
- •Синантроп.
- •21.Ежелгі адамдардың ұйымы – аналық ру қай кезеңде қалыптасты?
- •Д. Сырдария өлкесі
- •Жаңа замандағы Қазақстан
- •621. 1985 Ж. Прогрестік технологиялық процестерді өндіріске енгізгені үшін қандай өнеркәсіпке Лениндік сыйлықтың иегері атағы берілді?
- •623. 1967 Жылы сәуірде қандай қаулы қабылданды?
- •Тәуелсіз Қазақстан
- •В. Б.З.Б. І мың жылдыққа дейін с. Б.З.Б. Ііі мың жылдықта
Жаңа замандағы Қазақстан
371. Қазақстанмен тығыз байланыс құруда І-Петр қандай мақсатты көздеді?
А) Жауаптың бәрі дұрыс
В) Өз мемлекетінің шекарасын кеңейту үшін.
С) Россияның шығыс шекарасын қауіпсіздендіруге ұмтылу.
Д) Сібір ханы Көнгіммен куресте қазақтарды пайдалану.
Е) Қазақстан арқылы Орта Азия базарларына бөгетсіз шығу.
372. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға Анна Иоанновна қашан қол қойды?
А) 1731 ж.
В) 1751 ж.
С) 1789 ж.
Д) 1784 ж.
Е) 1780 ж.
373. 1734 ж. И.К. Кириллов басқарған Орынбор экспедициясы қандай мәселені шешу керек болды?
А) Жауаптың барлығы дұрыс
В) Ресей құрамына кірген қазақ жерлерімен жан-жақты танысу.
С) Табиғи байлықтарды барлау.
Д) Орск қамалын салу.
Е) Орыстар мен қазақ жерлерінің шекарасын белгілеу.
374. Орынбор қаласы қай жылы салына бастады?
А) 1735 ж.
В) 1714 ж.
С) 1718 ж.
Д) 1754 ж.
Е) 1716 ж.
375. Кіші жүзде хандық билік қашан жойылды?
А) 1824 жыл.
В) 1818 жыл.
С) 1834 жыл.
Д) 1816 жыл.
Е) 1826 жыл.
376. Орта жүзде хандық билік қашан жойылды?
А)1822 ж.
В) 1814 ж.
С) 1825 ж.
Д) 1816 ж.
Е) 1834 ж.
377. “Сібір қырғыздарының уставы” атты жаңа басқару жүйесінің авторы кім?
А) М.М.Сперанский.
В) Барон Игельстром.
С) И.К.Кириллов.
Д) А.И.Тевкелев.
Е) Анна Иоановна.
378. Қай жылы Кіші жүзде Айшуақ хан етіп тағайындалды?
А) 1797 ж.
В) 1793 ж.
С) 1787 ж.
Д) 1799 ж.
Е) 1784 ж.
379. Сібір қазақтары туралы Ереже бойынша болысқа қанша ауыл кірді?
А) 10-12
В) 5-7
С) 14-16
Д) 18-20
Е) 15-18
380. XVIII ғ. Әбілқайыр кім болды?
А) Хан
В) Батыр
С) Би
Д) Сұлтан
Е) Елші
381. 1756 жылы Абылай сұлтан кімге ант берді?
А) Кытай
В) Ресей
С) Қоқан
Д) Бұқара
Е) Хиуа
382. Жоңғарға карсы қазақтардың бірінші бас қосуы
А) 1710 ж
В) 1726 ж.
С) 1730 ж.
Д) 1723 ж.
Е) 1725 ж.
383. Жоңғарға карсы қазақтардың екінші бас қосуы
А) 1726 ж.
В) 1710 ж
С) 1730 ж.
Д) 1723 ж.
Е) 1725 ж.
384. Жоңғарға карсы қазақтардың үшінші бас қосуы
А) 1730 ж.
В) 1710 ж
С) 1726 ж.
Д) 1723 ж.
Е) 1725 ж.
385. Ертіс өңірінің әскери шебі қашан салынды?
А) 1714-1720 жж.
В) 1721-1724 жж.
С) 1727-1731 жж.
Д) 1734-1739 жж.
Е) 1742-1752 жж.
386. 1714-1720 жылдарда қай өңірдегі әскери шеп салынды?
А) Ертіс өңірінде
В) Жайық өңірінде
С) Сыр өңірінде
Д) Орал өңірінде
Е) Шу өңірінде
387. И.Д.Бухгольц отряды Ертіс бойына қарай қашан жорыққа шықты?
А) 1715 ж.
В) 1695 ж.
С) 1852 ж.
Д) 1745 ж.
Е) 1749 ж.
388. Жоңғария картасын жасаған кім?
А) Иоган Густав Ренат
В) И.Д.Бухгольц
С) М.П.Гагарин
Д) М.С.Горбачев
Е) П.Г.Петров
389. Омбы бекінісінің негізі қашан қаланды?
А) 1716 ж.
В) 1717 ж.
С) 1718 ж.
Д) 1719 ж.
Е) 1720 ж.
390. Семей бекінісінің негізі қашан қаланды?
А) 1718 ж.
В) 1717 ж.
С) 1720 ж.
Д) 1719 ж.
Е) 1721 ж.
391. Өскемен бекінісінің негізі қашан қаланды?
А) 1720 ж.
В) 1717ж.
С) 1718 ж.
Д) 1719 ж.
Е) 1720 ж.
392. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлымбет Қоштаев бастаған елшілігі Петербургке қашан жіберілген?
А) 1730 ж.
В) 1731 ж.
С) 1729 ж.
Д) 1728 ж.
Е) 1725 ж.
393. Кіші жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлыққа қашан қол қойды?
А) 1731 жылы 19 ақпанда
В) 1731 жылы 25 қаңтарда
С) 1730 жылы 11 қазанда
Д) 1719 жылы 30 мамырда
Е) 1721 жылы 15 наурызда
394. Қазақстанға Ресей империясының елшілігі ант қабылдауға қашан келген?
А) 1731 жылы 5 қазанда
В) 1731 жылы 25 наурызда
С) 1730 жылы 11 қазанда
Д) 1719 жылы 30 мамырда
Е) 1721 жылы 15 наурызда
395. Қазақстанға Ресей империясының елшілігі ант қабылдауға қашан жіберілген?
А) 1731 жылы 30 сауірінде
В) 1731 жылы 25 наурызда
С) 1730 жылы 11 қазанда
Д) 1719 жылы 30 мамырда
Е) 1721 жылы 15 наурызда
396. Қазақстанға Ресей империясының кім бастаған елшілігі ант қабылдауға келген?
А) А.И.Тевкелов
В) Иоган Густав Ренат
С) И.Д.Бухгольц
Д) М.П.Гагарин
Е) М.С.Горбачев
397. Тевкелов келгенде Әбілқайыр Ордасы орналасқан жер аты...
А) Майтөбе
В) Ақтөбе
С) Торғай
Д) Сығанақ
Е) Түркістан
398. Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы жарлық қашан шыққан?
А) 1734 ж.
В) 1731 ж.
С) 1730 ж.
Д) 1719 ж.
Е) 1721 ж.
399. «Қырғыз – қайсақ экспедициясы» қашан құрылған?
А) 1734 жылдың мамырында
В) 1731 жылдың наурызында
С) 1730 жылдың қазанында
Д) 1719 жылдың мамырында
Е) 1721 жылдың наурызында
400. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғының авторы ...
А) М.М.Сперанский
В) А.И.Тевкелов
С) Иоган Густав Ренат
Д) И.Д.Бухгольц
Е) М.П.Гагарин
401. 1734 жылдың мамырында құрылған «Орынбор комиссиясын» кім басқарды?
А) И.К.Кириллов
В) А.И.Тевкелов
С) И.Д.Бухгольц
Д) М.П.Гагарин
Е) М.М.Сперанский
402. 1740 жылы Орта жүздің бодандыққа ант бергендер...
А) Әбілмәмбет мен Абылай
В) Әбілқайыр мен Абылай
С) Абылай мен Нұралы
Д) Жолбарс пен Толе би
Е) Болат пен Қазыбек би
403. Әбілқайырдың хан болған кезеңі.
