Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
на печать Меруерт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
1.07 Mб
Скачать

«Ақпараттық Қазақстан-2020» бағдарламасы

Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның атауы 

«Ақпараттық Қазақстан - 2020» Мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіздеме

Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы

Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган    

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік)

Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар,  жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары

Бағдарламаның мақсаты 

Ақпараттық қоғамға көшу шарттарын жасау        

Міндеттері 

  1. Мемлекеттік басқару жүйесінің тиiмділігін қамтамасыз етуі.

  2. Ақпараттық - коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.

  3. АКТ-ны енгізу  арқылы тіршілік ету сапасын және шарттарын арттыру.

  4. Отандық ақпараттық кеңістікті дамыту.

Іске асыру мерзімі

1 кезең: 2013-2017 жылдар 2 кезең: 2017-2020 жылдар

Нысаналы индикаторлар

  1. Қазақстан 2020 жылға дейін Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингінде алғашқы 35 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

  2. «Электрондық үкімет» индексінде ( БҰҰ-ның әдістемесі бойынша) 2020 жылға дейін алғашқы 25 мемлекеттің тізіміне енуі қажет;

  3. Қазақстан Республикасының үй шаруашылықтарының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының қолжетімділігі - 100%;

  4. Интернет желісін қолданушылар саны 2020 жылы - 75 %;

  5. Қазақстан халқын эфирлік цифрлық телерадиохабарларды таратумен қамту – 95%;

  6. елдің ЖІӨ-гі АКТ саласының үлесі  – 4%;

  7. Денсаулық сақтаудың бірыңғай желісіне қосылған денсаулық сақтау ұйымдарының үлесі – 100%;

  8. Бірыңғай ұлттық ғылыми-білім беру желісіне қосылған ғылыми-білім беру мекемелерінің үлесі – 100%;

  9. Компьютерлік сауаттылық деңгейі - 80 %;

  10. Қазақстанда тіркелген БАҚ-тың жалпы санындағы электрондық БАҚ-тың үлесі – 100%.

  11. Электрондық түрде төленетін тауарлар мен қызметтердің жалпы айналымындағы қазақстандық интернет-дүкендердің айналым үлесі – 40%.

  12. Электрондық түрде ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі - 50%.

Қаржыландыру көлемі мен көздері

Мемлекеттік бюджет және кәсіпорындардың, ұйымдардың құралдары, сондай-ақ мемлекет қатысатын ұлттық компаниялар мен ұйымдардың қаражаты. Республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемі жоспарлы жылға сәйкес бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланады