
- •12. Көне үнді философиясы туралы не білесіз? Оның қандай бағыттары бар және қазіргі замандағы мағызы қандай?
- •13. «Философия діннің күңі» деген тезисті түсіндіріңіз. Оны схоластардың қайсысы және қандай мақсатпен ұстанды.
- •14. «Универсалийлер» туралы пікірталас дегеніуміз не? Ол философтарды қалай және неге бөлді?
- •15. Эссе: "Картезиандық күмәндану" әдісі қандай әдіс? Оның авторы кім және ол қандай қорытындыға әкелді? Оның авторының гносеология сұрақтарындағы ұстанымы қандай?
- •Д.Локктың эмпиризмінің жаңалығы неде? Оның сенсуализмінің қайшылықтары неде?
- •17. Беркли және Юм
- •Гегель мен Кант философиясын салыстыру
- •19. Иммануил Кант бұлжымайтын императив
- •20. Гегель Мемлекет құдайы - идея
Гегель мен Кант философиясын салыстыру
Неміс классикалық философиясы – тарихи феномен, ол фундамент қана емес, маңғаз ғимарат, оның әрбір өкілі қай-таланбас тұлға, тендесі жоқ құндылық. И.Кант, И.Фихте, Ф.Шеллинг, Г.В.Гегель, Л.Фейербах және тағы басқа философия тарихында өшпейтін із қалдырған ойшылдар.
Иммануил Кант (1724-1804) – неміс философиясының негізін қалаушы. Канттың 80 жаска екі ай жетпей дүниеден өткен адамдық тұлғасы мен өмірі басқаларға, әсіресе қазіргі жастарға үлгі боларлықтай. Оның бойында ақыл аффектіден жогары, парыз нәпсі мен төменгі тілектерден жогары тұрды. Өзінің ғылыми-философиялық қызметін ең жоғарғы міндеті деп түсінген Кант басқа нәрсенің бәрін осы міндетке бағындырды. Ол тіпті табиғатты да жеңді деуге болады, себебі табиғатынан аурушаң әлсіз денесін тынымсыз ой энергиясының тірегіне айналдырып, философияны зерттеу ісін бар өмірінің мақсаты деп түсінді және осы мақсатынан өмірінің соңына дейін айнымады. Кант басты назарды танылушы субстанцияның құрылымына емес, танушы субъектінің ерекшеліктеріне аударды. Оның философиясының негізгі мәселесі – табиғат, дүние, қоғам емес, субъектінің танымдық қызметі. адамның ақыл-ойының мумкіндіктерінің шекарасын анықтау. Яғни, онтологияның орнын гносеология, субъектінің танымдық қабілеттерін сыни сараптау алмастырды.
Кант өзінедейінгі ойшылдардың эмпиризмі мен рационализмін қорыта отырып, априори теориясын ұсынды: 1) Бізді қоршаған дүние – өзіндік зат (вещь в себе), оны түйсіктеріміз арқылы танып-білуіміз мүмкін емес. Ол кеңістік пен уақытта өмір сүрмейді, субстанция да емес. Себебі, кеңістік пен уақыт субъективті, біздің қабылдауымыздың жемісі. Заттар туралы пікірлер біздің зердеміз-де тәжірибеге дейін қалыптасқан. Оны қалыптастыратын – біздің ақыл-ойымыз, а’рriori (тәжірибеге дейінгі). Түйсіктер жинаған білім емес, категорияларды жүйеге келтіретін логика ғана ақиқат білім береді. 2) Таным процестерінің қиындығы бірін-бірі теріске шығаратын, бірақ әрқайсысы ақиқат ретінде дәлелденетін тұжырымдар, яғни, «антиномиялар» тудырады. Кант антиномиялардың төрт түрін көрсетеді: а) Дүниенің уақыттық бастауы бар, тек кеңістік жағынан шектеулі (тезис); Дүниенің уақыттық бастауы жоқ және кеңістікте шексіз. Ол кеңістік пен уақытта шексіз (антитезис). ә) Әрбір күрделі субстанция қарапайым бөліктерден тұрады және тұрмайды. б) Себептіліктің екі түрі бар: біреуі табиғат заңдылықтарына сәйкес, екіншісі – еркіндікке (тезис); Бір ғана себептілік – табиғат заңдылықтарына сәйкес себептілік бар (антитезис). в) абсолютті қажетті тіршілік етуші өмір сүреді және сүрмейді.
