51-1
- •Isbn 9965-617-51-1 © Смағұлова а.С.
- •1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
- •1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
- •1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі
- •2.1 Әдет заңындағы отбасы-неке құқығы
- •2.2 Меншік әдет заңы
- •2.3 Мұрагерлік құқық
- •2.4 Міндеткерлік
- •2.5 Қылмыстық әдет заңы
- •3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны.
- •3.2 Қасым ханның хандық құрған кезеңі
- •3.3 Қазақ мемлекеті тарихындағы Қасымның орны мен маңызы
- •3.4 «Қасым ханның қасқа жолы»
- •3.5 «Есім ханның ескі жолы»
- •3.7 Қазақ әдет- ғұрпына шариаттың әсер етуі
- •3.8 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктері
3.7 Қазақ әдет- ғұрпына шариаттың әсер етуі
Қазақстан аумағындағы тіршілік еткен тайпаларға ислам діні
УІІІ ғасырдың басынан бастап ене бастады деуге болады. Қазақстанда сол
дәуірлерде қалыптаса бастаған феодалдық қарым-қатынастарға ислам дінінің
кері әсері болмай, қайта ол феодалдық қарым-қатынастарды жандандыра
түсетінін көре білген феодалдық, үстем тап өкілдері ислам дінін қарсы алды.
Оның үстіне бір замандары көшіп кеткен, сөйтіп Иран, араб елдерінде
тұрмыс-тіршілік жасаған түрік тайпаластарымыз арабтармен бірге қайта
оралып, өздерімен бірге ислам дінін ала келді.
Қазақстан аумағында көшіп-қонып тіршілік еткен тайпалардың
бұрыннан келе жатқан мәжәусилік шаман діні кеңейе түскен мемлекет
талабына, ел басқару ісіне құрал бола алмады. Ал, ислам діні болса, халықты
рухани жағынан болсын, саяси жағынан болсын мығым ұстай алатын
мемлекеттік дін рөлін атқара алатындығын үстем таптар түсіне бастады.
Ислам дінін уағыздаушылар, оның қағидаларын түрік-қазақ халқының ежелгі
әдет-ғұрып жолдарына тікелей қарсы қоймай, бірге ұстауды саясат еткен.
Соның салдарынан өзара әсері ғасырларға созылған. Мысалы, шамандық
дәстүр, «бақсылық» ислам дініне жатпағанмен олар бірден үзілді-кесілді
жойылмады. Немесе қазақтардың ең бір ежелден бері қадірлеп-құрметтейтін
дәстүрі – ата-баба аруақтарына сыйыну. Қазақтарда өлген адам аруаққа
айналып, тірілердің зор құрметіне ие болады. Өзінен кейін қалған
ұрпақтарына қалдырған заң-қағидаларын, дәстүрлерін үнемі сақтап, бұзбай
орындап жүрулерін талап етеді. Ата-баба аруағына қарсы болғандарға
ренжіп, әр түрлі ауру-сырқаттар әкеледі, ұрпақтарын өсірмейді деп ойлаған.
Сол себепті де қазақтар ата-баба аруақтарын разы етуге («өлі разы болмай,
тірі байымайды», «аруақты аттаған оңбайды», т.б.) тырысады. Олардың
жолына құрбандықтар шалып, үнемі естерінде ұстайды. Аруақтарды
ежелден-ақ қазақтар өлілер мен тірілер арасындағы байланыстырғыш күш
ретінде қарайды. Өлгендерге сол үшін де шаң жуытпайды. Біреуге наразы
болғанда «аруаққа салдым» дейді. Риза болғанда «ата-бабаның аруағы
қолдасын» дейді. Міне, сол аруақ дәстүрін ислам лақтырып тастамай, қайта
исламдық түр-сипат беруге тырысады. Аруаққа атап жұма күндері «Құран»
оқылатын болды. Аруақ Алламен екі арадағы бірден-бір байланыстырғыш
күшке айналды. Ал, мәжәусилік тұрпайы жақтары (өлгенде ас-тағаммен қою,
киіммен жерлеу, т.б.) тез көмескіленіп, жойыла бастады.
