
- •Қарағанды 2013
- •Ақпараттық саладағы мемлекет саясаты
- •Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Ақпараттандыру саласындағы Қазақстан республикасының заңдары
- •Блок 2 (Құжаттардың уақытша деректемелерi)
- •Блок 3 (Құжаттардың басқа деректемелерi)
- •Ақпараттандырудың саласында қатынастардың мемлекеттiк реттеудiң мақсат және қағидаттары
- •«Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасы
- •Ағымдағы жағдайды талдау
- •Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналық индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері
- •Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
- •Қажетті ресурстар
- •Қазақстандағы электронды үкіметтің дамуы
- •Электронды үкіметтің жетістіктері
- •2013 Жылдың і тоқсанының мәліметтері негізінде электронды үкімет порталының пайдаланушылары дегеніміз кімдер?
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Қазақстандағы электронды үкіметтің дамуы
Электронды үкімет құру идеясы Елбасымызға тиесілі, әрі алғаш рет тоғыз жыл бұрын ауызға алынған болатын. Осы уақыт ішінде электронды үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол кезеңдердің қай-қайсысы болса да қазақстандықтардың мемлекетпен өзара әрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз.
Олардың алғашқысы – ақпараттық кезең. Дәл осы кезеңде электронды үкімет порталы іске қосылып, ақпаратпен толтырылды. Мемлекеттік органдар, олардың жұмысы мен халыққа көрсететін қызметтері жайлы ақпараттар пайда болды. Оған қоса, қызмет көрсетудің реттемесі келтіріліп, танысу үшін нормативтік-құқықтық актілер ілінді.
Екіншісі - интерактивті кезең, порталда электронды қызметтерді тұңғыш рет ұсынуымен есте қалды. Аталмыш кезең барысында порталды пайдаланушылар түрлі мекемелерден кезекке тұруға уақыт жұмсамай-ақ анықтама алу, үйден шықпай-ақ кез келген мемлекеттік органға сұраныс жіберіп, оның мәртебесін қадағалап отыру мүмкіндіктеріне ие болды. Электронды үкімет порталына интерактивті қызметтерді енгізу құжаттарды жинауға кететін уақытты үнемдеуге едәуір көмектесті.
Дәл осы кезеңде мекемелік ақпараттық жүйелер, мемлекеттік деректер қоры, электронды түрде лицензиялау, және электронды үкімет шлюзі енгізілді.
Бұл кезеңде әрбір қазақстандық порталдан қажетті құжаттар тізімі, мемлекеттік баж салығының мөлшері, өзі жүгінгелі отырған мемлекеттік органның байланыс мәліметтері секілді барлық қажетті ақпараттарын ала алатын. Алғашқы кезеңнің өзінде-ақ, қажетті ақпараттың толық көлемінің арқасында инстанцияларға жүгірушілер саны әжептәуір азайды.
Электронды үкімет дамуының үшінші кезеңі – транзакциялық кезең. Бұл кезеңде азаматтар мемлекеттік баж салығын, алымдар, айыппұлдар және коммуналдық қызмет ақыларын төлеуге мүмкіндік алды. Егер де осыған дейін қызмет ақысын төлеу үшін банкке бару керек болса, енді онлайн жүйесінде қызметті пайдалануға да, оның ақысын төлеуге де болады.
Кәсіпкерлерге транзакциялық кезең шын мәнінде бағалы сыйлық ұсынғандай болды, ол – электронды мемлекеттік сатып алулар болатын. Пайдасы айдан анық – өткізілетін байқаулар мен тендерлердің әділдігі мен ашықтығы артты.
Электронды үкімет дамуының бүгінгі, төртінші кезеңі – түрлендірмелі кезең. Бұдан былайғы басты мақсат - азаматтарға қызмет көрсетудің мейлінше жылдамдығы. Дәл осы мақсатқа қол жеткізу үшін интерактивтік және транзакциялық қызметтер қазақстандықтар үшін айрықша маңызға ие кешенді қызмет түрлеріне біріктірілуде. Жыл басынан бері азаматтар 15 минут ішінде заңды тұлғаны тіркеу, жеке куәлік, төлқұжат немесе жүргізуші куәлігін алу мүмкіндігіне ие болды. Әлеуметтік маңызды қызметтерге айрықша көңіл бөлінеді, міне сондықтан да олардың барлығы электронды үлгіге ауыстырылды.
Электронды үкіметтің жетістіктері
Құрылғанынан бергі тоғыз жыл ішінде Қазақстан Республикасының электронды үкіметі қалыптасу мен даму кезеңдерінен өтті, дүниежүзілік қауымдастық тарапынан оң көзқарасқа ие болып, жоғары бағаланды. Халықаралық және республикалық рейтингтердегі жоғары көрсеткіштері мен байқаулардағы ие болған номинациялары осыған куә. Қазақстандық электронды үкіметтің даму дәрежесі «дамушы» (emerging leaders) сатысында деп бағалануда және аса табысты үкіметтердің бірі саналады.