А) 1710-1748 жж.
В) 1771- 1781 жж
С) 1741-1753 жж
Д) 1821- 1842 жж
Е) 1852-1861 жж
404. Нұралы сұлтан қашан хан болып сайланды?
А) 1748 ж
В) 1771 ж
С) 1765 ж
Д) 1745 ж
Е) 1792 ж
405. Қазақтардың өз малын Жайықтың батыс жағына айдап апаруына қашан тыйым салынды?
А) 1756 ж
В) 1765 ж
С) 1745 ж
Д) 1785 ж
Е) 1802 ж
406. Үй бекініс шебі қашан салынған?
А) XVIII ғасырдың 30-40 жж.
В) XVIII ғасырдың 50-70 жж.
С) XVIII ғасырдың 40-50 жж.
Д) XVIII ғасырдың 20-30 жж.
Е) XVIII ғасырдың 30-60 жж.
407. Ертіс шебі бекінісі қашан салынған?
А) XVIII ғасырдың 30-40 жж.
В) XVIII ғасырдың 50-70 жж.
С) XVIII ғасырдың 40-50 жж.
Д) XVIII ғасырдың 20-30 жж.
Е) XVIII ғасырдың 30-60 жж.
408. Ертіс бекінісінің жалпы ұзындығы қанша болған?
А) 930 шақырым
В) 770 шақырым
С) 840 шақырым
Д) 560 шақырым
Е) 620 шақырым
409. Есіл шебінің жалпы ұзындығы қанша болған?
А) 662 шақырым
В) 950 шақырым
С) 840 шақырым
Д) 560 шақырым
Е) 620 шақырым
410. Есіл шебі бекінісі қашан салынған?
А) 1752-1755 жж
В) 1745-1756 жж
С) 1764- 1774 жж
Д) 1781-1786 жж
Е) 1792-1799 жж
411. Пугачевтың Кіші жүз ханы Нұралыға арналған қазақтарға манифесті қашан жазылған?
А) 1773 жылғы 6 қыркүйекте
В) 1775 жылғы 12 қазанда
С) 1777 жылғы 8 наурызда
Д) 1779 жылғы 1 мамырда
Е) 1771 жылғы 25 қаңтарда
412. Сырым Датұлы орал казактарының тұтқынына қашан түсті?
А) 1783 ж
В) 1765 ж
С) 1745 ж
Д) 1732 ж
Е) 1792 ж
413. Сырым Датұлын орал казактарының тұтқынынан кім босатып алды?
А) Нұралы хан
В) Ералы сұлтан
С) Ақшуақ сұлтан
Д) Барақ хан
Е) Батыр хан
414. Бөкей хандығы қашан құрылған?
А) 1801 ж
В) 1812 ж
С) 1835 ж
Д) 1827 ж
Е) 1845 ж
415. І Павел патша суреті бар алтын медальмен кімді марапаттады?
А) Бөкей сұлтанды
В) Нұралы сұлтанды
С) Ералы сұлтанды
Д) Жәңгір сұлтанды
Е) Айшуақ сұлтанды
416. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс неше жылға созылды?
A) 14 жылға.
B) 8 жылға.
C) 4 жылға.
Д) 10 жылға.
E) 1 жылға.
417. 1785ж. наурызда Сахарная бекінісіне шабуыл кезінде С. Датұлы жағынан тұтқынға түскен сұлтан.
A) Айшуақ сұлтан.
B) Атақ сұлтан.
C) Досалы сұлтан.
Д) Ералы сұлтан.
E) Сейдалы сұлтан.
418. Қазақ даласындағы Кенесары ханның көтерілісі қай орыс патшасының билігі тұсында етек алды?
A) І Николай.
B) ІІ Екатерина.
C) ІІ Александр.
Д) І Павел.
E) Анна Иоановна.
419. ХIХ ғ. 60ж. И.И. Бутков ұсынған жоба бойынша қазақ өлкесі мынадай облыстарға бөлінуі тиіс болатын.
A) Шығыс, Батыс.
B) Ақмола, Орынбор.
C) Семей, Торғай.
Д) Жетісу, Сырдария.
E) Солтүстік, Оңтүстік.
420. Бөкей сұлтан Ішкі Орданың хандығына қашан көтерілді?
А) 1812 ж.
В) 1801 ж.
С) 1817 ж.
Д) 1822 ж.
Е) 1832 ж.
421. Жәңгірді қай жылы Ішкі Орданың ханы деп жарияланды?
А) 1824 ж.
В) 1828 ж.
С) 1831 ж.
Д) 1843 ж.
Е) 1812 ж.
422. Жәңгір қай жылы Ішкі Орда хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды?
А) 1827 ж.
В) 1828 ж.
С) 1831 ж.
Д) 1843 ж.
Е) 1812 ж.
423. Жәңгір хан қай жерде Ішкі Орда хан әкімшілігінің тұрақты орталығын құрды?
А) Нарын құмындағы Жасқұс алқабында
В) Қызылқұмындағы Жаскөл алқабында
С) Бетпақ құмындағы Аңқұс алқабында
Д) Жайықтағы Ақжайық алқабында
Е) Қайрақ құмындағы Алакөл алқабында
424. «Абылай ханның дәуірі» еңбегінің авторы...
А) Мәшһүр Жүсіп Көпеев
В) Бұқар жырау
С) М. Дулатов
Д) Үмбетай жырау
Е) Шәкерім
425. 1854 жылы Верный бекінісі салынған жердің ертедегі атауы:
A) Алматы.
B) Есік.
C) Үргеніш.
Д) Жетісу.
E) Ұзынағаш.
426. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты мақсаты:
A) Патша үкіметінің отарлық саясатын тоқтату.
B) Батыс-Сібір генерал-губернаторының қысымына қарсы шығу.
C) Патшаның салық жинау саясатына қарсы шығу.
Д) Хандар тұқымына жеңілдіктер алуы.
E) Отарлық билік тұсында басқаруға ие болу.
427. «1867-1868 ж.ж. реформа» жобасына қазақтың қай ғалымы өз ұсынысын жасады?
A) Ш. Уәлиханов.
B) Ы. Алтынсарин.
C) А. Құнанбаев.
Д) М. Бабажанов.
E) М. Қаратаев.
428. Қазақтар мен қытайлардың алғашқы қақтығысы қашан болған?
А) 1756 ж.
В) 1758 ж.
С) 1766 ж.
Д) 1776 ж.
Е) 1786 ж.
429. Солтүстік-шығыс Жетісуды Абылай ханның қай ұлы билік етті?
А) Сүйік сұлтан
В) Қасым сұлтан
С) Әділ сұлтан
Д) Жәнібек сұлтан
Е) Кенесары сұлтан
430. Орталық Қазақстанда Абылай ханның қай ұлы билік етті?
А) Қасым сұлтан
В) Сүйік сұлтан
С) Әділ сұлтан
Д) Жәнібек сұлтан
Е) Кенесары сұлтан
431. Абылай қашан, неше жасында қайтыс болған?
А) 1781 жылы 70 жасында
В) 1771 жылы 60 жасында
С) 1781 жылы 50 жасында
Д) 1791 жылы 80 жасында
Е) 1776 жылы 65 жасында
432. Қоқандықтар Шымкент қыстағындағы бекіністі қашан салды?
А) 1810 ж
В) 1820 ж
С) 1830 ж
Д) 1840 ж
Е) 1850 ж
433. Қоқандықтардың Қаратау жотасының солтүстік батысында салған қамалы...
А) Шолаққорған
В) Әулие ата
С) Шардара
Д) Ақмешіт
Е) Қаражар
434. Қоқандықтардың Сырдария бойына салған қамалы...
А) Жаңақорған
В) Әулие ата
С) Төреқұман
Д) Ақмешіт
Е) Қаражар
435. Қоқандықтардың Шу бойына салған қамалы...
А) Тоқмоқ
В) Әулие ата
С) Төреқұман
Д) Ақмешіт
Е) Қаражар
436. Қоқандықтардың Сарысу бойына салған қамалы...