78
3.8 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктері
Бір шеті Қара теңіз бен шығыста Алтай тауларына дейінгі, бір шеті
Қытайдың Ұлы қорғанынан сонау қарлы солтүстікке дейінгі аралықта
ежелден көшіп-қонған ата-бабаларымыз Тәңіріні бір деп біліп, Күнге, Айға,
Жұлдызға бас иіп, жерді, отты, суды қасиетті деп санады, аң мен құсты киелі
деп ұқты. Сенім мен нанымы сол Тәңірісіне қарсы шықпай, ортаны сүюге
бағытталған. Әуелі отбасынан басталған тәрбие төркіні ірілене ел іші-
қоғамдық тәртіпке ойысты. Бұл нормалар бірте-бірте көбейе түсіп, салт-
дәстүрге, әдет-ғұрып қағидаларына айналды. Өмірге белсене кірікті.
Адамдардың есі мен санасынан мығым орын алып, қанына, діліне, тіліне
сіңісті. Психологиялық мінез-құлқына әсер етіп, ширатыла түсті.
Әдет-ғұрыптың қауырт күш алуына географиялық шексіздіктің де әсері мол
болды. Кең қоныс, даяр тамақ рухани биіктікке ұмтылдырды. Адам адамға
қонақ екені ерте аңғарылып, туыстастықты, адамдық қасиеттерді тереңінен
оятты. Кең далада оқта-текте келетін қонаққа кең пейілділік көрсетуден
қонақжайлы қазаққа дейін сомдады. Сөйтіп, қан жағынан алсаң да кез келген
халықтан бір елі төмен тұрмайтын қазақ халқының әдет-ғұрып нормалары
қалыптаса берді.
ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығында қазақ халқының қалыптасып, әрі ислам
дініне мойын бұра бастауында басқару, оқу-білім жүйесіндегі, тайпалардың
тұрмыс-тіршілігіндегі өзгерістерді еске алсақ, бұл дәуірді қазақи дәуір деп
атауға болады. Міне, осы дәуірде өзіндік ерекшеліктері бар дәстүр мен
қағидалар қалыптасты. Бұлар қоғамдық-экономикалық әлеуметтік қарым-
қатынастар мен рухани қажеттілігін қанағаттандырарлық өзара қатынас,
мәміле, мінез-құлық, халық бірлігін сақтайтын нәрлі де мазмұнды қағидалар
еді. Сонымен бірге Орта Азия мен Қазақстанға ислам дінінің таралуы бұл
өңірде өмір сүрген түркі тайпалары арасында феодалдық қатынастың
өркендеп өсуіне себепші болды. Тап осы дәуірдегі зиялылық тың серпіліс,
мәдениет пен ой-пікірдің жаңаша дамуына игі әсер етті.
Қазақи дәуір ата-баба аруағын бір саты болса да жоғары көтеріп, тәңірі
мен тірілер арасын байланыстырғыш жебеушіге жеткізді. Осы дәуірде
қазақ – халық, жеке халық болып қалыптаса бастады. Соның нәтижесінде
шығу тегі, айналысқан кәсібі, тілі мен мәдениеті бір-біріне жақын тайпалар
топтасып, ақыры, Үш жүзден тұратын қазақтарды тарих бетіне шығарды.
Сонымен бірге өзіне тән ерекшеліктері бар қазақ әдет-ғұрып заңдары да
қатар өмірге келді. Бұл заңдар мен қағидалардың, құқықтардың қоғамда
араласпайтын, олар қамтымайтын салалары жоқтың қасы. Жеке
индивидтерден бастап, бүкіл қоғамдағы қандай іс-әрекетті, қарым-қатынасты
алмайық, мысалы, көші-қон, дау-дамай, ұрлық-қарлық, алым-салық, аза-қаза,
өлім-жітім, алыс-беріс, жиын-той, т.б. бәрі де қазақи дәуірде қалыптасқан
қағидалармен реттеліп отырған.
