- •12. Көне үнді философиясы туралы не білесіз? Оның қандай бағыттары бар және қазіргі замандағы мағызы қандай?
- •13. «Философия діннің күңі» деген тезисті түсіндіріңіз. Оны схоластардың қайсысы және қандай мақсатпен ұстанды.
- •14. «Универсалийлер» туралы пікірталас дегеніуміз не? Ол философтарды қалай және неге бөлді?
- •15. Эссе: "Картезиандық күмәндану" әдісі қандай әдіс? Оның авторы кім және ол қандай қорытындыға әкелді? Оның авторының гносеология сұрақтарындағы ұстанымы қандай?
- •Д.Локктың эмпиризмінің жаңалығы неде? Оның сенсуализмінің қайшылықтары неде?
- •17. Беркли және Юм
- •Гегель мен Кант философиясын салыстыру
- •19. Иммануил Кант бұлжымайтын императив
- •20. Гегель Мемлекет құдайы - идея
13. «Философия діннің күңі» деген тезисті түсіндіріңіз. Оны схоластардың қайсысы және қандай мақсатпен ұстанды.
Орта ғасыр тұсында қоғамның рухани өмірінің барлық салаларына діни идеологияның бүтіндей үстемдік жасауы философияның дамуына да өз әсерін тигізбей қоймайды: философия іс жүзінде дін иелерінің қызметшісіне айналды, яғни діни қағидалар мен догматтардың сөзсіз ақиқаттығын дәлелдеп, негіздеуі тиіс болды. Бұл философия «схоластика». Схолостика атауы құдайға сиынудың философиялық мәселелеріне ерекше көңіл бөлумен негізделді.
Европада орта ғасырдағы батыс философиясы үлкен тарихи дәуірді қамтиды. Оның ең басты сипаты – христиан дінімен тығыз байланыстығы. Философия негізгі діни қағидаларды есепке ала отырып дамыған. Бұл кезде білім мен рухани мәдениеттің негізгі ошағы рөлін шіркеу атқарған. Ал философия діни догматтарды негіздейтін және түсіндіретін білім саласы болған. Философияның негізгі мәселелері де діни сипатқа ие болды. Мысалы, әлемді құдай жаратты ма, әлде ол өзімен өзі өмір сүре ме? Адамның ерік бостандығы мен құдайдың құдіреті өзара қалай байланысады? IX-XV ғасырларда кейінгі схоластика дамиды. «Схоластика» сөзі «мектеп», яғни «оқу» философиясын білдіреді. Схоластиканың өкілдері – Эриугена, ұлы Альберт, Фома Аквинский, Росцелин, Абеляр, Ансельм Кентербийский.
Альберттің пікірінше, жалпы ұғым (әмбебаптар) үш түрлі өмір сүрді. Олар:
1. Заттардан бұрын құдай санасында пайда болып, сол арқылы барлық заттар, тіпті бұкіл әлем жаратылды;
2. Заттардың өзінде көптің бірі ретінде;
3. Заттардан соң адам санасында бұрынғының белгісі ретінде өмір сүреді
Схоластикада көтерілген проблемаға қарап номинализм және реолизм бағыттары қалыптасты схоластикалық философиядағы теориялық проблема құдай болмысы. Осы проблеманы көтерген философ Кентерберский оның негізгі идеясы егер адамдар құдай туралы ой болса онда құдайдың бар болғаны ақиқат. Орта ғасырлық бағытта жалпы идеалистік көзқарас оның басты мақсаты, діннің маңыздылғын адам үшін қажеттілігін дәлелдейді. Орта ғасырлық философия өз проблемаларын шешуде антологиялық, гноциологиялық, космологиялық әлеуметтік проблемаларды дінді қорғауға қолдауға бағыттайды.
14. «Универсалийлер» туралы пікірталас дегеніуміз не? Ол философтарды қалай және неге бөлді?
Схоластиканың пайда болуынан бастап, бүкіл орта ғасырлар бойы оның өкілдерінің арасында универсалиялар туралы деп аталатын дау пайда болды. Латынша “универсалис” дегеніміз – “жалпы”, “бәріне ортақ” деген мағына береді. Дау “универсалия қалай өмір сүреді?” деген сұрақ төңірегінде болды. Бірден екі қарама-қарсы жауап бөлініп шықты. Біріншілері “универсалия шын мәнінде өмір сүреді” деп санады, сондықтан олар “реалистер” деп аталды. Екіншілері “объективті шындықта “жалпылық” жоқ, онда тек жеке құбылыстар ғана өмір сүреді” деген қорытынды жасады. “Универсалияның орны – тіл, жалпылық тек тілде ғана бар, сөз арқылы ғана болады. Универсалия ол – зат емес, ол – атау”. Бұл топ “номиналистер” деп аталды. Реалистер мен номиналистердің аралығында да бірнеше бағыттар болды. Солардың бірі – концептуализм. Концептуализмнің өкілдері “универсалия” өздігінен өмір сүрмейді, сонымен қатар ол тек атау ғана емес, жеке құбылыстар да жалпыға тән нәрсе, ол ұғым арқылы беріледі, (латынша “ұғым” – “концептус”), ал ұғым сөз, атау арқылы беріледі деп білді. Концептуализмнің негізгі өкілдерінің бірі – П.Абеляр. Схоластиканың айрықша танымал өкілі – Фома Аквинский. Фома Аквинскийдің және оның ізін басушылар – томистердің (латынша Фома – Thomas) ілімінің негізі – сенім мен білімнің бірлігі. Олар “діни сенім мен діни таным бір-бірін жоққа шығармайды, дұрыс пайдаланған кезде бірін-бірі толықтырады, олар бір негізден пайда болған, бір мақсатқа апаратын екі жол” деп есептеді.