А) Төреқұман
В) Әулие ата
С) Шымқорған
Д) Ақмешіт
Е) Жаңақорған
437. Ақмешіт қамалы қашан салынды?
А) 1820 ж
В) 1830 ж
С) 1840 ж
Д) 1850 ж
Е) 1860 ж
438. Әулиеата қамалы қашан салынды?
А) 1826/1827 жж
В) 1812/1813 жж
С) 1820/1821 жж
Д) 1830/1831 жж
Е) 1831/1837 жж
439. Тентек төре көтерілісі қашан болған?
А) 1821 ж
В) 1852 ж
С) 1845 ж
Д) 1836 ж
Е) 1812 ж
440. Тентек төре көтерілісінде қанша адам болған?
А) 12 мыңға жуық
В) 22 мыңға жуық
С) 17 мыңға жуық
Д) 15 мыңға жуық
Е) 28 мыңға жуық
441. «Орынбор қазақтарын басқару туралы ереже» қашан қабылданды?
А) 1824 ж.
В) 1834 ж.
С) 1854 ж.
Д) 1864 ж.
Е) 1844 ж.
442. «Сібір комитетінің сібір қазақтарына империяның жалпы заңдарын тарату туралы ережесі» қашан қабылданған?
А) 1854 ж.
В) 1894 ж.
С) 1884 ж.
Д) 1874 ж.
Е) 1864 ж.
443. 1867-68 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буынын атаңыз.
A) Билер мен қазылар соты.
B) Әскери сот.
C) Аудандық сот.
Д) Уездік соты.
E) Облыстық сот.
444. Ресей отарлауына қарсы алғашқы наразылық білдірген Абылай ұлдарынан бірі – кім болды?
А) Қасым сұлтан
В) Саржан сұлтан
С) Бопы сұлтан
Д) Көшік сұлтан
Е) Жәнібек сұлтан
445. Саржан Қасымұлы басқарған көтеріліс қашан болған?
А) 1825-1836 жж.
В) 1835-1836 жж.
С) 1835-1846 жж.
Д) 1815-1816 жж.
Е) 1815-1826 жж.
446. Патша үкіметі Қарқаралы, Көкшетау окрегтерін қашан құрды?
А) 1824 ж.
В) 1826 ж.
С) 1836 ж.
Д) 1830 ж.
Е) 1832 ж.
447. Патша үкіметі Баянауыл округін қашан құрды?
А) 1826 ж.
В) 1823 ж.
С) 1836 ж.
Д) 1830 ж.
Е) 1832 ж.
448. Саржан сұлтанды Ташкент билеушісі қашан зұлымдықпен өлтірді?
А) 1836 ж.
В) 1826 ж.
С) 1828 ж.
Д) 1830 ж.
Е) 1832 ж.
449. Ішкі Ордада шаруалар көтерілісі қашан болды ?
А) 1836-1838 жж
В) 1816-1818 жж
С) 1826-1828 жж
Д) 1846-1848 жж
Е) 1856-1858 жж
450. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің Геке отрядымен кескілескен шайқасы қай жерде болған?
А) Тастөбе алқабында
В) Әулие ата алқабында
С) Шолаққорған алқабында
Д) Ақмешіт алқабында
Е) Жаңақорған алқабында
451. Исатай Тайманов қай жердегі шайқаста қаза тапты ?
А) Ақбұлақ және Қиыл өзендері арасында
В) Тастөбе алқабында
С) Шолаққорған алқабында
Д) Ақмешіт алқабында
Е) Жаңақорған алқабында
452. Кенесары сұлтан қашан өмір сүрген ?
А) 1802-1847 жж
В) 1809-1856 жж
С) 1812-1857 жж
Д) 1822-1867 жж.
Е) 1815-1862 жж.
453. 1834 жылы Манғыстауда салынған бекініс?
А) Ново-Александровск
В) Форд-Шевченко
Д) Жаңа Өзен
С) Шетпе
Е) Бейнеу
454. Сырдарияның сағасында Райым бекінісі қашан салынған?
А) 1847 ж.
В) 1845 ж.
С) 1844 ж.
Д) 1848 ж.
Е) 1849 ж.
455. Орыс әскерлері Ақмешітке қашан шабуылын бастаған?
А) 1852 ж.
В) 1855 ж.
С) 1854 ж.
Д) 1848 ж.
Е) 1849 ж.
456. Бұқар хандығы Ресейдің Қандай әкімшілік аумағының құрамына енді:
A) Түркістан генерал-губернаторлығы құрамына.
B) Астрахан облысына.
C) Жетісу облысына.
Д) Батыс –Сібір генерал-губернаторлығы Құрамына.
E) Дала генерал-губернаторлығы Құрамына.
457. 1872ж. бастап Бөкей ордасының жері қараған әкімшілік аймақ.
A) Астрахань губерниясына кірді.
B) Орынбор губернаторлығының құрамына енді.
C) Батыс-Сібір генерал-губернаторлығының құрамына кірді.
Д) Томск губерниясының құрамына қарады.
E) Закаспий облысына кірді.
458. ХІХ ғ. 50- жылдары Ташкент билеушісі Мырза Ахмет енгізген қосымша салық:
A) Қыздар мен тұрмыс құрған әйелдер төледі.
B) Егіншілер төледі.
C) Малшылар төледі.
Д) Үйленбеген ер азаматтар төледі.
E) Ер адамдар төледі.
459. Жергілікті өңдеу өнеркәсібінің басы болған, 1858 жылы Верныйда іске қосылған өнеркәсіп:
A) Сыра зауыты.
B) Тұз зауыты.
C) Нан зауыты.
Д) Май шайқау зауыты.
E) Су диірмені.
460. 1905 жылы желтоқсанда интернационалдық сипат алған ереуіл қай жерде өтті?
A) Успен кеніші.
B) Қостанай.
C) Верный.
Д) Орынбор.
E) Қарқаралы.
461. Қазақ жазушысы С.Мұқановтың қай шығармасы 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске арналған?
A) Ботагөз.
B) Қилы заман.
C) Құралай сұлу.
Д) Қартқожа.
E) Құлагер.
462. Уақытша үкімет қандай әлеуметтік топтың мүддесін қорғады?
A) Буржуазияның.
B) Шаруалардың.
C) Солдаттардың.
Д) Жұмысшылардың.
E) Жұмысшылар мен шаруалардың.
463. Азамат соғысының басталуына түрткі болған оқиға.
A) Чехословакия корпусының бүлігі.
B) Батыс Украина корпусының бүлігі.
C) Польша корпусының бүлігі.
Д) Румын корпусының бүлігі.
E) Югослав корпусының бүлігі.
464. 1918 жылы наурыздың 2-нен 3-не қараған түні қарулы көтерілістің нәтижесінде Кеңес үкіметі қай қалада орнады?
A) Верный
B) Петропавл
C) Ақтөбе
Д) Семей
E) Қостанай
465. Қазақ АКСР-нің құрылғанын жариялаған құжат:
A) "Қазақ АКСР-нің құрылуы жөніндегі" декрет.
B) Құрылтай съезінің резолюциясы.
C) Қазақ АКСР-нің құрылуы туралы заң.
Д) КСРО Конституциясы.
E) Қазақ АКСР-нің Конституциясы.
466. 1914-1916 ж.ж. Түркістан өлкесі Ресейдің орталық аудандарын қандай шикізатпен қамтамасыз етті?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
B) Ет өнімі.
C) Мал.
Д) Мақта.
E) Киіз үй.
467. 1916 жылғы "бұратана халықтарды қара жұмысқа алу" туралы патша жарлығын жақтағандар.
A) Жергілікті отаршыл әкімшілік.
B) Либерал-демократиялық интеллигенция.
C) Қоныс аударушылар.
Д) Пролетариат.
E) Батырақ қазақтар.
468. 1916 ж. 25 маусымдағы патша жарлығы бойынша Түркістаннан және Дала өлкесінен қара жұмысқа алынуға тиісті адам саны:
A) 500 мың адам.