Міне, осы қазақи дәуір ережелері қөбіне басқалармен онша қарым-
қатынас жасалмауы себепті томаға-тұйық, өзгеріске онша түспеген қалпында
79
күні кешегіге дейін жетті. Рас, заманалар өтуімен, саяси, әлеуметтік және
экономикалық жағдайларға орай әдеттік қағидалардың кейбір тұстары
өзгерістерге ұшырады. Оны біз Орыс, Қасым, Есім, Тәуке хандар жасаған
құқықтық реформалардан көреміз. Әлбетте, бұл өзгерістер бұрыннан келе
жатқан жалпы әдет-ғұрып мен құқықтану жүйелеріне күрделі өзгерістер
кіргізіп, жаңаша сипат бере алғаны жоқ. Сол секілді мұсылман дінінің
шариат заңдары да қазақ әдет-ғұрпына кілт өзгерістер енгізіп, өзгерте алған
жоқ. Бірде мұсылмандық сипатқа ие болса, бірде керісінше қазақ әдет-ғұрып
исламның қағидаларын өз ішіне ала отырып, қазақи сипат алды.
Қазақи дәуірде қалыптасқан қағида-ережелер көшпелі феодалдық
қарым-қатынастың айнасы іспетті. Бұл жүйе негізінен демократиялық
бастаулардан тұрады. Мысалы, хан сайлау дәстүрін алайық. Ежелден-ақ
ханды ақ киізге отырғызып, үш рет жоғары көтеріп халық сайлаған. «Халық
ұйғарса, хан түйесін сояды» деген қағида берік орын алған. Немесе би мен
билік сот процесін алайық. Айталық, бидің ешбір даяргерліксіз, жиналған
көпшілік халық алдында істің ақ-қарасын тексеруі, әділ билік шығаруы, елді
өзіне тарта білуі, дауды бітіруі, т.б. Билер сотының басты мақсаты
қоғамдағы келеңсіз жәйттерді болдырмауға, қылмыстың алдын алуға,
қылмыстыны жазалауға, тәртіп орнатуға бағытталған.
Қазақ әдет-ғұрпының ерекшеліктері әсіресе отбасы заңдарында көзге
түседі. Қазақтар жеті атаға дейін қыз алуға не беруге тыйым салған.
Шариаттағыдай уақытша неке деген мүлдем жоқ. Оның есесіне қазақта
әмеңгерлік институты бар. Бұл ізгі ниеттен туындаған, күйеуі өлгенмен
артында қалған ұрпақтары жетім болмасын, әрі бұрыннан сыр алысып, сыр
біліскен құдасынан, жекжаттығынан айырылмауды ойлаудан, екі рудың жат
болып кетпеуін қарастырудан деп санаймыз.
Әмеңгерлік қағидасы бойынша жесірге толық ерік беріліп, ол күйеуді
өзі таңдайды. Күйеуге шыққысы келмесе, ешкімнің оны зорлауға құқы жоқ.
Мұнан бас бостандығын сыйлау, көпшілік үндері сезіледі.
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының тағы бір үлкен ерекшелігі – барымта
институтының сақталуы. Барымта қағидасы бойынша құн не айыпты
төлемеген жағдайда, күштеп басқаның мал мүлкін алып кету. Рас, шариатта
да кісі өлімінде қанға-қан ретінде басқаны күштеп өлтіруге жол беріледі.
Бірақ мал-мүлікті күштеп тартып алуға шариат рұхсат етпейді. Барымта – тек
қазақ әдет-ғұрып заңдарына тән институт.
Қазақ әдет-ғұрып заңдарының тағы бір ерекшелігі – шариат
заңдарында жоқ, қарастырылмаған қыз алып қашу дәстүрі.
Ежелден келе жатқан дәстүрлерден қазақтардың ырымдарында
мәжәусилік ерекшеліктері сақталған. Мысалы, отқа май құю, күн
күркірегенде үйді айналып қымыз шашу, т.б.
80
ІУ тарау. ҚАЗАҚ ӘДЕТ-ҒҰРПЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАҒИДАЛАР
1. Малым – жанымның садақасы, жаным – арымның садақасы.
2. Айғақтың тазасы күмәнмен мойынға салынады.
3. Шындық – ерлікке тәрбиелеудегі ең бір құнарлы құрал.
4. Жазылмаған кейбір заңдар жазылған заңдардан да қатаңырақ.
5. Сөз шынына тоқтайды, пышақ қынына тоқтайды.
6. Күн ортақ, ай ортақ. Әділ төрелік ортақ. Бір
нақақты күйдіргеннен, он қылмыстыны ағартқан артық.