Бұл қайшылықтарды шешу Кант үшін қиын болды, ол бір шешімге келе алмай, ақыл-ойдың дәрменсіздігі туралы тұжырымға келді. Бірақ мәселе ақыл-ойдың шектеулігінде емес, дүниедегі процестердің диалек тикалық қайшылықты екендігінде еді, оны кейін Гегель түсіндірді.
Немістің келесі бір ұлы философы Георг Вильгельм Гегель (177О-1831) адам рухын табиғаттың тамаша туындысы, ақиқаты, мақсаты ретінде қарастырды. Табиғат рух жолында өзін құрбан еткенімен, адам жаны мәңгілік тірі, ол болмыстың жаңа тәсілі. Көне грек ойшылдары секілді Гегель де адам жанының қос табиғатын атап көрстеді. Біріншіден, ол өзінің мазмұның анықтаушы денемен тығыз байланысты; екіншіден, тәннен тәуелсіз, объективті. Гегельдің тұжырымынша, адамның міндеті осы екі-жақтылықты біріктіру, бұл ретте адамның көмекшісі – философия. Гегелъдің пікірінше, дүнненің бастауы жеке емес, атомдар мен жандарын жиынтығы емес, тұтас, дүниеде тұтастан басқарсалды нәрсе жоқ. Бұл тұтасты ол абсолют деп атайды. Абсолют – рух, ақыл-ой – субстанция. Табиғат пен рух тұтастың өзінен жаттануы, бірақ бір-бірі не қарама-карсы. Материяның мәні – ауырлығында, ал мақсаты -өзінен тыс; рухтың мәні – еркіндік, мақсаты – өзінде.
Гегелъ адамның жаның рухын құдайы сипатта түсіндіреді, құдайдың адамда көрініс табуы деп есептейді және адамның бойындағы осы құдайы күш оны басқа дүниеден биік тұруға жетелейді деп сенеді. Оның рух фи-лософиясы субъективті, объективті және абсолютті рух болып бөлінеді, бұл кезендер – рухани еркіндік сатылары. Субъективтік сатыда рух жалғыз, өзінің мазмұнына тәуелді, рухани табиғаты туралы түсінігі жоқ «жан». Объективтік кезенде «жанда» еркіндік бар, ол тәннен азат, ішкі еркіндікке қол жеткізген соң сыртқы жағдайлармен күресе бастайды, руханилықты басқа адамдардан, өмірінің табиғи шарттарынан іздеуге кіріседі. Аталған кезеңнің маңызы зор: «…біріншіден, жан өзінің идеяның төменгі, табиғи сатыларымен байланысын көреді, оларды ғылыми, техникалық және экономикалық жағынан жеңе отырып, өзін олардың алламшы өзіндік болысынан азат етеді; екіншіден, адамдардың белгісі көпшілігімен байланысын көреді, оларды адамгершілік және саяси тұрғыдан артта қалдырадырып, өзінің алдамшы бөлектенушілігінен арылады»‘. Осы сатыда ғана жан азаттыққа қол жеткізіп, басқаадамдармен біріге алады, мықты құрал болып есептелетін айбарлы, жігерлі, халықтық рух қалыптасады. Гегель осындай күшті, мемлекеттік дәрежеде мызғымаз ха-лықтық, ұлттық рух қалыптасқан елде ғана тамаша өнер, абсолюттік дін және ақиқатты философия өмір сүре алады деп пайымдайды. Ұлы ойшылдың осы ойлары қазіргі Қазақстан мемлекетіне халықтық рух, ұлттық азақтық рух жетіспей отырған уақытта керек-ақ. Ұлттық рухпен қаруланып, аз уакыттың ішінде экономикасы гүлденген, іргесі мықты мемлекетке кетке айналған Германия, Жапония сияқты мемлекеттердің тамаша мысалдары көз алдымызда. Абсолюттік рух сатысы – ең жоғарғы саты, адамның ақиқатты, идеяны, құдайды тану сатысы. Құдайды сезімдік танымның көмегімен бейнелеу арқылы жан әсем өнерді жасайды; құдайды эмоциялық тұрғыдаң тереңдеп түсінуден дін туындайды, ал абсолюттік рухтың ең шыңы деп Гегель философияны атайды. Бұл сатыда адам өмірде маңызды адами нәрсе емес, құдайы. Оның міндеті – өзінің бойындағы адамға тән қасиеті терден арылып, құдайылық жолына түсу. Объективтік сатыда ғана адами өзінің толыққанды рухани келбетін айқындайды, күрес пен азаптан өтіп, өмірдің мәнін табады. Гегельдің тағы бір тамаша ойы – бір рет қана адамгершіліктік ісәрекет жасаған адамды ізгілікті кісі деп құрметтеуге асықпау керек, бұл жоғары атаққа осы адамгершіліктік іс оның мінезінің тұрақты сипатына айналғанда ғана ие бола алады. Ешқандай комментарийді қажет етпейтін, қысқаша айтсақ, адамнан сөз бен істің бірлігін, тұрақтылық пен сабырлылықты талап ететін ой, ал бұл бірлікке жеткізетін, Гегельдің пікірінше. еңбектену, талпыну, қойылған мақсатқа ұмтылу.