B) 300 мың адам.
C) 200 мың адам.
Д) 400 мың адам.
E) 600 мың адам.
469. Жетісуда Кеңес өкіметі орнаған мерзім:
A) 1918 ж. наурыз.
B) 1918 ж. мамыр.
C) 1917 ж. наурыз.
Д) 1917 ж. сәуір.
E) 1919 ж. ақпан.
470. 1905-1907 ж.ж. Семейдегі бұқаралық ереуілге шығушылар қандай талаптар қойды?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс.
B) Жұмыс уақытынан тыс кезде ақысыз жұмыс істеуге тыйым салу.
C) Жұмыс күнін 10 сағатқа қысқарту.
Д) Жалақыны көбейту.
E) Жұмысшылардың ауырған күндеріне жалақы төлеу.
471. 1916 жылы саналы компромисс тактикасын ұсынғандар:
A) Демократиялық интеллигенция өкілдері.
B) Шаруалар.
C) Пролетариат.
Д) Билер.
E) Мұсылман дін басылары.
472. Азамат соғысы жылдарында атаман Анненковтың бұйрығымен Моңғол кемесінде кімді тірідей өртеді?
A) Я. Ушановты.
B) Л. Емелевті.
C) К. Иноземцевті.
Д) М. Летуновты.
E) А. Мироновты.
473. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Верный уезінің ханы болып кім сайланды?
A) Бекболат Әшекеев.
B) Амангелді Иманов.
C) Тоқаш Бокин.
Д) Оспан Чонов.
E) Әліби Жангелдин.
474. Черкасск қорғанысына көмектесу кезінде қаза болған, Жетісу майданының қолбасшысы.
A) Л.Емелев.
B) И.Вацетис.
C) М.Фрунзе.
Д) Я.Ушанов.
E) Н.Ирченко.
475. Боралдай асуында жұрт алдында дарға асылған көтеріліс басшысы:
A) Бекболат Әшекеев.
B) Жәмеңке Мәмбетов.
C) Әліби Жангелдин.
Д) Кейкі Көкімбайұлы.
E) Ұзақ Саурықов.
476. Қазақ АКСР-нің тұңғыш астанасы:
A) Орынбор
B) Верный
C) Қызыл-Орда
Д) Орал
E) Ташкент
477. Торғайдағы көтерілістің бас сардарбегі:
A) Амангелді Иманов.
B) Әліби Жанкелдин.
C) Бекболат Әшекеев.
Д) Әбділғафар Жанбосынов.
E) Ұзақ Саурықов.
478. "Қырғыз (қазақ) халқының 1000 әні" жинағының авторы:
A) А.Затаевич.
B) Б.Майлин.
C) И.Шухов.
Д) Е.Брусиловский.
E) Ғ.Мүсірепов.
479. 1917 жылы қарашада Бүкілтүркістанның Төтенше ІV ші съезінде құрылған мемлекеттің аты:
A) Түркістан автономиясы
B) Бұхар республикасы
C) Қырғыз республикасы
Д) Қазақстан Республикасы
E) Алаш Орда
480. 1919 жылы қазақ өлкесіндегі жоғарғы әскери-азаматтық басқарма:
A) Қазревком.
B) Қазақ АКСР ХКК.
C) Қазақ АКСР төтенше комитеті.
Д) Ревтрибунал.
E) Қазақ АКСР ОАК.
481. 1921 жылғы Жер-су реформасының негізгі мақсаты:
A) Еңбекшілерге тартып алынған жерлерді қайтарып беру.
B) Егінге тұқым бөлу.
C) Кәсіпорындардың шаруашылық есепке көшуі.
Д) Түркістанға туыстық көмек көрсету.
E) Салықтан босату.
482. 1921ж. Қазақстандағы кедейлер одағы қалай аталды?
A) "Қосшы".
B) "Ұшқын".
C) "Үш жүз".
Д) "Тау бүркіті".
E) "Алаш".
483. 1916 жылғы көтерілістің басталуына сылтау болған:
A) Бұратана халықтарды қара жұмысқа алу туралы жарлық.
B) Либерал-демократиялық интеллигенцияның үндеуі.
C) Болыс басшысын өлтіру.
Д) Отарлық саясат.
E) Жерді тартып алу.
484. Азамат соғысы жылдары құрылған Тарбағатай мен Алтайдағы партизан полкі.
A) “Алтайдың қызыл тау қырандары”.
B) “Дала қырандары”.
C) “Алтай қырандары”.
Д) “Қыран дружинасы”.
E) “Қызыл қырандар”.
485. Жер-су реформасын жүргізген уақыт аралығы:
A) 1921-1922 жж.
B) 1920-1921 жж.
C) 1922-1923 жж.
Д) 1924-1925 жж.
E) 1923-1924 жж.
486. 1917 ж. шілдеде Верныйда реквизицияланған жұмысшылардан құрылған қара жұмысшылар одағын басқарған:
A) Ж.Бабаев.
B) Р.Марсенов.
C) Ж.Аубаев.
Д) М.Айтпенов.
E) Ж.Алдоңғаров.
487. Азамат соғысы кезеңінде қалыптасқан экономикалық және саяси жүйе:
A) Әскери коммунизм.
B) Демократия.
C) Индустрияландыру.
Д) Жаңа экономикалық саясат.
E) Әскери диктатура.
488. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының негізгі қозғаушы күші:
A) Қазақ жұмысшылары, қолөнершілері, шаруалары.
B) Дінбасылары.
C) Қарапайым көшпенділер.
Д) Болыстар.
E) Лауазымды адамдар.
489. Азамат соғысы жылдарында Атбасар уезінде партизан қозғалысының ірі орталығы болған село:
A) Мариновка селосы.
B) Жуковск селосы.
C) Николаевскі селосы.
Д) Покровскі селосы.
E) Подгорный селосы.
490. Қазақ даласындағы "Қызыл керуен" экспедициясын басқарған ірі мемлекет қайраткері:
A) Ә.Жангелдин.
B) Т.Рысқұлов.
C) Ғ.Мұратбаев.
Д) А.Байтұрсынов.
E) С.Сейфуллин.
491. Партияның азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім қабылдаған съезі:
A) Х съезі.
B) ХIII съезі.
C) IХ съезі.
Д) ХI съезі.
E) ХII съезі.
492. Қазақстанның астықты аудандарындағы колхоздық құрылыстың негізгі формасы:
A) Ауыл-шаруашылығының артелі.
B) Жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік.
C) Факториялар.
Д) Совхоздар.
E) Машина тракторлық станция.
493. Қазақстандағы азамат соғысы жылдары:
A) 1918-1920 жж.
B) 1917-1919 жж.
C) 1917-1920 жж.
Д) 1918-1919 жж.
E) 1917-1918 жж.
494. Черкасск қорғаушылары шайқасты:
A) Анненков әскерлерімен.
B) Чехословак топтарымен.
C) Врангель әскерлерімен.
Д) Дутов әскерлерімен.
E) Деникин әскерлерімен.
495. ҚазАКСР-нің екінші астанасы:
A) Қызылорда.
B) Алматы.
C) Омбы.
Д) Орынбор.
E) Семей.
496. Индустрияландыруды жүргізуде Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозициясы (қарсыласы) басшыларының бірі:
A) С.Сәдуақасов.
B) А.Иманов.
C) В.Ленин.
Д) И.Құрамысов.
E) А.Андреев.
497. 1916 жылы қара жұмыстан босатылмағандар:
A) Шаруалар.
B) Имамдар, молдалар.
C) Есепшілер, бухгалтерлер.
Д) Төменгі полицей шендері.
E) Үкімет жұмысындағы лауазымды адамдар.
498. Мемлекетсіздендіру және меншікке беру - бұл
A) жекешелендіру
B) национализацияландыру
C) шаруашылық есеп
Д) коммерциялау
E) меншікті жалға беру
499. Семейде басып шығарылатын ’’Свободная речь’’ газетін қай партия шығарған?
A) Эсерлер.
B) Иттифок-и-мұсылман.
