
- •12. Көне үнді философиясы туралы не білесіз? Оның қандай бағыттары бар және қазіргі замандағы мағызы қандай?
- •13. «Философия діннің күңі» деген тезисті түсіндіріңіз. Оны схоластардың қайсысы және қандай мақсатпен ұстанды.
- •14. «Универсалийлер» туралы пікірталас дегеніуміз не? Ол философтарды қалай және неге бөлді?
- •15. Эссе: "Картезиандық күмәндану" әдісі қандай әдіс? Оның авторы кім және ол қандай қорытындыға әкелді? Оның авторының гносеология сұрақтарындағы ұстанымы қандай?
- •Д.Локктың эмпиризмінің жаңалығы неде? Оның сенсуализмінің қайшылықтары неде?
- •17. Беркли және Юм
- •Гегель мен Кант философиясын салыстыру
- •19. Иммануил Кант бұлжымайтын императив
- •20. Гегель Мемлекет құдайы - идея
20. Гегель Мемлекет құдайы - идея
Гегель дамудың негізін ұғымның, идеяның, рухтың даму процесінен алады. Гегельдің ілімінше, ұғым, таным, рух — процесс. Олардың даму көзі — олардың өзінде. Даму барысында белгілі бір зат өзінің қарама-қарсылығына айналады. Идея затты, зат өзіне қарама-қарсы форманы туғызады. Біртұтас заттың қарама-қарсы жақтарында бірін-бірі жоққа шығару процесі жүреді. Бірақ олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Екеуінің күресі олардың жойылып, жаңа заттың пайда болуына әкеледі. Гегель түсінігінде материалдық заттардың түп негізі — идея. Гегель идея мен заттың қарым-қатынасында идеяны анықтаушы рөл атқарады деп есептейді. Идеяны зат арқылы түсіндірмек болған материалистік көзқарасты жоққа шығарады. Гегель затты (мыс., қоғамдық құбылыстарды) идеямен өлшеп, идеямен салыстырып отыру керек дейді: зат өзінің идеясына сәйкес келе ме, жоқ па? Адам өзінің адам деген атына лайық па, жоқ па? Әрбір зат идеяның жүзеге асқан түрі болып табылады. Бірақ даму барысында зат идеядан алшақтап, өз-өзіне қайшы келеді. Сондықтан танымның міндеті — жиі-жиі затты, құбылысты идеямен салыстырып отыру. Бірақ идея заттың нақты болмысымен шектеліп қалмауы керек. Затқа даму тенденциясы тұрғысынан қарап, оның қандай болуы керек деген мәселеге назар аударып отыруы тиіс. Гегель “Рух феноменологиясында” алғаш рет жекелеген индивидтің санасының дамуы адамзат қоғамының тарихи кезеңдерімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Яғни, жеке адамның санасы барлық тарихи кезеңдерде, әр дәуірге тән қайшылықтарды өткізе отырып, қоғамдық сана деңгейіне көтеріледі.