|
2013 жылдың сәуірінде Дүниежүзілік экономикалық форумның (WEF) баяндамасы жарияланды, соған сәйкес Қазақстанның желілік әзірлік индексі 144 елдің ішінде 43-орында тұр. 2012 жылмен және 55-орынмен салыстырғанда, еліміз көптеген көрсеткіштер бойынша рейтингтерде қарқынды өсуін көрсетті және ТМД елдерінің арасында үздік деп танылып отыр. Желілік әзірлік индексі еліміздегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың (АКТ) даму деңгейін анықтайды және АКТ-ның экономикаға қосқан үлесін, сондай-ақ осы технологияларды пайдалануға әзірлікті байқататын 54 көрсеткіштен тұрады. 2013 жылы Қазақстанның айрықша ілгері басуы Интернет желісін пайдаланушылар саны, ұялы байланыс абоненттерінің саны, ұялы байланыс тарифтері және басқалары бойынша белгіленді. |
|
Әрбір екі жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаменті электронды үкіметтің әлемдегі (192 ел) даму деңгейін бағалау бойынша зерттеулер жүргізіп отырады. 2012 жылы Қазақстан Республикасының электронды үкіметі аталмыш рейтингте 38-орынға ие болды. Сонымен қатар, онлайн-қызметтердің индексі 10 көрсеткішті басып озса, телеқатынас инфрақұрылымының индексі 14 орынға алға шықты. Азаматтардың үкіметпен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін анықтайтын е-қатысу индексі бойынша Қазақстан Сингапурмен бірге 2 орынға ие болды. |
|
Электронды үкіметтің жетістіктері қоржынында қазақстандық марапаттар да бар. 2012 жылдың соңында Award.kz-2012 Ұлттық интернет-бәйгесінің X мерейтойлық марапаттау салтанатында электронды үкіметпорталы «Билік және өзін-өзі басқару органдары» номинациясында бірінші орынға ие болды, сондай-ақ, қос тілді сайттар арасында үздік деп танылды. Жобаға деген қызығушылықты қазан айында өткен электронды үкімет порталының редизайны тудырған болатын, соның нәтижесінде беткі безендірілуі ғана емес, материалдар құрылымы мен орналастыру қисыны да өзгерді. |
ҚР электронды үкіметінің 2005-2012 жылдар арасындағы жетістіктері
Электронды үкімет жобаларындағы ақпараттық жүйелер
«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі»
|
«Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі Қазақстанның барлық азаматтарының лицензия және рұқсат құжаттарын онлайн жүйесінде алуына мүмкіндік береді, бұл әсіресе республиканың шалғай өңірлерінің тұрғындары үшін аса маңызды. Түрліше мемлекет органдарынан алынатын толып жатқан анықтамалар мен құжаттардың орнына лицензия мен рұқсат құжаттарын алу үшін электронды лицензиялау порталындағы бір ғана онлайн-сұраным талап етіледі. Сонымен бірге лицензия және рұқсат алу үдерісі мейлінше әділ. Оның үстіне, электронды лицензиялардың бірыңғай реестрінің арқасында әрбір азамат компания лицензиясының бар екенін, дұрыстығын және оның мәртебесін тексере алады. 2012 жылдан бастап барлық қызмет түрлеріне арналған лицензиялардың 100% электронды лицензиялау жолымен беріледі. |
«E-learning» электронды оқу ақпараттық жүйесі
|
Электронды оқу ақпараттық жүйесі білім беру қызметінің сапасын арттыруға және білім алудың қолжетімділігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Жүйе оқу үдерісінің барлық қатысушыларына арналған: оқушылар онлайн жүйесінде күнделік және күнтізбе жүргізеді, болуға тиісті іс-шаралар жөнінде хабарландыру алады, барша оқу материалына, сабақ кестесіне және онлайн үй тапсырмаларына рұқсат алады. Мұғалімдер мен оқытушылар онлайн журнал жүргізеді, күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар және солардың негізінде сабақ жоспарларын әзірлейді, оқушылар мен олардың ата-аналарын құлақтандыруға, есептілікті қалыптастыруға және тағы басқаларына мүмкіндік алады. Ата-аналар балаларының үлгерімі мен сабаққа қатысуын қалаған жағдайда смс-таратылым алу арқылы қадағалай алады, баласының оқу материалын қалай меңгергенін бақылап отырады. Сонымен қатар, оқу орны жоғары технологиялық компьютерлермен және Интернет жүйесіне кең жолақты қолжетімділікпен, ал әкімшілік - оқу үдерісін басқарудың тиімді құралдарымен жабдықталады. |
«Е-нотариат» бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесі
|
«Е-нотариат» бірыңғай нотариалды ақпараттық жүйесі – нотариалдық қызметті бақылауды жақсарту және нотариустардың жұмысын оңтайландыру мақсатында әзірленген жүйе. Жүйе нотариалдық іс-әрекеттердің электронды реестрде тіркелуін жобалайды, сондай-ақ, заңгерлік мәмілелердің барлық қатысушылары үшін пайдалы. «Е-нотариат» нотариустарға құжаттардың түпнұсқалылығын тексеруге, жылжымайтын мүлік жөнінде мәлімет алуға, мұрагерлік істер мен өсиетхаттардың есебін жүргізуге, электронды үкімет порталынан электронды анықтама алуға және сенімхаттардың түпнұсқалылығын тексеруге мүмкіндік береді. Осындай жағдайда нотариусқа жүгінген азаматтардың мәліметтердің анықтығына, мәміленің легитимділігі мен заңдылығына сенімді болуына болады. |
Электронды үкмет порталының пайдаланушылары