Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
шпор орэт.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать

Қауіпсіздік саясаты

Қауіпсіздік саясаты - мекеменің ақпаратты қалайша өңдейтінін, қорғайтынын және тарататынын анықтайтын заңдар, ережелер және тәртіп нормаларының жиыны. Бұл ережелер пайдаланушының қайсы кезде белгілі бір деректер жинағымен жұмыс істей алатынын көрсетеді. Қауіпсіздік саясатын құрамына мүмкін болатын қауіптерге талдау жасайтын және оларға қарсы әрекет шаралары кіретін қорғаныштың белсенді сыңары деп санауға болады.

Кепілдік

Кепілдік - жүйенің сәлетіне және жүзеге асырылуына көрсетілетін сенім өлшемі. Ол қауіпсіздік саясатын іске асыруға жауапты тетіктердің дұрыстығын көрсетеді. Оны қорғаныштың, қорғаушылар жұмысын қадағалауға арналған, белсенсіз сынары деп сипаттауға болады.

Кепілдік түрлері

Кепілдіктің екі түрі болады: операциялық және технологиялық. Біріншісі жүйенің сәулеті және жүзеге асырылу жағына, ал екіншісі - құрастыру және сүйемелдеу әдістеріне қатысты.

1. Аналогтық цифрлық түрлендіргіш дегеніміз не?

2. Сигналдық процессорлар

3. Операциялық күшейткіштер. Ок- тің кіріс және шығыс кедергілері

Аналогтық цифрлық түрлендіргіш дегеніміз не?

Аналогтық - цифрлық түрлендіргіш (Аналогово-цифровой преобразователь; analog-to-digital converter) - аналогты шаманы дискретті (цифрлық) шамаға түрлендіру құрылғысы; ақпаратты нақты уақыт масштабында аналогты құрылғыдан компьютерге енгізуге арналған. Бұл құрылғы негізінде тәжірибе басқару кешені, аналитика мен өлшеу жүйелері (оның ішінде өндірісті басқару мәселелеріне арналған жүйелер) жасалады

Операциялық күшейткіш

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәліметОперациялық күшейткіш (Операционный усилитель; operational amplifier, opamp) — 1) әрекеттер тіркесі күшейткіштің қосалқы тізбелерін ауыстырып қосу арқылы өзгертілуі мүмкін аналогтық компьютердің элементі; кернеу өзгерісінің формасы а кірісте белгілі бір математикалық өрнекке сәйкес болғанда, шығыстық кернеу өзгерісінің формасы а өзгеріс формасына сәйкес болады. Мысалы, қосындыны орындау үшін үдеткіш а-ға программаланған болса, онда оның кірісіндегі кернеу а кернеу кірісіндегі а- ның қосындысына тең болады; 2) кері байланыс тізбегі жоқ күшейткіш. Әдетте, тұрақты ток күшейткіші. Оның күшейту еселігі үлкен, кіріс кедергісі жоғары, ал шығыс кедергісі төмен болады.

 Күшейту процесі, қоректену көзінің энергиясын күшейткіштің сыртқы сигналының энергиясына түрлендіру болып табылады. Бұл процесті басқару күшейткіш элементіне немесе транзисторға әсер ететін кірме сигнал арқылы жүргізіледі. Шығыс сигнал кіріс сигналдың функциясы болып табылады, сонымен қатар шығыс күшейтілген синалдың қуаты, кіріс күшейтілген сигналдың қуатынан қректену көзінің арқасында, әлдеқайда артық. Сонымен, электрондық күшейткіш деп электрлік сигналдарды, олардың формасын өзгертпей, қоректену көзінің энергиясының арқасында, қуатын ұлғайтып, күшейтетін құрылғыны айтады. Транзисторлық күшейткіштің электорондық деп аталу себебі, транзисторлардың жұмыс істеу принципі жартылай өткізгіштегі жүріп жататын электрондық процесстермен анықталады. Күшейткіштің кірісіне электр қозғаушы күшінің (ЭҚК) әрекеттестік мәні er, ішкі кедергісі Rr, кіру сигналының көзі қосылған. Кішкене қуатты кіру сигналы жоғары дәрежедегі қуаты бар қоректену көзін пайдалана отырып, кіріс сигналдың қуатын күшейтуге мүмкіндік бар. Күшейткіштің шығыс тізбегінде күшейтілген сигнал әрекет етеді. kUкір кернеу көзімен анықталады. Күшейтілген сигналдың энергиясын пайдаланатын сыртқы жүктеме Rж күшейткіштің шағысына қосылады.

Сигналдық процессорлар

28-билет

1. Тура және кері бағыттағы диодтарлың айырмашылығы

2. Түзеткіш диод

3. Триггерлер. Д Триггер

1. Тура және кері бағыттағы диодтар.

2. Түзеткіш диод.

Дио́д (көне грекше: ди— екі және –од - шекті)  — екі электродты, электр тогының бағытына байланысты әр-түрлі өтімділігі бар электрондыаспап (прибор). Диодтарды дамыту бiрден екі бағытта XIX ғасырдың үшiншi ширегiнде басталды: 1873 жылы британдық ғалым Фредерик Гутри термиондық (вакуум шамды тікелей қыздыру арқылы), ал 1874 жылы германдық ғалымды Карл Фердинанд Браун (қатты денелi ) кристалды диодтарды жұмыс істеу принципн ашты. 1880 жылдың 13 ақпанында Томас Эдисонды қайтадан термионды диодтың жұмыс істеу принципін қайта ашты, және содан соң 1883 жылы патенттеген(№ 307031-шi АҚШ патентi). Дегенменде Эдисон жұмыстарын ары қарай дамытуға идея болмады. 1899 жылы германдық ғалым Карлы Браун Фердинанд кристаллды түзеткiштi патенттады. Түзеткіш шалаөткізгіш диод ( орыс. Выпрямительный полупроводниковый диод) — айнымалы токты бір таңбалы бұлкілдеген токқа түрлендіруге арналған шалаөткізгіш диод. Түзеткіш шалаөткізгіш диодтың жұмыс істеу әрекеті электронды-кемтіктік өткелдің (р-n өткелінің) немесе металл-шалаөткізгіш түйіспесі өткізгіштігінің сыртқа берілген кернеудің шамасы мен таңбасына тәуелділігін пайдалануға негізделген. Түзеткіш шалаөткізгіш диод тура кернеу бергеңде ШО еткелдің потенциалдық тосқауылы темендеп, диод арқылы ететін үлкен тура ток жүреді. Егер диодты кері бағыттағы кернеуге қоссақ, онда потенциалдық тосқауыл есіп, диод арқылы ететін ток нелге жақындайды. Сөйтіп, түзеткіш шалаөткізгіш диод қосылған электр тізбегі арқылы ток тек қана бір бағытта жүреді. Түзеткіш шалаөткізгіш диодты, көбіне шалаөткізгіш кристалдан жасайды (Ge, Si, Se жене т.б.). Түзеткіш шалаөткізгіш диод өнеркәсіптік радиоэлектрондық аспаптар мен жүйелерді қоректендіретін ток түзеткіштерінде, тұрмыстық электрондық аппараттарда, зарядтайтын құрылғыларда, электр сигналдарын түрлендіргіштерде және т.б. кеңінен қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]