7. Құнды қылышпен алмас, қисынмен алар.
8. Шеберден – олжа, шешеннен – сауға.
9. Заманына қарай – заңы, тоғайына қарай – аңы.
10.Ердің құнын жастың жайсаңы даулайды.
11.Тұлпардың құны бітпейді, тұяғы кетпейді.
12.Заң адамды бағындырады, заңды ақыл бағындырады.
13.Болмайтын істің басында болма, бітпейтін даудың қасында болма.
14.У ішкен бір өледі, ант ішкен мың өледі.
15.Барымтамен келген мал, қарымтамен кетеді.
16.Ханды құдай ұрғаны – халқымен жау болғаны,
Биді құдай ұрғаны – билігі даулы болғаны.
17.Жамандықты жазаламаған адам – оның дем берушісі.
18.Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәрбиесіз ел болмайды.
19.Ұлы би қылжың болмас, әділ би мылжың болмас.
20.Жақсы тәртіп әдетке айналса – ырыс,
Жаман тәртіп әдетке айналса – қырсық.
21.Сөздің атасы – бірлік, анасы – шындық.
22.Ханнан – қазық, биден – билік.
23.Тура биде туған жоқ, паралы биде иман жоқ.
24.Өтірік жарға жығады, шындық жеңіп шығады.
25.Барымталаған мал болмас, қуып алған құн болмас.
26.Ақымаққа арнап заң жазылмас.
27.Ісің ақ болса, тәңірі жоқ.
28.Ант бұзушы оңбайды,
Салт бұзған сорлайды.
29.Өтірік сөз жарақат сияқты: жазылса да орны қалады.
30.Бір тойда екі жар жоқ, бір істе екі дау жоқ.
31.Сүйреткен ит аңға жарамас,
Үйреткен сөз дауға жарамас.
32.Байлық не керек, адалдан жимасаң,
Билік не керек, әділдік құрмасаң.
33.Ұсынған басты қылыш кеспес.
34.Әділ бидің өлгені – сөзінің болса жалғаны,
Ғұламанның өлгені – болмаса тәлім алғаны.
35.Әділ адамның адамгершілік қасиеттері заңды жоқтатпайды.
81
Қ О Р Ы Т Ы Н Д Ы
Қазақ сахарасындағы әдет-ғұрып құқығы дегеніміз құқықтық немесе
құқықтық мәні бар қағида, көзқарас, ой-түсінік жүйесі және соларды іске
асыруға бағытталған нормалар жүйесі. Оны бірнеше кезеңге бөліп
қарастыруға болады:
- хандық дәуірге дейінгі кезең;
- хандық дәуірдегі (ХУ-ХУІІІ ғ. басы);
- Ресей өкіметі кезеңіндегі;
- кеңес дәуірінде.
Хандық дәуірдегі әдет заңдары ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралған. Бұл
ережелер халықтың әдет-ғұрпына, салт, тұрмысына сөз тіркестерінен
құралған. Ондай құқықтық құжаттар: «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім
ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» болды. Бұл құжаттар әлі күнге дейін өзінің
маңызын жойған жоқ. Би билігі мемлекеттік биліктің бір саласы ғана болмай,
оның іске асуының белгілі бір көрінісі әрі құралы болды. Би әркез халық
атынан сөйлейді. Маңызды мемлекеттік істер билер кеңестерінде қаралды.
Сот процесінің көздеген мақсаты екі жақты татуластыру болды.
Неке және отбасы саласында, «жеті атаға дейін қыз алыспау» қағидасы
ұсталды. Әке билігі үстем болды. Әйелдердің құқы шектелді, некелесудің
бірнеше түрлері болды. Көп әйел алу салты ұсталды. Мүлікті әкесі ауызша
өсиет айту жолымен бөлді.
Қылмыс пен қоғамға қауіпсіз құқықтық туғызушылық іс-әрекет
түрлеріне жаза қолдануда ерекшеліктер болды. Қылмыстың бірнеше түрлері
бар, соған сәйкес жаза көптеген түрлері белгіленді. Мысалы, айып, құн төлеу,
өлім жазасы т.б.