C) Алаш.
Д) РСДЖП
E) Кадеттер.
500. Столыпиннің аграрлық реформасы қабылданды:
A) 1905 ж.
B) 1908 ж.
C) 1910 ж.
Д) 1907 ж.
E) 1909 ж.
501. 1916 жылы Жетісу облысының генерал – губернаторы:
A) Фольбаум.
B) Куропаткин.
C) Черняев.
Д) Кауфман.
E) Сперанский.
502. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы:
A) Ә. Бөкейханов.
B) М. Шоқай.
C) Т. Рысқұлов.
Д) С. Сейфуллин.
E) А. Байтұрсынов.
503. 1924 ж. 1 қаңтарынан бастап шаруаларға салықтың қандай түрі енгізілді?
A) Ақшалай төлеу.
B) Малмен төлеу.
C) Ақшамен және астықпен төлеу.
Д) Астықпен төлеу.
E) Малмен және ақшамен төлеу.
504. 1939 жылы Шымкент қорғасын зауыты марапатталған орден түрі:
A) Ленин.
B) Құрмет белгісі.
C) Даңқ.
Д) Қызыл Ту.
E) Октябрь Революциясы.
505. 1920 жылы сайланған ҚазАКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы:
A) В.Радус-Зенькович.
B) Ә.Жангелдин.
C) Б.Қаратаев.
Д) С.Пестковский.
E) С.Меңдешев.
506. 1920 жылы сайланған ҚазАКСР Орталық атқару кеңесінің төрағасы:
A) С.Меңдешев.
B) Ә.Жангелдин.
C) В.Радус-Зенькович.
Д) С.Пестковский.
E) Б.Қаратаев.
507. Қай жылы Жаңа Экономикалық саясатқа көшу туралы шешім қабылданды?
A) 1921ж
B) 1919ж
C) 1920ж
Д) 1922ж
E) 1918ж
508. Жаңа Экономикалық саясаттың белгілері қандай болады?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) Ауыл шаруашылығына несие беру
C) Сауда еркіндігі
Д) Жерді жалға беру
E) Азық-түлік салығы
509. «Нақты ет салығы» туралы декретке байланысты қазақтар қашан ет салығынан босатылды?
A) 1921ж. 14 маусым
B) 1921ж. 27 қыркүйек
C) 1922ж. 15 тамыз
Д) 1922ж. 1 ақпан
E) 1920ж. 19 қараша
510. 1921-1922жж. Аштықтың қазақ халқына тигізген зардабы қандай?
A) Демографиялық жағдай ауырлады
B) Қазақтар малынан айрылды
C) Салық көбейтілді
Д) Шаруашылық тоқтады
E) Жұқпалы ауру тарады
511. Жер-су реформасына орай қазақ жерлерін қазақтарға қайтару туралы декрет шығарылды. Ертіс өңірінен қанша десятина жер қайтарылды?
A) 177000 десятина
B) 1 млн. десятина
C) 460000 десятина
Д) 390000 десятина
E) 205000 десятина
512. «Қосшы одағы» қашан құрылды?
A) 1921ж
B) 1919ж
C) 1920ж
Д) 1922ж
E) 1930ж
513. 1921-1922жж. Жүргізілген жер реформасының маңызы неде?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) Еңбекшілерді социалистік құрылысқа тартуда үлкен рол атқарды
C) Отаршылдық аграрлық саясатына соққы берді
Д) Қазақ ауылындағы патриархаттық-феодалдық негізді әлсіретті
E) Ұлттық келісімнің орнығуына жағдай жасады
514. Ақшалай салық қашан енгізілді?
A) 1924ж. 1 қаңтар
B) 1924ж. 22 желтоқсан
C) 1924ж. 19 наурыз
Д) 1924ж. 22 сәуір
E) 1924ж. 2 шілде
515. 1920ж. В.И.Лениннен Кеңестік автономияға ұлттық мемлекеттік статус беруін кімдер талап етті?
A) Т.Рысқұлов, А.Байтұрсынов
B) Ә.Бөкейханов, М.Шоқай
C) С.Сәдуақасов, М.Дулатов
Д) С.Меңдешев, А.Розыбақиев
E) Ә.Жангелдин, Ж.Акулов
516. Ақмола және Семей облыстары қашан ҚазАКСР құрамына кірді?
A) 1921ж
B) 1920ж
C) 1922ж
Д) 1919ж
E) 1923ж
517. А.Байтұрсынов пен М.Сералин қай аймақты республика құрамына қосу қажеттігін дәлелдеді?
A) Қостанай
B) Павлодар
C) Орынбор
Д) Ақмола
E) Петропавл
518. 1926 жылғы халық санағы бойынша қазақтар республика халқының неше пайызын құрады?
A) 61,3%
B) 91%
C) 54,2%
Д) 43,7%
E) 78%
519. Қай жылы Ақмешітке Кеңестердің бүкіл қазақстандық Ү съезінде «қырғыз-қазақ» атауы берілді?
A) 1925ж
B) 1920ж
C) 1922ж
Д) 1923ж
E) 1936ж
520. 1922 ж. Ә.Жангелдин бастаған «Қызыл Керуен» жолының бағыты?
A) Орынбор-Ақмола-Семей
B) Ақмола-Қарағанды-Алматы
C) Торғай-Жезқазған-Ақмешіт
Д) Орал-Ақтөбе-Маңғыстау
E) Петропавл-Көкшетау-Өскемен
521. 1923ж. 22 қарашада республикада қандай декрет қабылданды?
A) «Қырғыз (қазақ) тілінде іс жүргізуді енгізу туралы»
B) «Аралас мекемелерде қазақ және орыс тілінде іс жүргізу»
C) «Қазақ уездік, округттік мекемелерде орыс тілінде іс жүргізу»
Д) «Қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдануды» енгізу туралы
E) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
522. Индустрияландыру кезінде Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынған кім?
A) С.Сәдуақасов
B) Қ.И.Сәтбаев
C) А.А.Андреев
Д) Н.Нұрмақов
E) С.Өтебаев
523. Қазақстанда индустрияландыруды жүзеге асыру неден басталды?
A) Табиғи байлықтарды зерттеу
B) Жұмысшы табын сан жағынан көбейту
C) Жергілікті халықты отырықшылыққа үйрету
Д) Темір жолдар салу
E) Жер асты құбыр жолдарын жүргізу
524. Түрксіб темір жолы тұрақты пайдалануға қашан берілді?
A) 1931 ж. қаңтарда
B) 1929 ж. қыркүйекте
C) 1933 ж. тамызда
Д) 1930 ж. наурызда
E) 1932 ж. шілдеде
525. «ҚазАКСР-і Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы» деп тұжырым жасаған академикті атаңыз:
A) Н.С.Курнаков
B) И.М.Губкин
C) Қ.И.Сәтбаев
Д) Т.Рысқұлов
E) В.И.Иванов
526. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты қандай?
A) Өлкені шикізат базасы ету
B) Республикада ірі өнеркәсіп орындарын ашу
C) Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату
Д) Мәдениет орталықтарын ашу
E) Қазақ зиялыларын қалыптастыру
527. Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде салынған құрылыстарды атаңыз.
A) Шымкент қорғасын зауыты, Ақтөбе комбинаты
B) Екібастұз шахтасы, Теміртау металлургиясы
C) Қостанай, Рудный металлургия зауыты
Д) Өскемен титан-магний зауыты
E) Атырау, Маңғыстау химия зауыты
528 . Өлкедегі индустрияландыру бағытын жүзеге асыру жолдары қандай болды?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) жазалау саясатын қолдану
C) Республика қорынан субсиядия мен дотация бөлу
Д) Ұжымдастыру және аштықтан бас сауғалау
E) Шаруаларға үстеме салық салу
529. Қазақстан көмір өндірісінде Стахановтың ізбасары болған шахтер кім?
A) Т.Күзембаев
B) Б.Нұрмағамбетов
C) М.Сағымбеков
Д) Д.Шатилов
E) Т.Қазыбеков
530. 1939 ж. қала тұрғындарының қаншасы қазақ болды?
