
- •3.Кабельдік байланыс
- •Кабельді байланыс жолы
- •1. Стабилитрон. Оның белгіленуі. Негізгі параметрлері.
- •2. Компьютерлік техника мен микропроцессорлардың даму барысы
- •3. Кодатүрлендіргіштердің жұмыс жасау принцптері
- •2. Ақпараттарды өңдеудің электрондық технологиялары
- •3. Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын іс-әрекеттер
- •Қауіпсіздік саясаты
- •Кепілдік түрлері
- •1. Аналогтық цифрлық түрлендіргіш дегеніміз не?
- •2. Сигналдық процессорлар
- •3. Операциялық күшейткіштер. Ок- тің кіріс және шығыс кедергілері
- •3. Триггерлер. Д Триггер.
- •Стабистордың стабилитроннан айырмашылығы.
- •1. Электрондық есептеуіштер мен регистрлер
- •2. Әуе бойымен тарату технологиялар.
- •3. Үлкен интегралдық схемалар мен микропроцессорлар
- •1. Электрондық күшейткіштер, олардың жіктелуі
- •2. Компьютер құрылымы
- •3. Инфокоммуникациялық технологиялар
- •Күшейткіш - қосымша энергияны пайдалану арқылы механизмнің басқаруын жеңілдететін құрал; ол энергия көзінен, бөліп таратқыш тетіктен және атқару механизмінен тұрады. Күшейткіш түрлері
- •1. Регистрлер. Олардың түрлері және атқаратын қызметі
- •2. Dsl технологиясы
- •3. Желіге арналған адаптерлер. Негізгі параметрлері
- •Желіге арналған адаптерлер. Негізгі параметрлері
- •Dsl технологиясы
- •1. Диодтар. Оның атқаратын қызметі және түрлері
- •2. Hpna технологиясы
- •3. Цифрлық аналогтық түрлендіргіштің негізгі параметрлері
- •Hpna технологиясы
- •Hpna технологиясы
- •1. Биполярлы транзистордың негізінде жасалған микросхемалар
- •2. Электрондық және инфокоммуникациялық жүйелерді қорғау
- •3. Жеті деңгейлік ашық жүйелердің эталондық өзара әсерлік моделі (osi моделі) Биполярлық транзистордың негізінде жасалған микросхема
- •Электрондық және иннфокоммуникациялық жүйелерді қорғау
- •1. Металл мен жартылай өткізгіштердің айырмашылығын көрсететін қасиеттер
- •2. Қолданбалы деңгей (Application)
- •3. Логикалық біріктіруді қондыры отырып деректер алмасуын ұйымдастырудың ерекшеліктері Металдар мен Жартылай өткізгіштердің айырмашылығын көрсететін қасиеттер
- •Қолданбалы деңгей
2. Ақпараттарды өңдеудің электрондық технологиялары
3. Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын іс-әрекеттер
Ақпараттарды өңдеудің электрондық технологиялары
Жалпы қолданыстағы бағдарламаларды меңгеру үшін арнайы білімнің қажеті жоқ, сондықтан олар қолданушылармен кеңінен қолданылады. Бұл классқа мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, мәліметтер қорымен жұмыс жасау бағдарламалары, анимациалық графика дестесі, коммуникациялық бағдарламалар, интегралданған және бір мақсатты бағдарламалар жатады. Мәтіндік редактор — бұл бағдарлама символдық ақпаратпен жұмыс жасауға арналған. Қызметі бойынша бағдарламалар мәтіні редакторы, құжаттар редакторы, баспаханалық жүйелер және арнайы редактор. Бағдарламалар мәтіні редакторы қандай да бір бағдарламалау тілдерінің мәтінің теруге және түзетуге арналған. (Turbo Basic, Turbo Pascal). Бұл бағдарламалар азын аулақ операциялар орындайды: бағдарламаны жолдық жазу, бағдарламаның мәтінің сақтау және оқу және т.б. Құжаттар редакторы құжаттың құрылымы бар мәтіндермен жұмыс жасауға арналған (Word, Word Perfect, Лексикон). Баспаханалық жүйелер сапасы жоғары құжаттарды құруға мүмкіндік береді: буклеттер, газеттер, журналдар, кітаптар (Page Maker, QuarkXPress, Ventura Publisher). Арнайы редакторлар математикалық, химиялық немесе арнайы символдары бар құжаттармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. (ТЕХ, нотаның таңбалары). Графиктік редактор — бұл бағдарлама графикалық ақпаратпен жұмыс асауға арналған (Paint, Photoshop, CorelDRAW). Графиктік редакторлар жалпы және арнайы қызметтегі редакторлар болып бөлінеді. Жалпы қызметтегі графиктік редакторлар күрделі емес суреттерді құруға, көшіруге, сақтауға және оқуға мүмкіндік береді. Арнайы қызметтегі графиктік редакторлар күрделі техникалық объектілерді жобалауға, әртүрлі үрдістерді үлгілеуге, жарнамалық беттер құруға мүмкіндік береді. Әуендік редактор — бұл бағдарлама дыбыстық ақпаратты құру және өңдеуге арналған (Composer). Кестелік процессор — бұл бағдарлама кесте түрінде берілген ақпаратты өңдеуге арналған.
Ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын іс-әрекеттер
Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады:
қол жеткізерлік (оңтайлық),
тұтастық,
жасырындылық.