Ресей империясы тұсында әдет-ғұрып құқығының өз ерекшеліктері
болды. Ол кезеңде өкімет саясатына және жарлықтарына қарсы
келмейтіндерін қолданып қарсы келетіндеріне шектеу қойды. Билер
ХІХ ғасырдан бастап сайлана бастады. Осы кезден бастап ережені жасау
патша әкімшілігіне беріліп, солардың ұйымдастырылуымен өтті. Ресей
құрамына енген соң сот процесінде жазушы пайда болды. 1867-1868
жылдары билер соты «халық соты» деп аталды. Әдет-ғұрып құқығының
кейбір салалары (саяси билік, мемлекеттік құрылыс, алым-салық саласы)
жансызданды, көптеген институттарға шектеулер қойылды.
Кеңес үкіметінің алғашқы он жылдығында әдет-ғұрып құқына назар
аударылды. Қазақ АССР жағдайында әдет-ғұрып құқының өмір сүру жолы
мен іске асуы шартты түрде 3 кезеңге бөлінді. Бірінші кезең, Кеңес билігі
орнаған уақыттан бастап Қазақ ССР-дің құрылғанына дейін созылды.
Осы кезде Кеңес үкіметі, әдет-ғұрып құқын қазақ қоғамындағы құқық
бастауларының бірі ретінде мойындады. Әдет-ғұрып нормалары
ерекшеліктері – олардың Кеңес органдары, оның сот-тергеу аппараттары,
сондай-ақ сол кездегі билер соты және үштік соттар арқылы
қолданылғандығында.
82
Әдет-ғұрып құқының іске асуының екінші кезеңі Қазақ АССР
құрылған уақыттан бастап қайта құру кезеіңінің соңына дейін
(1920-1925 ж.ж.) созылды. Осы кезеңде әдет-ғұрып институттарының күшін
жою (құн, қалың мал, көп әйел алу), әдет-ғұрып құқы сипатындағы
мекемелерді тарату (билер, ақсақалдар соты), қоғамдық қауіптілік тудыратын
(барымта, т.б.) әдет нормалары бойынша іс-әрекеттер жасағандарға
қылмыстық жаза белгілеу, кейбір нормаларды (рулық, діни ант беру) ресми
мойындамау сияқты шаралар қолданылды.
Әдет құқығының өмір сүруінің үшінші кезеңі 1925 жылдан бастап сот
тәжірибесінде әдет-ғұрып құқының нормаларын қолдануды толығымен
доғарғанға, олар мемлекет рұқсат етпеген әдет-ғұрыпқа айналғанға дейінгі
уақытты қамтыды.
Қазақстан Республикасы егемендік алып, оның саяси тәуелсіздігі
жаряланғаннан кейін жағдай түбегейлі өзгерді. Қазіргі кездері билер соты,
ақсақалдар алқасы, төбе би сайлау сияқты құбылыстар облыстар мен
аудандарда етек алуда. Осындай соттар Оңтүстік Қазақстан облысында бар
екендігі туралы деректер бар. Ақсақалдар кеңестері Оңтүстік Қазақстан
облысы, Ақтөбе облысында да құрыла бастаған. Қызылорда облысында
ашылып жатқан билер алқалары өз жұмыстарын ресми түрде қабылдап,
бекітілген ереже, жарғылары арқылы іске асыруда.
Қазіргі таңдағы басты міндет өз халқымыздың мемлекеттік және
құқықтық тарихына, табиғатына және болмысына назар аудару соны танып
біліп, олардың жаңа дәуірде, жаңа деңгейде дамуына жол ашып, жағдай
жасау. Тәуелсіз жаңа мемлекетіміздің және құқықтық жүйеміздің негізінде өз
халқымыздың өзіндік саяси болмысы, құқықтық жаратылысы жатуы керек.
Демек, біз өз тарихымызды, дәстүрімізді қазіргі күн талабына лайықтап
қолдануымыз керек.
83
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Ахметова Н.С. Обычное право казахов в ХУІІІ – первой половине
ХІХ века. Караганда, 1999
2. Ақышев А.К., Асылбеков М.Х. Қазақстан тарихы (очерктер).