A) 375 мың
B) 562 мың
C) 740 мың
Д) 957 мың
E) 1,5 млн
531. Стахановшылар қозғалысының оң әсері қатарынан қатені табыңыз
A) Еліктеушілік, жаппай көңбестілік психологиясы қалыптасты
B) Еңбек өнімділігі артты
C) Жаңа техника мен технология меңгерілді
Д) Индустрияландырудың даму қарқыны шапшаңдатылды
E) Барлығы дұрыс
532. Бірінші бесжылдық кезінде республикаға білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник қызметкерлері қайдан әкелінді?
A) Ресей, Украинадан
B) Балтық бойынан
C) Солтүстік Кавказдан
Д) Түркіменстан, Өзбекстаннан
E) Еуропаның шығыс бөлігінен
533. Индустрияландыру кезінде Қазақстанда академик Губкин басқарған экспедиция нені зерттеді?
A) Орал-Ембі мұнайын
B) Қостанай темір рудасын
C) Жезқазған мысын
Д) Алтай полиметалын
E) Мұғалжар фосфорын
534. Индустрияландыру саясатында қандай кемшіліктер жіберілді?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) Машина жасау, металлургия, қорғаныс өнеркәсібі болмады
C) Энергетика базасы, құрылыс материалдар өнеркәсібі артта қалды
Д) Республикадан сирек кезедесетін металдар тегін әкетілді
E) Тау-кен шикізатын дайындаушы база болды
535. І-бесжылдық жылдарын көрсетіңіз?
A) 1928-1932 жж.
B) 1925-1929 жж.
C) 1929-1933 жж
Д) 1927-1931 жж.
E) 1926-1930 жж.
536. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет қашан жарияланды?
A) 1928ж. 27 тамыз
B) 1928ж. 3 ақпан
C) 1928ж. 1 қазан
Д) 1928ж. 18 наурыз
E) 1928ж. 29 маусым
537. Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың негізгі ұстанымдары қандай?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) Материалдық мүдделік
C) Дербестік
Д) Еріктілік
E) Ұжымдастыру сатыларына кезең-кезең өту
538. ҚазАКСР-де ұжымдастыруды аяқтау қашанға белгіленді?
A) 1932ж. көктемінде
B) 1933ж. жазда
C) 1934ж. ортасында
Д) 1931ж.
E) 1935 ж. күзде
539. 1932ж. шілдеде аштық апаты туралы Ф.И.Голощекинге хат жазғандар:
A) Ғ.Мүсрепов, М.Дәулетқалиев
B) Т.Рысқұлов, С.Сәдуақасов
С) С.Сейфуллин, І.Жансүгіров
Д) Ә.Жангелдин, А.Акулов
E) Б.Майлин, Д.Серікбаев
540. Ұжымдастыруға қарсы болған көтерілістердің қайсысы «бандиттік басмашы» деп бағаланды?
A) Батпаққара көтерілісі
B) Семей көтерілісі
C) Созақ көтерілісі
Д) Қарақұм көтерілісі
E) Қарқаралы көтерілісі
541. Республика аумағында 80 мың адам қатысқан қанша толқулар мен көтерілістер болды?
A) 372
B) 145
C) 219
Д) 317
E) 400-ге жуық
542. 1929-1933 жж. аралығында ОГПУ үштігі қанша адамды ату жазасына кесті?
A) 3386 адам
B) 21 мың адам
C) 4247 адам
Д) 2193 адам
E) 750 адам
543. Созақ көтерілісін басқарған әрі ұйымдастырушы кім?
A) Жақыпов
B) Иманов
C) Қуанышов
Д) Мәмбетов
E) Саурықов
544. 1930ж. республика үкіметі жаңа лагерьлер ұйымдастыру үшін қай жерлерді тегін пайдаланды?
A) Қарағанды, Ақмола
B) Павлодар
C) Торғай, Қостанай
Д) Маңғыстау
E) Өскемен, Семей
545. Коммуна дегеніміз не?
A) Өндірісті қоғамдастыру
B) Кооперативтік бірлестік
C) Жерді мемлекетке өткізу
Д) Машина-трактор, құрал саймандарды біріктіру
E) Бірлескен серіктестік құру
546. Ф.И.Голощекиннен кейін ҚазАКСР-ін кім басқарды?
A) Л.Мирзоян
B) Н.Юсупов
C) Ж.Шаяхметов
Д) Б.Алманов
E) К.Рафальский
547. 1935ж. екпінді колхозшылар съезінде қандай жарғы қабылданды?
A) Ауылшаруашылық артелін құру
B) Ауылшаруашылық факторилерін құру
C) Машина-трактор станциясын салу
Д) Шаруа қожалықтарын құру
E) Жерді бірлесіп өңдеу серіктестерін құру
548. «Қаз.АКСР-де бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы» қашан қабылданды?
A) 1926ж мамыр
B) 1924 ж. сәуір
C) 1925 ж. қыркүйек
Д) 1928ж. маусым
E) 1923ж. тамыз
549. 1929ж. республикада қандай жоғары оқу орны ашылды?
A) Зоотехникалық-малдәрігерлік институты
B) Медицина институты
C) Мемлекеттік университет
Д) Педагогикалық институт
E) Ауылшаруашылық институты
550. КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандағы базасы қашан құрылды?
A) 1932 ж
B) 1934 ж
C) 1926 ж
Д) 1935 ж
E) 1928 ж
551. «Азамат Азаматыч» еңбегінің авторы кім?
A) Б.Майлин
B) С.Сейфуллин
C) Ғ.Мұстафин
Д) С.Ерубаев
E) С.Мұқанов
552. 20-жылдардың аяғы мен 30 жылдарда қазақ әдебиетіне келіп қосылған дарынды жастар:
A) Ғ.Орманов, Ж.Саин
B) І.Жансүгіров, И.Байзақов
C) М.Жұмабаев, Б.Майлин
Д) С.Мұқанов, Ж.Аймауытов
E) С.Сейфуллин, Ғ.Мұстафин
553. Ленфильм киностудиясы «Амангелді» фильмін қашан түсірді?
A) 1938ж
B) 1934ж
C) 1933ж
Д) 1935ж
E) 1937ж
554. Аударма ісін дамытуда еңбек етіп Гете, Гейне, М.Горький шығармаларын аударған кім?
A) М.Жұмабаев
B) Ж.Аймауытов
C) А.Байтұрсынов
Д) С.Мұқанов
E) Ә.Бөкейханов
555. 1939ж. республикада қанша театр жұмыс істеді?
A) 38 театр
B) 53 театр
C) 25 театр
Д) 12 театр
E) 9 театр
556. Республикада сауатсыздықты жою қарқының баяу жүру себебі неде?
A) 1930-1932 жж. аштық
B) Берілген жауаптардың барлығы дұрыс
C) Қазақ халқының көшпелі болуы
Д) Азамат соғысы
E) Қазақтардың шетелдерге кетуі
557. Сталинизмнің жазалау шаралары:
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) Ату жазасы
C) Жер аудару
Д) КСРО-дан тыс жерлерге қуып жіберу
E) Еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау
558. Мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов қай жылдары республикадан аластатылды?
A) 1927-1929 жж.
B) 1928-1930 жж.
C) 1927-1928 жж.
Д) 1929-1930 жж.
E) 1928-1932 жж.
559. Сталиндік жендеттердің қолынан қаза болған, қазақтың тарих мектебінің негізін салушы?
A) С.Асфендияров
B) Ә.Марғұлан
C) М.Шоқай
Д) Т.Рысқұлов
E) Е.Бекмаханов
560. Қазақстаннан қанша адам ГУЛАГ-қа жабылып, атылды?
A) 27 мың
B) 14 мың
C) 22 мың
Д) 25 мың
E) 39 мың
561. Қаз.АКСР-ы Одақтас республика болып қашан құрылды?
A) 1936ж. желтоксан
B) 1936ж. наурыз
C) 1936ж. шілде
Д) 1936ж. қыркүйек
E) 1936ж. қараша
562. Қаз.КСР-і Конституциясы қашан қабылданды?
