Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор орэт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

1. Электрондық күшейткіштер, олардың жіктелуі

2. Компьютер құрылымы

3. Инфокоммуникациялық технологиялар

Электрондық күшейткіштер, олардың жіктелуі электрондық күшейткіш деп электрлік сигналдарды, олардың формасын өзгертпей, қоректену көзінің энергиясының арқасында, қуатын ұлғайтып, күшейтетін құрылғыны айтады. Транзисторлық күшейткіштің электорондық деп аталу себебі, транзисторлардың жұмыс істеу принципі жартылай өткізгіштегі жүріп жататын электрондық процесстермен анықталады. Күшейткіштің кірісіне электр қозғаушы күшінің (ЭҚК) әрекеттестік мәні er, ішкі кедергісі Rr, кіру сигналының көзі қосылған. Кішкене қуатты кіру сигналы жоғары дәрежедегі қуаты бар қоректену көзін пайдалана отырып, кіріс сигналдың қуатын күшейтуге мүмкіндік бар. Күшейткіштің шығыс тізбегінде күшейтілген сигнал әрекет етеді. kUкір кернеу көзімен анықталады. Күшейтілген сигналдың энергиясын пайдаланатын сыртқы жүктеме Rж күшейткіштің шағысына қосылады. Ғылым мен техникада көп кездесетін инженерлік мәселелерді шешкен кезде электрлік емес мәндерді электрлік мәндерге түрлендіріп өлшегенде, технологиялық прцесстерді тексеріп және автоматизация жасағанда, немесе әртүрлі өнеркәсіптік электрониканың қондырғыларын жасағанда электрлік сигналдарды күшейту үшін биполярлық транзисторлар, өрістік транзисторлар және интегралдық микросхемалар кеңінен қолданылады. Бұл күшейткіштер өте әлсіз электрлік сигналдарды (кернеулері 10-7 В, токтары 10-14 А шамалас) күшейтуге мүмкіндік береді.

  1. Күшейткіш (Усилитель; ampli-fier). Шығысындағы сигнал функционалды түрде кірісіндегімен байланысты және одан әрдайым үлкен болатын құрылғы. Қолданылуына байланысты күшейткіштерді жоғары (ЖЖК), аралық (АЖК) және төменгі жиілікті, бейне күшейткіші, операциялық күшейткіш және т.б. деп ажыратады.

Күшейткіш - қосымша энергияны пайдалану арқылы механизмнің басқаруын жеңілдететін құрал; ол энергия көзінен, бөліп таратқыш тетіктен және атқару механизмінен тұрады. Күшейткіш түрлері

  • Вакуумды күшейткіш - жетекке қосымша күш беретін немесе құралдарға іштен жану козғағышының енгізу коллекторын пайдалану арқылы жұмыс істейтін күшейткіш.

  • Гидравликалық күшейткіш - жетекке косымша күш беретін немесе құралға сұйық қысым энергиясы арқылы басқаратын күшейткіш.

  • Магнето күшейткіш - іштен жану қозғағышын қолмен оталдырғанда роторының бұрыштық жылдамдығын артыратын серіппелі құрылыс.

  • Механикалық күшейткіш - жетекке қосымша сығылған серіппе энергиясы арқылы күш беретін күшейткіш.

  • Пневматикалық күшейткіш - жетекке компрессордан сығылған ауа қысым энергиясы арқылы қосымша күш беретін күшейткіш.

  • Рөлдік күшейткіші - рөлмен басқару жетегіндегі күшейткіш.

  • Тежегіштердің күшейткіші - тежегіш жетегіндегі күшейткіш.

Операциялық күшейткіш (Операционный усилитель; operational amplifier, opamp) — 1) әрекеттер тіркесі күшейткіштің қосалқы тізбелерін ауыстырып қосу арқылы өзгертілуі мүмкін аналогтық компьютердің элементі; кернеу өзгерісінің формасы а кірісте белгілі бір математикалық өрнекке сәйкес болғанда, шығыстық кернеу өзгерісінің формасы а өзгеріс формасына сәйкес болады. Мысалы, қосындыны орындау үшін үдеткіш а-ға программаланған болса, онда оның кірісіндегі кернеу а кернеу кірісіндегі а- ның қосындысына тең болады; 2) кері байланыс тізбегі жоқ күшейткіш. Әдетте, тұрақты ток күшейткіші. Оның күшейту еселігі үлкен, кіріс кедергісі жоғары, ал шығыс кедергісі төмен болады.

Компьютер құрылымы

Инфокоммуникациялық технологиялар

7-билет

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]