Алматы. Дәуір баспасы, 1994
3. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла. Алматы//Ана тілі, 1998
4. Алексеев С.С. Теория права. Москва, 1994
5. Аль-Халел Карпык. Белая кость прошлого (наши современники)
Дәуір. Алматы, 1994
6. Арғынбаев Х. Қазақ отбасы. Алматы. Қайнар, 1996
7. Арғынбаев Х. Қазақ халқындағы отбасы және неке. Алматы, 1973
8. Асфендияров С. Қазақстан тарихы. Алматы, 1993
9. Ардақ Нұрғали. Отбасы және туыстық дәстүр//Ақиқат, 1998, № 10
10. Азаматтық құқықтану. Жас алаш, 1999, 5 қаңтар
11. Қ.Әлішев. Келелі сөзді кім айтар?//Егемен Қазақстан. 11 шілде
1996 жыл
12. Бекмаханов Е. Қазақстан ХІХ ғасырдың 20-40 жылдарында.
Алматы. Санат, 1994
13. Билер тарихы. Алматы. «Жеті жарғы», 1993
14. Большая Советская энциклопедия. Т.1. Москва, 1949
15. Б.Бабақұлы. Әз Тәукенің Жеті жарғысы//Ақиқат, 1993 №6
16. Дәуітов С. Төле би. Мұраттас ғылыми зерттеу орталығы. Алматы,
1991жыл
17. Под.ред. Дулатовой Д.И. История Казахстана с древнейших
времен до конца ХУІІІ века. Алма-Ата. Қазақ университеті, 1992
18. Қ.Еламанов. Билер қызметі//Фемида, 1997 № 11
19. Жездібаев С. Не білу керек?//Ақтөбе, 1991
20. «Жеті жарғы» Бұрынғы қазақтардың ел билеу заңы. Алматы//Айқап
баспасы, 1993
21. Ө.Жаппархан. Билер алқасы тәртіпке шақырады//Егемен
Қазақстан, 1995, 27 мамыр
22. Зиманов С.З. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары.
Алматы. «Жеті жарғы», 1996
23. Зиманов С.З. Проблемы казахского обычного права. Алма-Ата,
1961
24. Зиманов С.З. Общественный строй казахов первой половины ХІХ
века. Алма-Ата, 1958
25. З.Кенжалиев. Неке және отбасы//Жас алаш, 1998, 11 маусым
26. Кенжалиев З. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық
мәдениет. Алматы. «Жеті жарғы», 1997
27. Культелеев Т.М. Уголовное обычное право казахов. Алматы, 1955
28. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж.
(07.10.1998ж. өзгертулер мен толықтырулар енгізілді)
84
29. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 1994ж.
(1 қыркүйек 1998ж.толықтырулар мен өзгертулер енгізілген).
30. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 16 шілде
1997ж.
31. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі.
13 желтоқсан 1997ж.
32. Казахско-русские отношения в ХУІ-ХУІІІ веках. Алма-Ата, 1961
33. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех
тысячелетий. Алма-Ата, 1992
34. Қазақ Совет эндиклопедиясы. Т.4, Т.6, Т.8. Алма-Ата, 1975
35. Қожабекова Б. Қазақы неке. Алматы. Жалын, 1994
36. Мақсұт Нәрікбаев (Ұлы билерімізден жоғары сотқа дейін.
Атамұра, 1999).
37. Материалы истории государства и права Казахстана. Алматы,
1994
38. Мемлекет және құқық тарихына хрестоматия. Алматы. «Жеті
жарғы», 1998
39. Мұқанов М. Қазақ жерінің тарихы. Атамұра-Қазақстан. Алматы,
1994
40. Мұратқан Қани. Қазақстанның көне тарихы. Алматы. Жалын,
1993
41. «Неке және отбасы туралы» заң, 16 шілде 1997ж.
42. Новицкий И.Б. Римское право. Москва, 1994
43. Нұрпейсов Е.К., Котов А.К. Қазақстан мемлекеті: хандық биліктен
президенттік республикаға дейін. Алматы. «Жеті жарғы», 1996
44. Нұрпейсов Ә. Әйтеке би. Алматы. Атамұра, 1998
45.Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы.