A) 1937ж
B) 1936ж
C) 1938ж
Д) 1939ж
E) 1941ж.
563. 1940 ж. салынған Ақмола-Қарталы жолы құрылысының маңызы қандай?
A) Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды
B) Жезқазған мыс кенін Алтай өндірісімен біріктірді
C) Солтүстік астықты аудандарын батыспен байланыстырды
Д) Орталық пен Оңтүстікте тауар айналымы жақсарды
E) Барлық жауап дұрыс
564. 1939ж. Одақта Ленин орденімен марапатталған зауытты атаңыз:
A) Шымкент қорғасын зауыты
B) Павлодар мұнай зауыты
C) Ақтөбе ферроқоспа зауыты
Д) Балқаш мыс балқыту зауыты
E) Лениногорск полиметалл зауыты
565. 1941ж. әйелдер арасында «Тракторды меңгеріңдер» деген бастаманы көтерген кім?
A) П.Ангелина
B) К.Дөнентаева
C) Б.Омарова
Д) Р.Бәкірова
E) М.Рогозина
566. 1938-1940жж. Республикадағы жетілмеген проблемалар:
A) Барлық жауаптар дұрыс
B) Мал шаруашылығы артта қалды
C) Колхозда материалдық ынталандыру төмен болды
Д) Ауылшаруашылығы мамандары тұрақтамады
E) Колхоз өмірінде демократия болмады
567. Соғыс жылдары Қазақстан халқының материалдық жағдайының төмендегенін неден көруге болады?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) Халық тұтынатын тауарларды шығару азайды
C) Электр энергиясы, көлік, тұрғын үй жетіспеді
Д) Карточка жүйесі енгізілді
E) Халыққа заық-түлік жетіспеді
568. Брест қамалына қай жылы «батыр қамал» атағы берілді?
A) 1965ж
B) 1945ж
C) 1957ж
Д) 1978ж
E) 1980ж
569. 1941ж. қыркүйекте Полтава облысының Шуменково тоғайында ерлікпен қаза тапқан дивизия комиссары, қазақстандық:
A) Е.П.Рыков
B) Л.А.Владимировский
C) А.С.Егоров
Д) И.В.Карпов
E) Н.Нағанов
570. Старая Русса-Холм аралығындағы «қарлы жорықтағы» ерлігі үшін Ленин орденіменмарапатталған қай дивизия?
A) 316-атқыштар дивизиясы
B) 1075-атқыштар дивизиясы
C) 310-атқыштар дивизиясы
Д) 43-атқыштар дивизиясы
E) 238-атқыштар дивизиясы
571. Оқа жағасында, Сернухов түбегіндегі Воронино қыстағындағы шайқаста 13 фашистің көзін жойып, өзі де ерлікпен қаза тапқан батыр:
A) Р.Амангелдиев
B) Қ.Қойбағаров
C) Т.Тоқтаров
Д) М.Ғабдуллин
E) Д.Шыныбеков
572. 1941 ж. 9 қыркүйекте 310-атқыштар дивизиясы қай қаланы азат етуге қатысты?
A) Ленинградты азат етуге
B) Мәскеу шайқасына
C) Молдованы азат етуге
Д) Балтық бойын азат етуге
E) Сталиград шайқасына
573. Қазақстандық қандай әскери құрамалар Сталинград шайқасына қатысты?
A) 72, 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы
B) 8, 229-атқыштар полкі
C) 1008-атқыштар полкі
Д) 314-дивизия
E) 1236-атқыштар дивизиясы
574. «Павлов үйін» қорғауда ерлік көрсеткен Оңтүстік Қазақстандық жауынгер:
A) Т.Мырзаев
B) Н.Әбдіров
C) С.Баймағамбетов
Д) Қ.Сыпатаев
E) Қ.Тұрдиев
575. Кеңес Армиясы қашан «Берлин операциясын» бастады?
A) 1945ж. 16 сәуір
B) 1945ж. 10 мамыр
C) 1945ж. 17 шілде
Д) 1945ж. 22 тамыз
E) 1945ж. 14 қыркүйек
576. Берлин шайқасына қатысқан Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі болған кім?
A) С.Нұрмағамбетов
B) Р.Қошқарбаев
C) Қ.Қайсенов
Д) Т.Жұмабаев
E) Ә.Шәріпов
577. Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін қанша қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды?
A) 497 адам
B) 146 адам
C) 652 адам
Д) 583 адам
E) 954 адам
578. Жезқазған мыс кенін зерттеген еңбегі үшін Қ.И.Сәтбаевқа қашан Мемлекеттік сыйлық берілді?
A) 1942ж
B) 1945ж
C) 1947ж
Д) 1949ж
E) 1951ж
579. Социализм құру ісінің аяқталуына байланысты коммунистік қоғам құруға көшу басталады деген қағида қай съезде айтылды?
A) ХҮІІІ съезде
B) ХҮ съезде
C) ХХ съезде
Д) ХІХ съезде
E) ХҮІІ съезде
580. Семей полигонындағы алғашқы ядролық сынақ болған жыл.
A) 1949 жылы.
B) 1945 жылы.
C) 1950 жылы.
Д) 1948 жылы.
E) 1951 жылы.
581. Сібір мен Орта Азияны қосатын темір жол:
A) Түрксіб.
B) Қиыр Шығыс темір жолы.
C) Сібір темір жолы.
Д) КВЖД.
E) Ортаазиялық темір жолы.
582. КСРО-да «Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту туралы» бесжылдық заң қай жылы қабылданды?
A) 1946 ж.
B) 1949 ж.
C) 1948 ж.
Д) 1945 ж.
E) 1947 ж.
583. 1946-1950 ж.ж. арналған ІҮ бесжылдықтың негізгі экономикалық міндеті қандай болды?
A) Қираған халық шаруашылығын қайта қалпына келтіру
B) Халық шаруашылығын одан әрі дамыту
C) Кейбір экономикалық көрсеткіштер бойынша АҚШ-ты басып озу
Д) Социалистік елдерге жәрдем беру
E) Өндіріс өнімдерін сыртқа экспорттау
584. 1950 жылдары ұзындығы 483 шақырымдық қандай темір жол іске қосылды?
A) Мойынты-Шу
B) Түркістан-Сібір
C) Қарағанды-Омбы
Д) Жамбыл-Шолақты
E) Ақмола-Павлодар
585. Карточка жүйесі қашан жойылды?
A) 1947ж
B) 1944ж
C) 1946ж
Д) 1949ж
E) 1945ж
586. Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты қашан салынды?
A) 1947 жылы
B) 1951 жылы
C) 1953 жылы
Д) 1955 жылы
E) 1949 жылы
587. Соғыстан кейін шаруашылықта жұмыс қолының жетіспеуінің себептері неде?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) Соғыс кезінде көшіп келген мамандар елдеріне қайтып кетті
C) Жүз мыңдаған қазақстандықтар майманда қаза тапты
Д) Жұмысшылардың кәсіби даярлығы төмен болды
E) Қазақ шаруалары аштықтан қырылды
588. Үкімет «Ауыл шаруашылығында орын алған ауыр жағдайда жою туралы» қаулыны қашан қабылдады?
A) 1946ж 16 қыркүйек
B) 1945 ж. 21 желтоқсан
C) 1947 ж. 14 сәуір
Д) 1949ж. 9 шілде
E) 1950 ж. қаңтар
589. Тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмаханов қашан Ғылым Академиясынан шығарылады?
A) 1951 жылы
B) 1952 жылы
C) 1953 жылы
Д) 1954 жылы
E) 1956 жылы
590. Е.Бекмаханов еңбегін бағалап, қолдағаны үшін кімге қатаң сөгіс беріп, қызметінен босатты?
A) Т.Тәжібаев
B) С.Мұқанов
C) Қ.Сәтбаев
Д) М.Әуезов
E) Қ.Бекхожин
591. 1950 жылдың соңында Ғылым Академиясында қанша ғылыми-зерттеу институты болды?