Гегель Кант секілді адамды абсолют дәрежесіне көтермегенімен, адамның еркіндігін, құқын ерекше бағалады. Ол мемлекет адамның жеке ісіне, адамгершіліктің тұңғиық қырларына, тіпті ізгі тілектерге жүгіне отырып та араласпауы қажет, ал мемлекет билігі екіжүзді адамдардың қолында болса, бұл істің соңы өте қайғылы жағдайлармен аяқталады деп қарсылық білдіреді. Гегель мемлекеттің адам еркіндігін тежейтіндігін, адамды механикалық бөлшек деп қарастыратын машина екендігін түсіндіре келіп, дүниеде машина идеясы жоқ болғандықтан, мемлекет те жоқ болуы керек деп тұжырым жасайды. Гегель іліміндегі тағы бір маңызды ұғым – «бақытсыз сана» ұғымы. Тереңірек үңілсек, Гегельдің «бақытсыз санасы» өмірдің мәнін таба алмай қиналған адамға тәнт трагедиялық құбылыс. Сыртқы болмыстан мәннің шешімін таппаған сана қайтадан өзіне, ойлау дүниесіне оралады, бірақ заттар мен нәрселер дүниесінен қашып құтыла алмай, ішкі қайшылықтарға ұрынады. Осыдан келіп өмір туралы түсініктің сыртқы болмысқа сәйкес келмеуінен туындайтын қайғы-қасірет пайда болады. Біздің ойымызша, дәл осы «бақытсыз сана» қазіргі қоғамда өмір сүріп отырған адамдардың басым көпшілігіне тән. Өмірдің мәні туралы бұрынғы түсініктер өзгеріп, қалыптасқан құндылықтардың орнын жаңа құндылықтар ауыстырған, экономикалық және қоғамдық қатынастар тұрақсыз кезенде «бақытсыз сана», яғни өткені мен келешегін көруге дәрменсіз сана орын алып отыр. Осы ретте Гегельдің ілімі еске түседі, яғни «бақытсыз санадан» арылудың бірден-бір жолы – рухты ныгайту. Гегельдің ойынша, рухты танып-білу ең жоғары, ең қиын нәрсе. Рухты тану – жекелеген қабілеттерді, мінез-құлықты, мүмкіндіктерді дамыту, әлсіздіктен құтылу, яғни, өзін-өзі танып-білу. Бұл пікірдің маңызы ерекше. Сократтың «Өзіңді өзің танып-біл!» қағидасына ұқсас тұжырымнан Гегельдің адамның өзіне, ақыл-ойына, зердесіне деген үлкен сенімін көре аламыз.
Даму уақыты жагынан аз кезеңді (ХVIII-г.соңы -ХІХ-г.басы) қамтыга-нымен, неміс классикалық философиясы философия тарихында өшпес із қалдырды. И.Кант адамның ақыл-ойының мүмкіндіктерінің шексіз екендігі туралы ойды тұжырымдап, оның еркін тіршиіік етуші ретіндегі қайта-ланбас гуманистік терең мәнін айқын көрсетті. Диалектикалық даму тән ақыл-ой, зердені Г.В.Гегель Канттың пайымынан биік дәрежеге көтерді, сол кездегі Батыс Европа философиясының шыңына айналдырды. И.Канттың философиялық антропологиясы мен Гегельдің философиялық жүйесі өзінен кейінгі философиялық мектептердің қалыптасуына, әсіресе, орыс философиясы мен батыс экзистенциализмінің дамуына мықты әсер етті.