Жалын, 1994
46. А.Оразбаев Қазаққа тән құқық мәдениетінің қайнары//Егемен
Қазақстан, 1998, 9 қазан
47. Н.Өсеров. Ислам отбасы туралы//Қазақстан әйелдері, 1995 № 6
48. Н.Өсеров Отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер және неке
туралы//Қазақстан әйелдері, 1994 № 4
49.Өсерұлы Н. Қазақтың үкім кесімдері. Алматы//«Ана тілі», 1994
50.Өсерұлы Н. «Жеті жарғы». Алматы. «Жеті жарғы», 1995
51. Өсеров Н., Естаев Ж. «Ислам және қазақтардың әдет-ғұрпы».
Алматы. Қазақстан, 1992
52. Н.Өсеров. Ислам отбасы туралы//Қазақстан әйелдері, 1995 № 6
53. Н.Өсеров Отбасы тұрмысына қатысты міндеттемелер және неке
туралы//Қазақстан әйелдері, 1994 № 4
54. Под.ред. Поленова Г.Ф. Уголовное право Казахской ССР. Алма-
Ата. Мектеп, 1981
55. Салғарұлы Қойшығара. Қазақтың қилы тарихы. Алматы, 1994
56. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері.
Алматы, 1994
85
57. Сартаев С.С. История государства и право Казахской ССР. Алма-
ата. Мектеп, 1982 (ч.1)
58. Сарсембаев М.А. Международное право. Алматы. Ана тілі, 1996
59. Сүлейменов О. Азия. Алматы. Еңбек, 1992
60. Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қасым ұлы және
оның жылнамалар жинағы. Алматы. Қазақ университеті, 1991
61.Старейшины уходят в бии//Казахстанская правда, 1996, 15 октября
62. Под.ред. Титова Ю.П., Чистякова О.И. Хрестоматия по истории
государства и право СССР. Москва. ЮЛ, 1990
63. Тимошинов В. Культурология. Алматы, 1997
64. Тынышпаев М. Материалы к истории киргиз-казахского народа.
Ташкент, 1925
65. Фукс С.Л. Обычное право казахов в ХУІІІ – первой половине ХІХ
века. Алма-Ата. Наука Каз.ССР, 1981
66. Хандық басқару қалай күйретілді?//Ақиқат, 1996 № 6
67. Шариат және қазақ қауымы//Жас алаш, 1999, 9 қаңтар
68. Энгельс Ф. Происхождение семьи частной собственности и
государства. Соч. Т.21
69. Под.ред. Юшкова С.В. Материалы по казахскому обычному праву
(сборник І). Алма-Ата, 1948
86
МАЗМҰНЫ
І тарау. Әдет заңдарына жалпы сипаттама ……. …………………. ... 4 бет
1.1 Әдет заңдарының бастаулары ………………………………... 5-7 бет
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар ……… 7-10 бет
1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі ....................................... 10- 17 бет
ІІ тарау. Әдет заңдарының қамтыған салалары
2.1 Әдет заңындағы отбасы-неке құқығы …………………….. 18-26 бет
2.2 Меншік әдет заңы …………………………………………... 26-31 бет
2.3 Мұрагерлік құқық …………………………………………... 31-34 бет
2.4 Міндеткерлік ………………………………………………... 34 бет
2.5 Қылмыс әдет заңы ………………………………………….. 35-47 бет
ІІІ тарау. Қазақ әдет-ғұрпында қолданылған заң негіздерінің түрлері
3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны………. 48-49 бет
3.2 Қасым ханның хандық құрған кезеңі ……………………... 49-55 бет
3.3 Қазақ мемлекеті тарихындағы Қасымның
орны мен маңызы …………………………………………... 56 бет
3.4 «Қасым ханның қасқа жолы» ……………………………... 56-59 бет
3.5 «Есім ханның ескі жолы» ………………………………….. 59-62 бет
3.6 «Жеті жарғы» ………………………………………………. 62-78 бет
3.7 Қазақ әдет-ғұрпына шариаттың әсер етуі ………………......... 78 бет
3.8 Қазақ әдет-ғұрып заңдарының ерекшеліктері …………… 79-80 бет
ІУ тарау. Қазақ әдет-ғұрпында қолданылатын
құқықтық қағидалар ……………………………………………….. 80-81 бет
Қорытынды ……………………………………………………. 82-83 бет
Әдебиеттер тізімі ……………………………………………… 84-86 бет
87