- •12. Көне үнді философиясы туралы не білесіз? Оның қандай бағыттары бар және қазіргі замандағы мағызы қандай?
- •13. «Философия діннің күңі» деген тезисті түсіндіріңіз. Оны схоластардың қайсысы және қандай мақсатпен ұстанды.
- •14. «Универсалийлер» туралы пікірталас дегеніуміз не? Ол философтарды қалай және неге бөлді?
- •15. Эссе: "Картезиандық күмәндану" әдісі қандай әдіс? Оның авторы кім және ол қандай қорытындыға әкелді? Оның авторының гносеология сұрақтарындағы ұстанымы қандай?
- •Д.Локктың эмпиризмінің жаңалығы неде? Оның сенсуализмінің қайшылықтары неде?
- •17. Беркли және Юм
- •Гегель мен Кант философиясын салыстыру
- •19. Иммануил Кант бұлжымайтын императив
- •20. Гегель Мемлекет құдайы - идея
Д.Локктың эмпиризмінің жаңалығы неде? Оның сенсуализмінің қайшылықтары неде?
Эмпиризм Бэкон мен Гоббс философияларының негізгі құрамдасы болғанымен, Бэкон эмпиризмі тек қана ғылыми тәжірибелермен шектелсе, Гоббстың эмпиризмі рационализммен байланысып, заттардың материалдық теориясына тығыз байланысты болған. Джон Локк (1632 - 1704) ең алғаш эмпиризмнің негіздерін тұжырымдап, танымның сенсулизм бағытын дамытты.
Локк эмпиризмді білім тәжірибеден ғана туындайды деген көзқарасты ұстанды. Д. Локк адам білімді екі жолмен: сыртқы жіне ішкі тәжірибе жинау арқылы алады деген. Локк ең басынан танымның рационалистік, яғни адамда туа біткен идялар мен білім бар деген принциптерге қарсы болған. Өзінің 1960 жылы жарыққа шаққан «Адамның ақыл– ойы туралы тәжірибелер» («Опыте о человечском разуме») негізгі еңбегінде ол рационалистердің принциптерін жоққа шығаратын келесі тұжырымдамаларды келтіреді:
1. Барлық адамдар келісетін принциптер (формальді логика принциптері) туа бітеді деген тұжырым негізсіз. Оған қоса барлық адамдар бірдей келісетін принциптер жоқ, және рационалистер келтірген принциптер жаңа туған балаларға, оқымаған адамдар мен ақымақтарға беймәлім.
2. Егер принциптердің «туа бітуі» «жанның оларды түсіну қабілеті» деген мағынаны берсе, онда жан түсіне алатын барлық идеяларды туа біткен деп қабылдауға болады.
3. Рационалистердің адам ақиқатты, идеяны ойлай бастаған уақыттан бастап түсінеді деген тұжырымы оның туа біткендігін дәлелдемейді. Себебі олардың идея адамға туа біткен, бірақ ол оны тек ойлай бастаған кезде түсінеді деген ойы адамның бір мезетте сол идеяны біледі және білмейді дегенін білдіреді.
4. Қорыта айтқанда, жанның осы жағдайларды қабылдап, келісе алатындығы ескерілмесе, идеяның санада жасырын жатқан деген ойдың өзін түсіну өте қиын.
Сонымен Локк балаларға жүргізілген тәжірибелер нәтижесінде адамда сезңм мен рефлексия арқылы келген идеялар мен білімнен өзге ешқандай «туа біткен» идеялар жоқ деп тұжырымдайды. Философияда бұл гносеологиялық бағыт «сенсуализм» деп аталады. Д. Локктың білім концепциясы осы сенсуализмге негізділген, сенсуализм (лат. sensus – сезім, түйсік ) – сезімді білім жинаудың жалғыз жолы деп есептейтін гносеология (таным теориясы) ілімі. Қорыта айтқанда Локктың философиясын Декарт рационализміне, сондай– ақ Спиноза мен Лейбництың жүйелеріне қарама– қарсы бағытталған ілім дейге болады. Локк Декарт философиясында жетекші рөл атқарған «адамға туа біткен принциптер» теориясын терістейді.