A) 16 институт
B) 9 институт
C) 19 институт
Д) 22 институт
E) 24 институт
592. М.Әуезовтің «Абай» роман-эпопеясының екінші кітабы қашан аяқталды?
A) 1947ж
B) 1945ж
C) 1946ж
Д) 1948ж
E) 1949ж
593. «Космополит» деп айып тағылып, қызметінен қуылған қай саланың ғалымдары?
A) биология, медицина
B) тарих, әдебиет
C) өнер
Д) спорт
E) тіл мамандары
594. КОКП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.С.Хрущев қашан тағайындалды?
A) 1953ж қыркүйек
B) 1953 ж. тамыз
C) 1953ж қазан
Д) 1953ж мамыр
E) 1953ж ақпан
595. Жеке адамға табыну жайлы мәселе партияның қай съезінде талқыланды?
A) ХХ съезінде
B) ХІХ съезінде
C) ХҮІ съезінде
Д) ХІІ съезінде
E) ХҮІІ съезінде
596. Шығыс Қазақстан облысының орыс тілі мұғалімі, "өзгеше ойлайтын" деп айыпталып, КОКП қатарынан шығарылған:
A) М.Елікбаев.
B) Қ.Жұмалиев.
C) А.Асфендияров.
Д) Е.Исмаилов.
E) Е.Бекмаханов.
597. Асыра сілтеу болмасын - аша тұяқ қалмасын! - деп ұран тастаған асыра сілтеушілер:
A) Торғай асыра сілтеушілері.
B) Жетісу асыра сілтеушілері.
C) Петропавл асыра сілтеушілері.
Д) Семейлік асыра сілтеушілер.
E) Орал асыра сілтеушілері.
598. 1929ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАКСР-і астанасы:
A) Алматы.
B) Семей.
C) Омбы.
Д) Орынбор.
E) Ақмола.
599. Сталиндік жүйенің соғыстан кейінгі ғалымдарға қарсы ұйымдастырған репрессия науқанының аты.
A) "Ленинград ісі".
B) "Өнеркәсіп партиясының ісі".
C) "Жаңа оппозицияны талқандау".
Д) "Шахтерлер ісі".
E) "Космополиттермен күрес".
600. 1954 жылдың тамыз айының басына қарай Қазақстанның тың жерлерінің қанша мөлшері жыртылды?
A) 6,5 млн га.
B) 7,5 млн га.
C) 13,4 млн га.
Д) 25 млн га.
E) 28 млн га.
601. Еліміздің экономикалық күш-қуатының өсуі үшін қандай алғышарттар жасалды?
A) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
B) Өндірісті басқарудың жаңа жолдарын іздестіру
C) Басқаруды демократияландыру
Д) Одақтық республикалардың шаруашылық құқықтарын кеңейту
E) Ғылыми-техникалық прогрестің қарқынын жеделдету
602. 50-жылдары республикада қанша өнеркәсіп орындары мен цехтар іске қосылды?
A) 730
B) 348
C) 597
Д) 229
E) 204
603. Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін Ж.Шаяхметов қай жылдары атқарды?
A) 1948-1954 жж
B) 1939-1954 жж
C) 1941-1953 жж
Д) 1943-1948 жж
E) 1946-1955 жж
604. Қазақстанның тың жерлерін игеретін негізгі аудандары қандай?
A) Қостанай, Ақмола, Павлодар
B) Жамбыл, Алматы
C) Орал, Торғай, Ақтөбе
Д) Көкшетау, Жезқазған, Қызылорда
E) Өскемен, Семей, Талдықорған
605. 1954-1959 жылдары республикадан тың және тыңайған жерлерді игеруге қанша сом жұмсалды?
A) 20 млрд.сом
B) 100 млн. сом
C) 200 млн сом
Д) 45 млрд. сом
E) 13 млрд. Сом
606. 1954 жылғы тарихи оқиға.
A) Тың және тыңайған жерлерді игеру басталды.
B) Түрксіб теміржол торабы ашылды.
C) Қазақстан Республикасы құрылды.
Д) Алматы қаласы ҚазКСР-нің астанасы аталынды.
E) Адам ғарышқа ұшты.
607. Тың жерлерді игеру саясатының жағымсыз жақтары қандай?
A) республиканың ұлттық ерекшеліктері ескерілмеді
B) мәдени орталықтар азайтылды
C) еңбекшілер еңбек ерліктерін көрсетпеді
Д) Дұрыс жауабы жоқ
E) экономиканың басқа салаларының дамуына кері әсер етті
608. Тың игеру жылдары мал жайылымы жерлерін жыртып тастаудың нәтижесі:
A) Мал шаруашылығының артта қалуына әкелді
B) Ірі қараның дамуына ықпал етті
C) Жем-шөп қорын ұлғайтты
Д) Мал шаруашылығын дамытуы
E) Ауыл шаруашылығының тиімді дамуына ықпал етті
609. Қазақстанда 1954 жылы тамызда жыртылған жер көлемі қанша га болды?
A) 6,5 млн. га
B) 13,4 млн. га
C) 7,5 млн. га
Д) 25 млн. га
E) 9,4 млн. га
610. Қазақ тіліндегі мектептер санының азаюы, оқу құралдарының жетіспеуі, мұғалімдердің жұмыссыз қалу фактілері туралы өз ұсынысын білдірген кім?
A) М.Елікбаев
B) Б.Таяуов
C) Д.Хангелдина
Д) Қ.Алжанов
E) М.Сүлейменов
611. 1957-1958 жылдары колхоз-совхоздардағы мал саны қалай көбейтілді?
A) Тұрғындар меншігінен алынды
B) Көршілес елдерден сатып алды
C) Республикалық бюджеттен мал сатып алу үшін ақша бөлінді
Д) Бай-феодалдардан тартып алынды
E) Дұрыс жауабы жоқ
612. 1954-1962 ж.ж. тың игеруге Қазақстанға қанша адам келді?
A) 2 млн.адам
B) 1,5 млн.адам
C) 3 млн.адам
Д) 2,5 млн.адам
E) 1 млн.адам
613. 50-жылдары мал шаруашылығын дамытуда еңбек етіп, Социалистік Еңбек Ері атағын алған кім?
A) С.Ашапов
B) Қ.Орманов
C) Ж.Амандықов
Д) Ж.Қуанышбаев
E) М.Әлиев
614. 1958 жылы жұмысшылар толқуы болған қала:
A) Теміртау.
B) Қарағанды.
C) Алматы.
Д) Жаңа өзен.
E) Целиноград.
615. 1958 жылғы Теміртау оқиғасының себебі неде?
A) Әлеуметтік мәселелер
B) Экономикалық жағдай
C) Саяси көзқарастар
Д) Табиғи жағдай
E) Барлық жауаптар дұрыс
616. 60-жылдардың екінші жартысында құрылған кәсіподақтардың басты міндеті:
A) Еңбекшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту
B) Халық шаруашылығын қалпына келтіру
C) Шет елдермен мәдени қатынас орнату
Д) Халықтар достығын нығайту
E) Барлығы дұрыс
617. Н.С.Хрущев КОКП ОК-нің 1-хатшылығы қызметінен қашан босатылды?
A) 1964 ж 14 қазан
B) 1961 ж 4 шілде
C) 1962 ж 15 қыркүйек
Д) 1966 ж. 27 мамыр
E) 1968 ж 19 ақпан
618. 1965 ж өнеркәсіпті басқару әдісі:
A) Салалық ұстаным
B) Жоғарыдан басқару
C) Сапалық ұстаным
Д) Төменнен басқару
E) Орталықтан басқару
619. Алғашқы ғарышкер Ю.Гагарин қазақ жерінен қай жылы ұшты?
A) 1961 ж.
B) 1959 ж.
C) 1960 ж.
Д) 1962 ж.
E) 1963 ж.
620. XX ғасырдың 70 жылдарында Қазақстан жерінде қалыптасқан ірі аймақтық өндірістік кешенді атаңыз.
A) Маңғыстау.
B) Петропавл.
C) Жетіген.
Д) Көкшетау.
E) Қызылорда.