
- •Қарағанды 2013
- •Ақпараттық саладағы мемлекет саясаты
- •Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты
- •Ақпараттандыру саласындағы Қазақстан республикасының заңдары
- •Блок 2 (Құжаттардың уақытша деректемелерi)
- •Блок 3 (Құжаттардың басқа деректемелерi)
- •Ақпараттандырудың саласында қатынастардың мемлекеттiк реттеудiң мақсат және қағидаттары
- •«Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасы
- •Ағымдағы жағдайды талдау
- •Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналық индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері
- •Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
- •Қажетті ресурстар
- •Қазақстандағы электронды үкіметтің дамуы
- •Электронды үкіметтің жетістіктері
- •2013 Жылдың і тоқсанының мәліметтері негізінде электронды үкімет порталының пайдаланушылары дегеніміз кімдер?
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі:
Бағдарламаны іске асырудың мақсаттары, нысаналық индикаторлары және нәтижелердің көрсеткіштері
Бағдарламаның негізгі мақсаты: ақпараттық қоғамға көшуді қамтамасыз ететін жағдайларды құру. Бағдарламалық міндеттер:
Мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету.
Қоғамның әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы үшін ақпараттық ортаны құру.
Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.
Нысаналы индикаторлар
Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
«электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;
Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;
Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;
Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;
елдің ЖІӨ-гі АКТ үлесі – 4%;
Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;
Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;
Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;
Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.
Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.
Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.
Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңдері
Бағдарламаны жүзеге асыру екі кезеңнен тұрады: 1 кезең - 2013-2017 жылдар; 2 кезең - 2018-2020 жылдар. Аталған Бағдарламаның шеңберінде барлық нысаналы индикаторлардың мәні көрсетілген екі кезең бойынша белгіленеді. Кезеңдердің әрқайсысында жылдар бойынша Бағдарламаны іске асыру барысын сипаттаушы көрсеткіштерді өзгерту және бағдарламалық іс-шаралардың ақпараттық қоғамға көшуге дайындыққа әсер етуі жоспарланады. Бірінші кезеңде (2013-2017 жылдар) мемлекеттік органдардың жаңа құрылымын құру, атап айтар болсақ, нормативтік-құқықтық актілерге тиісті өзгерістерді енгізу қажеттілігі боынша қарастыру, типтік құрылымдарды әзірлеу, оларды пилоттық енгізуді бастау жоспарланады, «мобильдік үкімет» құрылады, «электрондық үкімет» порталы дамытылды, бұлыңғыр технологияларға көшуді ақпараттандырудың жаңа үлгісін енгізу басталады. Экономика саласында барлық салалар бойынша жер-жерде біртіндеп АКТ-ны енгізуді бастау, АТ мамандарды жаппай даярлау және қайта даярлауды бастау, сондай-ақ, барлық салалардағы профильді компьютерлік сауаттылықты арттыру үшін қажетті тәсілдерді әзірлеу және тиісті оқытуды бастау жоспарланады. Ақпараттық салада БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру, отандық БАҚ-ты техникалық жаңғырту, қазақстандық мас-медианың географиясын әрі қарай кеңейту, мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспарланады. Екінші кезеңде (2018-2020 жылдар) бірінші кезеңдегі іс-шараларды іске асыру жалғастырылады, алдыңғы кезеңде қол жеткізілген нәтижелерді енгізуге және таратуға бағытталған іс-шараларды іске асыру көзделеді. Екінші кезең аяқталғандағы Бағдарламаның мақсаты – ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдайларды жасауға қол жеткізіледі.