17. Беркли және Юм
Джордж Беркли (1685-1753) – ағылшындық субъективист философ, ерекше тәсілмен жазған ойшыл. Негізгі еңбектерін ол 28 жасына дейін жазып бітіргенін де атап өткен жөн. Беркли Локктың сезімдік білім алғашқы және екінші сапаға ие, бірінші немесе алғашқы сапалар заттардың бойында реалды түрде бар, ал екінші сапалар – түс, иіс, дөм субьектіге ғана тән деген көзқарасын сынады. Оның ойынша, біз дүниені сезім мүшелері арқылы ғана қабылдаймыз сондықтан сапалардың объективтілігін, біздің санамыздан тыс тұратынын біле алмаймыз. Беркли заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етеді, бірақ біз заттардың нағыз мәнін көре алмаймыз, ал сапа-қасиеттердің өзі салыстырмалы ғана дейді. Мысалы, адамның бір қолы салқын, екіншісі – жылы болса, қолдарын жылы суға салған адамның суды сезінуі де екі түрлі болады. Яғни, Берклидің пікірінше, қабылдау субъектінің жагдай-күйіне тікелей байланысты. Бірақ ол бұл түсінікті абсолюттік дәрежеге дейін жеткізеді, материяның болмысы қабылдануға тәуелді деген пікірді дәлелдемек болады. Мысалы, бір затты адам қабылдамаса, ол зат өмір сүруін тоқтатқаны ма? Оған Беркли басқа адамдар немесе басқа тірі нәрселер қабылдайды, ең ақырын-да, мәңгілік қабылдаушы субъект Құдай қабылдайды деп жауап береді. Беркли осылайша заттың өзіне тән объективті сапасын жоққа шығарып, өмір сүретін субъективтік «Мен’*, одан басқа нәрсе жоқ деп пайымдайды. Давид Юм (1711-1776) – ағылшын философы, Локк пен Берклидің философиясын дамытушы. Адам өзін қоршаған дүниені сезім мүшелерінің көмегімен, түйсіктерінің жиынтығы арқылы таниды деп мойындағанымен, материалдық дүниенің реалды өмір сүретіндігіне күмән келтіреді. Оның пікірінше, адамның ақылы сезім мүшелері беретін білімнен басқа білім бере алмайды, өзінің рухани тәжірибесінен басқаны қорыта алмайды. Юм ойынша, тәжірибе дегеніміз «әсерлер» ағыны, оның себептері түсініксіз және тәжірибені логикалық жолмен дәлелдеу мүмкін емес, сондықтан тәжірибелік білім дұрыс бола алмайды. Юм осылайша себеп-салдарлық байланысқа қарсы шығады, себептіліктің объективтік сипатын тану мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Бірақ, оның ойынша, субъективтік себептілік бар, ол сезімдік әсерлердің йдеяларды туғызуы. Мысалы, адамдар Күннің күн сайын шығатынына сенімді. Бүл сенімнің негізі -осы құбылыстың күнделікті қайталанатыны. Яғни, адамдардың практикалық сенімінің бастауы теориялық білім емес, қалыптасқан дағды-сенім. Осылайша Юм біржакты эмпиризмі, оны рационализмнен бөліп қарауы дүниені танып-білуге болмайды деген агностицизмге әкеліп соқты. Жаңа Дәуір философиясы туралы ойымызды қорытсақ, бұл кезеңдегі философия эксперименталдық ғылымдармен тығыз баііланысты дамып, таным мәселелеріне басты назар аударган, әлеуметтік дамудың жаңа жолдарын іздеуге талпынган, қогамдық келісім үлгілерін ұсынган, рухани маңызы күшті философия болды.
